ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБА«Инженерлік инфрақұрылым» пэні

5 декабря, 2017 21:12

«Инженерлік инфрақұрылым» пэні қаланы жобалаудың заманауй теориясының құрама бөлігі жэне белгіленуі бойынша объектінің жөнделуін қамтамасыз ететін техникалық жүйелердің кешені болып табылады . Инженерлік — техникалық жүйеге жолдарды, каналдарды, көпірлерді, порттарды, эуежайларды, энергетикалық шаруашылықтарды, көлік, байланыс, сутұтыну жэне суәкету құрылыстарын салу мэселесінен түсінік береді. Берілген курстың ерекшелігі, кеңістіктегі ортаны инженерлік тұрғыдан қамту мэселелерін қарастырудан түрады.

 

 

Оқытудың мақсаты: студенттерді жобалауда қолданылатын инженерлік инфрақұрылымның негізгі элементтерімен таныстыру:

— әртүрі нысандарды инженерлік тұрғыдан қамтудағы, структурасы мен көлемін анықтаудағы студенттердің білім жүйесін қалыптастыру;

-Ғимараттың, бөлменің, кешеннің, ансамбльдің функционалдық қызметіне байланысты инженерлік-коммуникациялық ерекшеліктері жайында түсініктеме беру;

-студенттерді көркемдік идеяларды іске асыру мақсатында қолданылатын инженерлік эдістерге үйрету;

-нормативті-техникалық негіздердің білім көлемін нығайту;

Пәнді оқытудың міндеттері болашақ маманның біліктілігін анықтай отырып мыналармен белгіленеді:

-студенттердің аумақты инженерлік дайындықтан өткізу жэне көркейту мәселелерінің эдіс-тэсілдерін игеру;

-инженерлік коммуникация мен жабдықтардың ғимараттың интерьеріне, экстерьеріне, жалпы кешенге эсерін оқып білу;

-инженерлік жүйені жобалаудың негізгі нормативтерінің көлемін білу; -студенттерді аумақтық инженерлік дайындауды және оны көріктендіруді жүргізу әдістемесін меңгеру;

-инженерлік жүйелерді жобалаудың негізгі нормативтік шамалары; -жобаның бөлімдерінің мазмүнымен таныстыру (жүмыс сызбаларының маркаларына сәйкес);

-Қалалық ортаның көңіл бөлінген фрагментінің инженерлің ерекшеліктерін айқындау;

-жеке нысан немесе ансамбльдің «сыртқы» жэне «ішкі» техникалық коммуникациясын жэне жабдықтарын инженерлік тұрғыда ұйымдастыру;

-жабдықты кеңістіктің ерекшеліктерін ескере отырып инженерлік- техникалық элементтердің шешімін меңгеру;

Берілген пэнді үйрену нәтижесінде студент мыналарды білуі тиіс:

-жобалау бөлімдерінің (жұмыс сызбаларының маркасы бойынша) мазмұнымен танысу;

-қала ортасының қарастырылатын үзіндісінің инженерлік ерекшеліктерін анықтау;

 

-жекеше объектілер мен ансамбльдердің сыртқы жэне ішкі техникалық коммуникация және жабдықтар кешенінің инженерлік қойылымын білу;

-жабдықтық — кеңістіктік ортаның ерекшеліктерін ескере

-отырып, эртүрлі мақсаттағы элементтердің инженерлік — техникалық шешімдерінің ерекшелігін үйрену.

-Технологиялық процесстердің ерекшелігімен, адамдардың өмір сүруге қолайлы жагдайларымен және берілген көлемнің белгілену шарттарымен анықталатын жабдықтық — кеңістіктік ортаны ұйымдастыруға қойылатын басты инженерлік талаптарды білу.

Мыналарды қолдана алуы тиіс:

—    объектінің натуралық зерттеуін жүргізу (инженерлік желілер жүйелері бойынша өлшеу сызбаларын күру);

—      жүмыс сызбаларын оқи білу;

—     объектінің шыгармашылық концепциясын оның инженерлік — техникалық қамтамасыз етілуімен байланыстыру;

—    тұргын — үй, қогамдық жэне өнеркәсіп орындарының негізгі аймақтарындағы инженерлік коммуникациялар мен жабдықтарды ұқыпты орналастыру;

—     жарнама таратуды инженерлік қамтамасыз ету жэне оны тарату әдісін таңдау;

—      инженерлік терминологияларды меңгеру;

—      нормативтік жэне анықтамалық әдебиеттерді пайдалана білу.

Нысанның шығармашылық концепциясын инженрлік-техникалық

тұргыдан байланыстыра білуден дағдылану; инженерлік терминологиялармен қолдана білу.

Пәннің пререквизиттері: «Инженерлік графикаі», «Сэулеттік ортаның түрлері», «Дизайн нысандарын кұрылымдау».

Пәннің постреквизиттері: дипломдық жобалау.

Пэннің мазмұны
КіріспеПэннің анықтамасы, оның 05042100 — «Дизайн» мамандығы бойынша студенттер оқытудағы ролі мен міндеттері.Студенттерді қалалар мен тұргын аудандар жэне шагын поселкелерді салу мен жоспарлау бойынша курстық сәулет жобаларында тік тегістеу жэне көлік проблемаларын шешу принциптерімен таныстыру.

Пәннің мақсаты мен міндеті

Жергілікті жағдайлардың елді мекендер аймағын таңдауға әсері.

 

Климаттық, топографиялық, геологиялық, гидрогеологиялық, геоморфологиялық сияқты негізгі табиғи факторларды есепке алу. Топырақ

пен өсімдіктердің сипаттамасы. Қалақұрылыстық мақсатта пайдалану үшін аумақтық жарамдылығын багалау.

Адамдардың тіршілік эрекеті нәтижесінде меңгерілетін аумақтардағы қалыптасқан шарттарды өзгерту және болжау. Қаланы қайта құру кезіндегі аумақтық инженерлік дайындаудың ерекшеліктері.

Елдімекендер аумағын инженерлік дайындау бойынша жобалау құжаттары.

«Инженерлік инфрақұрылым» пэнін үйрену барысында студенттер нормативтік жэне техникалық құжаттарды пайдалануды үйренулері, аумақты тік тегістеудің негізгі эдістерін меңгерулері жэне қаланың көліктік желісін жобалау туралы мағлұматтардан хабардар болуы керек.

1.   Аумақты тік тегістеуді жобалаудың негіздері

Студенттерді аумақты тік тегістеудің, көріктендірудің принциптерімен таныстыру. Климат, микроклимат, орынның топографиясы, геологиясы, гидрогеологиясы, геоморфологиясы сияқты негізгі факторлардың эсер етуі. Кұрылыс салынатын аумақтың жарамдылығын анықтау. Меңгерілетін аумақтарда адамдардың шаруашылық қызметі нәтижесінде қалыптасқан жағдайды өзгерту жэне болжау.

Бедерді үйрену жэне талдау, оның жіктемесі мен қолданылуы. Тік тегістеуді жобалау сатылары мен әдістері. Стадиондар, жағалаулар, алаңдар мен автотұрақтарды тік тегістеудің ерекшеліктері. Аумақты қайтақұру кезіндегі инженерлік дайындаудың ерекшеліктері.

2.    Аумақты тік тегістеуді жобалаудың сатылары мен әдістері

Бедерді талдау жэне үйрену; бедердің жіктемесі және оны қолдану. Бедерді қалақұрылыстық талаптарды ескере отырып өзгерту. Жобалаудың сатылары мен әдістері. Жобалық (қызыл) белгілер әдісі; бойлық жэне көлденең пішіндер әдісі; жобалық (қызыл) көлденең сызықтар әдісі; кешенді эдіс.

Тік тегістеуді жобалауға қажетті алғы шарттар. Ықшамаудандар аумағын, жолдар мен көшелерді тік тегістеу. Көшенің бойлай жэне көлденең пішіні. Көшенің түзу жэне қисық сызықты жерлерінде жобалау көлденең сызықтар жүргізуші.

Өнеркәсіптік кэсіпорындар мен ірі цехтар аумағын тік тегістеу. Темір жолдардың айырық және кіреберіс жолдарымен байланысты жобалаудың ерекшеліктері.

Өнеркэсіптік кәсіпорындардың және бөліктерінің түйіндері мен биіктік шешімдері кезіндегі технологиялық талаптарды есепке алу.

Автотұрақтар, жағалаулар, стадиондар мен алаңдарды тік тегістеудің ерекшеліктері.

 

З.^Кер беті суағарын ұйымдастыру
Табиғаттағы су айналымы. Жер беті суағарын қалыптастыру жэне оны ұйымдастыру. Нөсер суәкету құрылғылары және суағар желілерінің құрылымы.

Жер беті суларының санитарлық — техникалық жағдайы жэне ашық суағарларды ластанудан қорғау. Ластанған жербеті суағарларын тазарту үшін қолданылатын құрылымдардың жұмыс істеу принциптері.

4.    Қала аумағын кұрғату (су басудан сақтау)

Тау жаныстарының физикалық қасиеттері жэне негізгі гидрогеологиялық түсініктер (кеуектілік суөткізбегіштік, табиғи ылғалдылық, ылғалсиымдылық, су қайтарғыштық, капиллярлық).

Жер асты сулары, олардың қозғалысы жэне олардан қорғау. Дренаж туралы түсінік және оның қолданылу шарттары: жүйелі дренаж, құдық дренажы, бас және жағалау дренажы. Жабық дренаждың құрылымы жэне оны жобалау принциптері.

5.    Өзендер мен қала суаттары, жаға алабын жайластыру

Өзендер өзен арнасы, жағасы және саласы. Ағатын жэне ақпайтын суаттардың

жаға алаптарының табиғи ерекшеліктері. Қала суаттарын жобалау жэне оның қайнар көздері.

Суат құрылысы жэне жаға бекіністерінің түрлері. Жаға алабын көріктендіру. Жағажай, жағалық еңіс, жөндеу сызықтары. Жағажайдың тірек қабырғаларының түрлері. Өзен жағажайларын жобалау және оның ұзындығы. Қала аймағын тасқын судан қорғау. Әлсін — әлсін және үнемі болатын тасқындар. Аймақты тасқыннан қорғау әдістері.топырақпен бекіту бөгеттерінің биіктігін анықтау.

6.    Аумақты инженерлік дайындаудың ерекше жағдайлары

Жасанды суландыру

Көшкіндер, көшкінге қарсы шаралар. Карстық пайда болулар мен сайларды жайластыру. Сел тасқынымен күрес. Қаланы жобалауда сейсмикалық шараларды есепке алу. Жасанды суландырудың үнемі жұмыс істейтін жүйесі. Сужинағыштың қайнар көздері мен суды магистралдық каналдарға беру. Суландырудың жасанды жүйесінің түрлері. Үнемі жұмыс істейтін жүйесі бар жасанды суландырылатын елдімекендерді жобалау ерекшеліктері.

7.    Аумақты инженерлік көріктендірудің элементтері

 

Жүргінші жолдары
Жол төсеніштері. Жаяу жүру, жүргінші және велосипед жолдары. Олардың жабындары. Ықшамаудан аумақтарындағы ойын және спорт алаңшаларының төсеніштері. Жаяу жүру және жеке тұрғын үйлерге кіріс жолдарын қоршау. Көшелер мен жолдарды көгалдандыру. Қала көшелеріндегі инженерлік жүйелер.

Шағын сәулеттік пішіндерді инженерлік қамтамасыз ету (субүрікпелер, ішуге жарамды субүрікпелер, бассейндер, шамдар, көшелердегі, алаңдардагы және гимараттардағы жарнамалық қүрылгылар, көше қозғалысын реттеуге арналған құрылғылар, қоғамдық көлік аялдамалары, дүңгіршектер, павильондар, қоғамдық дәретханалар, балалар аттракциондары).

8.    Қаланың көлік жүйесі мен оны жобалау принциптері туралы

түсініктер

Қаланың көлік жүйесі туралы түсінік. Қаланың көлік жүйесінің қүрылымы. Көлік жүйесін жобалаудың негізгі принциптері. Сыртқы көлікті жэне жүк тасымалды таңдау. Темір жол линиялары мен станцияларын жобалаудың негізгі нормалары. Су порты, әуежай, вертолет станциялары, эуебекеттер мен автобекеттер қүрылыстары мен олардыорналастыру принциптері.

9.    Жаппай жүргінші көліктерінің түрлерінің технико — экономикалық сипаттамалары және оның қолдану аумақтары

Қогамдық көліктің қазіргі замангы түрлері, оның жеткізу және өткізу қабілеті. Қаладагы жүргінші тасымалдарының болашақ көлемін есептеу. Әртүрлі өлшемдегі қалалардағы халықтың көліктік қозгалысы. Жаппай жүргінші көліктерінің маршруттық схемасын сызу принциптері жэне оның қаланың бас жоспарына әсері. Қаланың бас жобасында гараж, депо және парктерді орналастыру. Ішкіқалалық көлік түрлерін таңдау. Жүргінші агымы және жүк агымын болжау.

10.   Қаланың көше — жол схемасын қалыптастыру

Көше мен жол жіктемесі және оның маңызы. Көше мен жол элементтері. Көше мен жолдың қисықсызықты бөліктерін түрғызуга қойылатын нормативтік талаптар. Тік қисықтың радиусы. Тұргылықты орынның бедеріне қатысты көше желілерін түргызу. Әртүрлі категориялы көше мен жолдардың сипаттамасы, оларды жобалаудың техникалық шарттары. Әртүрлі категориялы көше мен жолдардың жүрістерінің өзара орналасуы және оны жоспарлау. Жаяу жүру қозгалысының көшелері.

11.    Көшенің жүріс бөлігінің қиылыстар мен айырықтарындағы өткізу

қабілеттері

Көшенің өткізу қабілеттеріне қозғалыс жылдамдығының эсері, жол жабындарының жағдайы, көлік түрлері қозғалысының орын саны. Көлік қозғалысының тоғысуы жэне айырымы. Көліктің өзі реттелетін қозғалыс алаңдарын қайта сызу. Көлік қиылыстарын жэне көліктің өзі реттелетін қозғалысты алаңдарын жоспарлау. Өзі реттелетін қиылыстардың негізгі типтері. Қиылыстық сақиналы қозғалыс және оның өткізу қабілеттері. Көлік жэне жаяу жүру қозғалысының қауіпсіздік талаптары.

12.    Инженерлік жабдықтар

Су қүбырлары және суәкету

Су қүбырлары. Су қүбырларының ішкі жүйелерін жобалау негіздері. Су құбырларының ішкі жүйелері мен схемалары. Нормативтік берілулері. Суқүбырлары желілері. Кірулер. Су құбырлары арматуралары жэне жабдықтары. Насостар мен насос құрылғылары. Суқысым бактары мен резервуарлары.

Суәкету. Көріктендіру мен санитарлық нормалардың технологиясына қойылатын талаптар. Көлемді — жоспарлау талаптары. Суэкету нормалары. Ағын суларын қабылдағыштар. Суэкету желілері. Насос құрылғылары. Ағынсуды тазартуға арналған жергілікті және басқа да арнайы құрылғылар.

Ғимараттардың суағымдары.

Айрықша табиғат жағдайлары бар жерлерде (сейсмикалық аудандар, шөгінді топырақтар және басқа да) салынатын суқұбырлары мен суәкету жүйелеріне қойылатын қосымша талаптар.

13.     Инженерлік жабдықтар Жылумен және газбен жабдықтау

Жылумен жабдықтау. Ғимараттың жылулық режимы. Ішкі және сыртқы климаттық жағдайлар. Мекемелердің санитарлық нормалары туралы түсінік. Жылу өндірісі. Котелдік құрылғылар.

Жылытыу. Жылыту жүйелерінің жіктемесі мен олардың қолданылу аумақтары. Жылыту жүйесінің негізгі түрлері: сумен жылыту, бумен жылыту, ауамен жылыту, электрмен жылыту, панельдік-сәулелік жылыту, пешпен жылыту. Жылумен жабдықтау схемалары. Жылу желілерін төсеудің түрлері. Жылу желілерінің схемалары. Жылыту құралдары.

Ыстық сумен жабдықтау.

Жылу кірістері. Жабдықтарды таңдау.

Газбен жабдықтау. Жалпы ережелер. Трубалар мен арматуралар. Тұрмыстық газ құралдары. Газ құралдарын орналастыру. Тұрғын үй және

 

қоғамдық ғимараттардағы жэне коммуналдық-тұрмыстық кэсіпорындардағы ішкі газжүргізу қүрылғыларының ерекшеліктері.

14.   Инженерлік жабдықтар Ауаны желдету және алмастыру

Ауаны желдету. Жалпы ережелер. Ғимараттардың жылу режимі. Зияндылық туралы түсініктер.

Ағынды және шығатын желдету. Табиғи және жасанды (еріксіз) желдету. Желдету жабдықтары (ауашығарғыштар, желдеткіштер, решеткалар, дефлекторлар, шатырлар).

Әртүрлі мақсаттағы коммуникациялардың интерьерінде қүрылғыларды таңдау. Әртүрлі мақсаттағы ғимараттарды желдету.

Ауаны алмастыру. Жалпы ережелер. Мекемелерде ауаның таралуы. Ауатаратқыштар түрлері. Ауа душтары. Ауа сорғыштары. Қүрылғыларды таңдау.

15.    Инженерлік жабдықтар Энергиямен жабдықтау

Энергиямен жабдықтау. Ғимараттарды, кешендерді жэне құрылымдарды электрмен жабдықтау. Жылу электростанциялары (ЖЭС) жэне трансформаторлар тіректері (трансформатор подстанциялары). Қайнар көздері: күн коллекторлары мен батареялары, батареялар, аккумуляторлар, жанармай құрылғылары және т.б.

Электртасымалдаудың ауа және жерүсті сызықтары. Көшелік жарықтандыру, телефон жэне радио торабы желілері, телеарналар. Жергілікті электрмен жабдықтау. Интерьердегі жарық. Қүрылғылар.

Тәжірибелік сабақтарға үсынылатын тақырыптарыныи тізімі

1.   Топографиялык жоспар бойынша қолайлылык /қолайлылық, қолайсыздық жэне ерекше қолайсыздық/ дәрежесі бойынша горизонталдарда күрылыс салынуға бөлінген бөліктің территория бедерінің жіктемесі мен талдауын жасау.

2.   Жоспар негізінде горизонталдарда және елдімекеннің басжоспарында белгіленген схемасында қүрылыс салынатын аумақты /мектептер, түрғын үй тораптары/ тік тегістеудің схемасын шешу.

3.   Қызыл горизонталдар әдісі брйынша көшенің берілген көлденең жэне бойлық элементтері арқылы көше бөлігін бөлшектеп тік тегістеу схемасын жасау. Горизонталдар қимасын 0,1 немесе 0,2 деп кабылдау.

4.   Көше бөлігінің /күрылыс салынатын аумақ бөлігініц/ бойлық пішінін жасау, егер сол орыннын бедері, инженерлік-географиялык шарттары жэне уіагистралдык кошенің тірек нүктелерінің белгілері белгілі болған жағдайда.

 

5.    Әртүрлі категориялы типтік көлденең профилін қүрастыру (М 1:200). Көшенің жүмыс келденең профилін жобалау, яғни берілген жағдайға қатысты типтік пішіннің бекітуін жүргізу.

6.     Бедерге ғимараттар мен үймереттерді тұрғызу.

7.    Көрме залына арналған жылыту құралдарын таңдау жэне оның жылутехникалық есебін жүргізу.

8.    Қоғамдық көлік аялдамаларының функционалдық үйымдастыру схемасыи дайындау.

9.    Қоғамдық ғимараттардың кіру топтарының функционалдық үйымдастыру схемасын дайындау.

10.   Балалар алаңдарының (аттракциондардың, дүңгіршектердің, коғамдык дәретханалардың жәые т.б.) функционалдык үйымдастыру схемасын дайындау.

 

СӨЖ-на үсынылатын тақырыптар

1.      Қайта қалпына келтіру аумақтарын тік жоспарлау. Тік жоспарлаудың концепциясы.

2.      Жол жэне көше қиылыстарын тік тегістеу.

3.      Таукен түрлері жэне негізгі гидрогеологиялық түсініктерге сай физикалық сипаттар.

4.      Жол киімдері.Жолды ретке келтіру-жөндеу түйіндері.

5.      Көше жэне жол классификациясы.

6.      Жағалаулардың құрылымы. Жағалау бағыттық сызыгын көріктендіру.

Пэнге сэйкестендірілген багдарламалық өнім: АІІТОКАО, РР, СогеЮРАҮ/, РһоІозһор.Типтік багдарламаның мазмұны- дегеніміз, жұмыс бағдарламасында қосымша келтірілетін міндетті түрде қолданылатын минимум немесе пэнге арнап бекітілген кредит (сагат) көлемінде тақырыпты кеңейту мүмкіндіг

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля