Қазіргі жаратылыстану дамуының тенденциялары

19 февраля, 2015 10:35

Ғылымдардың «кірігуі» (интеграциясы), жаратылыстануда жаңа шектес пәндердің пайда болуы — осының бәрі ғылымның дамуының қазіргі кезеңінің белгілерін керсетеді. Адамзат (ғылым тарихы тұрғысынан қарағанда) өзінің Табиғатты танып білу барысында барлығы үш сатыдан өтіп, төртіншісіне кіріп отыр.

Бірінші сатысында (VII-V ғғ. б.э.д.) қоршаған дүниенің бүтін, біртұтас нәрсе екені туралы жалпы түсініктер қалыптасты. Идеялар мен болжамдардан тұратын натурфилософия деген ілім пайда болды. Бұл саты XV ғасырға дейін созылып, жаратылыстану ғылымдарының алғашқы негіздерін жасады.

XV-XVI ғасырлардан талдау (аналитикалық) сатысы басталды, басқаша айтқанда жаратылыстанудағы қол жеткен жетістіктерді бөлшектеу және ерекшеліктерді бөлу — бұлар ақырында физиканың, химия мен биологияның, сонымен қатар басқада жеке жаратылыстық ғылымдардың пайда болуына (ғылым-ның дифференцияциялану процесі), оның ары қарай дамуына әкелді. Осы сатының екінші бір ерекшелігі -эмпирикалық (тәжірибелік) жолмен алынған білімнің теориялық білімдерден көбірек болуы. Талдау сатысының тағы да бір ерекшелігі Табиғаттың жеке затта-рын зерттеудің оның табиғи құбылыстарын зерттеуге қарағанда өте көп болуы. Бұл ерекшеліктер кейінірек адамзат үшінші синтетикалық сатыға көтерілген кезде де сақталып, ары қарай даму жолында болды.

Ақырында, қазіргі кезде барлық жаратылыстанудың принципті тұтастығын дәлелдеп, неге тек физика, химия, биология мен психология Табиғат туралы ғылымның негізгі және өзінше дербес бөлімдері болып отыр деген сұраққа жауап беру әрекеттері жасалуда.

Сонымен қатар ғылымды дифференциялау, басқаша айтқанда, қайсыбір ғылымның тар салаларын жасау орын алуда, дегенмен, жалпы тенденция ғыымының кірігуіне (интеграциясына) қарай бет алуда. Сондықтан да жүзеге асырылуы басталып отырған ақырғы (төртінші) сатыны интегралды-дифференциалдық деп атайды.

Қазіргі уақытта таза түрінде тек қана физикаға, химияға немесе биологияға жататын жаратылыстық-ғылыми зерттеулердің бір де бір саласы жоқ. Бұл ғылымдардың барлығы да оларға ортақ Табиғат заңдарына жүгінеді. Табиғатты толық танып білудің негізгі жолы жаңа білімдерді синтездеу мен ғылымдардың бірігуінде (интеграциясында) жатыр.

Бірақ бүкіл әртекті Табиғатты (Ғалам, Тіршілік және Ақыл) біз зерттеудің біртұтас обьектісі түрінде қалай алып қарауымыз мүмкін? Ізделініп отырған осы бірлік неде жатыр? Мұны біз егер мынадай — барлық жаратылыстану не нәрсеге негізделген немесе негізделуі керек деген сұраққа жауап беруге талпынсақ жақсырақ түсінеміз. Барлық арнайы ғылымдарға ортақ бірдеңе бар ма?

0

Автор публикации

не в сети 10 лет

Zhandos

0
Комментарии: 0Публикации: 5Регистрация: 16-02-2015

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля