18 сентября, 2018 18:07
Тас ғасыры — шамасы б.з-дан 2 млн жыл кейін басталып б.з-ға дейін 3 мың жыл қалғанда бітті.Қазакстанның тарихы палеолит дәуірінен басталды десек, онда мәселенің зерттеушілерінде — тас дәуірдің ғылыми мәселерімен айналысқан мамандарды атаған жөн[1] [2].
Ғылыми деректерге сәйкес Қазақстан территориясында бірінші адамдар шамасы б.з. 1 млн жыл кейін, тас ғасырында пайда болғаны байқалады, яғни бұл ғасыр адамзаттың дамуындағы ежелгі кезеңі. Адамдар тас, ағаш, сүйек құралдар мен қару- жарақтар колданған.
Тас дәуіріндегі полеолитте (ежелгі тас дәуірі) адам және оның шаруашылығының екі түрі пайда болды: аң аулау, терімшілік.
Мезолитте (ортаңғы тас дәуірі) ауа-райы жылынғасын мұз шегінеді, оның әсерінен ірі хайуандар жойылып кішігірім аңдар калды. Енді алғашқы қауымдық мекендеушілер жаңадан отты жаға білді және бұрынғы қарапайым құралдармен дара адам, не болмаса шағын адам тобы аңға шыға алмайтын болды…
Жаңа тас ғасыры (неолит) жабайы адамдардың ісін барынша жеңілдеді кең садақ пен жебені ойлап табудан бастады.
Садақ пен жебенің өнертабысы — адамның ұлы жаңалық ашуы, яғни оны «неолиттық революция» дейді.
Бұл дәуірдің маңызды ерекшелігі — табиғаттың дайын өнімдерін иеленудің жиып-теру мен аң аулаудың орнына өндіруші
шаруашылыктың мал шаруашылығы мен егін шаруашылыгының пайда болуы.
Ал қоғамдық катынасқа келетін болсақ, оны «алғашқы адам табыны» деп сипаттаймыз. Ол сосын «алғашқы рулық коғамдық құрылысы» деп аталады.
Қола ғасыры б.з-ға дейінгі 2,5 мың жыл кейін басталып, жалғасы б.з-ғы І-мыңжылдықтың ортасына дейін созылған.
Бұл тарихи кезең қола металлургия және қола құралдар мен қола қару-жарағ тарауымен сипатталады.
Қазағ даласының негізгі халқы қола дәуірінде «андроновтық мәдениетті» таратушылар еді. Андроновтықтар отырықшы елді мекендерде өмір сүрді, жерді тас кетпенмен өңдеді, бидай, тары және басқа да дәнді-дакылдар егіп, өсірілген астықты қоладан жасалған орақпен орды. Андроновтықтардың үйлерінен археологтар тастан жасалған дән үгітетін құралдарды жиі кездестіреді. Қола дәуіріндегі жартастарға салынған кескіндерге қарағанда, оларға өгізді соқаға жегу бұрыннан белгілі болған. Егін шаруашылығы тағамдық азықтар өндірудің аса маңызды көзі болды, бірақ өзінің сипатына карай карпайым болып кала берді және мал шаруашылығы- мен салыстырғанда косымша рөлді атқарды.
Сонымен, қола дәуірі — бұл мал шаруашылығының шаруашылыктың бір түрі ретінде үздіксіз дамып тұрған мезгілі болатын. Андроновтықтардың негізгі күнкөріс көзі — мал, яғни өгіз, жылқы, қой еді. Андроновтық шаруашылықтар отырықшылығының өзіндік жетістіктері мен кемшіліктері де болды. Малды күнде кешкісін сауу үшін әрі өзгелердің ұрлап кетуінен сақтау үшін жақын жайылымдардан тұрғылықты жеріне кері қайтарылып отырды. Бірақ мұндай жағдай мал табынын айналасындағы жайылымдармен шектеседі, нәтижесінде жайылым тез арада тапталып. таусылғаннан кейін тұрғындар елді мекендерін тастап, әр мезгіл сайын жана жерлерге көшіп отыруға мәжбүр болды. Уақыт өте келе мал шаруашылығының жаңа түрі табылды мал шаруашылығы пайда болды. Малшылар көктемде табынның бір бөлігін алыс жайылымдарға немесе таулы шабындықтарға айдап, малмен бірге көшіп отырды және күзде ғана тұрғылыкты жерлеріне кайтып оралатын болды. Атап айтканда, табынды мал шаруашылығы даланы игерудің барынша тиімді тәсіліне — көшпелі шаруашылыққа өтудің кезекті сатысына айналды. Көшпелі шаруашылық ауа райының өзгеруі мен құрғақшылыққа байланысты да Андроновтық тайпа- ларда басымырақ дамыды (кола дәуірінің соңғы кезеңі).
Осыған байланысты табынның кұрамын өзгертті, басқаларына қарағанда қар басқан жайылымдардан азықтануға әрі көшіп қонуға икемдірек жылқы мен кой саны басымырақ болды. Керісінше, ірі қара малдың үлесі азайды, өйткені ол ұзақ көшіп-қонуды көтермейді, көп күтімді, таза суды және т.б. кажет етеді. Сонымен қатар ұзақ көшіп-конуға ыңғайлы төрт доңғалақты арбаларға кондырылған киіз үйлер пайда бола бастады.
Сонымен біртіндеп көшпелі мал шаруашылығына өту үшін барлық қажетті жағдайлар жасады.
Алдымен көшу мезгіл сайын, маусымды болды, кейіннен мал шаруашылығын жүргізудің негізгі түріне айналды. Көшіп қону жыл бойында жайылымдарды пайдалануды маусымға карай кезектестіріп отырумен байланысты жүзеге асырылды. Нәтижесінде кең-байтақ елсіз бос жерлердің болуы — басты шарты болып табылатын көшпелі мал шаруашылығы, өндірістің коғамдық қорлар шикізат өндірудің (ет, тері және т.б.) көздерін кеңейтті.
Көшпелілікке өтумен қатар Қазақстанда оның тарихи дамуының ерекшеліктеріне карай өте ұзақ уақытқа созылған алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезеңі басталады. Осылайша, көшпелі мал шаруашылығы адам еңбегінің далалы жағдайда барынша өнімді болуына септігін тигізді және көшпелі мал шаруашылығына өту — коғамның өндіргіш күштерінің дамуында ілгері қадам басу болды.
Қола дәуірінде алғашқы кауымның алға шарты салына бастады.
Темір ғасыры — шамасы б.з-ға дейінгі I мыңжылдықтаң ортасында басталды. Темір металлургия және темір құралдар, темір қару-жарақ таралуымен сипатталады.
Темір колдану өндірістің дамуына куатты ынталандыру (стимул) берді. Азык-түлік көбейді, теңсіздік келді, алғашқы коғамдык құрылымның ыдырауы басталып. таптық коғамның пайда болуына әкеп соқты.
Андроновтардың тікелей ұрпактары Қазакстанның сақ тайпалары еді. Сақтардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болды. Зерттеу мәліметтері сол уақытта мал шаруашылығының көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы түрінің болғандығы туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
Шаруашылыктың бірінші түрі Батыс және Орталық Қазақстанның құрғақ, шөлді-шөлейтті далаларында жүргізіледі. Мұнда егін шаруашылығы дамымады, ірі кара малы аз болды. Негізінен қой. түйе және жылкы өсірді. Көшпелілер бойлық бойынша да. ендік бағытында да қоныс ауыстырып отырды. Жылдың суык мезгілдерін көшпелілер қар мен желден корғайтын кысқы мерзімдік қоныстарда өткізді.
Шаруашылыктың екінші, жартылай көшпелі түрі көшпелілердің жылда қонысына оралатын тұрақты қыстауларының болуымен сипатталды. Шаруашылық әрекетінің бұл түрі шөптің аралас түрі басым болып келетін — Жетісу, Шығыс Қазакстан аймақтарында өрістей бастады. Маусымды жайылымдар бір-бірінен онша қашық емес еді, сондықтан көшіп-қону аумағы шағын болды.
Бәрінен бүрын көшіп-қонудың тікелей деп аталатын тәсілі кеңінен таралды: аңғарлардағы қыстаулардан тау бөктерлеріндегі көктемгі жайылымдар арқылы биік тау қойнауларындағы жаздық жайылымдарға қоныс аударылды. Осыган байланысты рулар мен тайпалар арасында жайылым жерлері мен су көздерін маусымға қарай бөлісу жүйесі калыптасты. Сонымен қатар қыстау төңірегіндегі суарылмайтын қыр жерлердегі егін шаруашылыгының да маңызы сақталды. Яғни онда бидай, арпа, тары екті, бір мезгіл қолда ұсталатын ірі қара малы өсіріліп, шөп дайындалды.
Шаруашылықтың үшінші түрі — отырықшы мал шаруашылығы — бәрінен бұрын Оңтүстік Қазақстанның аудандарында, Сырдария, Шу, Талас өзендерінін жағалауында, Қаратау жотасының баурайларында. суатты. шалғынды жерлерде белгілі болды. Қолайлы табиғи жағдайлар, егін шаруашылығының орталықтары — Соғды мен Ферғанаға жақын орналасу суғармалы және қолдан суарылмайтын егін шаруашылығының басым болуына, халықтың түрақты отырықшылыққа ауысуына себепші болды.
Б.з-га дейінгі I мыңжылдықтың соңында ірі мал шаруашылықтық қауымдастықтар жерлеріне жаппай қоныстану жүзеге асады.Әрине. жайылымды-экстенсивті мал шаруашылығының аталған түрлері арасында аса көп ерекшеліктері болған жоқ, бәрі де табиғи, ауа райы жағдайлары мен әлеуметтік-саяси оқиғаларға тәуелді болды. Сақтардың мал шаруашылығындағы негізгі бағыты — кой шаруашылығы еді. Қылшық жүнді қойлар басым болды, бірақ биязы жүнді түрлері де кездесті. Жылқының екі түрі болды: аласа. өнім беретін және бойшаң келген мініс ат. Ең жаксы жүйрік аттар ру мен тайпаның ақ сүйектеріне ғана тиесілі болды. әрі өте жоғары бағаланды. Аң және балық аулаумен кейбір сақ тайпалары қосымша кәсіп ретінде айналысты.
Сақтар өмірінде үй шаруашылығы мен қолөнер кәсібі үлкен рөл аткарды. Қолөнершілер өз қауымы мүшелерінең тапсырыстарынғана орындап қойған жоқ, сонымен қатар руаралық және тайпа аралық айырбас үшін де өнім шығарды. Енді өндірістің маманданған түрлері пайда болды. Оған рудаларды өндіру мен өңдеу: темір соғу, балқыту, зергерлік кәсіптері жатады, бірақ тұтастай алғанда сактық колөнер көп жақтылы болмады. Сақ тайпалары коланы балқыту мен қару-жарақ жасау ісінде, тері өңдеуде. жіп иіруде, токыма тоқуда. тас пен сазбалшықтан істелген бүйымдарды (керамиканы) өңдеуде, ағаштан, теріден ыдыс- аяқтар жасауда ірі жетістіктерге жеткенін атап өту керек.
Сақ шеберлері үлкен бөренелерді рычагтар мен шығырлар жүйесінің (ауыр жүкті жоғары көтеруге қолданатын аспап) көмегімен үш метрдей биіктікке көтере отырып, ағаштан мүрде (мола, мазар) жасады. Жалпы алғанда, ағаш шеберлік өнері айтарлықтай жақсы дамыды.
Сақтардың кезінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы жалғасты. Сақ қоғамының экономикасындағы көшпенділік пен жартылай көшпенділікке өтуімен, металлургияның, қолөнердің дамуымен байланысты болған ілгерілеушілік (тіротресс) қосымша өнімнің өсуіне, айырбастың дамуына, өз меншігіне қор жинауына және кауымның кейбір мүшелерін белгілі бір максатқа пайдалану ниетінде қанау элементтерінің пайда болуына алып келді. Бір кездері ендірістің негізгі құралдары мен еңбек өнімін бөлуге қатысты қалыптасқан алғашқы қауымдык теңдік заттай, мүліктік теңсіздікпен алмасты. Малға, қорларға жеке отбасылық меншік пайда болып жекелеген адамдарда рулар мен отбасыларда байлықтың шоғырлануы байқала бастады. Есік қорғанынан табылған жинақ — осының айқын көрінісі. Атақты, ак сүйек руынан шыққан адамның алтын киімінде тек қана сырткы пікір әсерінің мәнісін білдіру емес, мақсат — көсемді дәріптеу, кұдайдай көру болса керек.
Егін шаруашылығының колөнер мен үй кәсіпшілігінің дамуымен. сауда байланыстарының күшеюімен үйлесіміндегі калыптасқан экономика ғұндардың, үйсіндер мен каңлылардың басым болып тұрған кезеңдерінде (б.з.д. III ғ. — б.з. III г.) Қазақстанның көшпелі және жартылай көшпелі халықтарының бұдан былайғы дамуына мүмкіндік туғызды. Ғұндар коғамының таза көшпенділік сипаты туралы түсінік пен ғұндар тұрған жер астындағы қоралар мен онда сақталған астық қорлары туралы аталып жүрген міліметтердің ешбір үйлесімі жоқ. Бірақ, ғұндардың шаруашылық әрекетінің негізгі түрі қашан да болса көшпелі мал шаруашылығы болған, бұл археологиялық және жазбаша мәліметтермен дәлелденген. Орасан зор жылқы табынынан басқа ғұндардын байлығы — өгіз, қодас (қуыс мүйізді мол) пен түйе табындары және аса көп қой-ешкі отарлары болды. Мал отбасылық меншікте өсірілді, ал әрбір отбасы малдарын жаю үшін рулық жер аумағының жеткілікті бір мөлшеріне иелік етеді және бүкіл рудың қорғанысында болды.
Ақ сүйектердің коғамға әсер етуі мен саяси күшінің негізін жайылымдық жерлерге меншік, иелік ету мәселесі анықтады. Ол көшіп-қонуды, азықтык жерлерді бөліске салуды баскару түрінде байқалды. II ғасырдың бірінші жартысында ғұн тайпаларының алдымен Шыгыс Қазақстан мен Жегісуға, ал одан кейін Арал маңына. Каспий мен Волга маңындагы алқаптарға қоныс аударулары басталды.
Б.з-ға дейінгі II ғ. аяғында үйсіндер мен каңлылар туралы белгілі бола бастайды. Қытай тарихшыларының мәліметтері бойынша, үйсіндер шамамен 630 мыңдай, ал каңлы тайпалары Талас пен Сырдария өзендерінің жағалауларында көшіп-қонып, сан жагынан шамамен 600 мыңдай болған. Үйсіндердің шаруашылықтары жөніндегі жазбаша мағлұматтар үзік, бытыраңқы болып келеді, олардың шаруашылық бағытын бір жақты етіп көрсетеді: «малға азық пен судың ыңғайын іздестіре отырып, бір жерден екінші жерге көшіп-конып отырды». Бірақ бүл түпкілікті айқын нәрсе емес, өйткені археологиялык мәліметтер мен зерттеулер мал шаруашылығының әр түрлі бағытының болғандығын дәлелдейді, оның үстіне батыс жетісулық үйсіндер шыгыстағыларга қарағанда, негізінен. отырықшылар болган. Жерді өңдеу мен астықты жинауга арналған құралдардың табылуы егін шаруашылығының, оның ішінде суармалы егін шаруашылығынын (суаратын арыкзардың қалдыктары) болғандығын дәлелдейді. Бірақ, әрине, байлықтың негізі шарғы — иеліктегі жылқы саны болды.
Қаңлылар шаруашылықтарының ерекше өзгешеліктері — суармалы егін шаруашылығының отырықшы мал шаруашылығы- мен ұштаса отырып басым болуы. Олардың елді мекендерінде, қалашықтарында ұзақ мерзімдік отырықшылықты ділелдейтін күрделі құрылыстар болған. Қандылар өте көп мөлшерде ірі кара малын, кой-ешкі мен жылқы өсірген. Аң мен балық аулау косымша кәсіп болған. Қаңлы қоғамында — ір түрлі кәсіпшілік пен қолөнер, сауда мен ақша айналысы дамыған. Ортазиялық мемлекеттермен, Кавказ. Рим, Қытай елдерімен айырбас жасалынған. Б.з-ға дейінгі ІІ-1 гасырларда қаңлылар өз ақшасын жасауға (теңгесін соғуға) әрекет жасайды, оларда хорезм теңгелері кең колданыста болды.
Осылайша, ғұн, үйсін, каңлы қоғамдарында шаруашылықтардың экономикалык түрлерінің дамуы жүріп жатады, бірақ әлі де олардың ешқайсысы басымдықка жете алмайды. Шаруашылық түрлерінің кайшылығымен Қатар Әрекет етуі, ал кейде тіпті бірге дамуы жағдайында феодалдык қатынастардың нышандары қалыптаса бастады.