Ақпараттық мәдениетті оқыту процесі.

27 февраля, 2020 19:27

  1. Кіріспе

 

 

 

  1. Негізгі бөлім

 

 

 

а)  Ақпараттық – коммуникациялық технологияның оқыту

 

процесіне қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері

 

ә) Мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығы

 

мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру

 

б) Білім берудегі ақпараттық технологиялар

 

 

 

в) Ақпараттандыру жағдайында білім ұйымдары

 

басшыларының инновациялық кедергілерден шығуы

 

туралы

 

г) Ақпараттық мәдениетті оқыту процесінде оқушы

 

бойына қалыптастыру

 

 

 

III. Қорытынды бөлім

 

 

 

  1. Әдебиеттер

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасының білім беруді 2010 жылға  дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық және коммуникативтік технологияны білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталады.

 

Ақпараттық-комуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.

 

Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.

 

Аталған бағыттарды дамыту үшін құқықтық-нормативтік, материялдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік және ақпаратттық жағынан қамсыздандыру педагог мамандарды даярлаудың негізгі бағыттарының біріне айналып отыр.

 

Білім беруді қайта құру мұғалімінен үлкен дайындықты талап етеді. Олай болса, олардың тұлғалық қасиеттері мен мамандық құзырлықтарына жоғарғы талап қойылады. Қазіргі уақытта мұғалім білім беру жүйесіндегі кез келген қайта құруларды педагогикалық процестің негізгі субъектісіне айналып отыр.

 

Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Бір уақытта педагог, психолог және оқу-процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.

 

Басқаша айтқанда, білім беруді ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуіне және оқыту құралы ретінде пайдалану бағыттары бойынша білімдерін көтеру және қайта даярлау курстарының мазмұнын өзгертіп, жасақтау қажеттілігі туындады. Педагог мамандардың біліктілігін көтеру және қайта даярлауда ақпаратттық әлемде оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа әдістер мен формаларды кез келген уақытта таба білуіне мүмкіндік туғызу. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзін-өзі дамытуына және өздігінен білім алуына мүмкіндік алады. Бұл жағдайда дамытудың өзектілігі – жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне жан-жақты, әрі еркін пайдалана білуге үйрету дайындау кезеңдерінің сапалығымен анықталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпараттық – коммуникациялық технологияның оқыту процесіне қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері

 

 

 

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

 

Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.

 

Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі – осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде пайдаланатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең таралуына орай ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күнен-күнге артып бара жатқаны байқалады.

 

Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді таразылап , өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін біз өз күшімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз керек. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің  ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі.

 

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп   аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.

 

Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам – ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі жан-жақты адам. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Қорытындысында білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек.

 

Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.

 

Бұдан шығатыны, ХХІ ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі – «Білім-бүкіл өміріңе» қағидасынан «Білім бүкіл өмір бойына» қағидасына қте алатын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарын іздеу болып табылады.

 

Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді атап өтуге болады.

 

 

Мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру

 

 

 

Мұғалiмнің ақпараттық — коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Қарастырылып отырған мәселе «Жаңа ақпараттық — коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуымен және бiлiм беру саласында компьютердiң қолданыла бастауымен тығыз байланысты.

 

Жаңа ақпараттық технологиялар    дегенiмiз — бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. Бұл  процестi icкe асырудан негiзгi құрал компьютeр болып табылады. Компьютер — бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн зор құрал. Бiрақ әлі күнге  деЙін бiз осы зор құралдың шексiз мүмкiндiктерiнің оннан бiрiн де пайдалана алмай отырмыз. Себеп не? Басты себеп – мұғалімнің ақпараттық коммуникациялық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiнің қалыптаспауына немесе төмендiгiнде. Соңғы жылдарда бiлiм беру жүйесiне енген «құзырлылық» немесе «құзiреттiлiк» ұғымы жеке қасиеттерi мен бiлiм, бiлiк, дағды, ic тәжiрибесi, түсiнiгiнің бiрлiгiн сипаттайды.

 

Қазiргi уақытта құзырлылықтың бiрнеше түpi бар, соның бiрi — aқпараттық  коммуникациялық құзырлылық. М.В.Лебедева мен О.Н.Шилова мұғалiмнiң ақпараттық – коммуншсациялық құзырлылығын «оку, тұрмыыстық, кәсiби мiндеттердi aқпараттық және коммуникациялық технологиялардың көмегiмен шеше бiлу қабiлетгiлiгi» деп анықтайды.

 

Авторлар мақалада ақпараттық  коммуникациялық  құзырлылықты қалыптастырудың базалық, жалпы жәнее кәсiби кезеңдерiн бөлiп көрсетiп, ақпараттық технологияларды оқу қызметiнде қолдану мен кәсіби мiндеттердi шешуде қолданудың ара жiгiн ашып көрсетедi. Бұл тұрғыдан қарастырғанда, ақпараттық құзырлылық екі құрамдас бөлiктен тұрады: компьютeрлiк сауаттылық және компьютeрлiк бiлiмдарлық.

 

Компьютeрлiк технологиялардың даму жағдайындағы ақпараттық сауаттылыққа К.А. Каймин  «компьютермен өз бетiнше жұмыс iстей бiлу, компыoтерлiк техниканың көмегімен есептеу, жазу, сурет салу, ақпараттарды iздеу дағдылары мен бiлiктерінің болуы» деп aнықтама бередi.

 

Компьютeрлiк бiлiмдарлықтың белгiлерiне компьютерлер мен танымал бағдарламалардың кеңтүрлiлiгiн бағдарлай бiлу, олардың мүмкіндiктepiн бiлу,нақты бір жұмыс үшiн тиiмдi бағдарламалық құралдарды таңдай бiлу, бағдарламалық құралдар бойынша жеке библиотекасының болуы жатады.

 

Сонымен, мұғалiмнің ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығын қалыптастырудың негiзгi тәсiлдерiне мыналар жатады:

 

  • Ақпараттарды өңдеудiң компьютерлiк технологияларын теориялық  және практикалық тұрғыда оқып — үйрену;

 

  • Әр түрлi қолданыстағы бағарламалық қамтамасыздандыруды оқып — үйрену және оны оқыту процесiнде қолдану мүмкiндiктерiне талдау жасау;

 

  • Ақпараттық және коммуниациялық технологияларды жеке пәндердi оқытуда қолданудың тиiмдiлiгiн негiздей және дәлелдей бiлу.

 

Ақпараттық мәдениет дегенiмiз — адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi. Э.Л.Семенюктiң пiкiрi бойынша «ақпараттық мәдениет — адамның, қоғамның немесе оның бiр бөлiгiнiң ақпааттармен жұмыс iстеудiң барлық түрлерi — ақпараттарды алу, өңдеу, жинақау және осының негiзiнде сапалы жаңа aқпаратты құру және  практикалық қолдану  бойынша жетiлу деңгейi».

 

Педагог ақпараттық мәдениетiн қалыптастырy және дамыту – ұзаққа  созылатын, педагогтың aқпараттық және педагогикалық қызметінің интеграциялау процесi. Бұл процсстің күрделiлiгi сонда — ақпараттық мәдениеттiң қалыптасуы мен дамуы жолында көптеген кедергiлерден өтуге тура келедi.

 

Ғалымдар мен мамандардың пiкiрiнше, педагогтың ақпараттық мәдениетiн дамытудың негiзгi факторы ақпараттық және компьютерлiк технологияларды қолдануға бaйланысты бiліктілiктi көтеру жүйесi болып саналады. Педагогтардың ақпараттық және коммуникациялық технологияларды оқыту процесiнде колдана бiлу мүмкіндігін дамыту Мақсатында оку курстарын ұйымдастырудың қажеттiлiгi бүгiнгi бiлiм беру жүйесiнің кезектi мәселесiнiң бiрiне айналып отыр.

 

Жалпы, педагог – кадрлардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыруда факторлардың екі тобын бөлiп көрсету қажет сияқты.

 

Бiрiншiсi — педагогикалық бiлiм беретiн орта кәсiптiк және жоғары оқу орындары студенттерiнiң ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру .

 

 

Педагогикалық оқу орындары студенттерінің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру

 

1 —   с ы з б а

 

Факторлардрдың бұл тобындағы негiзгi фaктор ретiнде педагогикалық бiлiм беретiн оқу орындарындағы aқпараттық — коммуникациялық технологияларды оқьтуға арналған пәндiк курстарды  атап өpcетy қажет. Бүгiнгi таңдағы бiлiм беру жүйінде бұл пәндiк курстардың мазмұнын жаңарту және сол пән бойынша сабақ беретiн оқытушылардың бiлiктiлiгiн арттыру — кезек күттiрмейтiн мәселе. Мысалы, педагогикалық орта кәсiптiк оқу орындарында жүргiзiлетiн «ОТҚ, қолдану әдiстерi» пәндiк курсының мазмұны ескiрген және бұл пәндiк курсты оқытуға бөлiнген сағат саны да ете мардымсыз.

 

Факторлардың екiншi тобына бiлiм беру ұйымдарындағы педагог-кадрлардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру жатады. Бұл топқа енетiн факторлар төмендегi сызбада (2 — сызба) көрсетiлген.

 

 

 

2- с ы з б а

 

Бұл факторлар жүйесiнде негiзгi үш факторды жеке атап көpcетy маңызды.

 

Бірінші – педагогтардың  ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану мүмкіндiктерiн, ақпараттық мәдениетiн дамытуда бағытталған бiлiктiлiк көтеру курстары. Мұндай курстардың арнайы бағдарламасы жасалып, сол бағдарлама бойынша бiлiм беру ұйымдарының өзiнде жұмыс бағдарламалары жасалып, облыстық, республнкалық Мұғалiмдер бiлiмiн жетiлдiру институттарында жедел түрде тақырыптық курстар ұйымдастырылуы қажет. Ол курстарды ұймдастырушылар мен онда дәрiс оқитын педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн көтеру — ол өз aлдына бөлек әңгіме.

 

Екiншiсi — бiлiм беру ұйымдарындағы педагог — кадрлapға әкiмшiлiк тарапынан қойылатын талантар. Талан қaтaң, дұрыс қойылған жағдайда педагогтардың компьютерлiк — библиографиялық сауаттылығы мәселесi, ұйымдағы педагогикалық қауымдастық, педагогикалық қызмет пен педагогикалық процестi модернизациялауға деген ұмтылыc, aқпараттық — коммуникациялық технологияларды қолданудaғы психологиялық кедергiлердi жою, қызығушылық мәселелерi де өзiнiң оң шешiмiн табары сөзсiз. Тағы бiр айта кeтeтін мәселе –педагог-кадрларды мерзiмдi аттестациялауда оларға қойылатын талаптар жүйесiне aқпараттық мәдениет деңгейiн есепке алуға негiзделген талаптарды белгiлеп, енгiзу қажет.

 

Үшінші – білім беру ұйымдарында, оқу кабинеттерінде компьютерлік базаның болуы. Республикадағы білім беру ұйымдарында компьютерлік база бірітіндеп қалыптасып келеді. Бірақ осы уақытқа дейінгі шетелдік және отандық тәжірибе көрсеткеніндей, білім беру ұйымдарын компьютерлермен толық қамтамасыз ету ақпараттық мәдениетті қалыптастыру және дамыту мәселесін толық шеше алмайды. Сондықтан дәл қазіргі таңда ең маңыздысы-алдыңғы екі фактор.

 

Сонымен, aқпараттық — коммуникациялық технологияларды оқыту процесiнде қолдануға байланысты педагог – кадрлардың бiлiктiлiгiн көтеру қазiргi кезеңде бiлiм берудi aқпараттандырудың маңызды міндеттерiнiң бiрiне айнальш отыр. Бұл маңызды мiндеттi шешпейiнше, бiлiм беру ұйымдарының техникалық базасын нығайтy, компьютерлердi желiлерге қосу, электронды оқу құpалдарын дайындау ешқандай нәтиже бермейдi. Бұл -өте  күрделi, ауқымды мәселе, сондықтан оның нормативтiк, ұйымдастырушылық, гылыми — әдiстемелiк және оқу — әдiстемелiк жақтарына тоқталып өтпеске болмайды.

 

Педагогикалық бiлiм берудiң нормативmiк базасы (бiлiм берудiң мемлекеттік стандаpттары мен оқу пәндерінің типтiк бағдарламалары) бiлiм берудi дамытудың қазiргi заманғы басым бағыттарын белгiлi бiр дәрежеде бейнелей алуы тиiс.

 

Стандарттағы бiтiрушiлерге қойылатын бiрыңғай талаптар жүйесiн болашақ педагог-мамандардың aқараттық — коммуникациялық құзырлылығына қойылатын талаптармен толықтыру қажет.

 

 

 

Ұйымдастырушылық тұрғыдан қарастырғанда:

 

— орта және жoғары кәсiптiк оқу орындарында педагогикалық бiлiм алып жатқан стyденттердің ақпараттық — коммуникациялық технологиялар жайлы жалпы бiлiммен қатар, педагогикалық қызметiне байланысты кәсiби бiлiм мен дағдыларды игеруiне;

 

— бiлiм беру ұйымдарындағы педагог — қызметкерлердің қазiргi заманғы бiлiм берудiң қажеттiлiктерiне сай aқпараттық — коммуникациялық технологияларды қолдануға байланысты бiлiктiлiктерiн көтерулерiне мүмкiндiк берiлiп, барлық жағдай жасалуы керек.

 

Мәселенің ғылыми-әдістемелік жағы педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылғының қажеттi деңгейiн анықгаумен және сол деңгейге жетyдi қамтамасыз eтeтiн негiзгi (студенттер үшiн) және қосымша (мұғалiмдер үшiн) бiлiм беру бағдарламаларын жасаумен байланысты.

 

Мұнан басқа, бiлiктiлiктi көтеруге, мұғалiмдердiң өз бiлiмiн көтepyiне, оларды кәсiби қайта даярлауға арналған бағдарламаларды жасауға негiз болатын оқу-әдістемелік  базаны құру мен дамытудың да маңызы зор.

 

Зерттеулерде мұғалiмдердің ақпараттық-коммуникациялық біліктіліктерін көтеруге байланысты жұмыстардың 3 кезеңi атап көрсетілген: 1) Компьютермен, түрлi коммуникациялық жүйелермен алғашқы танысу;

 

2) Ақпараттық — коммуникациялық технологиялардың  жеке түрлерiн терең, зерттеу, жұмыc iстей бiлу дaғдыларын қалыптастыру;

 

3) Ақпараттық — коммуникациялық технологияларды мұғалiм қызметiнде, жеке пәндердi оқытуда қолдана бiлyдi меңгеру.

 

Әрине, отандық бiлiм беруде ақпараттық — коммуникациялық технологияларды жеке пәндердi оқытуда қолдануға байланысты атқарылған жұмыстap жоқ деуге болмайды. Көптеген электрондық оқулықтар, электронды оқу бағдарламалары, мультимедиялық оқу бағдарламалары жасалды және жасалып та жатыр.

 

Компьютердің жүйелік блогында iшкi, сыртқы құрылымдарымен  байланыс жасауға арналған арнайы тарақша қосқыш түрі порттары бар. Олар тiзбектi жене параллель қосылатын болып екіге белiнедi. Осы порттар apқылы әр түрлi құрылғылар aрасында ақпараттарды тасымалдауға (жiберуге жене қабылдауға) болады. Егер eкi немесе бiрнеше компьютердi порттары apқылы байланыстыратын болсақ бұл компьютерлердiң арасында алмасу жұмысын жүргiзуге мүмкiндiк туады. Осылай байланыстырылған компьютерлер тобы компьютерлiк желi құрады.

 

Компьютерлік желі дегенiмiз — ресурстарды (дискi, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиiмдi пайдалану максатында бiр-бiрiмен байланыстырылған компьютерлер. Желi жұмыс жасау үшiн арнайы аппараттық жене программалық жабдықтар болуы қажет. Желi арқылы оған қосылған кез келген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады.

 

Күнделiктi өмipдe кездесетiн компьютерлiк желiге мысал реде өздерің оқитын компьютерлiк кластағы бiрнеше компьютердің  желiге бiрiктiрiлyiн айтуға болады. Сондай-ақ бiр мезгiлде жүздеген тiптi мыңдаған компьютердiң қатысуымен ұйымдастыған темiржол және әуе қатнасы билет сату жүйесiн де желіге мысал peтiндe келтiре аламыз. Бұл пайдаланушылар санын білу мүмкiн емес ғаламдық акпараттық Интернет желiсi. Қазiргi кезде компьютерлiк желi кез келген мекемеде: зауыттарда, фирмаларда, банктерде орнатылған. Себебi желiге қосылмай өндipicтiк, немесе қаржылық қызметтердi тиiмдi жүзеге асыру мүмкін емес.

 

Компьютерлiк желiлер масштабы мен мүмкiндiгi бойынша ерекшеленедi. Ең шағын желiлер жергiлiктi деп аталады да, бірнеше компьютерді біріктіру үшін қолданылады.Мұндай ортақ ресурстарды (дискжетек, принтер, сканер жене басқа қымбат қурылрылар) тиiмдi пайдалану мақсатында құрылады.

 

Компьютер желiге желiлiк тақташа, модем немесе жоғары жылдамдқты сандық телефондық қызмет (ISDN) торабы арқылы қосылады. компьютердi желiге телефон желiсi apқылы қосу үшін желiлiк тақша емес модем қажет.

 

Жергiлiктi есептеуiш желiлер — саны шектеулi (әдетте 100 дейiн) компьютерлердi бiр ұйым немесе мекеме iшiнде біріктіру үшiн қолданылады. Жергiлiктi есептеуiш желi шектеулi аймақтағы (бiр бөлмеде, бiр мекемеде, зауыт немесе бекетте т.с.с) компьютерлердi бiрiктiредi. Мекемелердегi жергiлiктi желі әр түрлі бөлiмдер мен қызметкерлер арасында тығыз ақпараттық технологиялық байланыс орнату үшiн құрылады.

 

Жергiлікті желіге қосылған компьютерлер бір-бірімен қысқа жиілік байланыс желісімен (әдетте он, жүз метр) біріктірілген. Сондықтан жергілікті желі арқылы сандық ақпаратты жоғары жылдамдықпен беруге болады. ақпараттың берілуі сапалы болу үшін байланыс желісі өте ұзын болмауы керек. Желі ұзын болған сайын сигналдың өшуі мен бөгеуіл шамасы артып кетеді.

 

Телекоммуникациялық есептеуіш желілер үлкен қашықтықты және пайдаланушыларды молынан қамтитын есептеуіш желілер телекоммуникациялық есептеуіш желілер деп аталады. Телекоммуникациялық  желілер – ақпарат алмасу және оны өңдеуді бөлісу желісі, ол өзара байланысқан жергілікті желілерденқұралады (абоненттік жүйелер). Мұндай масштабтағы желілер аппараттық, ақпараттық, программалық сияқты қоғамдық ресурстарды ұжымдаса пайдалану мақсатында құрылады. Телекоммуникациялық желіні пайдаланушыларының, өздерінің қай жерде орналасқанына қарамастан ақпаратты жедел түрде кез келген қашықтыққа жіберуге, сонымен қатар желіден қажет мәліметті дер кезінде алуға мүмкіндік бар.

 

Телекоммуникациялық желiлердiң аппараттық қамтамасыз eтiлуі әр түрлi типтегi компьютер, байланыс құрылғыларыры, абоненттік жүйе, байланыс тораптары, бiрдей немесе әр түрлi деңгейде желiлер жұмысын үйлестiруге арналған адаптерлiк құылғлардан тұрады. Телекоммуникацияльщ желiлерде ақпаратты жiберу телефондық, телеграфтық, телевизиялық жене спутниктiк жүйе байланыстары арқылы жүзеге асырылады. Ақпарат алмасу барысында деректердi аналогтық жене цифрлық кодтау қолданылады.

 

Телекоммуникациялық желiлердiң ақпараттық қамтамасыз етiлуi — желi шешетiн меселеге бағытталған бiртұтас ақпараттық қор болып табылады. Бұл қор барлық тұтынушылардың (абоненттер) ортақ пайдалануына және жеке абоненттерге арналған деректер житығы. Онда бiлiм базасы, автоматтандырылан деректер базасы (жергiлiктi жене тарқатылған, қоғамдық және дepбес пайдалануға арналған) қамтылған.

 

Интернет желiсi әр түрлi масштабтағы желiлердің өзара бiрiктiрiлyi мүмкiн. Мысалы, кабельмен жаластырылған  жергiлiктi желi аймақтық желiге, ал әр түрлi аймақтық желiлер телефон желiсi арқылы байланыстырылуы мүмкін. Үлкен қашықтықта желiаралық байланыс орнату қажет болғанда кабельдiк желiлердi пайдалануға болмайды. Мұндай жағдайда телекоммуникация каналдары: телефон, радио релелiк байлaныс,  талшықты-оптикалық байланыс, ғарыштық жасанды cepіктері арқылы байланыс т.б. қолданылады.

 

Әр түрлi желiлердi түйiстiру шлюз деп аталатын apнaйы компьютерлер немесе программалар арқылы қамтамасыз eтледі.. Шлюздер бiр желiден қабылданған деректер форматын баcқa желiдегi деректер форматына түрлендiредi. Әр түрлi масштатағы желiлердi бiрiктiру нәтижесiнде қалалар, елдер және континттер apacында өзара aқпарат алмасу мүмкiндiгi берiледi. Aқымды желi немесе Интерпет – адамзаттың  ақпараттық технология саласындағы жеткен жетiстiктерiнiң бiрi.

 

Интернет — (aғылшынша Internet — желiаралқ байланыс) бүкіл Жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желiлер жиынтығы.

 

Мысалы: жергiлiктi желi арқылы жiберiлген хабар, басқа континентте пайдаланушығa жетпес бұрын бiрнеше корпоративтік және аймақтық желілер арқылы өтуі мүмкін.

 

Интернетке байланыстың кең мүмкiндiгiн қолдану мақсатында қосылады. Бұл жағдайда корпоративтi желiге рұқсат етiлмеген сырттан қосылудан қрғау меселесi туындайды. Осындайда шлюздiк компьютер желi әкiмдiгi рұқсат берген ақпаратты ғана өткiзудi қамтамасыз eтетін бранмауэр рөлiн атқарады.

 

Интернет — компьютерлiк желiлердің iшiнде жаппай қолданылатыны болып табылады; ол ондаған миллион пайдаланушыларға қызмет көpceтeтiн 2 млн-нан астам тораптық, компьютерлердi қамтиды. Интернет пайдаланушыларының саны ай сайын шамамен 1 млн-ға өсiп отырады .

 

Жергілікті желі — компьютерлердi бiрiктiру үшiн қолданылады. Компьютерлiк желiлер компьютерлерден басқа да желiлiк құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғы желi арқылы жiберуге арналған ақпаратты түрлендiруге мүмкiндiк бередi.

 

Ақпарат — желiлер арқылы берiлетiн сигналдарғa түрлендiрiледi (кодтау процесi), осыдан кейiн сигнал қайта түрлендiрiледi (декодтау процесi).

 

Компьютерлер, жергiлiктi желiге желiлiк тақша деп аталатын интерфейстiк блок — желiлiк адаптер арқылы қосылады.

 

Желiлiк адаптер – компьютердің байланыс желiсiмен сәйкестендірiлуiн қамтамасыз ететін  құрылғы.

 

Кең таралған адаптерлерге: Ethernet, Token Ring жене ArcNett типтерi жатады. Адаптердiң әр типi деректердi тарату жене желiмен қатынасудың нақты бiр технологиясына сейкес келедi.

 

Ақпарат байланыс тораптары арқылы сандық түрде берiледi.

 

Байланыс желiсiнiң сымды жене сымсыз түрлерi бар.

 

Желiлік құрылғыларға — концентратор мен коммутаторлар жатады. Олар дерек алмасу сапасын жақсартады жене дepeктepдi таратудың әр түрлi стандартын қолданатын желiнiң әр түрлi бөлiктерін бiрiктiредi.

 

Кабельді тікелей жалғау екі компьютердi желiгe қосудың Direct СаЫе Connection (DCC) — тiкелей кабельдiк жалгау деп аталатын қарапайым әpi тиiмдi тәсiлi бар. Бұл жағдайда қосымша желілік құрылғылардың қажетi жоқ: компьютерлер бiр-бiрiнe параллель немесе тiзбектi порттары арқылы қосылады.

 

Тiкелей жалғауда компьютерлердiң бiрi — жетекшi, екiншici жетекте болады. Жетекшi компьютерден жетектегi компьютердiң бумаларына, дискiсiне, принтерiне қатынacы қамтамасыз етiледi. Жетектегi компьютердiң дискілерi мен оған қосылған принтері жетекшi компьютерге қатысты желiлiк болып қалады. Жетекші компьютерден дepeктepдi бiр компьютерден екiншi компьютергe жiберудi басқаруға болады.

 

Тiкелей кабельдік жалғаудың кемшiлiгi — дерек тасымалдау жылдамдығьның баяулығы. Сол себептi тiкелей жалғау мекемелерде  сирек қолданығранымен, ұурмыстық жағдайда қолдануға ыңғaйлы. Ткелей жалғау арқылы бiрнеше адам қатысып ойнайтын көптегeн компьютерлік ойындар жұмыс iстейдi.

 

Eкiдeн көп бiрнеше компьютердi бiр-бiрiмен байланыстыру үшін тiкелей жалғау жеткiлiксiз. Бұл Жағдайда әрбiр компьютерге желiлік тақша орнатылуы қажет, оларды бiр-бiрiмен кабель арқылы байланыстырып, компьютерлердiң бiрлескен жұмысые басқаруға арналған арнайы программаларды iскe қocy керек. Егер компьютерлер бiр-бiрiнен өте алшақ орналаспаса, олар үшін ортақ желiлік жабдық пайдаланылады да, олар бiр программалық қамтамасыз ету дecтeciмeн басқарыла бередi. Осындай желіні жергілікті желі  деп атайды.

 

Жергiлiктi желiнiң eкіi түpi бар: клиент-сервер жене бiр деңгейлі (бiр рангiлi), яғни тең дережелi желi. Егер желiде оны басқаруға арнайы бөлiнген файлдық сервер деп аталатын қуатты компьютер бар болса, онда олар клиент-сервер түрiнe жатады. Клиент-сервер желiсiндегi серверден басқа компьютерлер — жұмыс стaнциялары немесе клиенттер, яғни тұтынушылар деп аталады.

 

Сервер — opтақ пайдалануға арналған барлық pecypcтapды қамтитын компьютер. Opтақ ресурстарды пайдалану үшiн сервер қосулы болуы қажет. Серверге принтерлер, модем, оpтақ қолданбалы программалар (мысалы, электрондық пошта), факстар және т.б. қосылады. Желiдегi жұмыстың көп бөлiгiн сервер aтқарады. Клиент-сервер типiндегi желiлер қамтылан ресурстарды толығырақ қолдануға мүмкiндiк бередi. Әдетте, сервер жұмыс өнiмдiлігімен жене қатты дискiдегi aқпарат көлемiнiң үлкендiгiмен ерекшелeнеді.

 

Мұндай желiде барлық ресурстар — дерек жинақтаушы дискiлер (накопители), принтерлер, модем, CD-ROM (компакт-диск) дискілер серверге қосылады. Сол себептi opтaқ  ресурстармен жұмыс жасау үшiн алдымен сервермен байланысу қажет.

 

Бiр деңгейлi желiде барлық жұмыс станциясы қайсы бір мғрынасында басқалары үшiн сервер қызметiн aтқapaды. Олар ортқтастырылған желi ресурстарын бiрдей қолдана алады және ресурстарды бөлудi бақылап отыратын қyaтты ортақ сервер компьютер болмайды. Бiр деңгейлi желiлердің маңызды ерекшелiгi — онымен жұмыс iстey үшiн арнайы программалық жабдықтың қажетi жоқ.

 

Деңгейлерi бiрдей жергiлiктi желiлерде әрбiр жұмыс станциясы басқалары үшiн cepвepдiң қызметiн атқара бередi. Мысалы, бiр компьютерге принтер, басқасына компакт- диск орналастыруға арналған дискжетек (дискiнi айналдырып мәлiмет алатын құрылғы) қосылуы мүмкiн. Егер мұндай желi Windows 2000 операциялық жүйесi арқылы басқарылса және шалғай құрығры ортақ ресурс ретiнде анықталса, онда желiдегi әрбiр тұтынушы осы ресурстардың барлығын пайдалана бередi. Бiрақ принтер қосылған компьютер iскe қосылмай тұрса, онда желi арқылы басуға мәлiмет шығара алмаймыз. Бiрдей деңгейлi жергiлiктi желiнi құру өте жеңiл және  осындай тәсiлмен байланысқан компьютерлер кез келген мәселенi тиiмдi түрде шеше алады.

 

Windows 2000 операциялық жүйесi оpтақ пайдалануға арналған дepeктepдi кез келген компьютердi пайдалануына толык мүмкiндiк бередi. Мұндай басқаруды — жүйелiк саясат немесе жүйелiк ереже деп те атайды. Жергiлiктi желiдегi жұмыстарды басқаруға жауапты және жүйелiк саясатты реттейтiн маманды — жүйе басқарушысы немесе жүйелiк әкiм (администраторы) деп атайды.

 

Жергiлiктi желi топологиясы жергiлiктi желiдегi компьютерлердiң бiр-бiрiмен геометриялык байланысу тәсiлi топология деп аталады. Байланыстыру топологиясының бiрнеше түpi бар:

 

  1. Ең қарапайым топология түpi — шина . Мұндай желiде барлық компьютерлер тiзбектi түрде бiр кабельге жалғанады.

 

  1. Caқинa топологиясы деп аталатын желi байланысында барлық компьютерлер тұйық сақина түрiндегi кабельге жалғанады

 

  1. Файлдық серверлерге негiзделген желiде компьютерлер бiр-бiрiмен жұлдыз схемасы түpiндe жалғанады.

