ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБА «Графикалық дизайнның типологиясы» теориялық курсы

7 декабря, 2017 21:24

«Графикалық дизайнның типологиясы» теориялық курсының негізі графикалық дизайнның тарихи алғымартарын, полиграфия мен типографикада қолданылытын графика түрлерін, әдістерін зерттеу болып табылады. Дизайнерлерді кэсіби қызметіне тәжірибе жағынан даярлауда графикалық дизайнның типологиясы курсының маңызы зор.Осы курс жоба идеяларын графикалық құралдармен корсету үшін білімдерін шыңдауды қамтамасыз етеді.

 

Пәннің мақсаты мен міндеттері графикалық дизайн заңдылықтарының қалыптасу принциптері жайлы білімдерін кеңейту, графикалық диайнның типологиялық ерекшеліктерін зерттеу, сонымен қатар болашақ мамандарды оқыту. Жүйелілік принцип бойынша графикалық дизайн жұмыстарында (жоба алдындағы талдау , эскиз-идея, эскиз,макет, оригинал-макет, демонстрациялық материал), полиграфиялық және жарнама өнімінің негізгі түрлерін жобалау спецификасы, материалдарды графикалық өңдеудің ерекшеліктерімен таныстырып, білімдерін қалыптастыру

Курсты бітіргенде студенттер білуі керек: негізгі тарихи-теориялық түсініктер мен спецификалық терминдер, графикалық дизайнның объектілерін жобалаудың концепт — модельдері жэне дизайн объектілерін жобалауда қазіргі заманғы формакұрушы және форманегіздеуші факторлардың типологиясы, классификациясы, кұрылымы, жарнама агенттіктері қызметінің принциптері мен эдістері;

істей білуі керек: Ғылыми-техникалық жетістіктерді, әлеуметтік өзгерістер мен қоғамдағы көркем- эстетикалық бағыттарды ескере отырып, өз білімін оқуда, сонымен қатар дизайнерлік қызметінде пайдалану.

дағдысы болуы керек: графикалық дизайнның классификациясы мен типтеу әдістемесінде, полиграфиядағы өндіру барысының негізінде, көркем техникалар мен материалдарда, графикалық әдістерді қолдайтын компьютерлік редактордағы саймандар мен операцияларда.

Пәннің пререквизиттері: Пәнді оқу келесі пэндерді білудің негізінде жүргізіледі: «Түстану», «Композиция I», «Жарнама жэне баспа графикасы», «Жарнаманың арнайы түрлері», «Материалдық мэдениет жэне дизайн тарихы».

Пәннің постреквизиттері: «Жарнама жэне маркетинг», дипломдық жобалау.

ПӘННІҢ МАЗМҮНЫ
КіріспеГрафикалық дизайн объектілерінің типологиясы негізінде жатқан графикалық дизайнның классификация мен концепция ерекшелігін көрсету курс мазмұнының негізі болып табылады.

 

«Графикалық дизайн типологиясы» пәнінде дизайндағы графика спецификасы қарастырылады.

Графикалық шешім кез келген дизайнерлік жоба түрінің міндетті компоненті болып табылады. Графиканың бейнелеу жэне мәнерлеу құралдарың функциясы мен ролі дизайн бөліміне, практикалық мақсаттар мен тура осы жоба мақсаттарына байланысты өзгереді. Бірақ, графикалық шешімнің маңыздылық деңгейі бұл жағдайда азаймайды. Пішін мен мазмұн бірлігі заңына бағынатын көркем құралдарын аяқталған бейне жасау үшін еркін пайдалану дизайнердің кәсіби деңгейінің жоғарылығын талап етеді.

Дизайндагы графикалық құралдарды пайдаланудағы негізгі білім саласы техникалық тесілдер, психолгиялық қабылдаудың жэне сурет, бейнелеу мен композицияның заңдылықтары болып табылады.

Пәнді аудиториялық жағдайда практикалық игеру келесі магыналы бөлімдерге бөлінеді:

—   графикалық бейнелеудің негізгі заңдылықтарын зерттеу жэне оны өзінің болашақтагы дизайнерлік қызметінде сауатты қолдана білу;

—   дизайнның эртүрлі саласында түс қабылдау психологиясы және осыдан туындайтын талаптар мен түс таңдау шешімі;

—   графикалық материалдармен жұмыс істеуде эртүрлі бейнелеу жүйелерін, техникалық тэсілдерді игеру.

ДӘРІС САБАҚТАРЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ БОЛЖАЛДЫ ТІЗІМІ

1.    Графикалық дизайн типологиясының ролі мен маңызы

«Типология» жэне «Графикалық дизайн типологиясы» түсініктері. Курстың мазмұны, мақсаты мен міндеттері. Пэнді игерудегі әдістер мен объектілер туралы қысқа мәліметтер. Графикалық дизайн типологиясының жалпығылымдық, жалпытехникалық жэне арнайы пэндер қатарындагы орны мен ролі.Бұл пән объектілерін зерттеудегі методикалық жүйелілік. Әлеуметтік- экономикалық, гылыми-техникалық және эстетикалық факторларды ескере отырып, ұлттық мәдениет, дэстүр контекстінде графикалық дизайнның даму ерекшеліктері қарастыру

2.    Графиканың пайда болуының тарихи алғышартгары.

Графика түсінігі мен түрлері

Бейнелеу өнерінің жеке түрі ретінде графиканың тарихи дамуы. Графиканың спецификалық түрлерінің пайда болуы.

Өнердегі графиканың маңызы. Кітап иллюстрациясы, плакат, пошта маркалары, журнал иллюстрациялары, әртүрлі тауар қаптамалары, этикеткалар, театр жэне киноафишалар, жол және тауар белгілері, ұйымдардың іс-қагаздары. Станок өнерінің жеке түрі ретінде графиканың маңызы.

 

3. Гравюра графикалық өнер түрі ретінде
Гравюра түрлері (ксилография, офорт, линогравюра, литография, акватинта, меццо-тинто, құрғақ ине, лавис, жұмсақ лак).

Станоктық графика. Станоктық графиканың мінездемелік ерекшеліктері. Станок графикасының технологиясы мен техникалық әдістері. Түсті графика. Түстің символикасы мен мәдениетінің тарихи дамуы, өзекті сиволикалық түстер үйлесімін іздеу.

1.    Графикалық дизайн

Графикалық дизайн ерекшеліктері. Жарнама дизайны. Телевизиялық дизайн. Компьютерлік графика.^ҮЕВ-ОЕЗЮМ, дизайның түрлі салаларындағы қабылдау психологиясы жэне одан туындайтын талаптар, композициялық шешімді таңдау.

Кітап дизайны. Журнал дизайны. Кітап иллюстрациясының тарихи дамуы. Басылым түрі, өндіру тәсілі, формат, композициялық ұйымдасу, көңіл- күйлі айқындық, стилитикалық сай болу, әдеби шыгарманың мәніне стилистикалық сай болу, кітап дизайнының көркем образын жасау ескерерілетін кітап иллюстрациясы кітап бөлігі ретінде. Брошюра. Брошюра түрлері.

2.    Өнеркәсіптік графика мен сыртқы жарнама

Қаптама, фирмалық белгі, пошта маркалары, афиша, этикеткалар, сувенирлер жэне т.б. Архиграфика мен геральдика графикалық өнердің бір саласы ретінде. Визуалды коммуникацияның белгілер жэне көрсеткіштер жүйесі.

Қазіргі заманғы графикалық дизайнның ерекшеліктері. Іздеу — графикалық модельдеу эдісі. Креативті ойлау. Жарнама. Сыртқы жарнама. Сыртқы жарнама ерекшеліктері. Плакат графиканың ерекше түрі ретінде. Плакаттың негізгі түрлері.

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ БОЛЖАЛДЫ ТІЗІМІ

1.       Үй өнімдерінің (һоте ргосһісі), косметика жэне парфюмерия маркетигінің, ойыншықтардың, тагам, алкоголь, сусын өнімдерінің, жарнама және Р08 құралдары қаптамаларының дизанның жасау. Түгел жасалган материал 80×100 см өлшеміндегі планшетте көрсетіліп, қысқаша аннотациямен толықтырылуы керек.

2.       Қоғамдық тамақтану кэсіпорнының, сауда және кеңсенің кіре берісін (витринасын) өңдеу және безендіру. Түгел жасалган материал 80×100 см өлшеміндегі планшетте көрсетіліп, қысқаша аннотациямен толықтырылуы керек.

3.     Жарнамалық плакаттың сериясын өңдеу (3 дана). Үш плакаттың біреуінде түс шешімінің ерекшелігіне екпін жасап, ал басқасында плакаттың жанрлық пішінің шегінен шығып, үшіншісінде мағыналық инновация басымдылығын көрсету қажет. Плакаттар А2 форматында орындалуы шарт.

4.     Мерзімді емес басылымның (сыйлық басылым, кітап-ойыншық) иллюстрациялық макет дизайнның жасау. Түгел жасалған материал 80×100 см өлшеміндегі планшетте көрсетіліп, қысқаша аннотациямен толықтырылуы керек.

5.     Еркін тақырыпта көрме экспозициясына арналган навигация жэне визуалды коммуникация жүйесінің концептуалды шешімін өңдеу. Түгел жасалған материал 80×100 см өлшеміндегі планшетте көрсетіліп, қысқаша аннотациямен толықтырылуы керек.

6.     Үсынылған тақырып бойынша сайттың негізгі жэне типті веб-беттерін визуалды безендіруді өңдеу. Беттердің дизайны жалпы суреттің майда сурет- қабат элементтерінен тұратын графикалық файл, қабатталган сурет. Сонымен қатар студент һіті стандарттарының шектеулерін (һіті стандартында жүзеге асыра алмайтын дизайн жасамау) ескеріп, контентті толтыруды ойластыру. . Түгел жасалган материал 80×100 сМ өлшеміндегі планшетте көрсетіліп, қысқаша аннотациямен толықтырылуы керек.

СӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ БОЛЖАЛДЫ ТІЗІМІ

1.     Графикалық дизайн типологиясының ролі мен маңызы.

2.     Әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, эстетикалық, ұлттық- аймақтық факторларды ескере отырып, графикалық дизайнның даму ерекшеліктері қарастыру.

3.     Графикалық өнердің классификациялық белгілері.

4.     Гравюра графикалық өнердің түрі ретінде.

5.     Станоктық графика.

6.     Графикалық дизайн ерекшеліктері.

7.     Жарнама дизайны.

8.     Телевизиялық дизайн.

9.     Полиграфиялық дизайн.

10.    Кітаптық графика.

11.    \¥ЕВ-ОЕ8КЖ

12.    Өндірістік дизайн (қаптама).

13.    Архиграфика

14.    Геральдика

15.    Компьютерлік графика.

СОЖӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ БОЛЖАЛДЫ ТІЗІМІ

1.     Шрифтік графика негіздері.

2.      Графика жэне сэулет.

 

3.     Кітаптық графикадағы офорт.

4.      Ортағасырлық миниатюра.

5.      Жапония және Қытай графикасы.

6.      Қайта өрлеу дәуірі.

7.      Қазақстан петроглифтері.

Типтік багдарлама мазмұны — ол міндетті минимум, жұмыс багдарламасында қосымша тақырыптарды қарастыруға болады немесе пэнге берілген кредит (сағат) көлемінде тақырыптар тізімін кеңейтуге болады.

 

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля