Азаматтардың құқық және әрекет қабілеттілігі .

12 января, 2020 0:33

 

ЖОСПАР

 

 

Кіріспе     ………………………………………….

 

Негізгі бөлім

 

І. Жеке тұлға азаматтық құқықтық қатынастардың субьектісі ретінде

 

1.1  Жеке тұлға ұғымы …………………………………………….

 

ІІ. Азаматтардың құқықтық және әрекеттік қабілеттілігі

 

2.1. Азаматтардың құқықтық қабілеттіліктері …………………………..

2.2. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі ………………………………..

 

Қорытынды …………………………………………………

 

 

 

Пайланылған әдебиеттер тізімі ………………………………….

 

Қосымша …………………………………………………………

 

 

Кіріспе

Құқық қатынастарына қатысушылардың азаматтық құқықтары мен міндеттері болады, олар құқық қатынастарының обьектілері деп аталады. Азаматтық кодекстің 1-бабында азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады деп атап көрсетілген.

Азаматтақ құқық қатынастардың субьектілері ретінде әрекет жасайтын азаматтардың басым көпшілігі – Қазақстан Республикасының азаматтары Конституцияның 10-бабында Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес беріліп, тоқтатылатыны, оның алыну негіздеріне қармастан бірыңғай және тең болып табылатыны атап көрсетілген.

Азаматтық құқық шеңберінде кәсіпкерлер үшін ерекше режим жасау Ааматтық  кодекстің маңызды жаңалығы болып табылады. Кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлғалар ғана емес, жекелеген азаматтар да айналыса алады. Атап айтқанда, Азаматтық кодекстің кейбір баптарында кәсіпкерлерге арналған арнаулы режим бар нормалар: міндеттемені мерзімінен бұрын орындау, қосылу шарты және басқалар келтірілген.

Азаматтық құқық –жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және әкімшілк-аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс әрекеттерімен ажырамас байланыстағы Қазақстан Республикасы құқығының бір саласы. Тауар-ақша, қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар азматтық құқықтың пәні болып табылады. Жеке мүліктік емес қатынастардың мәніне жатпайтындықтан, әрі басқа заңнамаларда қаралмағандықтан, мүліктен тыс, жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық заңнамалармен реттеледі.

Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың негізгі түрлерінің біріне, құқық нормалардың ықпалына ұшырайтын мүліктік қатынастар жатады. Материалды игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, бағалы қағаздармен т.б. мүліктермен) байланысты қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мүліктік қатынастар мүлікке деген меншіктік қатынастардың негізіндн туындайтындықтан, азаматтық заңнамалардыңіс-әрекетіне бағынады. Осы тұрғыдан, мүліктік қатынастар дегеніміз мүлікті алу, иелену не басқа субьектілерге беру барысында, айырбас, сату немесе тауар-ақша қатынастары азаматтық құқықтық реттеудің негізгі обьектісі болады.

  • Жеке тұлға ұғымы

Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып табылады. Егер Азаматтық кодесте өзгеше белгіленбесе, бұл тараудың ережелері барлық жеке тұлғаларға қолданылады.

Құқық қатынастарына қатысушылардың азаматтық құқықтары мен міндеттері болады, олар құқық қатынастарының обьектілері деп аталады. Азаматтық кодекстің 1-бабында азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады деп атап көрсетілген.

Азаматтақ құқық қатынастардың субьектілері ретінде әрекет жасайтын азаматтардың басым көпшілігі – Қазақстан Республикасының азаматтары Конституцияның 10-бабында Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес беріліп, тоқтатылатыны, оның алыну негіздеріне қармастан бірыңғай және тең болып табылатыны атап көрсетілген.

Азаматтық құқық шеңберінде кәсіпкерлер үшін ерекше режим жасау Ааматтық  кодекстің маңызды жаңалығы болып табылады. Кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлғалар ғана емес, жекелеген азаматтар да айналыса алады. Атап айтқанда, Азаматтық кодекстің кейбір баптарында кәсіпкерлерге арналған арнаулы режим бар нормалар: міндеттемені мерзімінен бұрын орындау, қосылу шарты және басқалар келтірілген.

Азаматтық құқық қатынастарына Қазақстан Республикасының азаматтарымен қоса, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қатыса алады. Шетелдіктердің құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» 2001 жылғы 10 қарашадағы заң күші бар Жарлығымен белгіленген. Қазақстанда Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің шет мемлекеттің азаматы екеніне айғағы бар адамдар шетелдік азаматтар деп танылады (Жарлықтың 2-бабы). Мәселен, Қазақстанда шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, шетелдік фирмалардың (компаниялардың) мамандары, шетелдік студенттер және т.б. бар.

«Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» туралы Жарлыққы сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына айғағы жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп саналады. (Жарлықтың 2-бабының 2-тармағы).

Шетелдіктердің инвестицияларға қатысуының құқықтық жағдайлары екі жақты халықаралық шарттармен және қатал салымдарын өзара көтермелеу мен өзара қорғау туралы келісімдермен де айқындалады. Оларда әдетте ең қолайлы ұлт режимін немесе ұлттық режим беру көзделеді, екі мемлекеттің шетелдік меншікті ұлт иелігіне алмауына және оған сондай шаралар қолданбауға міндеттемелер, еркін айырбасталатын валютамен капитал салымдарын жүзеге асыруға байланысты төлемдерді шетелге кедергісіз аудару кепілдігі және басқалар енгізіледі.

 

2.1. Азаматтардың құқық қабілеттілігі

Азаматтық кодекстің 1-ші бабында көрсетілгендей, азаматтық-құқықтық қатынастардың негізгі субьектілердің бірі – азматтар. Азаматтардың құқықтық жағдайы олардың құқықтық қабілеттілігі және әрекет қабілеттіліг арқылы сипатталады. Сондықтан да азаматтық құқық қабілеттілігіне анықтама беруіміз қажет. Азаматтық кодестің 13-ші бабына сәйкес, азматтық құқық қабілеттіліг дегеніміз – азаматтардың азаматтық құқықтарға ие болу және азаматтық міндеттерді атқару қабілетін айтамыз. Азаматтық құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып, қайтыс болған соң тоқтатылады. [1].

Азаматтық құқық қабілеттілік дегеніміз: Қазақстан республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды  тұлғалар құру; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады; өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ, қаласа, әкесінің атын қоса, өз атымен құқықтықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асырады. Азаматтың есімі: азамат тегі мен есімін, сондай-ақ, қалауы бойынша — әкесінің атын қоса отырып, өз атымен құқықтар мен міндеттер алады және оларды жүзеге асырады; заңдар бойынша азаматтардың жасырын түрде құқықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншік ат пайдаланатын реттері көзделуі мүмкін; азаматтың туған кезде берілген есімі, сондай-ақ есімін өзгерту азаматтық хал актілерін тіркеу туралы заңдарда белгіленген тәртіп бойынша тіркелуге тиіс. [2].

Яғни, баланың туу тегін белгілеу төменгі жағдайдағыдай жүзеге асады:

  1. Баланың анасы жағынан тегін (анасы болуын) ананың медициналық мекемеде бала туғанын растайтын құжаттар негізінде, ал бала медициналық мекемеден тыс жерде туған жағдайда – медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулерінің немесе өзге де айғақтардың негізінде азматтық хал актілерін жазу органы белгілейді.
  2. Бір-бірімен некеде тұратын адамдармен туған баланың туу тегі ата-ансының неке туралы жазбасымен куәландырады.
  3. Егер баланың анасы баланың әкесі өзінің жұбайы (бұрынғы жұбайы) емес деп мәлімдесе, баланың әкесі осы баптың 4-тармағында немесе “ҚР-ның Неке және отбасы туралы” заңның 47-бабында көзделген ережелер бойынша белгіленеді.
  4. Баланың анасымен некеде тұрмайтын адамның әке болуы әкесі мен анасының азаматтық хал актілерін жазу органына бірлесіп арыз беруі жолымен; анасы қайтыс болған, ол әрекетке қабілетсіз деп танылған, анасының тұратын жерін анықтау мүмкін боламаған жағдайларды немесе ол ата-ана құқығынан айрылған жағдайда – қорғаншы және қамқоршы органның келісімімен бала әкесінің арызы бойынша, мұндай келісім болмаған жағдайда – сот шешімімен белгіленеді. [3].

Азамат өз есімін заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша өзгертуге құқылы. Есімін өзгерту оның бұрынғы есімін, жасырын немесе бүркеншік атпен алған құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға немесе өзгертуге негіз болмайды; азамат өзінің борышқорлары мен несие берушілеріне өз есімін өзгерткені туралы хабарлау үшін қажетті шаралар қолдануға міндетті және бұл адамдарда оның есімі өзгертілгендігі туралы мәліметтер болмауынан туған ықтимал зардаптарға тәуекел етеді; есімін өзегрткен азамат өзінің бұрынғы есіміне рәсімделген құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілуін талап етуге құқылы; басқа бір адамның есімімен құқықтар мен міндеттер иеленуге жол берілмейді; азамат өз есімі оның келісімінсіз пайланылған жағдайда, оған тиым салынуын талап етуге құқылы; азаматтың есімін заңсыз пайдалану нәтижесінде оған келтірілген зиян АК-тің ережелеріне сәйкес өтелуге тиіс.

Азаматтың есімі оның абыройына, қадір — қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін әдістермен немесе сондай нысанда бұрмаланған не пайдаланылған жағдайда АК-тің 143-бабында көзделген ережелер қолданылады. [2].

Заңдар бойынша азматтардың жасырын түрде құқықтар иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын жағдайлары немесе бүркеншік ат (ойдан шығарылған есімді) пайдаланатын реттері көзделуі мүмкін; азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекн оның тұрғылықты жері деп танылады. Он төрт жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жері олардың ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері болып танылады. [4].

Азаматтық құқықтың алдына қойған мақсаты сол – азаматтық құқық қабілеттілігін тек аталған саланың шеңберінде ғана көрсетпеу, себебі құқық қабілеттілігі басқа да құқық салаларының көкейтесті мәселелерінің бірі.

Азаматтық құқық қабілеттілігі шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, нәсілі мен ұлтына, жынысына, тұратын жеріне және т.б. жағдайларға қарамастан Қазақстан Республикасының барлық азматтарына теңдей мойындалады.

Азаматтық құқық қабілеттілігін азаматтан айырып қарауға болмайды. Азамттық заңдарда көрсетілгендей, ол адамның ақыл-есіне, жынысына, денсаулығына байланысты емес. Азаматтық құқық  қабілеттілігі ол туылған кезден басталып, қайтыс болғаннан кейін тоқтатылады. Сонымен бірге заңда әлі дүниеге келмеген нәрестенің, болашақ азматтың құқығын қорғау мүмкіншілігі де көрсетілген. Азаматтық кодекстің (негізгі бөлім) 525-ші бабына сәйкес мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалып, ол өлгеннен кейін туылған азаматтар да басқа мұрагермен бірдей тең үлеске тиесілі.

Азаматтық құқық қабілеттіліктің мазмұнына тоқталатын болса, ол жайында Азаматтық кодекстің 14-бабында айқын көрсетілген. Азамат меншік құқығы деңгейінде мүлікті алуға, мұраға қалдыруға, республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тиым салынбаған кез-келген мәміле жасасып міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады. Сөйтіп,  азаматтардың құқық қабілеттіліктерінің орнын қанша тізбелеп жазсақ та, шегіне жету мүмкін емес, өйткені бұл тек азаматтық құқық салаларының шеңберімен ғана анықталып қоймайды, басқа да құқық салаларының өзекті мәселелерінің біріне айналып жатады. Мәселен, конституциялық, әкімшілік, неке  және т.б.

Азаматтардың құқық қабілеттілігі баршаға бірдей болғандықтан, оған шек қоюға болмайды. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша азаматтық құқық қабілеттілігіне шек қойылуы мүмкін, егер азамат сот үкімі бойынша жасаған қылмысы үшін мемлекет тарапынан жаза алатын болса. Мысалы, азамат бас бостандығынан айырылатын болса, онда оның қазақстан Республикасының аумағында еркін жүріп-тұруына тиым салынуы мүмкін. Алайда, азамат жекелеген субьективті құқықтарынан ғана айырылуы мүмкін. Ал тұтастай алғанда азамат құқық қабілеттілігінен ажырамайды. Азаматтың құқық қабілеттілігінен немесе әрекет қабілеттілігігінен толық немесе ішінара бас тартуы және құқық қабілеттілігіг немесе әрекет қабілеттілігін шектеуге бағытталған мәмілелер жарамсыз деп танылады (АК-тің 18-бабы).

 

 

2.1. Азаматтың әрекет қабілеттілігі

Азаматтардың әрекет қабілеттілігі құқық субьектілігің екінші элементі болып табылғандықтан оған төмендегідей анықтама беруге болады. Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болу және оларды жүзеге асыру, өзі үшін міндеттерді туғызу және оларды орындау қабілеттілігі (азаматтық кодекстің 17-ші бабы).

Азаматтық әрекет қабілеттілігінің маңыздылығы сонда, ол өз әрекеттерінің нәтижесінде белгілі заңды салдардың пайда болатынын түсіну. Сонымен қатар, өз әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген зиянның орнын да өзі толтыру мүмкіншілігі, яғни айтқанда, әрекет қабілеттілігін тек келісімдер жасау және олар үшін жауап беру ғана емес, кең шеңберде түсінгеніміз жөн, өйткені азаматта әрекет қабілеттілігімен бірге өзі келтірген зиянды өтеу қажеттілігі де бір мезгілде пайда болады.

Азаматтың толық әрекет қабілеттіліг кәмелеттік жасқа толғаннан кейін, яғни он сегіз жасқа келген кезден бастап пайда болады. Заң құжаттарында он сегізге толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап, толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады.

Он сегіз жасқа толғаннан соңтолғаннан соң азамат азаматтық айналымның толық қатысушысы болып саналады.

Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, барлық азаматтардың әрекет қабілеттілігі тең болады.

әрекет қабілеттілігін шектеудің екі түрі бар: 1. Әрекет қабілеттілігін табиғи түрде шектеу; 2. Әрекет қабілеттілігін сот орындарының шешімі негізінде шектеу.

Әрекет қабілеттілігін табиғи түрде шектеу азаматтың жасына байланысты. Сөйтіп, азаматтық құқық теориясында қалыптасқан ережелерге байланысты әрекет қабілеттілігін үш түрге бөлуге болады. Толық, жартылай (ішінара) және шектеулі әрекет қабілеттілігі.

Азаматтардың толық әрекет қабілеттілігі туралы жоғарыда айтылып кеткендіктен, оған тағы қайталап оралудың қажеті жоқ.

Азаматтық Кодекстің  23-ші бабы атап көрсеткендей, он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың ата-аналары, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды. Сондықтан да, біздің ойымызша, 14 жасқа толмаған жасөспірімдердің әрекет қабілеттілігі жоқ, бірақ аталған жасөспірімдер өздерінің жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы.

14 жасқа дейінгі жасөспірімдердің жасаған мәмілелері жарамсыз деп есептеу үшін көрсетілген ережелер қатаң сақталуы тиіс; біріншіден, жасалған мәміле жасөспірім жасына сәйкес келуі, яғни 14 жасқа дейінгі азамат мемлекеттік тіркеуді қажет ететін мәмілелердің қатысушысы бола алмайды (мәселен, тұрғын үйді сату немесе сатып алу) екіншіден; жасалатын мәміле сол жасалған жерінде орындалуы тиіс, яғни, сатушы жасөспірімге жасалған мәміле бойынша белгілі мүлікті беру, ал сатып алушы сатушығы мүліктің құнын төлеу. Бұл заңи әрекеттер жасалғаннан кейін екі тараптың арасында құқықтық қатынастар жоқ  деп есептеледі; үшіншіден, жасалынатын мәміле мазмұны жағынан тұрмыстық болуы тиіс. Азаматтық заңдарында бұл мәселе жайында ештеңе айтылмаған, сондықтан да дау туған ретте нақты жағдайларды ескере отырып, шешілуі тиіс. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған жасөспірімдер банкілерге салымдар салуға және өздері салған салымдарға дербес билік етуге құқылы. 14 жасқа толмаған жасөспірімдердің атына басқа біреудің салған салымдарына олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері билік етеді, ал 14 жасқа толған жасөспірімдер өздерінің атына басқа біреу салған салымдарға өз бетінше билік етеді.[1].

Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз азаматтың өзінің іс-қимылымен белгілі бір құқықтарға ие бола алу және сол құқықтарды іске асыра алу және белгілі бір міндеттерді атқару, алып жүре алу қабілеттілігі. Азаматтық қабілеттіліктің әрекет қабілеттіліг жоқ, жартылай, толық емес, толық, шектелген деген сияқты түрлері бар.

Алты жасқа дейінгі балалардың әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады. Сонымен бірге, жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп тануы мүмкін, соған байланысты оған қорғаншылық белгіленеді.

Жартылй әрекет қабілеттіліг  6-14 жасқа дейінгі балаларға тән. Азаматтық заңнамалар бойынша олар үшін мәмілелерді, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-анасы, асырап алушылары немесе қорғаншылары немесе қорғаншылары жасайды. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы.

Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың толық емес әрекет қабілеттілігі бар мойындалады. Бұл жастағы азаматтар мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар өздерінің табысына, степендиясына, өзге де кірістеріне және өздері жасаған интеллектуалдық меншік құқығы обьектілеріне өз бетінше билік етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасауға құқылы.

Жеткілікті негіздер болған жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық органы кәмелетке толмаған адамның өз табысына, степендиясына, өзге де кірістеріне және өзі жасаған зияткерлік меншік құқығы обьектілеріне өз бетінше билік ету құқығын шектеуі немесе ол құқықтан айыруы мүмкін. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар осы баптың ережелеріне сәйкес өздері жасаған мәмілелер бойынша десбес жауапты болады және өздерінің әрекеттерінен келтірілген зиян үшін осы АК-тің ережелері бойынша жауап береді.

Азаматтар 18 жасқа, яғни кәмелетке толғанда олардың толық әрекет қабілеттілігі мойындалады. Бұл жерде мынадай бір сәтті есімізге салып кеткеніміз жөн. Егерде заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, он сегіз жасқа  толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие ьолады.

Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін. Оған қамқоршылық белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқықылы. Басқа мәмілелер жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кірістерін алуды және оларға билік етуді тек қамқоршысының келісімімен ғана жүзеге асыра алады. Азмат спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға және нашақорлыққа салынуды тоқтатқан жағдайда сот оның әрекет қабілеттілігіне қойылған шектеудің күшін жояды. Сот шешімінің  негізінде азаматқа белгіленген қамқоршылықтың күші жойылады. [4].

Құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінен айыруға және оларды шектеуге жол бермеу: заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды; азаматтың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеудің заң құжаттарында белгіленгін шарттары мен тәртібінің немесе олардың кәсіпкерлік не өзге де қызметпен айналысу құқығының сақталмауы тиісті шектеуді белгілеген мемлекеттік немесе өзге де органның құжатын жарамсыз деп тануға әкеіліп соқтырады; азаматтық құқық қабілеттілігінен немесе әрекет қабілеттілігінен толық немесе ішінара бас тартуы және құқық қабілеттілігін немесе әрекет қабілеттілігін шектеуге бағытталған басқа да мәмілелер жарамсыз болады, бұған мұндай мәмілелерге заң құжаттарында рұқсат берілген реттер қосылмайды.

Азаматтардың кәсіпкерлік қызметі: азаматтар, осы кодексте және өзге заң актілерінде көзделген жэағдайларды қоспағанда заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы; жеке кәсіпкерлердімемлекеттік тіркеу өз бетімен тіркелу сипатында жасалады және жеке кәсіпкер ретінде есепке алынады; азаматтардың заңды тұлға құрмай-ақ жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызметіне, егер заңдардан немесе құқықтық қатынастар мәнінен өзгеше нәрсе туындамайтын болса, тиісінше осы Кодекстің коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалардың қызметін реттейтін нрнжнлнрі қолданылады; мынадай шарттардың біріне сәйкес келетін: 1) жалданбалы қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланатын; 2) кәсіпкелік қызметтен салық заңдарына сәйкес есептелген, ҚР-ның заң актілерінде жеке тұлғалар үшін белгіленген жиынтық жылдық табыстың салық салынбайтын мөлшерінен артық жиынтық табыс табатын жеке кәсіпкерлер міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады; ҚР-ның Салық кодексінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеусіз аталған жеке кәсіпкерлердің қызметіне тиым салынады; егер жеке кәсіпкер лицензиялануға тиіс қызметті жүзеге асырса, оның осындай қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы болуы міндетті.

Лицензия лицензиялау туралы заңдарда белгіленген тәртіппен беріледі. ҚР-ның Үкіметі жеке кәсіпкерлерге лицензия берудің оңайлатылған тәртібін белгілеуге хақылы.

Азаматтың мүліктік жауапкершілігі: азамат өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлікпен жауап береді, бұған заң құжаттарына сәйкес ақы өндіріп алуға болмайтын мүліктер кірмейді.

Азаматтардың ақы өндіріп алуға болмайтын мүлкінің тізбесі ҚР-ның Азаматтық іс жүргізу кодексімен белгіленеді. [2].

14 пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі жартылай деп есептелінеді. Олар ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының келісімімен мәмілелерге түсе алады. Сонымен бірге азаматтық заң олардың нақты әрекеттерге қатысты істерінің құқықтық қабілетін едәуір кеңейткен. Атап айтқанда, оларға өз табысын немесе степендияларын дербес жұмсауға, өз шығармаларына және басқа интеллектуалдық меншіктің нәтижелеріне байланысты құқықтарды жүзеге асыруға жол берілген. Сондай-ақ, олар ұсақ тұрмв\ыстық мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Алайда, жеткілікті негіз болған жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық органдары кәмелетке толмаған адамның өзі жасаған интеллектуалдық меншік құқығы обьектілеріне өз бетінше билік ету құқығын шектеуі немесе ол құықтан айыруы мүмкін. [1].

0н төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі:  он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай кеілісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сәйкес келуі тиіс.

Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің табысына, степендиясына, өзге де кірістеріне және өздері жасаған интеллектуалдық меншік құқығы обьектілеріне өз бетінше билік етуге, сондай- ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасасуға құқылы.

Жеткілікті негіздер болған жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық органы кәмелетке толмаған адамның өз табысына, степендиясына, өзге де кірістеріне  және өзі жасаған интеллектуалдық меншік құқығы обьектілеріне өз бетінше билік етуқұқығын шектеуі немесе ол құқықтан айыруы мүмкін.

Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар осы баптың ережелеріне сәйкес өздері жасаған мәмілелер бойынша дербес жауапты болады және өздерінің әрекеттерінен келтірілген зиян үшін осы Кодекстің ережелері бойынша жауап береді.

Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау (эмансипация) : жасы он алтығы жеткен кәмелетке жетпеген адам, егер ол еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін болса немесе ата-анасының, асырап алушыларының немесе қамқоршысының келісімімен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын болса, толығымен әркетке қабілетті деп жариялануы мүмкін.

Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау (эмансипация) ата-анасының екеуінің де асырап алушысының немесе қамқоршысының келісімімен қорғаншы және қамқоршы органның шешімі бойынша не ондай келісім болмаған жағдайда соттың шешімі бойынша жүргізіледі.

Эмансипацияланған кәмелетке толмаған адам, Қазақстан Республикасының заңнамасының актілеріне сәйкес ие болу үшін жас шектеуі белгіленген құқықтар мен міндеттерді қоспағанда, азаматтық құқықтарға ие болады және міндеттерді (оның ішінде өзінің зиян келтіруі салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша) мойнына алады.

Ата-аналар, асырап алушылар мен қамқоршы эмансипацияланған кәмелетке толмаған адамның міндеттемелері бойынша жауапты болмайды. [2].

Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған азаматтар заңды тұлғалардың немесе азаматтардың мүліктеріне өз әрекеттері салдарынан зиян келтірсе, өз әрекеттері үшін өздері жауап береді. Егер де келтірілген зиянның орның толтыратындай олардың мұлкі немесе еңбек табысы болмаса, олардың ата-аналары ( бала қылып алушы адамдар) немесе қамқоршылары өтеуге тиісті. Олардың бұл міндеті зиян келтірушінің жасы толғаннан кейін, сондай-ақ келтірілген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе еңбек табысы пайда болған ретте жойылады.

Егер азамат ұдайы спирт ішімдіктеріне немесе  есірткі заттарға салынса және өз отбасын ауыр материалдық жағдайға душар ететін болса, мұдделі адамдардың арызы бойынша сот оның әрекет қабілеттілігін шектеуі мүмкін. Мұндай адамдарға қамқоршылық белгіленеді. Мәміле жасау немесе басқа да азаматтық – құқық  қатынастарға түсу тек қамқоршының келісімімен ғана жүзеге асырылады. Егер жоғарыда көрсетілген азамат спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салынуын тоқтатса, онда сот оның әрекет қабілеттілігіне қойылған шектеудің күшін жояды. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленгін қамқоршылық та өз күшін жоюы тиіс.

Егер азамат жүйке ауруының салдарынан нмесе ақыл есінің кемдігінен өз әрекеттерінің мағынасын түсінбесе немесе не істегенін білмесе мүдделі адамдардың арызы бойынша сот оның әрекет қабілеттілігі жоқ деп тануы мүмкін. Осығын байланысты оған қамқоршылық тағайындалаыд. Азаматтық құқық қатынасқа оның атынан қорғаншы ғана түсе алады.

Сот мұндай шешімді қабылдамастын бұрын көрсетілген негіздерді егжей-тегжейлі тексеріп, медициналық сараптама тағайындауытиіс. Сонымен қатар, медицина мекемелері берген қорытында анықатама азаматтық әрекет қабілеттілігі жоқ деп тануына бірден – бір негіз бола алмайды. Мұндай шешімді тек сот қана қабылдауы мүмкін. Әрекет қабілеттілігі жоқ адам сауығып кеткен немесе денсаулығы едәуір жақсарған жағдайда сот оны әрекет қабілеттілігі бар деп таниды. Сот шешімі күшіне енген кезеңнен бастап, ол азаматқа тағайындалған қорғаншылық та өз күшін жояды.

Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану және оның салдары. Азаматтар азаматтық құқықтың негізгі субьектілерінің бірі болып табылғандықтан, олардың қатысуымен болатын құқық қатынастарының шеңбері де кең. Азаматтың ұзақ уақыт хабар-ошарсыз кетуі, оның өзі үшін, отбасы, тума-туыстары және онымен құқықтық қатынаста болған субьектілер үшін белгілі құқықтық ыңғайсыздық туғызуы мүмкін. Сондықтан да осы ақауларды жою үшін азаматтық құқықта қолданылатын институт осылай деп аталады.

Егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы бір жыл бойы деректер болмаса \, мүдделі адамдардың арызы бойынша сот оны хабар-ошарсыз кетті деп тануы мүмкін. Хабар-ошарсыз кеткен азамат туралы соңғы деректер алынғын күнді анықтау мүмкін болмаған жағдайда жоқ адам туралы соңғы деректер алынған айдан кейінгі айдың бірінші күні, ал бұл айды анықтау мүмкін болмаған жағдайда келесі жылдың бірінші қаңтары хабар-ошарсыз кетудің басталған күні болып саналады. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану үшін төмендегідей шарттар орындалуы тиіс: біріншіден, азаматтың тұрақты тұратын жерінде ол туралы ешқандай да деректер жоқ және ол бір жылдың көлемінде; екіншіден, ол туралы деректерді қоғамдағы мүмкіншіліктер бойынша (мысалы: полиция немесе басқа да құқық қорғау органдары) ала алмау. Егер азамат өзі жасаған қылмысы үшін немесе басқа да құқық бұзушылықтың негізінде жасырынып жүрсе, онда бұл азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тануға жол берілмейді.

Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану өз тарапынан белгілі құқықтық салдарға әкеліп соқтырады. Ол адамның мүлкіне сот шешімінің негізінде қорғаншылық белгіленеді. Осы мүліктен хабар-ошарсыз кеткен адам асырауға міндетті адамның салықтар мен басқа да міндеттемелер бойынша берешегі өтеледі. Сонымен бірге өзі берген немесе оған берілген сенімхаттың күші жойылады; тапсырма шарты да өз күшін тоқтатады.

Хабар-ошарсыз кетті деп танылған адам келген немесе оның туған жері белгілі болған жағдайда сот оны хабар-ошарсыз кетті деп тану және оның мүлкіне қорғаншылық белгілеу туралы шешімнің күшін жояды. (Азаматтық Кодекстің 30-шы бабы).

Азаматты өлді деп жариялау және оның салдары. Егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы үш жыл бойы деректер болмаса, мүдделі адамдардың арызы боыйнша сот оны өлді деп жариялауы мүмкін. Егер де азаматты өлім қатері тонген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болатын болса, онда жоғарыдағы көрсетілген мерзім алты ай көлемінде болуы да ықтимал. Мысалы, адам жер сілкіну, су тасқыны немесе басқа да жағдайларда жоғалып кетсе.

Сонымен қатар, тоқталып кетелік, азаматты өлді деп жариялау үшін алдымен оны хабар-ошарсыз кетті деп танудың қажеті жоқ.

Сот Азаматтық Кодекстің 28-ші бабында көсетілген ережелерді сақтамай-ақ, егер азаматты өлді деп жариялауға толық негіз болатын болса, ондай шешімдібірден қабылдауға толық мүмкіншілігі бар.

Соғыс қимылдарына байланысты хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшіні немесе басқа азаматты соғыс қимылдары біткен күннен бастап кемінде екі жыл өтеннен кейін ғана өлді деп жариялауға болады.

өлім қатері тұрған жағдайда немесе белгілі жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз боларлық жағдайда хабар-ошарсыз кеткен азаматты өлді деп жариялаған ретте, сот ол азаматты қаза тапты деп жорамалдаған күнді оның өлген күні деп тани алады, ал басқа реттерде, яғни хабар-ошарсыз кеткен адамның өлуі ықтимал күнді анықтауға мүмкіндік болмаған кезде, оны өлді деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген күн сол адамның өлген күні болып есептеледі.

Адамды өлді деп жариялау туралы заңды күшіне енген шешімнің негізінде азаматтық хал актілерін жазу кітаптарына жазба жасалады.бұл жазудың нәтижелері нақты өлім туралы жазудың нәтижелеріне тең. Сондықтан да азаматты өлді деп жариялаған соттың шешімі өзінің заңды күшіне енгеннен кейін мұра ашылуы, неке күшін жояды немесе басқа да құқықтық салдары болуы мүмкін.

Азаматты өлді деп жариялау тек болжамға ғана негізделгендіктен, бұл туралы шешім азаматтың құқық қабілеттілігіне ешқандай да нұқсан келтірмеуі тиіс, яғни айтқанда, азамат тірі болуы мүмкін, сөйтіп көптеген азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы ретінде өзіне құқықытар мен міндеттер жүктеуі ықтимал. Сондықтан да заң өлді деп жарияланған адамның тірі оралуынан туындайтын жағдайларды анықтайды.

өлді деп жарияланған азамат келген немесе оның тұрған жері белгілі болған жағдайда сот тиісті шешімнің күшін жояды.

Азамат өзінің қай уақытта оралғанына қарамастан, кез келген тұлғадан азамат өлді деп жарияланғаннан кейін сол тұлғаға тегін көшіп, сақталып қалған мүлікті қайтарып беруді талап ете алады. Егер өлді деп жприяланған адамның мүлкін оны мұрагері үшінші бір тұлғаға сатып, ол мүліктің сатып алу бағасын адам тірі оралған кезге дейін толық төлемеген болса, онда төленбеген соманы талап ету құқығы тірі оралған адамға көшеді.

өлді деп жарияланған азаматтың мүлкін ақылы келісім бойынша алған тұлғалар, егер мүлікті алған кезінде өлді деп жарияланған азаматтың тірі екенін олардың білгені дәлелденсе, бұл мүлікті қайтаруға, ал мүлік жоқ болған жағдайда, мүліктің құнын төлеуге міндетті. Мүлікті иеліктен шығарушы адам өлді деп жаряланған адамның мүлікті иеліктен шығыру кезінде тірі екендігін білген болса, мүлікті қайтарып беру немесе оның құнынң өтеу міндетін мүлікті алушымен бірге мойнына алады.

Егер өлді жарияланған адамның мүлкі мұргерлік құқық бойынша мемлекетке өтіп, сатылып кеткен болса, адамды өлді деп жариялау шешімінің күші жойылғаннан кейін оған мүліктің нарықтық бағасы ескеріле отырып, құны қайтарылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сонымен қорыта, келе азаматтық құқық – Қазақстан Республикасы құқығының саласы. Ол азаматтық құқықтық қатынастар деп аталатын қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық нормалармен реттелген қатынастар оның мәнін құрайды. Заттарды сатып алу-сату, сыйлау, заттарды (меншікті) иемдену мүліктік қатынастар.

Сонымен, азаматтық-құқық қатынастарға жеке, заңды тұлғалар қатысады. Сонымен бірге мемлекет, әкімшілік-аумақтық бірліктер де оған қатысушылар болып табылады.

Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлға ретінде танылады. Тұтастай алғанда, азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың (субьектілердің) бәрі құқықтарға ие болу мен міндеттемелер атқару мүмкіндіктері бойынша тең болады.

Субьектілер құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігіне ие болғаннан кейін азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысады. Құқық қабілеттілігі азаматтық құқықтарға ие болу және міндеттемелерді алу қабілеттілігі ретінде түсіндіріледі.

Адамның өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарды алу және жүзеге асыру, өзіне азаматтық міндеттерді белгілеу және оны орындау қабілеті әрекет қабілеттілігі деп аталады. Ол толықтай көлемінде кәмелеттік жасқа, яғни он сегіз жасқа толғанда туындайды.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. “Қазақстан Республикасының Мемлекеті мен Құқығының негіздері ” Алматы – 2003 жыл.
  2. “Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі ” Алматы “Жетіжарғы” – 2007 жыл.
  3. “ҚР-ның Неке және отбасы туралы Заң” 1998 жыл.
  4. Қ.И.Оспанов «Құқық негіздері» Алматы «Жетіжарғы» 2006 жыл.
  5. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» 2001 жылғы 10 қарашадағы заң күші бар Жарлығы.
  6. «Құқық негіздері» оқулық Алматы «мектеп» 2006 жыл
  7. «Қазақстан Республикасының Конституциясы» 1995 жыл 30 тамыз.
  8. Ғ.Төлеуғалиев «ҚР-ның азаматтық құқығы» Алматы -2001 жыл
  9. Н.Батырбаев «ҚР-ның азаматтық құқығы» Тұран -2007 жыл
  10. «Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі» 1994 жыл 27 желтоқсан. “Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі ” Алматы “Жетіжарғы” – 2007 жыл.

 

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Назира

1
Комментарии: 0Публикации: 167Регистрация: 25-12-2019

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля