10 декабря, 2017 21:36
Бұл курс жарнама жэне баспа графикасының практикалық аспектілерін және жарнама жасау құралдары мен тарату жолдары түрлерінің сипаттамаларын қарастырады. Дизайнның сол жэне басқа мамандануының спецификалық ерекшеліктерін ескеру практикалық сабақтарда жэне студенттердің өздік жұмыстарының арнайы бөлігіне, тақырыптарына жэне тапсырмаларында қамтылады.
Пэннің мақсаты мен міндеттері «Жарнама жэне баспа графикасы» пэнін оқытудың мақсатымен міндеттері — қазіргі кезеңдегі нарықтық сүранысқа сай тұтынушылық талаптарды жоғары көркем деңгейде сэтті шеше алатын графикалық дизайн саласы бойынша кәсіби мамандарды дайындау. «Жарнама жэне баспа графикасы»курсын оқыпбітірген студент білуі керек: — жарнамалық өнімнің рэсімделуі мен графикалық жасаудың практикалық әдістері мен теориялық негіздерін; — баспа өнімдеріндегі графикалық бейнелеудіц рөлі мен маңызын; — баспа өнімдеріндегі типографика жэне шрифтінің рөлі мен маңызын; — баспа өнімдерінде ақпаратты беру тәсілдерін. істей білуі керек: — композициялық принциптердің, бейнелі міндеттерді шешудің өзіне тэн ерекшеліктері мен спецификасын графикалық құралдар арқылы жеткізуді; — жарнамалық өнімдердің аса жоғары тиімділігіне жетудің әдістерін қолдануды. дағдысы болуы керек: — графикалық дизайнның нысандарын жасау барысында техникалық жэне көркем графикалық жэне композициялық амалдарда креативті ойлауга; — абстракты жэне концептуалды ойлауга; — дизайн нысандарын графикалық стильдеуге; — негізгі жарнамалық-графикалық элементтерді жасауга. Пәннің пререквизиттері: Пэнді оқу келесі пәндерді білудің негізінде жүргізіледі: «Инженерлік графика I», «Түстану», «Композиция I», «Материалдық мэдениет жэне дизайн тарихы». Пәннің постреквизиттері: «Арнайы сурет I», «Графика дизайнының типологиясы», «Жарнаманың арнайы түрлері», «Фотографика», «Дизайндагы заманауи материалдар». |
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ |
Кіріспе
«Жарнама жэне баспа графикасы» пәні графикалық дизайнның әр түрлі бағыттарын ұсынады. Графикалық дизайн саласындағы шығармашылық жұмыстардың көптеген бөлігі ақпараттардың алуан-түрлі болуымен байланысты, өйткені графикалық дизайнердің қызмет ету аясында нысандар шартты түрде эртүрлі болып келеді. «Баспа құжаттары» деген түсінік өте кең, оның құрамына басу құжаттарынан бастап визит карталары, көп парақты толық түсті кітапшалар мен журналдар кіреді. Негізгі баспа материалдарын шартты екі топқа бөлуге болады: жарнамалайтын материалдар жэне хабарлайтын материалдар. Сонымен жарнамалық жэне баспа материалдары осы пэннің оқу нысаналары болып табылады. Көріп қабылдау тілі — графикалық дизайнердің негізгі құралы. Оның негізін құраушыларды оқып зерттеу — графикалық дизайн саласындағы кәсіби маманды дайындаудың басты мақсаты. Барлық дизайнерлік жұмыстар — тіпті ең жаңалары да тұрақты орныққан схемаларга, символдарға, тұлғалар мен жанрларга негізделеді. Бұл схемалар эрқашан дамитын жэне кеңейіп отыратын көріп қабылдау тілінің негізін құрайды, бірақ кез келген жазбаша немесе ауызша айқындалатын тәсіл ретінде өзіндік грамматикасы болады. Осы грамматиканы оқып үйренуге «Жарнама жэне баспа графикасы» пэнінің негізгі тараулары арналған: белгілер жэне стильдеу, логотип жэне бірдейлік, жарнамалық түзілістер. Графикалық дизайнның арасында басқаларына қарағанда белгілердің дизайны функционализмге багынышты. Шрифтің көлемі, түрі, түсі жэне бейнеграфиясы кейбір жағдайларда (жол белгілері) мемлекеттік заңмен ұсынылады. Көптеген қоғамдық белгі жүйелері (ауруханалар, мектептер т.б.) тұтынушы топтардың кеңестерімен орындалып мұқият тексеріледі. Графикалық дизайн біздің айналамызды көріп қабылдауымызға көмектеседі. Дизайнның әр элементі құрылымдау шарты бойынша мазмұнды салмақ алады. Құрылымдаудың бір түрі — стильдеу. Стильдеу — күрделі құрал, ь оны сауатты меңгеру кэсіби шеберліктің белгісі. Логотип пен «брендтерді» жасау — қазіргі кезеңдегі графикалық дизайнның негізгі бағыты. Баспа өнімдерін жасау кезінде фирмалық символикалардың элементтерін дайындау да құрамды бөлігі болып кіреді. «Жарнама жэне баспа графикасы» оқу бағдарламасының қорытынды бөлімінде графикалық және жарнамалық дизайнның жаңа нысандары қарастырады. Студенттер практикалық сабақ барысында пэнді жақсы меңгеру үшін мәліметтермен танысады. |
1. Жарнама жайлы жалпы түсінік |
Арнаулы бағыт бойынша жіктеу: тұтынушылық жарнама, кәсіптік жарнама. Географиялық белгі бойынша: шет елдік, жалпы ұлттық, аймақтық, жергіліктік жарнама. Тарату тәсілдері бойынша (жарнама тасымалдаушы), баспа жарнамасы (газет, журнал); электронды жарнама (телеарна, радио); пошталық жарнама; сыртқы жарнама (маңдайша жазу, жарнамалық жайма тақта және т.б.); көліктік жарнама (көлік құралдарымен). Міндетті қызметі мен түрі бойынша бөлу: тауарлық жарнама; тауарлық емес жарнама; коммерциялық жарнама, коммерциялық емес жарнама; тікелей багытталған жарнама; тікелей емес жарнама болып бөлінеді.
2. Көріп қабылдау тілінің жалпы түсінігі Ассоциациялық бейнелерді, абстрактілі белгілерді іздестіру. Белгі дегеніміз — қоғамдагы ақпараттық алмасым барысындагы түсінік, құбылыс, заттардың айқындалган материалдықорнын басушы. Белгілер — индекстер. Қоғамдық белгілер жүйелері. Пиктограммалар. Графикалық дизайндагы стильдеу. Нысанды берілген жэне бойындагы қасиеті бойынша стильдеу. Икондық белгілер нысаналардың орнындағы стильденген бейнелеулер ретінде. 3. Жарнамалық бейнелер Жарнамалық графиканың негізгі түрлері. Логотип ерекше, қайталанатын және заңды бекітілген нысан. «Сауда маркасы» жэне «фирмалық стиль» түсінігі. «Корпоративті бірдейлік» түсінігі. Жарнамалық бейнені құрастыру — жарнама бойынша қызмет жасайтын дизайнердің шыгармашылық багыты ретінде. Бейне біздің психикалық қасиет жэне адамның қоршаган орта жайлы ақпараттың жиытыгы. Жарнамалық бейнелердің негізін күраушылар. Жарнамалық бейнелерді графикалық айқындау және жеткізу тәсілдері. |
4. Жарнамалық бейнелердің графикалық өзгеруі
Сауда ұсыныстарында жарнама бейнелерін қолдану арқылы коммуникативті әсерді күшейту. Жарнамалық бейнелерді барынша эсерлі айқындау үшін конструкциялық шешімдерді қолдану. Р08- материалдар. КУРСТЫҚ ЖУМЫСТАРДЫҢТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ БОЛЖАЛДЫ ТІЗІМІ 1. Графикалық элементтерді белгілі бір сезімдегі немесе көңіл күйдегі жагдайда орындау. Әр түрлі тақырыптарға ассоциациялық бейнелерді, |
абстракті символдарды іздестіру (формат^4-3, альбом).
2. Пиктограммалар сериясын жасау (форматЛ-3, альбом). 3. Табиғи бейнелердің негізінде графикалы стильденген серияны жасау (форматү4-3, альбом). Курстық жумыс І.Шартты жарнамалық бейнелерді графикалық таратуға тарсырма. Курстық жумыс 2.Графика, фотографика, шрифт, колорит, плакат сериясындағы композиция сияқты образды элементтерді пайдалана отырып, жарнамалайтын өнімнің образын жасау. СӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ БОЛЖАЛДЫ ТІЗІМІ 1. Плакаттар сериясында үндеудің жарнамалық концепциясын жасау. 2. Әртүрлі тасығышқа арналған жарнамалық бейнелерді жасау. 4. Жарнамалық қүрылымдарды жасау. 5. Р08- материалдар. Студенттердің оқытушыжетекшілігімен жүргізілетінөздік жүмыстары (СОЖӨЖ) тақырыптарының тізімі 1. Жарнама идеясын таңдау және жүзеге асыру тәсілдері 2. Жарнама ұранын жасау 3. Сыртқы жарнама жасау құралдарын таңдау жэне бағалау 4. Баспа жарнама жасау құралдарын таңдау жэне багалау 5. Электронды жарнама жасау құралдарын таңдау жэне бағалау Типтік бағдарлама мазмұны — бұл міндетті минимум, жұмыс бағдарламасында қосымша тақырыптарды қарастыруға болады немесе пәнге берілген кредит (сағат) көлемінде тақырыптар тізімін кеңейтуге болады. |