15 ноября, 2017 19:02
Автомобильдің тежеу жүйесінің техникалық жағдайын білу үшін, алдымен оның жай-күйін анықтау жұмысы жүргізілуге тиіс. Ол тежеу жүйесінің техникалық жагдайын багалауға мүмкіндік туғызады, онда келесі параметрлер; тежеу жолы; автомобиль жүрісінің баяулауы; тежеу күші жэне оның іске қосылу уақыты анықталуға тиіс.
Тежеу жүйесінің тиімділігі арнаулы стендте тексеріледі, онда тежеу жүйесінің тежеу күшін, олардың барлық дөңгелекгердің бірдей жүмыс |
істейтіндігін анықтайды, ол үніін роликті тежеу стендінің роликті түрі пайдаланылады.
Қазіргі кезде стендтің күш түхіретін түрі көп тараған. |
.Тежеуді тексеретін стендтің орналасу сұлбасы және құрьілысы |
Ол бір-бірімен шынжыр арқылы жалғасқан екі қос роликтен тұрады , Әр қос роликтің жеке жетегі бар, ол қуаты 4-13 кВт редукторы бар электр қозғалтқыштарымен жабдықталған. Планетарлы редукторды қолдану автомобильдің қозғалыс жылдамдығы 2-4 км/сағ жылдамдықта- ақ сынауды қамтамасыз ете алады. Роликтің бетіне сырғанау болмауы үшін асфальттың беті сияқты бедер жасалған. Қүрылғы жинақы болуы үшін, блоктар жалпы бір рамаға жинастырылған жэне бергіштермен жабдықталған. |
Техникалық бақылау желісіне орнатылған тежеу жүйесінің жай- күйін анықтайтын стенд сүлбасы: 1 — қарайтын шүңқыр, 2 — шүңқырга түсетін баспапдақ; 3 — люфт тексеретін пневматикалық тестер; 4 — стендтің тірегі;5 — стендтің шкафы; 6 — тіреу; 7 — компьютер; 8 — тіреу; 9 — жарық тексергіш; 10- түтін тексергіш; 11 — газ анықтағыш; 12 — тіреу; 13 — лазерлі принтер; 14 -рульдік басқарудың жиынтық люфтісін тексеретін аспап; 15 — фарды тексеретін аспап |
Желі жеңіл және өске түсетін салмағы 3 т. болатын жүк автомо- бильдерінің техникалық жағдайын қадағалауға арналған. Бұл желі авто- парк жағдайында, техникалық бакылау жүргізетін орталықта, автомо- бильдерге техникалық қызмет көрсететін орындарда пайдаланылады.
Желі келесі жұмыстарды: — жұмыс істейтін жэне тоқтап түрғандагы тежеу жүйесінің жалпы меншікті тежеу күшін; — дөңгелектің тежеу күшінің тең еместігін, — тежеу жүйесінің жұмысқа қосылу уақытын; — тежеу жүйесінің ақаусыздығын; — рульдік басқарудың ақаусыздығын; — жұмыс істеген газдың зияндылығын, мөлшерін; — эйнектің жарық түсіргіштігін; — сыртқы шуды өлшеуді; — дөңгелектердің ақаусыздығын тексеруді қамтамасыз етеді. |