 

  1. Құрылғандардың құрамы мен программалық жабдығы топологияға байланысты анықталады. Желi топологиясын мекеменiң қажетiне қарай таңдап алады. Егер мекеме көп қабатты үйде орналасса, онда оның әр қабатындағы жеке cepвepiн байлaныстыратын бүкiл мекемеге ортақ бiр сервер берiлiп, оны ақшақар (снежинка) схемасы деп атайды, көбiнесе осы топологияны пайдалaнған тиiмдi.

 

Жергiлiктi желi атқаратын қызметі мекемеде Windows 9х, Windows 2000 Profesional жене Windows NT W orkstation операциялық жүйелерi орнатылған бiрнеше компьютер болса, олардыжергiлiктi желiге коскан орынды.

 

Жергілікті желінің қамтамасыз ету мүмкіндіктері:

 

—                     Ақпараттың арнайы серверлерде сақталуы, бірнеше пайдаланушылардың қандай да бір дерекупен жұмыс істеуі;

 

—                     Бірнеше пайдаланушылар қолданатын программалық жабдықтарды файлдық дискілердің серверлерінде бір ғана данадан сақтау;

 

—                     Электрондық пошта мен топтық жоспарлауды пайдаланатын пайдаланушылардың ұжымдық жұмыс істеуі мен құжат айналымы;

 

—                     Желілік принтерлерді бірлесіп пайдалау;

 

—                     Интернетке қосылу мүмкіндіктері;

 

—                     Ақпараттың резервтік көшірмесіналу және орталықтандырылған қорғау.

 

Бiр рангiлi желi құру үшiн жоғарыда aйтылған операциялық жүйелерi бар стандартты программалық жене желiлiк жабдықтар (кабельдер, желiлiк адаптерлер) қажет. Тек MS- DOS операциялық .жүйесiнде жұмыс iстейтiн компьютерлердi Workgroups Add-On for Dos программасын орнатқаннан кейiн желiге қосуға болады.

 

Бiр-бiрiне жақын орналасқан бiр рангiлi желiге қосылған бiрнеше компьютер жұмыс топтарына бiрiктiрiледi. Жұмыс топтарын құру барысында мекеменің құрылымын ескеру қажет, мыcлы, бухгалтерия бөлiмi компьютерлерiн «Бухгалтерия тобына» т.с.с. Жұмыс тобындағы барлық компьютерлер сервер немесе тұтынушы (клиент)қызметiн атқара алады. Жұмыс тобының мүшелерi өз компьютерлерiне қосылған ресурстарды өздiгiмен ортақтаса пайдалануға бередi. Жұмыс тобына арналғFан тіркеу жұмыстары жүргiзiлмейдi, себебi мұнда пайдаланушыны тіркеу және компьютерлердi орталықандыpлған басқару атқарылмайды. Windows 2000 Professional операциялық жүйесi басқаруымен жұмыс iстейтiн әрбiр компьютер өзiнiң қорғану саясатын және жеке тіркеу жазбаларын жүзеге асырады.

 

Желiдегi компьютерлер санының артуына (10 apтық) қарай мәлiметтердi тасымалдау қиындaй түceдi. Мұндай жағдайда cepвepi бар желi құрып, компьютерге ресурстар мен тұтьшушыларды орталықтан басқару мүмкiндiгiн беретiн қуатты Windows 2000 Server операциялық жүйесiн орнатқан абзал.

 

Ортақ деректер базасының каталогi, желiлiк ресурстар мен бiрыңғай қорғаныс саясатын бөлiсудiң орталықтандыpлған тәсiлi бар компьютерлер тобының домен атауы болады.

 

Әрбiр дoмeнгe жеке ат берiледi. Доменнің деректер базасы каталогi домен бaқылаушысында (контроллер) сақталады. Әрбiр доменде тек бiр ғана негiзгi бaқылаушысы болады. Mүмкiндiгiншe бiр немесе бiрнеше резервтiк домен бақылаушы болғаны дұрыс.

 

Windows 2000 Professional операциялық жүйесi әр түрлi қызмет көpceтeтін бiр пайдаланушығa арналған станцияларын серверлермен байланыстыруға есептелген. Компьтер желiге қосылғаннан кейiн бiрiншi рет іске қосылғанда операциялық жүйе DHCP (Dynamic Host Configuration Protocol) cepвepiн іздейді. Мұндай типтегi серверлер компьютерлерге желiде бiрiн-бірі табу үшiн адрес меншiктейдi. Егер желiде DHCP cepвepi онда операциялық жүйе автоматты түрде қосылғаннан компьютерлердi анықтай алатын режiмге ауысады. Windows 2000 Professional операциялық жүйесi орнатылған компьютерлер кейiнiрек қосылса, олар автоматты түрде жұмыс тобына кіреді. Мұндай механизмдi IР-адрестеу (Automatic IP-addressiing) деп  атайды.

 

Желiдегi компьютерлер жұмысын программа басқарады, барлық компьютерлердiң бiр-бiрiне жiберетiн және қабылдайтын ақпараттары араласпай, тиянақты жеткiзiлу үшiн, олар бipтілмен – ортақ ережемен байланыс жасауы керек. Компьютерлердің бiр-бiрiмен байланыс жасау ережесi желілік хаттама деп  аталады.

 

Windows 2000 Professional операциялық жүйесi aқпарат тасымалдау жылдамдығы жоғары желiмен жұмыс істeyгe мүмкіндік бередi. Транспорттық хаттаманы таңдау желi топологиясына байланысты. Мicrosoft фирмасы мекеме iшiнде желiмен жұмыс істеу үшiн TCP/IP хаттамасын қолдануды ұсынады. NetWare бар жергiлiктi жeлiлерде пакеттердi желi белiктерi және тор арасында маршрутизациялау мүмкiндiгiн беретiн IPX/SPX (Internet Packet ExchangejSequeneed Packed Exchange) хаттамасы қолданылады. Мicrosoft фирмасының 3Соm компаниясымен бірігіп құрғaн Point-to-Point Тunneling Protocol (РРТР) хаттамасы: арқылы ceнiмдi байланыc құpy мүмкiндiгiн бередi. РРТР тутынушылардың Интернет арқылы корпоративтi байланысқан кезде «туннельдi» ұйымдастыру үшiн қолданылады. Мекеме aқпаратты жоғалтып алмау мақсатында ayқымды инфрақұрылымды құру қажеттiлiгiнен құтылады. жуырда корпорация осы хаттаманың бірқатар кеңейтүлерiн шығарды.

 

Windows 2000 — корпоративтiк жеке меншiк ұйымдастыpуға арналған бірқaтар жаңа хаттамаларды қамтамасыз етедi: L2TP (Layer 2 Tunneling Protocol — екiншi деңгейлі туннельдiк хаттама), IPSec (Internet Protocol Security –Интернеттегі қayiпсiздiк хаттамасы) жане EAP(Extensible Authentication Protocol —  аутентификацияны кеңейту хаттамасы).

 

Active Dirесtoгу — үлкен жергiлiктi желi әкімнің (администратор) жұмысын жеңiлдетедi, пайдаланушының бар eкeнiн (аутентификация) құрылғылары және ресурстарра қатынасты басқару есебiнен ақпарат қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi. Active Directory — ақырғы пайдаланушының дербес iздеу, қажеттi аппараттық ресурспен және желiге бiр рет қосылу процесi шеңбеpiндe қосымшалармен қатынас құруын жеңiлдетедi. Ол қосымшалар мен жүйенiң аппараттық бөлiмiндегi конфигурацияларда қолданылатын жұмыс үстелiнiң баптау параметрлерi жөнiнде деректердi сақтайды. Осылай пайдаланушылар айқындылығын, түci, қағаз пiшiмi, екiжақты баспаға шығару мүмкiндiгi сияқты белгiлi бiр қасиеттерi бойынша принтерлердi iздей алады. Мысалы, PowerPoint программасында дайындалған көп беттен тұратын таныстыру кiтапшасын баспаға шығару қажет болса, активтi каталог желiге қосылған жылдам басатын түрлi түcтi принтердi iздеу мүмкiндiгiн бередi. Iздеудi жылдамдату үшiн Active Directoryде әрбiр объектiнiң бiрқатар атрибуттары кipeтiн ауқымды каталог (Global Catalog) к.олданылады. Желi әкiмi (администратор) ауқымды каталогке сақтау үшiн өз атрибуттарын бере алады. Атрибуттардың типтерi iздеудi жеделдету мақсатында индекстеледi. Ауқымды каталогпен қатынас құру мүмкiндiгi шектеулi кезде, әкім доменi тобына кiрмейтiн пайдаланушылар желiге тiркеле алмайды .

 

Қала, облыс, ел iшiнде орналасқан желiлер аймақтық деп аталады. Егер олар қайсы бiр ұйымға немесе ұйымдар тобына қарасты болса, онда корnоративтiк деп аталады. Мысалы, Қазақстан Республикасының ұлттық банкiнiң желiсi — Banknet, негiзгi банктiң компьютерлерiн оның барлық филиалдарының компьютерлерiмен (аудандық бөлiмшелерiн қоса) бiрiктiредi .

 

Одан үлкен көлемдегi, бүкiлелдерге, құрлықтарға тapaғaн желiлер ауқымды деп аталады. Олар корпоративтiк те, жалпы да бола алады. Мысалы, Интернет сияқты олардың кез келген пайдаланушыларға қызмет ету мүмкiндiктерi бар.

 

Компьютерлердi желiге олардың ресурстарын бiрлесiп пайдалану үшiн және ақпаратпен алмасу үшiн бiрiктiредi.

 

Компьютердің ресурстары ақпараттық және техникалыққа бөлiнедi. Ақnараттық  ресурстарға программалар және деректер , ал техникалықтарға — nринтерлер, модемдер, сканерлер, график салгыштар кiредi. Ақпаратты сақтау құралдары, CD-ROM, ZIP, DVD сияқтылар ақпараттық pecypcтapғa кiредi. Олар программалар және деректерi бар қапшықтар peтiндe қаралады. Оларға қосылу логикалық дискiге жасалғандай жүзеге асырылады. Орналасқан компьютерiнен ғанa қол жеткiзуге болатын ресурстар жергiлiктi деп аталады. Желiнiң басқа компьютерлерiне де ашық компьютер ресурстары оpтақ немесе желiлiк деп аталады. Жергiлiктi және ортақ; ресурстар түсініктері шартты. Бұл — жергiлiктi ресурсты ортақ етуге болады және, керiciнше, ортақ ресурсқа жергiлiктi мәртебесiн беруге болады (яғни басқа пайдаланушыларға жолды жауып тастау) деген сөз.

 

Ортақ ресурстар орналасқан компьютер сервер деп аталады. Сервердегi акқаратқа жол ашатын және осы ресурстар пайдаланылатын компьютерлер клиенттер немесе жұмыс станциялары деп аталады. Есептеу желiлерi желілік операциялық жүйелер басқаруымен жұмыс істейді. Негiзгi желiлiк операциялық жүйелерге Novell NetWare, Windows NT, OS/2 Warp UNIX кiредi. Windows 95, 98 операциялық жүйелерiнде құрамдас желiлiк құралдар бар.

 

Желiлiк ОЖ пайдаланушыларға желiнiң бiр компьютерiнен басқасына файлдар көшiруге, желiнiң бiр компьютерiнен басқасында орналасқан деректердi өңдеуге, ал кейбiр жағдайларда басқа компьютер жaдындa орналасқан программаны қосуға мүмкiндiк бередi.

 

Компьютерлiк желiлердi қолдану мыналарды жүзеге aсыруға мүмкiндiк бередi:

 

  • ақпаратты өңдеу процесiнiң нақты бiр компьютерден тәуелсiздiгi;

 

  • желiнiң бiр ДК -сында сақталу есебiнен бiр ақпаратты қосарлау мүмкiндiгiнiң жойылуы;

 

  • ақпарат сақталуы сенiмдiлiгiнiң жоғарылауы;

 

  • ақпаратты рұқсат етiлмеген енуден қорғауды жақсарту:

 

  • ұйымның бөлiмшелер және қызметкерлерi мен apacындa жылдам, қағазсыз а қпарат алмасу мүмкiндiгi.

 

 

 

Білім берудегі ақпараттық технологиялар

 

 

 

Компьютер, телекоммуникациялық және желілік құралдар ақпараттарды қабылдаудағы әдістерді өзгертіп, әртүрлі әрекеттерге жаңа мүмкіндіктерді ашып отырып, қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі оқыту мақсатының көкейкесті және маңызды мәселелеріне қол жеткізеді. Білім берудегі ақпараттық технологиялар оқытуда қолданылатын электронды құралдар мен оларды функционалдау тәсілдерінің жиынтығын анықтайды. Білім беруде қолданылатын бағдарламалық-техникалық құралдардың классификациялық белгілері ретінде мыналарды айтуға болады:

 

—         дидактикалық бағыт;

 

—         бағдарламалық ұсыныс;

 

—         техникалық ұсыныс;

 

—         пәндік аумақта қолданылуы.

 

 

 

Дидактикалық бағыт бойынша классификация

 

Бағдарламалық-аппараттық комплекстің дидактикалық бағыты бойынша классификация белгілерін кейбір әдебиеттерден кездестіруге болады.  Мысалы, үйренушілерге компьютер арқылы берілетін білімді келесідей классификациялау керек. Біріншіден, білімді анықыталған және анықталмаған деп бөлу қажет болып табылады. Ал, кейінірек жасанды интеллект аумағында зерттеулердің дамуымен бұл білімдер артикулденетін және артикулденбейтін болып аталатын болды.

 

Білімнің артикулденетін бөлімі – бұл үйренушілерге ақпараттарды (мәтіндік, графикалық, бейне, т.б.) бірнеше бөліктерге бөлу арқылы беруге болатын және оңай құралатын білімдер.

 

Білімнің артикулденбейтін бөлімі – интуиция, өтіл (опыт) негізінде құралған білімдер. Бұл бөлімнің білімі  үйренушілерге берілмейтін, практикалық есептерді шығаруда жеке тапсырмаларды орындау кезінде қол жеткізуге болатын іскерлікті, тапқырлықты және адам өтілінің басқа бөлімдерін қамтиды. Білімнің мұндай классификациясына сүйене отырып, оқыту бағдарламалық-аппаратық комплекстерді классификациялауға болады. Осы комплекстер негізінде құралған және білімнің артикулденген бөлімін оқытуда қолданылатын технологиялар декларативтік деп аталады. Декларативтік технологияларға мыналарды жатқызуға болады:

 

—         компьютерлік оқулықтар;

 

—         оқытылатын мәліметтер қоры;

 

—         үйренушілерге белгіленген ақпаратты ұсынатын , дұрыс меңгеруін тексеретін, сақтауға мүмкіндік беретін мәтіндік және бақылау бағдарламалары мен басқа компьютерлік құралдар.

 

Бағдарламалық-аппараттық комплекстерді құруда және білімнің артикулденбеген бөлімін меңгеруде қолданылатын технологиялар процедурлік деп аталады. Бұл топтың компьютерлік ақпараттық технологиялары білімнің ақпараттарын бірнеше бөліктерге бөліп тексермейді және ақпарат бөліктерін қамтымайды. Олар әртүрлі модельдер негізінде құрылған. Бұл жағдайда компьютерлік ақпараттық технологияларға мыналар жатады:

 

—         қолданбалы бағдарламалар пакеті (ҚБП);

 

—         компьютерлік тренажерлер (КТ);

 

—         зертханалық практикумдер;

 

—         ойындардың бағдарламалы;

 

—         үйренушілерге зерттеу кезінде оқытылатын пән бойынша білім алуына  (қосуына) мүмкіндік беретін экспертті-үйрену жүйелері (ЭҮЖ) және басқа да компьютерлік құралдар.

 

 

Ақпараттандыру жағдайында білім ұйымдары басшыларының инновациялық кедергілерден шығуы туралы

 

Қазіргі заман жылдам әрі терең өзгерістермен ерекшеленеді. Білім беру жүйесі ауқымды қоғамдық жұйенің бір саласы ретінде өмірде болып жатқан жаңалықтарды есепке ала отырып өз құрылымын өзгертіп отыруы қажет. Сондықтан педагогикалық инновация бiлiм беру жүйесiн жaңартудың қажеттi факторы болып табылады. Бұл мәселеге көптеген еңбектер арнaлған мәселен, М.С Бургин (2), Н.Д Молахов, Н.И, Лaпин, А.И. Пригожин (5) «инновация», «инновациялық құбылыс» түciініктерінің негiзiн қарастырса, К. Ангеловский (1), В.А. Сластеннв (6), В.С Лазерев, С.,Ц Поляков(4), М.М Поташнвк, от. Хомерики (9) бiлiм саласындағы инновациялық құбылыстардың мазмұнын анықтайды. Инновациялық өзгерiстердiң әлеуметтiк- психологиялық кедергілерi туралы В.И Антошок, в.г Зазыкнна., Р.Л. Кричевский, Л.К Маркова, Н.Р. Юсуфбекова (10) зерттеулерiнде талдаулар жасaғaн.

 

Fылыми әдебиеттердегi инновациялық мәселелердiң теориялық негiздерiнiң жеткiлiктi зерттелуiне қарамастан бiлiм беру саласын ақпараттандыру iciнe жасaлған тандаулар көрсеткендей, жаңалық мектеп басшылары тарапынан үнемi түciнicтiк табыла бермейдi, кейде педагогтар тарапынан табанды қарсылықтар да кездесiп қалады. Бiлiм ұйымдары басшылары педагогтар тарапынан қалыптасып қaлған кәсптiк стереотип жаңалықты шеттеушілік, жаңашылдыққа ұмтылудың болмауы сиякты кедергiлердi кездестірiп жүp. Бұл бағыттa төмендегідей көптеген қайшылылықтарға тап болуда.

 

Олар:

 

       бiлiм беру жүйесiне деген қоғамның объективтi талaптaры мен жүйенiң жaғдайлары арасындағы;

 

       мектеп жүйесiне енгiзiлiп жатқан өзгерiстер мен оның қалыптасуын дәстүрлi өмip салтын сақтауы арасындағы;

 

      инновация жағдайында мектептi басқару қажееттіліг мен бiлiм  беру саласындағы инновациялық үpдicтi басқару теориясының жоқтығы;

 

      басқару қызметiнiң дәстүрлi деңгейiн жүзеге асыру мен мектеп пен қоғамның қазiргi қажеттiлiгiне сай жаңашыл шығармашылықпен  ойлай алатын басшы-нпаваторлар арасындағы сәйкессiздiк.

 

Бұл қайшылықтарды тек бiлiм бөлiмдерiнiң арнайы ұйымдастырған жұмысы арқылы ғaнa шешуге болады.

 

«Инновация» терминi латын тілінен алынған, ол — «жаңару, өзгеру»    дегендi бiлдiредi. Бұл түсінік XIX ғасырдағы зерттеулерде пайда болып, белгiлi бiр мәдениеттің кейбiр элементтердің бiрiнен екiншісіне енгiзу дсгендi бiлдiрдi. ХХ ғасырдың 30-жылдарында Еуропада ғылымның жаңа саласы, жаңашылдық ғылымы пайда болып, ал 50 жыдары педагогикалық инноватика қалыпасты. КСРО-да бұл термин ХХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап қолданыла бастады. Егер орыс тiлiнiң түсiндiрме сөздiгiне қарасақ онда «жаңалық» сөзiнiң төркiнiнде өмiршендiк немесе тиiмдiлiк тyралы ештеңе айтылмайды, яғни «жаңа» деген жаңадан жасалған, таныс емес, белгiсiз, өткеннің орнына лаық болған деп керсетiлген .

 

Мектеп басшылары бұл берiлген анықтамаларды сараптай келе жаңалықтың барлығы ылғи да жағымды нәтиже бере бермейдi деген тұжырымға келдi:

 

—         кез келген жаңа дүние мектептiң көкейкеcтi мәселесiн шешуде басты құрал бола бермейдi;

 

—         әрбiр жаңа дүние белгiлi бiр жағдайда ғана туындайды және нақты бiр ғана педагогикалық мәселенi шешуге бағытталады;

 

—          жаңалықты пайдаланушьшар санының көбеюi, жаңа тәжiрибелердiң пайда болуы және оларды игеру жаңалықты меңгерудiң тиiмдi жағдайларын қиындата түceдi.

 

Әрбip жаңа педагогикалық әдiстiң екі жағы болады: технологиялық-әдісті пайдаланудың өзіндік ерекшелiктерi және жаңалықты игеруге өзіндiк әсер eтyi.

 

Қазiргi педагогикалық сөздiктер педагогикалық инноватиканы педагогикалық ic-әрекеттiң жаңару үрдiсiн, оның принциптерiн, зандылықтарын, әдic-тәсiлдерiн зерттейтiн сала ретiнде қарастырады, ал педагогикалық инновация деп тәрбие мен бiлiм берудiң тиiмдiлiгiн артгыру мақсатында педагогикалық ic-әрекетке енгiзiлген жаңалыктар деп түсiндіріледi.

 

Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұгалiмдерден өз мінез-құлқтарын, ұстанымдарын Mүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi. Инновациялық ic-әрекет адамдардың шығармашылық жемiстi қызметiнiң бip түpi және оған мотивациялық, креативтік, технологиялық, шартты компонеттер жатады . Сонымен қоса мотивациялық компонент педагогтардың педагогикалық жаңалықтарға деген сұранысын, ол жаңалықтарды қабылдау дәрежесiн көрсететін кәсiби шығармашылық бағыттарының мазмұнын анықтайды.

 

Креативтiк компонент икемделу, өзгеру, қайта өзгеру, бар тәжiрибенi қайта жаңарту, оны педагогикалық жағдайларға ыңғайластыруды қамтамасыз етедi. Технологиялық (iс-қимылдық) компонент инновациялық ic-ерскеттiң жүзеге асуымен байланысты, яғни жаңалықты педагогикалық үpдіске енгiзу және оның жүру барысын, іске асуын бақылау деген сөз.

 

Шартты компонент белгiлi бiр инновациялық жүйенi көптеген нақты зерттеулер нәтижесiмен өлшей отырып, иновацлиялық ic-әрекеттiң мақсатын, зерттеу объектiсi мен нәтижесiн түйсiнуге және бағалауға мүмкiндiк бередi.

 

Әдiстемелiк оқудың соңында инновацию, «педогогикалық инновация деген түсініктерді зерделей келе аудан мектеперiнiң басшылары, оқу ісінің меңгерушiлерi инновациялық жағдайда жұмыс iстейтiн бiлiм беру ұйымдарының басшылары үшiн төмендегі маңызды шарттар қажeт деп тоқталды:

 

—         Педагогтар бiлiктiлiгiн  жетiлдiре отырып    мектептi     басқарудағы

 

басымдылықтарды анықтау;

 

—         өзгертушi күшi бар басқаруды жүзеге асыру;

 

—          басқарушылық iс-әрекетте педагогикалық та, басқарушылық та тиiмдi технологияларды қалыптастыруға бағыттау.

 

Әдістемелік семинардың бiр сабағы бiлiм саласындағы инновациялық кедергiлердiң басты себептерін анықтауға арналды. Ф.М.Русинов, В.И.Антонюк сияқты зерттеушiлер психологиялық кедергiлер дегенiмiз әрекеттердiң, түнiктердiң, ой қорытулардың, күтудің жиынтығы дейдi, жаңалықтарға қарсы қызметкерлердiң саналы немесе ойланбай, ашық немесе жасырын, әдейi немесе кездейсоқ бiлдiретiн тepic әлеуметтiк-психологиялық көңiл күйлерi деп түсiндiредi.

 

Әрекет ету және оны түciнy кезіндегi қиындықтардың пайда болуы белгiлi бiр жағдайларды объективтендіруге де бaйланысты, өйткенi ол жаңа ойлардың пaйда болуы мен дамуын тудырушы алғы шарт болып табылады.

 

Біздің пайымдауымызша, әрекет кедергiлерi адамның ақыл-ой қызметінің  жандануына түрткі болады, қалыптасқан «қиын» жағдайлардан шыудың әдiстерi мен тәсілдерін табуға әсер етіп, жәрдемдеседi.

 

Инновациялық кедергiлердiң анықтауыштары ретiнде мына параметрлердi қарастыруға болады:

 

  • Кедергілердің құрамы, яғни қызметкерге кері әсер етyшi нақты факторлар;

 

  • Кедергілер дәрежесі, теpic пікірлердің қызметкерлердiң санымен анықталады;

 

  • Кедергілердің сипаты, яғни теpic пiкiрдегi қызметкерлердiң қарсылық бiлдiруiнiң формалары;

 

Жеке топтарда жұмыс iстей отырып басшылар инновациялық кедергiлердiң жaғымды да, жaғымсыз да жақтары бар екедігiн анықтады. Кедергiнiң оңды жақтары, бiрiншiден ол жете ойластырылмaған және шапшаң күштеумен енгiзілетiн инновациялық шешiмдердiң жүзеге асуына бөгет жасайды, өйткенi оған әлi объективтi жағдайлар пiсiп жетiлген жоқ, екiншiден, ол инновациялық үpдicтe қоздырушы күш рөлiн атқарады, жаңашылдардың қызмeтiн жандандыра отырып, олардың қол жеткенге тоқтап қалмай, iлгерiлеуi үшiн күш жұмсауын талап eтeдi, үшiншiден, кедергi әрқашан да индикаторлық қызметтi аткарады, жаңашылдарға оперативтi, тұрақты, нақты хабар бере отырып, қабылданған шешiмдердiң осал жақтарын көрсетiп бередi және инновацияның әлi де толық жұмыс жасамаған элементтерiн анықтап, аса қажеттi түзетулер жасайтын негiзгi бағыттарды көрсетедi.

 

 

 

 

 

Ақпараттық мәдениетті оқыту процесінде оқушы бойына қалыптастыру

 

 

 

Адам мәдениетiнiң компонентi қазiргi дүниетанудaғы бастысы екенi түсiнiктi.

 

Әрбiр мәдениеттi және тәрбиелi адамның өмip сүрiп отырған қоғамда өзiн қоршаған ортаның қалай құрылғаны туралы eң болмаса жалпылама түciнiгi болуы ксрек. Табиғатты сүю үшiн ондағы болып жатқан құбылыстарды, қандай заңдылыктарға байланысты өзгеpicтep болып отырғанын бiлу қажет.

 

Адамның жас шaғында жетiлдiрiлмеген ойлау қабiлетi сол қалпында қалып қоятыны белгiлi. Сондықтан қазiргi ақпараттық қоғамдaғы өміpге балаларды дайындау үшiн олардың тек ойлау қабiлетін, анализ бен синтез жасау мүмкiндiктерiн ғана дамытып қоймай, оқыту процесiнiң ең маңызды бөлiгi — aқпараттық мәдениет элементтерiн бойларына сiңiрiп, ұғындыру керек. Ақпараттық заманда өмip сүpeтiн адам бастауыш мектептің өзiнде-ақ өзiн-өзi шектей бiлетiн негiзгi нормалар мен ережелердi игеруi тиiс.

 

Осыған орай бастауыш сыныпта «Ақпараттық меәениет негiздерi» пәнiн енгiзу мынадай мақсаттарды көздейдi:

 

  • сезiмдi ынталандыру;

 

  • бiлiм, бiлiк дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;

 

  • жауaпкершiлiгi мен мiндеттерiн қалыптастыру:

 

  • есеп пен талдау жасау дaғдыларын үйрету;

 

  • логикалық және ақпараттық ойлау қабiлеттерiн дамыту.

 

 

 

Сезiмдi ынталандыру деген бiлiм беруге жағдай жасау, сабақ кезiнде мадақтау және көтермелеп отыру, оқытуда ойын түрлерiн тиiмдi пайдалану, алға қойған мақсатты  жүйелеу болып табылады.

 

 

 

Ақпараттық технология – қазіргі компьютерліктехника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

 

 

 

Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым .

 

Оқыту технологияларына байланысты түсініктер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. Қорытынды

 

Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты- оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нітижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.

 

Бүгінде біз орта білім беруді одан әрі ақпараттандырудың екінші кезеңіне көштік, ол мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық негіздеріне ауысуды білдіреді, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, Интернет ғаламдық ақпарат желісін пайдалана алуы тиіс.

 

Алайда, білім беру жүйесінде білімдік және ақпараттық технологияларды іс жүзінде үйлестіре қолдануда кемшіліктер кездеседі. Оның үстіне ақпараттық технологияның тез жаңаруы мәселені қиындата түседі. Жағдайды жақсарту үшін білім беру технологиялары мен ақпараттық қарым-қатынастық технологияларды кіріктіру қажет, сонда педагог өзі білетін, жақсы меңгерген, бейімделген техникалық құралдарды сабақта тиімді қолданады. Қазіргі технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өзінің үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену процесін тиімді ұйымдастыру мен пайдаланатын материалдардың сапасына тәуелді болады.

 

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде — өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.

 

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз.

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

  1. Д.Ш.Матрос, Д.М. Полев, Н.Н.Мельникова. Управление качеством образования на основе новых информационных технологий; М.;2001;30-33бб

 

  1. М.В Лебедева, О.Н.Шилова. Что такое ИКТ-компетентность студентов педагогического университета и как ее формировать. Информатика и образование; 2004; №3; 96-100 бб.

 

  1. В.А.Каймин. Курс информатики: состояние, методика и перспективы. Информатика и образование; 1990; №6; 26-31 бб.

 

  1. А.Л.Зимин, Е.К.Хеннер. Повышение квалификаций работников образования в области информационно-коммуникационных технологии. Информатика и образование; 2004; №12; 1-4 бб.

 

  1. Е.К.Хеннер, А.П.Шестаков. Инфармационно-коммуникационная компетентность учителя: структура, требования и система измерения. Информатика и образование; 2004; №12; 5-6 бб
0

Автор публикации

не в сети 3 года

Назира

1
Комментарии: 0Публикации: 167Регистрация: 25-12-2019

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля