24 февраля, 2015 16:04
Жүйелер туралы ілімге сәйкес күрделі құрылымды жүйелердің маңызды қасиеті — иерархиялык принцип (һіегагсһіа деген грек сөзінен — өзара бағыну), сонымен қатар оларда құрылыстың немесе ұйымдастырудың бірнеше деңгейінің барлығы болып табыладьі. Жоғары ұйымдастырылған жүйелерде олардың жүйешелерінің немесе құрылымдық деңгейлерінің иерархиялық принципі толығырақ, айқынырақ көрінеді. Мұндай жүйеде енді жүйешелердің тең құқықтық принципі емес (немесе үйлестік, келісімдік принципі), керісінше, өзара бағыну, басқаша айтсақ, субординация принципі жүзеге асырылады.
Иерархиялық принцип жаратылыстық ғылымдарда бар. Алғаш рет оны француз физигі Андре Ампер (1775-1836) көрсетті, ол өз кезіндегі белгілі жаратылыстық ғылымдарды табиғи топтау принципін табуға әрекет жасады. Ол өзі жасаған Табиғат туралы ғылымдардың бейнесін тереңдігі жағынан әр түрлі идеялар мен түрлі дәлдіктегі тәжірибелік материалдан тұратын «бірыңғай жүйе» түрінде берді. Физиканы ол ең негізгі ғылым ретінде бірінші орынға қойды, химияны (физикадан шығарғандай) екінші орынға қояды.
XIX ғасырдың ортасында бірқатар табиғат зерттеушілері мен философтар ғылымдар иерархиясының дәйекті төрт саты түріндегі идеясын ұсынды: механика, физика, химия, биология.
Жаратылыстық ғылымдардың мұндай субординациясы туралы идеялар бүгін де кеңінен талқылануда. Мұнда өте маңызды бір проблема ерекшеленеді: барлық биологиялық құбылыстарды химияға, ал химиялық құбылыстарды физикаға апарып қосуға бола ма? Мұндай «жоғарғыны» «төменге» қосу редукционизм деп аталады (геdисtіо — қайтару, бұрынғыға қосу деген латын сөзінен). Бұл көзқарасқа сәйкес барлық химиялық құбылыстарды, заттардың құрылысын физикалық білімдердің көмегімен түсіндіруге болады. Бірақ бұған қарама-қарсы басқа да пікір бар: материяның әр түрі мен оның әрбір күйі (физикалық, химиялық, биологиялық) бір-бірінен соншалықты оңашаланған, тіпті олардың арасында «тіке өткелдер жоқ». Ортадағы синтетикалық көзқарас жалпыға танымал болып шықты: химияны да, биологияны да белгілі бір дәрежеде физикаға қосуға болады, басқаша айтсақ, физикалық білімдер арқылы түсіндіруге болады. Жаратылыстық ғылымдардың өзара байланысын сипаттайтын келесі идеяның да маңызы азболмай шықты. Табиғатты зерттеуде биологиялық білімдерді химияда, ал биологиялық білімдерді физикада қолданудың үлкен роль атқаратындығы бүгінгі күні толық дәлелденген. Бұл бағыт холизм немесе интегратизм деп аталады. Шыныңда да, тірі ағзада жоғары өнімді химиялық реакциялар мен физикалық құбылыстар жүріп жатады. Бүгінгі күні «тірі табиғаттың химиялық тәжірибесін игеру» химия мен химиялық технологияның дамуының маңызды бағыты болып табылады.
Шын мәнінде, редукционизм мен холизм бір-біріне қарсы тұрмайды. Олардың айырмашылығы ғалымның ой қозғалысының бағыттылығында: берілген құбылысты түсіндіруде ол жаратылыстық-ғылымдық білімдердің төмен жатқан деңгейін қолдана ма, әлде неғүрлым жоғары ұйымдастырылған обьектіге бағыт ұстай ма. Бұл екі әдіс бірін-бірі толықтыра отырып, барлық жаратылыстануда қолданылуы мүмкін және қажет.
Бұдан басқа, негізгі жаратылыстық ғылымдар иерархиясының циклдік түйықталған сипаты бар. Төмендегі сызбадан физиканың химияға негіз болатыны; ал химияның өз кезегінде биология мен психологияға негіз болатыны көрініп тұр. Психология жоғары орында тұр, бірақ, сонымен қатар, циклдік тұрғыда барлық тізбектің бастапқы ғылымы физикамен тұйықтасады.
Мұны темендегі сызбаның көмегімен бейнелеуге болады: