Санақ жүйелерінің екі түрі

10 декабря, 2017 21:46

Ньютон зақцары мен олардың салдарлары ол өзі қолданған жалғыз дара жүйеде — Коперник санақ жүйесінде анықталды жэне тексерілді. Бұл заңдардың басқа кез келген инер- циялық санақ жүйелерінде, яғни Коперник жүйесіне салыстырмалы тыныштык күйдегі немесе біркалыпты түзусызықты қозғалған жүйелерде орындалатыны бізге белгілі.

 

«Бірақ осы заңдар жэне олардың салдарла- ры басқа бір инерциялық емес санақ жүйесінде, яғни инерциялық жүйеге қарағанда үдемелі қозғалған жүйеде дұрыс бола ма?» деген сұраққа эзірге ешбір жауап берген жоқпыз.

Жер өзінің меншікті осін айнала қозғалуына (тэуліктік айналу), Күнді айналуына (жылдық қозғалыс) бай- ланысты үдемелі қозғалатыны алдын ала белгілі. Бірақ, Жер санақ денесі ретінде алынған тәжірибелердің дэл- дігі Ньютон заңдарының жэне олардың салдарларының дұрыстығын тексеруге мүмкіндік бермейді. Сөйте тұра, Ньютон заңдары жэне олардан шығатын салдарлар инерциялық емес санақ жүйелерінде дұрыс па,

ал дұрыс болмаса, «санақ жүйесінің инерциялық еместігін қалай ескеру керек?» деген сұрақтың эрі тео- риялық, эрі практикалық маңызы бар. «Күнделікті өмірде Коперник санақ жүйесіне қарағанда анағұрлым колайлы, есептің шешуін жеңілдете- тін баска санақ жүйелерін қолдануға бола ма?» деген сұрақ та жиі туады. Бұл жерде Коперник санақ жүйесі- нің (мысалы, тікбұрышты жүйе) бас нүктесі Күн центрінде орналасқан, осьтері Күн жүйесінде шексіз алыс- та орналасқандықтан, кеңістікте орындары өзгермейтін үш жұлдыз- ға бағытталған гелиоцентрлік жүйе екенін еске салу орынды. И. Ньютон аспан денелерінің қозғалысын дэл осындай санақ жүйесінде зерттеген еді.

Бірақ, Ньютон механикасының қолдану шекгері қандай? Яғни, «Нью- тон механикасы инерциялық емес санақ жүйелерінде дұрыс бола ма?» деген негіздік мағынасы бар сұ- рақтардың маңызы зор. Бұл сұрақ- тарды қарастырудан бас тартсақ, біз механиканы инерциялық жүйеге

 

мәңгі «кісендеп» кояр едік. Яғни, калыптаскан мәселе толығымен зерт- телмесе, инерциялық жүйелерден басқа жүйелерді мойындау немесе мойындамау туралы түбегейлі сұрак туады.

Жерді жэне онымен байланысқан санақ жүйелерін тек жуык түрде ғана, яғни белгілі бір дәлдікпен ғана инерциялық деп қарастыруға бо- латынын атап кету керек. Мұндай жуықтаудың қаншалыкты дэл екенін кейінірек талқылаймыз.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля