Адам құқығы мәселесінің халықаралық қатынастарға тигізер әсері.

11 января, 2020 22:06

ЖОСПАР

 

 

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………..3

 

 

Адам құқығы мәселесінің халықаралық қатынастарға тигізер әсері………………………………………………………..5

 

 

ҚОРТЫНДЫ………………………………………………………13

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………15

КІРІСПЕ

 

Бүгінгі өркениетті елдердің көпшілігі адамзаттың өсіп-өркендеу тарихын межелеп отыру үшін, шартты түрде, Ғайса пайғамбардың туған күнінен бастайтын жылсанау тізбесінде жиырмасыншы жүзжылдық қарама-қайшылықтарғасыры боп мәңгілікке қалатын шығар, сірә. Адам парасатының кемел мүмкіндігін танытқан ғажайып ғылыми-техникалық жаңалықтар да осы ғасырда ашылды, пендеге тән қатыгездіктің кейде қанқҰйлы соғыстар мен жаппай жазалауларға ұласатынын көрсеткен аласапыран төңкерістер де осы ғасырда болды. Азат ел болуды аңсап ұзақ күткен ірілі-ұсақты кейбір Ұлттардың дербес мемлекетін орнатуға бүгін ғана қолдары жетіп жатса, өркениет шуағына малынып, ішкі қуатын толық таныта алған кейбірхалықтар енді, керісінше, бір-бірімен қайтадан қосылуға үмтылуда.

Пайда табу мен бір-бірімізден өктемдігімізді асыру мақсаттары жолында бәрімізге ортақ алтын бесік — жер ана төсін аямай-ақ бұлдірген, улаған біз — адамзаттың бүгінгі ұрпағы өзімізге түпсіз-түңғиық ғаламда бұдан өзге қоныс жоғын түсініп, баршамыздың бір кеменің үстіндегі тағдыр-ластар екенімізді сезіне бастағандаймыз. Мемлекеттер арасындағы шекара сызықтары шартты белгілерге айналып, адамдардың бір елден екінші елге жүріп-тұруы да, ақпарат пен хабар алысуы да, қаржы мен тауар алмасуы да Ұйреншікті қарым-қатынастар нормасына айналуда. Алыс-жақын жұрт-тардың бәрі жемісін татып отырған осынау ықпалдастық базарынан өз еркіңмен бас тарту әлемдік өркениет көшінің соңына жылжу екендігін кешегі КСРО тәжірибесі көрсетіп берді. Нарықтық экономика мен демократиялық үрдістерге негізделген ашық қоғам жағдайында ғана дамыған, өркендеген елге айнала алатынымыз белгілі болып отыр.

Адам құқығы мәселесінің халықаралық қатынастарға тигізер әсері

 

Қазақстан  демократиялық  өзгерістер,   құқықтық- жөнех әлеуметтік мемлекет қалыпастыру жолына енді. Осы мәселелерді шешу негізінде бағалы нысана болып адам жөне азаматтың'» құқық пен бостандықтары болып табылады. Совдықтан да мен өз мақаламда Қазақстан Республикасының Конституцияшнда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтарының халықаралық талаптарға сәйкес келуін жөне оның құқықтық мемлекет қүру үшін маңызы қандай екенін айт кеткім келеді.

Қазақстан Кеңес Одағының құрамында болған кездс адам5 және азамат құқықтарына мән бөлінбеді деуге болмайды. Жоқ, ол кезеңнің Конституциясында адам және азаматтың көйтеген’ құқықтары мен бостандықтары бекітілді. Бірақ ол құқықтар мен бостандықтар жүзеге аспады. Олар қағаз бетінде қалып қойды десек те болады. Адам және азаматтың конституциялық мәртебесі бұдан мүлде басқа қағидаларда негізделуі керек. Мемлекет өз азаматтарына   құқық   пен    бостандықтарды   сыйлық   ретінде тартпайды, олар адамға жаратылыстан берілген болып танылу керек. Кеңес Үкіметінің кезіндегі қогам саяси, экономикалық, мөдени, ғылыми және әлеуметтік түрғьща жабық болады. Кеңес мемлекеті    професшіл    болып    саналып    жүзжылдықтармен қалыптасқан демократиялық институтгарды қабыл алмады.

Тоталитаризмның кҰйреуі Қазақстанның басты міндеті етіп оркіндік пен демократияны, адам құқықтарын қамтамасыз ететін саяси қогамды қайта қалыптастыру, жаңа институтгар мен қүрылымдарды қүру мәселелерін алдыға қойды. Жетпіс жыл » бойы тоталитарлық тәртіпте болған еліміз үшін бұл тек қана институциялық қайта қүру емес сонымен қатар қоғамның өлеуметгік, психологиялық, рухани бағыттарда қалыптасуы.

Қазіргі Қазақстанның алдында көптеген мәселелер түр. Олардың арасыңца өміршілік-әкімшілік жҰйеден қалған стереотиптерден арылу, жаңа өнегелілік және құқықтық сананы қалыптастыру, адамды қүрметтеу, оның қуқықтары мен бостандықтарын қоргау жҰйесін қалыптастыру тәрізді үлкен жүмыстар бар екенін ұмытпау керек.

Әлемдегі қоғамның барлық қүбылыстарының дамуы адамның құқықтар мен бостандықтар мәселесіне ерекше назар аударылуын белгіледі. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөне оны қамтамасыз ету — саяси, экономикалық, әлеуметтік жҰйелердің өсмір сүруінің негізі екеніне көзіміз жетті. Демократияға бағьпталған адам қоғамының, дүниежүзілік түрақты дамудың қозғаушы күші болатын елдердің ең басты мақсаты мен соңғы нәтижесі болып адам құқығы, оны қорғау жонс қамтамасыз ету болып табылады.

Сондықтан да адамның құқықтары мен бостандықтары жөне оны қорғау қамқорлығы жеке алған мемлекеттің жҰйесінін шегінен шығып жалпы дүниежүзілік мәселе болып отыр. Біздің заманымызда барлық қоғамдар да жеке тұлғаның қүндылығын мойындап отыр. Сол себептен мемлекеттердің арасында адам құқықтары мен бостандықтарының минималды стандарттары туралы тіл табысу, келісімге келу қиындықтар туғызбас деп ойлаймын.

XX гасырдағы дүниежүзілік қоғамның дамуының басты қадамының бірі — адамның қүндылығын түсініп, оның өмір сүруі мен еркін дамып — өсуінің кепідціктерін қамтамасыз ету екенін мойындауы. Жалпы адамзат қоғамы мемлекетгің басқару нысанына, қоғамдық саяси жағдайына қарамастан әр. адамға тиісті құқықтар мен бостандықтардың минималды стандарттарын қамтамасыз ету керек. Осы құқықтар мен бостандықтарды анықтаудың негізгі қүралы болып адам құқықтары саласьщдағы халықаралық — құқықтық құжаттар болып табылады. Бұл қүжаттардың занды күшін мемлекеттер өз еркі бойынша мойындайды.

Адам құқықтары мбн бостандықтарын қорғау туралы келісімдердің көпшілігі Біріккен Ұлттар Ұйымының шеңберінде қабылданған. Бұл халықаралық келісімдер жеке адамның жөне барлық адамзат қоғамының халықаралық -құқықтық қорғалуының зандылық негізі болып табылады.

 

Осындай қүжаттарды қарастыратын болсақ мен ең әуелі

 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Уставын келтіргім келеді. Бұл қүжат 1945 жылы қабылданып, осы Ұйымының басты мақсаттарының арасында гуманитарлық салада халықаралық ынтымақтастық қарым-қатынастарды нығайту, бірі қалмастан барлық адамдардың құқықтар мен негізі бостандықтарын қүрметтеуін қолдау мен дамыту деп жариялады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Уставы адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы егеменді елдер мен халықтарының өрі — қарай қатынас жасауының басты саяси жөне занды негізі болды.

Келесі осындай маңызы бар қүжат — Адам құқықтарының жалпы декларациясы. Оны Біріккен Ұлттар Ұйымыңың, Бас Ассамблеясы қабылдады: Бұл қүжат адамзат жөне халықаралық қарым-қатынас тарихында бірінші рет азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар мен бостандықтардың шеңберін жариялады. Адам құқықтарының жалпы декларациясын қабылдауымен қатар дүниежүзілік қоғам өз азаматтарымен қарым-қатынас жасаудың талаптарын бекітті. Бұл қүжат 1948 жылы қабылданса да, оның маңызы қазір де өте зор болып отыр.

Сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы маңызды екі құжат қабылдады. Бұлар — Азаматтық және саяси құқықтар жайлы пакт және экономикалық, әлеуметтік және мөдени құқықтар жайлы пакт. Бұл екі қүжатта да халықтардың өзінше қалыптасу құқығы мойындалды. Оның екеуі де адам құқығын жүзеге асырудағы шектеуге тиім салуды негізіне адцы. Бұл Пактілердің Заң күші бар. Азаматтық және саяси құқықтар жайлы пактіде әрбір адамның өмір сүруге, бостандыққа, еріксіз тұтқындаудан қорғануға, әділ сотқа, өз ойын еркін айтуға, еркін жүріп-тұруға, оның ішінде көшііъ қонуға, жиналыс пен қауымдастық еркіндігіне құқығы бар екендігін мойындайды. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жайлы пактіде еңбек ету, жүмыс түрін өз еркімен тандау, өділ еңбек ақысын алу, көсіподақтар ашып, оған кіру, олеуметтік қамсыздандыру, дүрыс деңгейде өмір сүру, денсаулық жөне білім алу құқықтары бекітілген. Осы келісімге қол қойған мемлекет өз халқының жағдайын жақсартуды қамтамасыз етуге жауапты екенін мойывдайды.

Қазіргі уақытта дүние жүзінде 40-тан астам осы төрізді халықаралық келісімдер бар. Айтылып кеткендей, олардың копшілігі Біріккен Ұлттар Ұйымының шеңберінде қабылданған. Халықаралық келісімдегі нормаларды жеке мемлекеттің өміріне снгізу үшін мемлекетгің ішкі заңын халықаралық құқыққа сәйкес етіп, оның талаптарын іске асыру ушін қажетті жағдай туғызатын әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізу керек.

Қазақстан Республикасы 1992 жылының наурыз айында Біріккен Ұлттар Ұйымының қүрамына кіріп, өзінің тәуелсіз ел ретінде дүниежүзілік қоғамға енгенін жариялады. Біріккен Ұлттар Ұйымы Уставының 56-шы бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымымен бірлесіп нәсіл, жыныс, тіл және дініне қарамастан барлық адамның құқықтары мен негізгі бостандықтардың қүрметтеуі мен сақталуына мүмкіндік туғызатын жағдайлар жасауын міндетіне алды.

Қазақстан егеменділігінің бірінші күндерінен бастап-ақ халықаралық гуманитарлық Ұйымдармен байланысын нығайта бастады. Біріккен Ұлттар Ұйымының шеңберінде қабылданған халықаралық келісімдер, пактілер мен конвенциялар адам құқықтарының қоргауының әртүрлі саласындағы мемлекеттердің қарым-қатынастарын реттейтін нормаларын қүрайды.

Қазақстан Республикасы олардың тек кейбіреулерін ғана қабылдады. 1993 жылдың наурыз айында Қазақстан басқа 183 мемлекетпен қатар 1949 жылғы Женева конвенциялары мен 1977 жылғы Қосымша протоколдарына қосылып жарақат адамдар мен түтқындағылардың жағдайыңа бақылау жасап, олардың құқықтарын қорғау, соғыс әрекеттер зонасындағы жай халыққа гуманитарлық көмек көрсету төрізді міндеттемелерді алды. 1994 жылының маусым айында Қазақстан Республикасы балаларды қорғау мен жақсы тұрмыс халін қамтамасыз етудің халықаралық — құқықтың нормаларын жиған Балалар құқықтары жайлы конвенцияға қосылды. 1998 жылы Қазақстан тағы 4 конвенцияны қабылдады, олардың ішінде 1952 жылғы Әйелдердің саяси құқықтары жайлы конвенция, 1948 жылғы Геноцидқа қарсы қылмыстардың адцын алу және оның жазасы жайлы конвенция, т.б.

Сонымен қатар Қазақстан осы күнге дейін адам құқықтар саласының негізін салушы қүжаттарға, яғни Азаматтық және саяси құқықтар жайлы Пакт пен Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жайлы Пактіге қосылған жоқ. Бірақ болашақта біздің мемлекетіміз жоғарыда аталған халықаралық келісімдерге қосылады деп ойлаймын. Өйткені бұл қүжаттардың маңызы ерекше. Олар Қазақстан Республикасының азаматарының. шет ел азаматары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайына арналған занды актілерге белсенді түрде эсер етеді. Осығаң байланысты мен Қазақстан Республикасының Конституциясының 4 бабының 3 тармағын келтіргім келеді:

«Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңцарынан басымдыгы болады …»

Қазақстан Республикасының Конституциясында жарияланған құқықтар мен бостандықтар халықаралық талаптарға сәйкес келеді ме деген сұраққа „иә» деп жауап беруге болады. Бірақ осы түғыда мен мынаны айта кеткім келеді. Егер біз құқықтық мемлекет қүрғымыз келсе жөне құқықтық мемлекеттер қоғамдастығында түрғымыз келсе, Қазақстан Республикасы жеке тұлғаның құқықтар мен бостандықтарын қорғау туралы барынша коп келісімдер, шарттар, конвенцияларға қосылуы керек. Біз шет ел мемлекеттерінің осы саладағы барлық тиімді нормаларын өзіміздің Ұлттық заң жҰйесіне енгізуіміз керек. Сонымен қатар заң жүзінде адам құқықтар мен бостандықтарын жариялап қана қоймай осы бостандықтардың материаддық жағын қамтамасыз етіп, қоғамның бардық мүшелерінің заңның мәіндетті түрде орындауына жағдай туғызуымыз керек.

Адам құқықтары мен бостандықтарына осындай көзқарас болғанда ғана және оны тиімді қорғағанда ғана құқықтық мемлекет қүруымызға болады. Өйткені, құқықтық мемлекет дегеніміз барлық азаматтарға бірдей міңцетті заңның басшылығы, халықаралық құқықтың ммелекеттің ішіндегі бекітулерінен басымдьшыгы және жалпы адамзат қүндылықтарының тиісті түрде бағалануы деп ойлаймын.

 

 

 

ҚОРТЫНДЫ

 

Алайда, үш жүз жыл бойы бодандық зардабын тартып, жиырмасыншы ғасырдың соңында ғана дербес мемлекетімізді ҚҰРУ құқығына қолымыз жеткен біз — қазақ халқы өзге өркениетті елдер әлдеқашан өтіп кеткен дамудың даңғыл жолына қалайша тезірек және қиындықсыз түсе аламыз?! Әрі ашық қоғам жағдайында ұлттық бүтіндігіміз бен бірегейлігімізді сақтап, әрі еркін бәсекеде білігі мен білімі жағынан шетелдік замандастарының ешқайсысынан кем түспейтіндей жаңа түрпатты отандастарымызды қалай қалыптастырамыз?

Қазақстан Республикасыныңтүңғыш Президент! Н.Назар­баев 1997 жылғы «Ел халқына Жолдауында» жоғарыдағы өзекті проблемаларды асқан дәлдікпен және біліктілікпен талдап шығып, Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық дамуы-ның 2030-шы жылға дейінгі нақтылы стратегиялық жоспарын жасап берді.

Стратегиядағы «2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады» деген жолдар тек халықтың рухын көтеру үшін ғана айтылмаған, біздің ішкі мүмкіндіктеріміз бен қуаттарымызды қатаң таразылаудан туған түжырым бұл. Қоғамтанушы ғалымдардың ендігі міндеті — Президент айқындаған даму стратегиямыздағы ғылыми түжырымдарды тарата талдап, көпшілікке жеткізу. Сөйтіп, елімізде жүріп жатқан жаңару реформасына отандастарымыздың неғүрлым зор сеніммен, батыл араласуын қамтамасыз ету.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Қазақстан Республикасының конституциясы, Алматы, Жеті-Жарғы, 1995 ж.
  2. Сборник документов по международному праву, т. 1, Алматы: САК, 1998 г.

 

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Назира

1
Комментарии: 0Публикации: 167Регистрация: 25-12-2019

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля