ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБА «Киімді дайындау технологиясы» оқу пәні

3 декабря, 2017 21:14

«Киімді дайындау технологиясы» оқу пәні арнайы пәндер жүйесіндегі маңызды буынның бірі. Пэнді оқу барысында тігін бұйымдарын өңдеу әдістемелері, амалдары жэне тәртіптері туралы жалпы түсіңіктерді қалыптастыру қажет. Студенттер әр түрлі тоқыма материалдардан жасалатын тігін бұйымдарын өңдеу технологиясының теориялық негіздерін игеріп, терминдер мен түсініктермен кеңінен танысып, негізгі бүрмелеу түйіндерін өңдеудің технологиялық жүйесін құра білуі жэне тігін бұйымдарын өңдеуге техникалық құжаттар дайындай білуі тиіс.

 

Пэннің мақсаты — жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын өндірудің технологиялық процестерін зерттеу, студенттерді өнімнің сапасын арттыруды қамтамасыз ететін жеңіл өнеркәсіптің еңбек-, ресурс- энергоүнемдеу технологиясы бағытындағы даму болашағымен таныстыру.

Пәннің міндеттері:

—        тігін өндірісінде пайдаланатын терминологияны зерттеу;

—             тігін бұйымдарының технологиялық түйіндерін өңдеу,бүрмелеу сұлбасын құру және оқу барысында кеңінен ойлау қабілетін дамыту;

—       тігін бұйымдарының жеке түйіндерін орындаудың жұмыс амалдарын іс- жүзінде игеру;

—       тігін жэне үтіктеу құралдарында жұмыс істеудің техникалық амалдарын игеру;

—       ұсынылған жинау сұлбалары немесе табиғи үлгілер бойынша тігін бұйымдарының жинау түйіндерін өздігінше орындау дағдыларын дамыту;

—       кәсіби маңызды қасиеттердің негізін қалау: зер салу, тиянақтылық, кеңінен ойлау.

Студент міндетті:

—       бұйымның алуан түрін дайындаудың технологиялық процестерінің негізгі ерекшеліктері туралы, бұйымның бөлшектері мен түйіндерін өңдеу әдістемелері мен құрал-жабдықтарының небәрі алғы шепкі түрлері туралы хабардар болу;

—             бұйымдарды дайындау технологиясының негізін; өнеркәсіп кэсіпорындарында, халыққа қызмет көрсету саласының кэсіпорындарында бұйымдарды дайындау кезінде пайдаланатын пішу амалдарын білу жэне пайдалану;

—       жеке бөлшектер мен түйіндерді өңдеу жэне бүрмелеудің рационалды әдістемелерін таңдау тәжірибесі болуы тиіс.

Пререквизиттер: «Инженерлік графика I», «Костюм тарихы».

Постреквизиттер: «Киімді құрастыру I», «Костюм тектоникасы», «Заманауи дизайн», «Дизайндағы заманауи материалдар», дипломдық жобалау.

Пән бойынша дәрістік, іс-тәжірибелік сабақтар ескерілген.

 

ПӘННІҢ МАЗМ¥НЫ
Кіріспе

Жеңіл өнеркэсіп бұйымдары туралы жалпы мағлұмат. Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының түржиыны. Киімге қойылатын негізгі талаптар. Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын дайындаудың негізгі кезеңдері. Негізгі түржиын бөлшектерінің ерекшеліктері, қиындылардың жэне конструкциялы сызықтардың аталуы. Тігін бұйымдарының техникалық кұжаттары.

1    Бұйымның бөлшектерін қосу әдістері

Бұйымның бөлшектерін жіппен қосу әдісі.

Қол инешаншымы мен тігімдердің құрылымы. Қолмен жұмыс жасауға арналган аспаптар мен құралдар. Қолмен жұмыс жасауға арналған техникалық жагдайлар. Қол жұмысының терминологиясы.

Машиналық жұмыстар. Машиналы инешаншым түрлері. Жіпті тігіс түрлері: біріктіргіш, шет жэне өңдеу тігістері. Машиналық жұмыстардың орындалуының техникалық жагдайы. Машиналық жұмыстың терминологиясы.

Киімнің бөлшектерін тігіссіз біріктіру амалдары. Желімдеп біріктіру. Дәнекерлеп біріктіру. Киімге арналған термопластты материалдарды термоконтактты, жогарыжиілікті және ультрадыбысты біріктіру, осы процестердің негізі.

2     Құралдардың технологиялық мінездемесі

Құралдардың технологиялық мінездемесі (универсалды, арнайы, мамандандырылған, автоматтар және жартылайавтоматтар) жэне олардың пайдаланылуы. Машиналы инешаншымдар мен тігімдердің құрылу процесі. Кұралдардың жұмыс аспаптары.

3     Бұйымдарды ылғалдық-жылулық өңдеу

Бөлшектердің термофиксациясы туралы қысқаша мәлімет. Ылғалдық- жылулық жұмыстарды орындауға қойылатын техникалық шарттар. Ылгалдық- жылулық операциялардың терминологиясы. Ылгалдық-жылулық жұмыстарга арналган құрал-жабдықтар. Бұйымдардың ВТО жетілдірудің негізгі багыттары. ВТО құралдарымен жұмыс істеу барысында еңбекті қоргау іс-шаралары.

4     Бұйымды дайындау процестері

Бұйымның негізгі бөлшектерін бастапқы өңдеу. Қиықшалар мен бүкпелердің өңделуі. Уақ бөлшектердің өңделуі.

 

Қалталардың түр-түрін өңдеу: жарма қалта, жарма емес қалта, жапсырма,

ішкі.

Кемерлерін өңдеу жэне жинау. Ілмектегіш түрлері. Түймелегіштердің түрлері, оларды өңдеу амалдары.

Жағалардың өңделуі және жиналуы, жағаның бұйыммен біріктірілуі. Жағасы жоқ бұйымдардагы мойын ойындысын өңдеу амалдары.

Астарын өңдеу. Бұйымдарды иықтық қондырмалармен, жылы астармен өңдеу жэне біріктіру. Астарды бұйыммен біріктірудің эр түрлі амалдары.

Бұйымдарды өңдеудің технологиялық желісі.

5      Әр түрлі материалдан жасалатын бұйымдардың түржиынын

өңдеу ерекшеліктері

Былгары, трикотаж, үлбірден жасалған киімдер мен өндірістік киімдерді өңдеу ерекшеліктері. Корсетті бұйымдарды өңдеу. Бас киімдерді өңдеу.

6      Матаны дайындау және пішу технологиясы

Матаны дайындау жэне пішу технологиясы. Материалды үнемді пайдалану. Лекалдардың көлемін өлшеу амалдары. Киім бөлшектерінің жайылмасын әзірлеу. Лекалдарды эзірлеу және жайылмасының техникалық жагдайы, бөлшектерді пішу.

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ

МӨЛШЕРЛІ ТІЗБЕСІ

—      Қол инешаншымы мен тігіс құрылымы.

—      Машиналы инешаншым мен тігістің құрылымы.

—      Қақпашасы мен бір әдібі бар жарма қалтаның өңделуі мен бүрмеленуі.

—      Жасырын (супатты) түймелеуіштің өңделуі. Әйелдердің сырт киіміндегі жагалардың өңделуі мен бүрмеленуі.

—      Ашық жармалы жеңнің өңделуі мен бүрмеленуі.

—      Ерлер жейдесінің өңделуі.

—      Ұсынылған бұйым түрін өңдеудің технологиялық желісін эзірлеу.

—      Артқы бой жармасының бойындағы астарды өңдеу.

—     Пішу технологиясының негіздері. Бір мөлшерлі жэне бойлы лекалдың көлемін геометриялық тэсілмен анықтау. Лекалдардың жайылмасы.

СӨЖ АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАРДЫҢ МӨЛШЕРЛІ ТІЗБЕСІ

—     Жеңіл әйелдер киімінің қалтасын өңдеу және өңдеудің технологиялық желісін құру.

—      Өңір өңдеу құралы жэне оны алдыңгы боймен біріктіру.

 

—   Қиықшаларды, бүкпелерді, тілікшелер мен бедерлерді өңдеу, иініштерді өңцеу ерекшеліктері жэне оларды бұйыммен біріктіру.

—      Жеңдерді үлбір қаттамамен өңдеу желісі мен амалдары.

—      Түймеленетін жылы астарды өңдеу және оны бұйыммен біріктіру.

—      Көрсет бөлшектерін өңдеу және өңдеудің технологиялық желісін қүру.

—      Бас киім бөлшектерін өңдеу, оларды біріктіру.

—      Жеке тапсырыс бойынша бұйым әзірлеудегі пішу өндірісінің процестері.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля