АНТОНИМ

11 марта, 2018 17:37

 

Тіл-тілімізде тілдік бірліктердің мағыналары кейде бір-біріне қарама- қарсы келіп жатады. Мысалы: дабыра — ңүпия; дагдарыс — даму, даңгой — байсалдьі; дарақы — устамды; дөрекі — нәзік т.б.

Тіліміздегі осындай мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін антоним сөздерді түсіну үшін қарама-қарсылық дегенді анықтау керек. Өйткені тілімізде қайшылықты ұғымдар және қарама-қарсы ұғымдар кездеседі. Мысалы, сулы- сусыз, ауқымды — ауқымды емес, таза — таза емес сияқты сөздер қайшылықты үгымдарды білдіреді. Себебі бұл сөздердің мағыналары бір-бірін жоққа шығара отырып болымсыздық мәнде жұмсалады. Яғни бұлардың арасында аралық үғымдарды білдіретін сөздер жок. Бұлар тіл білімінде болымсыздық категория делінеді.

| Ал қарама-қарсы ұғымдардағы жұп құрайтын тіл бірліктері бір-бірін Кокка шығара отырып, затқа, құбылысқа жаңа баға береді. Мысалы: Журт кундер журттан артық байлық уіиін, Булайды біреу куіиін, біреу тусін. Не қылса да надандар алмақты ойлар, Мал антурган куйдіріп елдің ішін (Абай). Салынба қылсаң дагы сан қумарлық, Алдыңда уайым көп шошынарлық; Жарлылық, жальтышты, жалтаң, көздік, Суйкімді, икемі жоқ шалдуарлық. (Абай). Осы мысалдардағы байлық-жарлылық сөздерінің мағыналары бір-бірін коққа шығарып қана қоймайды, байлық сөзіне мүлде керағар жаңа жарлылық деген баға береді. Тіл білімінде мұнай сөздер антоним делінеді.

Антонимдердің ерекшеліктері Антонимдердің өзіндік ерекшеліктері бар:

  1. Антоним сөздер арасында ұғымдық жақындық болады. Антонимдік рұп қүрайтын сыңарлар белгілі бір сапаның қарама -қарсы бағасының атауы Іолып табылады. Мысалы: Жомарттың бергенін көріп, Сараңнын іші куйер (мақал). Жомарт жоқтыгын білдірмес, жуйрік тоқтыгын білдірмес (мақал). Қара тастан басқаның бәрі жадырап, Бір сараңнан басқаның бейілі енер |^бай). Бұл мысалдардағы жомарт — сараң сөздері біртектес ұғымдар. Сапаға

 

қатысты әр тектес ұғымдар антонимдік жұп кұрай алмайды. Мысалы: тәуір, жылы деген сөздер сапаға қатысты болғанымен антонимдік жұп құрай алмайды. Себебі бұлардың бірі сынды білдірсе, екіншісі температураны білдіріп, әртектес ұғымдарды анықтап тұр. Ендеше антонимдік жұп құрау үшін біртектес ұғымды білдіруі тиіс.

  1. Антонимдер кез-келген сөздермен тіркесе бермейді. Мысалы: суық- жылы деген антонимдер тек орынға, температураға байланысты зат есімдермен ғана тіркесе алады.
  2. Антонимдік жұп құрайтын сөздер бір сөйлем ішінде қатар келіп отыруы шарт емес. Антоним сөздің көп мағыналы болып келуі де мүмкін, сондай-ақ бір антоним сөздің бірнеше синонимі болуы тілде жиі кездеседі. Бірнеше антоним сөз бір ғана ұғымды білдіруі де мүмкін.
  3. Антонимдер — семантикалық құбылыс, яғни мағыналық қарама- қарсылыққа негізделеді. Сонымен қатар антонимдер лексиканың полисемия, синонимия, омонимия сияқты топтарымен араласып, астасып жатқан аса мол сала. Мысалы, Булардың, кейбірінің мінездері, Еш нәрсе көрмегенсіп бултақтаган. Кейбірі жайдары ашық боламын деп, Орынсыз адамдармен жартақтаган (Абай). Бурын да өзі аз сөйлеп өзгені көп тыңдайтын Иванов айрьщша бугін сөзге сараң, сырга тұйық еді. (Ә.Нұрпейісов)

Осы мысалдардағы жайдары — туйық деген антонимдік жұптың сыңарларының синонимі — ашық. Осы бірінші сөз «тұйыққа» қарсы мағынада қолданылып антоним болады.

Сонда жайдары — туйық, ашық — туйьіқ деген екі антонимдік жұп шығады.

Мұның алғашқысы адамға қатысты айтылады, ал екіншісі жұп адамға да, жансыз нәрселерге қатысты да қолданысқа түсе алады (ашық буьш, туйық буын, ашық адам, туйық адам).

  1. Антонимдер — лексикалық, грамматикалық стильдік жағынан аса икемді сөздер тобына жатады. Себебі оларға әр түрлі жұрнақтар жалғану арқылы жаңа сөздер туып, өрбіп жатады. Мұның өзі антонимдердің өріс аумағының кең екендігін көрсетеді. Мысалы: Сендерде бірлік болмаса, Алалылықтан өлеміз. Қорлық көріп душпаннан, қан соргалап кеудеден жара болып өлеміз. («Манас»).
  2. Бір-біріне қарсы мағыналас жұрнақтары (-лы, -лі, (-ды, -ді, -ты, -ті) мен -сыз, -сіз) арқылы жасалған сөздердегі мағына қарама-қарсылығы антонимдік қарама-қарсылықтан басқаша, яғни антонимдік мағына туғыза алмайды. Өйткені -лы, -лі екендігін көрсетсе, -сыз, -сіз жұрнағы белгілі бір затта не құбылыста сол сапаның жоқ екендігін білдіреді. Бұлар затқа, құбылысқа, жаңа баға бермейді. -сыз, -сіз болымсыздық категориясын туғызатын қосымша болып танылады.

Лексикалық жәпе стильдік аптонимдер

Тілімізде лексикалық антонимдермен қатар стильдік (немесе контекстік) антонимдер де кездеседі. Олар жарыса, қатар қолданылып

 

антоним ретінде қалыптаспаса да, белгілі бір контексте ғана қолданысқа түседі.

Мысалы: Үй отырып салбырап, Түзге шықса албырап, Кісіні көрсе қьілжыңдап, Қалжыңшылсып ыржыңдап (Абай).

Кейбір антоним сөздер көбінесе бір сөйлем ішінде қатар қолданылып, жалпылық мәнде жұмсалады. Мысалы: Үяламыз дегені көңіл үшін, Үсақ қулық бір гана өмір үшін. Татымды достық та жоқ, қастық та жоқ, Жігері жоқ маңызы жеңіл үшін (Абай).

Осы мысалдағы антоним сөздер сөйлемнің бірыңғай мүшесі қызметін атқарып, ыңғайлас жалғаулықтар арқылы байланысады. Сол сияқты қарсылықты жалғаулықтар немесе болымсыздық мәндегі сөздер арқылы байланысқан кейбір антонимдер тікелей қарама-қарсылық мәнде жұмсалады.

Мысалы: Ауру да емес, сау да емес, Қүрыды әл қуатым (Абай). — Онда қалжың емес, шынның өзі болганы. Неткен бәле? — деп Абайдың кейпі бүзылды (М.Әуезов).

Антонимдік контекстер альтернативтік мәнде жүмсалып, талғаулықты немесе ыңғайлас жалғаулықтар арқылы байланысады. Мысалы: Маржаны еді көңілдің сүйеуі бір, Соңгьі кезде өзгеріп о да қүргыр, жүрт өсегі бекер ме яки шын ба, Білуге де аныгын болмай-ақ жүр. (Б.Майлин).

Соз таптарыпап болгап антонимдер

Антонимдерге ең бай сөз табы- сын есімдер. Ал етістіктерден, зат есімдерден, үстеулерден азды-көпті кездессе, ал қалған сөз таптарынан өте сирек ұшырасады. Мысалы: Ашу түбі- түңгиық, батасың да кетесің, Ақыл түбі -желқайық, Мінесің де кетесің (мақал). Кең далалы, кең пейілді қазақпыз, Құл емеспіз еркін жанбыз, азатпыз (Қ.Аманжолов). Осы мысалдардағы антонимдер зат есімдердің түбір тұлғасында келіп белгілі бір мағыналық қарама-қарсылыққа негізделген: ашу-ақыл, қүл-азат.

Зат есімдерге тән антонимдер түбір және туынды түрінде қолданылады. Бүл жасқа келгенше жақсы өткіздік те, жаман өткіздік те, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік (Абай).

Зат есімдерге байланысты туынды антонимдік көбінесе -лық, -лік,- дық, — дік, -тық, -тік, -ыс, -іс, -с,-ық, -ік, -к, -ыш, -іш, -ш сияқты жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы, Кеңшілікте жараспаган, Таршылықта бастьірмайды маңайын. Сараң байдан сурасаңыз ат майын, Бермес үшін айта берер жоқ жайын («Шешендік сөздер»). Өкініш өкпе қысты, Өртенді өзек, ызага жан жәбірі шыдай алмай (З.Қалауова). Жузі нурланып, кеудесін қуаныш кернеп толықсыган Гүлжан қардай жауган сүрақтарга жауап беруден шаршамады (З.Шашкин).

Сын есімдерден болған антонимдер түбір және туынды күйінде де жасала береді. Мысалы: Жуан жіңішкергенше, жіцішке үзілер (мақал). Бүл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік (Абай). Алтын артқан бір есек Соларменен келеді. Ол жай жүрсе, жүрт та жай, Ол желсе, жүрт та желеді. (Абай). Кім де болса, қатты келе жатыр. Байқаңдаршы кім болды екен? Не хабармен жүрген жан екен.

 

(С.Мұканов).

Осы мысалдардағы жуан-жіңішке; жақсы -жаман; жай-қатты антонимдер түбір сын есімдер, яғни олардың қолданыс аясы өте кең. Ал туынды сын есімдер көбінесе -лы, -лі, -ды,-ді, -ты, -ті жұрнақтары арқылы жағымды сыңарларын жасаса, енді бірде -сыз, -сіз жұрнактары аркылы жағымсыз мағынада жұмсалынады. Мысалы, Ашулы адалтың сөзі аз болса, ыза, қуаты артында болганы (Абай). Ондайда адам сабырлы салқын келер, Айтқан сөзі салмақты алтын келер (А.Тоқмағамбетов). Жандыда балық улкен, жансызда қамыс улкен (макал).

Сол сияқты сын есімнің -гы, -гі, -қы, -кі жұрнақтары арқылы туынды сын есімдер жасалады.

Мен білетін жолдардың ізі ішіне қарай батыңқы болушы еді, мынау жол устіне қарай шыгыңқы (С.Мұканов).

Етістіктерден түбір және туынды түрінде антонимдер жасалады; Жиналган журт ішінде әрең сиган уйге ас та даярланган соң, іші ьісып кетті де, жанып турган керасин илам сөніп қалды (С.Мұқанов). Оксана Артемъевна қастерлеп ілген жауынгер суреті тапжылмай сол орында әлі тур (С.Омаров). Атамның характерін қорлама, бай, аш емен, болмасам да сендей малды (Абай).

Есімдіктер мен үстеуге қатысты антонимдер тілімізде көп кездесе бермейді. Есімдікке катысты анау-мынау, әне-міне, осьі-сол тәрізді сөздер ғана антонимдік жұп құрайды.

Антонимияға логикалы- танымдык ерекшелік тән. Логикалық қарама- қарсылык бір-біріне ешқандай байланысы жок ұғымдардың қарым- катынастарын сипаттайды.

Бұл қатарга контрарлық және контрадикторлык карама-қарсылық енеді, яғни ол қарама-карсылык пен қарама-кайшылык негізінде жасалады.

Антонимияны білдіретін лексикалык бірлікке жалпы инварианттылык тән, яғни, антонимдердің мағыналарында бір-бірін жокка шығаратын қасиеттің болуы тән.

Антонимия бірліктері жалпы семалар арқылы ортақтасады: жақсы — жаман-сапа (сема); узару-қысқару қашықтық (сема).

Сонымер қатар антонимдер өзіміздің төл сөздерімізге кірме сөздер арқылы да жасалады. Мысалы: бай (каз) -кедей (араб); кірме сөздер арасында да антонимдік жұп кұралады: пайда (араб)- зиян (парсы) т.б.

Тілімізде біршама сөздер жеке тұрғанда антонимдік жұп бола алмағанмен, белгілі бір контексте қарама-қарсы мағынада жұмсала алады. Оларды әдетте стильдік немесе контекстік антонимдер деп атаймыз.

Мысалы: Түйе урлаган да уры, түйме урлаган да уры (мақал). Осы мақалдағы түйе-түйме — контекстуалды антонимдер, яғни олар жеке тұрғанда антоним бола алмағанмен, мағына карама-карсылығы көбінесе контекске телулі болады.

Градуалды, привативті жоне эквиполептті антонимдік

Соңғы кезде зерттеушілер казак тіліндегі антонимдерді градуалды, приватнвті жөне эквиполентті антонимдік оппозицияларға ажыратып жүр[22].

Градуалды оппозициялардың мүшелері белгілі бір касиеттің ең соңғы шегіне дейінгі дәрежесін білдіреді. Мысалы: жақсы-тәуір-жаман деген мысалдағы жақсы-жаман антонимдік жұптың арасын дәнекерлейтін тағы бір соз болуы мүмкін. (мысалы: тәуір).

Привативті антонимиялық оппозициялар мүшелері арасында аралық элементтің болуы мүмкін емес. Бұл катарға әр түбірлі (бар-жоқ) және түбірлес (жанды-жансыз, таныс-бейтаныс) лексемалар енеді.

Эквиполентті антонимиялық оппозициялар мүшелері арасында тіл тәжірибесі аркылы орныкқан ассоциативті карама-қарсылык бар: кіру-шыгу, қашу-қуу т.б. Олардың оздерін 1) іс-әрекетке байланысты туындағын қарама- карсылықты лексемалар (кіру-шығу; куану-ренжу), лексикалық конверсивтер (жығу-жығылу, жеңу-жеңілу), үйлесімді үғымдарды білдіруші сөздер (үсті- асты, оң-сол) және жыныстық, туыстық нышандары (әке-шеше, бала-кыз), тәулік уақыты (күн-түн), әлеуметтік қатынастары (бай-кедей), т.б. мағыналык жағынан ажыратылмайтын жұптарға топтастыруға болады.

Қазақ тілі антонимдерінің өзегін градуалды оппозициялар кұрайды, ал привативті оппозициялардың жиілігі төмен де, эквиполентті оппозициялар өнімсіз қатарға енеді.

Тіл-тілдегі антонимдер бір сөйлемнің өз ішінде салыстырылып, қарама- қарсы қойып шендестіріп және ыңғайласып кезектесіп қатар жұмсалады.

Фразалық антонимдер

Тіліміздегі антонимдер фразеологияны да қамтиды. Фразалык антонимдер бглгілі контексте ғана мағыналары қарама-карсылыққа негізделеді. Олар көбінесе мақал-мәтелдерде жиі үшырасады: Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат. Кейде антонимдік жұп күрайтын фразалық тіркестерде мағынаға Негіз, өзек болатын бір сөз қайталанып отырады. Мысалы: Бақпен асқан патшадан Мимен асқан қара артық. Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық (Абай).

Орыстың ер жүрек галымдары жуздеген жылдар бойы шөл және жартылай шөл жерлерді зерттеп меңгеруге көп көңіл бөліп келді (Ә. Көкімжанов). Әйекең мен туспеймін десе, Сапардың қоян жүрексіц дегелі турганынан именіп, сыр бермей бақты (М.Иманжанов). Жасаулы жаудан бурылмай, жау жүрек жомарт қубылмай Жан біткенге жалынбай, жақсы өліпсің, апырмай (Абай). Сен су жүрек қорқақсың (А.Бек.).

Сонымен антонимия — мағыналары бір-біріне қарама-қарсы лексикалық бірліктердің семантикалык карым-катынасы. Олар да тілімізде синонимдер сиякты кеңінен колданылып, белгілі бір стильдік мәнде жұмсалады.

 

 

 

  1. Жалпы түркілік атаулардың жеке-жеке тілдік сипат алуы процесіндегі сөз семантикасының рөлі.
  2. Сөздің семантикалык кұрылымын аныктау мәселесі.
  3. Тіл жэне ойлау, сөз жэне ұгым арасындағы катыстылық.
  4. Түбірлес сөздер жэне ұғымдык кеңістік.

сөж

  • .Қазак тілінің лексика-семантикалык жүйесі.
  1. ¥ғым жэне сөз төркіні.
  2. Сөз мағынасының парадигмалық, синтагмалық және денотативтік катынастардағы көрінісі.
  3. Сөз мағыналарын классификациялау мәселесі.
  4. Сөз мағынасының түрлері.
  • тапсырма Мэтіндегі сөздердің мағыналарын түсіндірме сөздік бойынша анықтаңыз.
  1. Баланың қаз тұрып, тез жүріп кету оның денсаулығына байланысты. Ал баланың денсаулығына ана сүті аркылы оның бойына таралатын тағамдағы витаминдер ерекше әсер етеді. 2. Сэукеле — ұзатылган кыздың үйлену тойында киетін бас киімі. Сәукеленің күмістен жасалған төбелдірігі, маржан тізіліп жасалған салпыншак бетмоншағы болады. 3. Күйек қазан айының аяғында, карашаның бас кезінде алынады. Бэйге — қазақтың ұлттык ойыны, ат жарысы. Ат кұлағында ойнап өскен қазақ баласы үшін бұл ең кызықты ойын.
  2. Түйенің жабдығы жылкыныкінен мүлдем өзгеше болып келеді. Өйткені ол салт мініс үшін емес, жүк артуга ыңғайлы етіліп жасалады.

ІҚазақ ха.щының салт-дэстүрлері. Алматы, 1994.1

  1. ¥ғым мен сөз мағынасы арасындағы байланысты түсіндіріңіз.
  2. Сөз мағыналарының түрлерін атаныз және оларға мысалдар

келтіріңіз.

  1. Сөздердің тура жэне ауыспалы мағыналары дегенді калай

түсінесіз.

  • тапсырма. 1. Мәтіндегі сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарын ажыратыңыз да, олардың айырмасын түсіндіріңіз.

Адам баласына адам баласының бәрі — дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде — туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, кайғың, казаң, дене бітімің, шыккан жерің, бармак жерің — бэрі бірдей, ахиретке карай өлуің, көрге кіруің, шіруің, махшарда сұралуың- бэрі бәрдей, екі дүниенің жаксылығыңа рахатың —

50

бэрі бірдей екен. Біріңе-юірің қонақ екенсің, өзің дүниеге конақ екенсің, біреудің багына, малына күндестік кьілып, я көрсеқызарлык етіп, көз алартыспақ лайық па? Тілеуді кұдайдан тілемей, пендеден тілеп, өз бетіменеңбегімді жандыр демей, пэленшенікін эпер демек ол құдайға айтарлык сөз бе? Екі сөздің басын косарлық не ақылы, не ғылымы жоқ, тұра, өзімдікін жөн кыламын деп, құр “ой тәнір-ай” деп таласа бергеннің несі сөз? Оның несі адам?

/Абайдың “Қара сөзінен”/

  1. Синтаксистік шартты мағына мен фразеологиялық байлаулы мағына арасындағы айырмашылықты түсіндіріңіз. Ойыңызды мысалдармен дәйектеңіз.
  2. Сөздің стилистік қызметіне байланысты ажыратылатын сөз мағыналарының түрлерін атаңыз. Оларға мысалдар келтіріңіз.
  3. Сөз мағыналарына топтастыру жасаған галымдардың классификацияларындағы ұқсас тұстар мен айырмашылықтарды кесте арқылы көрсетіңіз.
  4. Синонимдердің мағыналық жакындығына карай бөлінісі (Адамға катысты синонимдер; жан-жануарларға байланысты айтылатын синонимдер).
  5. М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы синонимдердің берілуі.
  6. ІТлеоназм немесе плеонастикалық синтагма.
  7. Орфоэпиялық және орфографиялық варианттар.
  8. Лексикалық варианттардың жасалу жолдары.
  9. Түбірлес синонимдер мен сөз варианттарының айырым белгілері.
  10. Біртекті (гомогенді) омонимдердің туындауына әсер ететін уәждер (мотивтер).
  11. Омонимия құбылысы туралы жалпы тіл біліміндегі пікірлер.
  12. Омонимдердің, омофондар мен омографтардың ақын-жазушылар шығармаларында берілуі (каламбур тәсілі).
  13. Антонимдердің әр түрлі жұрнақтар жалғану арқылы жасалуы.
  14. Градуалды антонимдік оппозициялар.
  15. Привативті антонимдік оппозициялар.

сөж

  1. Синонимдердің зерттелуі.
  2. Синонимдердегі мағыналық, стильдік, сөз  қолданысындағы

реңктер.

  1. Синонимдердің фразалық тіркестердегі колданылу макасаттары.
  2. Сөз варианттарының зерттелуі.
  3. Орфографиялық, орфоэпиялык және морфологиялык тұлғалардың фонетикалық варианттары.
  4. Сөз варианттарынын грамматикалық түрі.
  5. Омонимдердің зерттелуі.
  6. Біртекті (гомогенді) омонимдер туралы кезқарас.
  7. Омофондар мен омографтардың өзіндік белгілері.
  8. Антонимдердің зерттелуі.
  9. Стильдік антонимдер.
  10. Антонимдердің түбір және туынды түрінде қолданылуы.
  • тапсырма

Төмендегі сөздердің синонимдерін кестеге салып, синонимдік катар кұрыңыздар, оларға үйытқы болып түрған тірек сөзді (доминант сөзді) көрсетіп тұсінік беріңіздер. Талдау үшін «Қазак тілінің түсіндірме сөздіктерін», «Қазақ тіліндегі синонимдер сөздігін» пайдаланыңыздар.

Биік, шаршау, жордемдесу, теңдік, бөтен, бүйрық, бұлақ ентігу, жалгасу, жалыгу, керемет, жүдеу, талантты, кенетген, уайым, қорлық, өлең, сынау, сыр, сыйлау.

  • тапсырма

Төмендегі үзінділерден бір-біріне синоним болып турган сөздерді тауып түсінік беріңіздер.

Қазыбек биге бір адам «Кім жакын, не қымбат, не қиын?» -деген сүраққа жауап беріңізші деп сүрайды. Сонда атақты би былай деп жауап қайтарады:

Тату болса- ағайын жақын,

Ақылды болса-апайың жақын.

Бауырмал болса- інің жақын Инабатты болса-келінің жақын.

Сыйлас болса- нағашың жақын.

Адал болса-досың жақын,

Еркелейтін немерең жақын,

Өз ұрпағың шөберең жақын.

Жан серігің жас кезіңнен Бәрінен де әйелің жақын.

Алтын ұяң — әйелің қымбат.

Құт- береке — атаң қымбат Аймалайтын -анаң қымбат,

Мейірімді -апаң қымбат.

Туып өскен -елің қымбат.

Кіндік кескен -жерің қымбат.

Ұят пен ар кымбат Өзің сүйген жар қымбат.

Арадан шыққан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқыласа, сөз қиын,

Жазылмаса дерт қиын.

  • тапсырма

Келтірілген үзінділерден омофондарды тауып жазып, жасалу

ерекіиеліктеріне талдау жасаңыздар.

Салты бар әр ғасырдың, әр уақыттың,

Үстады шылбырымнан ару аттың Сағынған ағасы мен ақ періште Беттеді ордасына аруақтың (X. Ерғ.)

Ол үлкен театрда отырғандай,

Үнінен найзағайдың от ұрғандай:

Немесе ұлы орыстың аспанында- Орнында періштенің ол тұрғандай (X. Ерғ.)

Жұпыны пұшпақтағы өңір енді,

Астыртын күйде болып күңіренді.

Осылай жадыраңқы өтіп жатты,

Күздегі сүмбіленің күні реңді (X. Ерғ.)

Талай бар ендігі қыз түлеп сенше,

Шынардай шыны бойы тік өскенше.

Аңсады Қүрман былай алдағаны

Ақ Дина «Дәурен» күйін түгескенше. (X. Ерғ.)

  • тапсырма

Түсіндірме сөздіктерден түбір және туынды омонимдерге бес мысалдан теріп жазып, оларға түсінік беріңіз.

  • тапсырма

Сөз варианттарының түрлеріне жеке-жеке сөйлем қүрап, олардың қалай жасалып түрганын түсіндіріңіз.

  • тапсырма

Заттар мен құбылыстардың сыртқы түлгаларындагы үқсастық тірек болган гомогенді омонимдерге мысал теріп, оларға түсінік беріңіз.

  • тапсырма

Антонимдік жұп құрайтын 10 мақалага түсінік беріңіз.

  • тапсырма

Стильдік немесе контекстік омонимдерге мысал теріңіз.

  • тапсырма

Төмендегі сөздерге карсы мағыналы сөздер ойлап табыңдар да, сөйлем кұрап жазыңдар.

Аң, қыс, дос, таза, жүқа, аласа, жаңа, терен, кою, сәтті, берік, жіңішке, ыстық, шапшаң, окай, асты, аз.

  • тапсырма Оқыған кітаптарыңыздан бес-алты омонимді теріп, алып, олардың әрқайсысы канша мағына білдіріп түрғанын түсіндірініз.
0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля