ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА«Техника жэне өнеркәсіптік дизайн тарихы» курсы

11 декабря, 2017 21:35

«Техника жэне өнеркәсіптік дизайн тарихы» курсығылыми жаңалықтардың хронологиялық жүйелілігін жэне техникалық өнер табыстарын сақтаумен, өндірістің өнеркэсіптік тәсілі және жаңа қызмет саласы, жеке мамандық — өнеркәсіптік дизайнның пайда болу нәтижесі ретінде тарихи кезеңдер бойынша адамның материалдық мәдениетінің даму үдерісін зерттеуді ұйғарады.

 

Пэн төртінші          курстың сегізінші              семестрінде, 3 кредит

көлеміндеоқытылады (30 дәрістік сабақ, 15 — практикалық сабақ).

Пәннің мақсаты: Студенттердің пэндік шығармашылықтың жаңа түрі ретінде өнеркәсіптік дизайнның қалыптасу жолдары туралы түсініктерін, ғылыми жаңалықтар, техникалық жетістіктер мен қолданбалы эстетика нэтижелерінің синтезі ретінде өнеркэсіптік дизайнның негізгі салаларына бейімделуін, студенттерді өнеркэсіптік дизайнның эстетикалық, стилистикалық, функционалдық және технологиялық аспектілері туралы түсініктерін қалыптастыру.

Пәннің міндеттері: Пәнді меңгеру нэтижесінде студенттер әр тарихи даму кезеңдеріндегі техника мен дизайн саласындагы негізгі жетістіктерді білуі жэне анықтай алуы, гылым, техника және өнеркэсіптік дизайн мэселелері бойынша материалдарга бейімделуі, гылыми-техникалық дамудың жалпы заңдылықтары туралы түсініктері болуы тиіс.

Курс аяқталган соң студенттер төмендегілерді білуі тиіс:

өнеркэсіптік өндірістің негізгі қалыптасу кезеңдері, өнеркэсіптік дизайнның пайда болу көздері, эр тарихи даму кезеңдеріндегі техника мен дизайн саласындагы негізгі жетістіктерді; істей алуы тиіс:

оларды қызықтыратын мэселелер бойынша қажетті материалдарды өздігімен табу; ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік-технологиялық жетістіктер мен өнеркэсіптік дизайнға еркін бейімделуі тиіс. меңгеруі тиіс:

өнеркәсіптік дизайн нысандарын жасауда дәстүрлі жэне заманауи технологияларды қолдану мэселелерін, дизайнда тарихи материалдарды шебер пайдалануды, гылыми-техникалық дамудың жалпы заңдылықтары мен тенденциялары туралы түсінігі болуы тиіс.

Пәннің пререквизиттері: «Материалдық мэдениет пен дизайн тарихы», «Композиция I».

Пәннің постреквизиттері: «Коллекциялық бүйымдарды жобалау», дипломдық жобалау.

 

ПӘННІҢ МАЗМ¥НЫ
Кіріспе

«Техника жэне өнеркәсіптік дизайн тарихы» пәні өнеркәсіптік дәуірден бастап XX ғасырдың ортасына дейін материалдық мэдениеттің дамуына шолу жасайды. Техника, ғылыми жаңалықтар мен өнер табыстарының тарихы көркем-қолданбалы қызмет кұбылыстарымен өзара байланыста дизайнерлік жэне өнертану тұрғысында қарастырылады. Өнеркәсіптік дизайнның өнеркәсіптік дэуірдің алғашқы онжылдығының алғашқы кезеңінде пайда болуы, оның XX ғасырдың алғашқы онжылдығында қалыптасуы мен Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарының алдында дамуы жүйелі бақыланып отырады. Екінші Дүниежүзілік соғыстан бастап XX ғасырдың соңына дейін АҚШ-та, Батыс Еуропада, Жапонияда дизайнның дамуы қарастырылады. Кеңестік дизайнға ерекше көңіл бөлінеді, Шығыс Еуропаның социалистік елдерінің дизайнерлік ұйымдарының қызметі көрсетіледі. Қорытынды дәрістерде кеңестік кезеңнен кейінгі ресейлік дизайн жэне XXI ғасырдың басындағы халықаралық дизайндағы пайда болған концепциялар қарастырылады. Дизайн негіздері, оның әдістемесі бойынша жалпы ережелер келтіріліп, негізгі қолданылатын терминдерге түсініктер беріледі.

«Техника жэне өнеркэсіптік дизайн тарихы» Курс 30 дәрістік сабақ пен 15 практикалық сабақтан тұрады.

ДӘРІСТІК САБАҚ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

І.Дизайн. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Дизайн-жобалаудың ерекшелігі; 2.Эргономика -дизайнның жаратылыстану ғылыми негізі;

1.    Өнеркәсіптік қоғамға дейін заттық дүниенің техникалық дамуы мен форма қалыптастыруына шолу жасау;

2.              Оптикалық аспап құруға                шолу жасау (телескоптар мен

микроскоптардыңформа қалыптастыру эволюциясы);

3.    Заттық дүниенің қайта жасалуының дезинтеграциясы. Машина төңкерісі, Бірінші Дүниежүзілік өнеркэсіптік көрме;

4.    ХІХ ғасырдың ғылыми-техникалық прогресі, жаңалықтар мен өнер табыстары;

5.    Дизайн прототеориясының пайда болуы. Өнер мен техника интеграциясының пайда болуы;

6.    Ресейде протодизайнның алғы шарттарының пайда болу ерекшеліктері;

7.    Өнеркэсіптік дизайнның басы XX ғасырдағы кәсіби қызмет ретінде. Веркбунд, АЭГ-те П. Беренс, Баухауз;

8.              Ортаның көзбен шолу коммуникацияларының дизайны. Графикалық фирмалық стиль;

9.         Ресейдегі көркемдік авангард. Супрематизм. Конструктивизм. Өндірістік өнер;

10.    ВХУТЕМАС — ВХУТЕРШ. Париждегі Халықаралық көрмедегі Кеңестік бөлім, 1925 ж.;

11.    Ар декостилін қалыптастырушы қағидалар. АҚШ-та коммерциялық дизайнның қалыптасуы;

12.    Жарықтандыру аспаптарының дизайны. Форма қалыптасуына шолу және тенденциялар;

13.    Кеңестер Одагында согысқа дейінгі дизайн.. Мэскеу метрополитені — жобалаудың кешенді нысаны ретінде;

16.1930—1950  жылдардагы Кеңестік автодизайн. Дизайнер Ю.А.

Долматовскийдің шыгармашылыгы;

17.    АҚШ-та экономиканың көтерілуі жэне Екінші дүниежүзілік согыстан кейінгі американдық дизайн;

18.   Батыс Еуропаның согыстан кейінгі дизайны. Үлыбритания. Франция;

19.   XX ғасырдың екінші жартысындагы техникалық жетістіктер жэне дизайн;

20.    Итальяндық дизайн. «Шынайы» жэне концептуалдық бағыт. «Оливетти» стилі;

21.    Скандинавия елдерінің дизайны;

22.    Германия Федеративтік Республикасының дизайны (ФРГ);

23.    Жапония дизайны. Дәстүрлер жэне қазіргі заман;

24.    Кеңестік дизайн;

25.    Отандық дизайнның теориялық концепциялары, олардың практикамен байланысы (1960-1980 жылдар);

26.    Шығыс Еуропаның социалистік елдерінің дизайны;

27.    XX ғасырдың екінші жартысының дизайнындағы ағымдар мен бағыттар, олардың қоғамда әлеуметтік-мәдени қүбылыстармен өзара байланысы;

28.    Оптика-механикалық өнеркэсіптегі дизайн;

29.    XX ғасырдың соңындағы отандық дизайн;

30.    Дизайнерлік білімдегі кейбір тенденциялар;

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

Практикалық сабақ тақырыптары дәрістік сабақ тақырыптарымен байланысты болуы тиіс. Әр тақырып бойынша сағат саны пэнді жүргізуші оқытушымен анықталады.

Тыңдалған дэріс материалдары бойынша, оқытушы берген жеке тақырыптар бойынша студенттер реферат жазады.

«Техника жэне өнеркәсіптік дизайн тарихы» пәнін оқу аяқталғанда студенттер курстық жоба орындайды. Мысалы, курстық жоба ретінде студенттер жаңа пэннің барлық тараулары бойынша көрнекі оқу құралдарын дайындайды.

Типтік бағдарлама мазмұны — бұл міндетті минимум, жұмыс бағдарламасында да қосымша тақырыптарды қарастыруға болады немесе пәнге белгіленген кредиттер (сағаттар) көлемінде тақырыпты кеңейтуге болады.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля