САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

6 мая, 2018 11:16

 

Сабактас кұрмалас сөйлем дегеніміз кұрамындағы сөйлемдері өзара тең дәрежеде болмай, бір-біріне тәуелді, бағына байланыскан кұрмалас сөйлемдерді айтамыз. Оның бір компоненті бағыныңкы, екінші компоненті басыңкы деп аталады. Олар бірі екіншісіне бағына байланысады да, бағыныңқы сыңары өз алдына дербес сөйлем болып танылмайды. Өйткені онда калыпты сөйлемге тэн касиеттердің көбі жоқ. Оның сөйлемдік мэні құрмалас сөйлемнің кұрамында айтылганда гана айкындала түседі: тіпті кей жағдайда басыңкы компонент бағыныңкы компоненттегі іс-кимылды эр қырынан айкындап, накты түсіндіру максатында колданылатын қосымша бір мүше тэрізденіп кетеді.

Үй төбесі кенет ашылып кетіп, маңайы нурга толган тәрізденді /Б.Майлин/. Тунде жылқышы уйықтап қап, қалың жылқы егіске түсіп кетіпті /М.Әуезов/.

Жалпы тіл гылымында құрмалас сөйлем, оның ішінде сабақгас құрмалас теориясы жөнінде пікір кайшылықгары болды. 1950 жылдың аяғына дейін осындай пікір етек алды. Мұндай пікір алшақтыктары қазақ тіл білімінде ғана емес, бүкіл түркология ғылымында да орын алды. Оны Н.З.Гаджиеванын мына сөзінен көреміз: “Қүрмалас сөйлем проблемасы -түркологиялык эдебиеттердегі ең даулы мәселе. Алуан түрлі, көп жағдайда, бірін-бірі жокка шыгарып жататын пікірлерді кездестіруге болады. Бұл — түркологтардың косемшелі, есімшелі, кимыл есім тіркестерінің қүрылыстарын эр түрлі түсіндірулерінен туындап отыр”, — (21 ,91) деп сабактас кұрмаластың кұрмаласу тәсіліндегі баяндауыштың кұрамы жайлы айтады.

Қ.Есенов өзінің “Сабақтас кұрмалас сөйлемнің негізгі типтері” деген макаласында: “Қазак тіліндегі сабактас сөйлемнің жасалу жолдарын өзара саралап тапшылағанда, жоғарыда аталған синтетикалық, аналитикалык және аналитико-синтетикалық тәсілдердің мұнда да ■кездесетінін байкауга болады”, — дей келе, жасалу тэсілін үшке бөліп көрсетеді ( 27,42).

Сабактас сөйлемнің жасалуымен қатар оның бағыныңкы сөйлемдерін ажыратуда да пікір қайшылықтары бар. Т.Қордабаев өз енбегінде “Сабактас кұрмаластың бағыныңкы компоненті де, эдетте, сөйлем деп аталады. Бірак олай аталғанмен мұнда калыпты сөйлемдерге тэн касиеттердің көпшілігі жок. Бұл шын мағынасындағы сөйлем емес, күрделі сөйлемнің бір бөлшегі, бір мүшесі ғана. Сондықтан мұның өмірі, тіршілігі сөйлемдік құрмалас сөйлемнің кұрамында айтылғанда ғана. Одан тысқары бұл колданылмайды да, сөйлем болып есептелінбейді де»,- дейді (11,260). Біз бұл пікірді қостамаймыз.

Құрмалас сөйлемдер туралы кұнды пікір айтушы М.Балакаев болды. Ол сабақтас кұрмалас сөйлемдердің кұрамына енген жай сөйлемдерінің өзінің жай сөйлемдік касиетін жоймайтындығын айткан еді. Сонымен бірге автор: «сабақтас сөйлемдердің синтаксисін айкындауда багыныңкы сөйлемнің кьтзметі ерекше. Сондықтан сабақтас сөйлем синтаксисінің басты обьектісі бағыныңкы сөйлем болады (13 ,44),- деп жазады.

Ал Н.Сауранбаев сабактас кұрмаласты тану жөнінде мынандай тұжырым жасайды: егер сөйлем ішінде компоненттердің дербес бастауышы болатын болса, онда ол сөйлем кұрмалас сөйлем болганы, ал сойлем бұдан озгеше болып шықса, ол бірыңғай мүшелі жай сөйлем болады (58,48). Әрине бұл жөнінде орыс, түркі жэне казак тіл білімінде каншама дау-дамай болды. Соның қорытындысы, нақты шешімі ретінде Н.Сауранбаевтың жоғарыдағы пікірін келтіруді жөн көрдік.

Бұл қазақ тілі бағыныңкыларын топтауда бағыныңқы сөйлем субъект- предикаттык қатынасқа негізделуіне жол ашады. Сабактас кұрмалас сойлемді дэл тануда субъект-предикаттық катынас ең басты белгі болып табылады.

Сонымен сабақтас құсрмаластың багыныңкы компонентін тануда төмендегідей ерекшеліктер меже етіп алынады:

  1. Багыныңкы компоненттің баяндауыш формасы есімше, көсемше, шартты рай тұлғаларымен бірге шылаулардың тіркесуі аркылы жасалып, шартты рай тұлғалы баяндауыштан баскасы өз бастауыштарымен жақ жағынан біркелкі болмайды.
  2. Багыныңкы компоненттің жеке, өз алдына бастауышы болады.
  3. Компоненттің белгілі мөлшерде сөйлемдік мағына дербестігі болады, яғни бұл компонент тұлғалык жагынан аякталып тұрмағанмен, толык сөйлемдік мағынага ие болады.
  1. Аталған компонентте тек тиянақсыз интонация ғана болады.

Сабақтас құрмаластың түрлері

Сабактас құрмалас сөйлемдегі басты мәселенің бірі — оның түрлерін саралау. Қазақ тіл білімінде сабактас сөйлемдерді мағыналык катынастарына карай бөлу кезінде орыс тіл біліміндегі сиякты функционалды принцип бойынша жүзеге асырылды. Яғни бағыныңкының кызметін жай сөйлемнің тұрлаусыз мүшесінің кызметімен бірдей деп есептеді. Содан барып анықтауыш багыныңкы, толыктауыш бағыныңқы, пысыктауыш бағыныңқы сынды терминдер пайда болды /А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев., Н.Сауранбаев/ ( 14,303).

Ал С.Аманжолов өзінің еңбегінде сабактас кұрмалас сөйлемдерді 13 түрге бөлді (2, 202-208). Мұнда ғалым бағыныңкы компонент пен басыңкы компоненттің карым-катынаска түсудегі екі арадагы магыналык мазмұны негіз етіп алынатын магыналык принципке сүйенді.

Қ.Есенов багыныңқы сөйлемдерді жіктеуде магыналық-тұлғалык принципті басшылыкка алды. Бұл жерде бағынынкы мен басыңкы компонентті аныктауда олардың магыналық мазмұны мен жасалу жолдары бірлікте алып карастырылады. Ол жалпы сабактастарды қатыстық багыныңкы, адвербиалды багыныңкы және ыңғайлас сабақтас сөйлемдер деп үш ірі топқа бөледі де, оларды ішінара саралайды (26,52). Қ.Есеновтың пікірі дұрыс нұска болып табылатындықтан, ғалымның сабақтас жайлы тұжырымдарына толық косыламыз. Енді түрлеріне тоқталайык.

Шартты багыныңқы сабақтас құрмалас. Сабақтастың бұл түрінде бірінде айтылған немесе баяндалған ойдың, жай-күйдің, я болмаса кимыл-әрекеттің келесі сөйдемде калай жүзеге асуының шарты көрініс табады.

Бір елді бір ел жақсы білсе, жақсы өнегесін алар еді /М. Әуезов/.

Себеп багыныңқы сабақтас құрмалас. Алгашкы компонентінде баяндалған іс-қимылдың, жай-күйдің себебін басыңкы компонент айкындап тұрса, немесе керісінше, басыңқы компонент істің салдарын көрсетіп, бағыныңқы компонент жай-күйдің себебін білдіретін болса, ондай сөйлемдерді себеп бағыныңкылы сабактас сөйлем дейді.

Киетін жылы киімдері болмаган соң, Әлипа көшеге шыққан жоқ /А.Маманов/. Қарсылықты багыныңқы сабақтас құрмалас. Бағыныңкы жэне басыңкы сөйлемдерде айтылатын ой, баяндалатын іс- әрекет бір-біріне карама-кайшы келетін сөйлемді қарсылыкты бағыныңкылы сабақтас деп атайды.

Әкесінің рұқсаты бола тұра, Гүлнар Байжанды осы Марфуганың сөзіне қарап түсірмеді /С.Мұқанов/.

фісзгіі бпгыныңқііі—евбақщас құрмалас. Құрамындағы жай сөйлемдердін алдыңғысы соңғысында көрсетілген іс-әрекеттің, кимыл, оқиғаның мегілін, кай уакытта орындалатьшын білдірсе, ондай сөйлемдер мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деп танылады.

Абай Семейге кеше келгенде, Михаилов оган орыс классиктерінің еңбектерін көрсетті /М.Әуезов/.

Амал (қимыл-сын) багыныңқы сабақтас құрмалас. Баяндалған жай-күйдің, іс- әрекеттің сабақтас сөйлем күрамындағы жай сөйлемдердің бірінде амалын, сапасын, сынын білдіріп тұрса, онда ол амал бағыныңқылы сабактас сейлем деп аталады.

Ар-үят, намыс, кек — бәрі ортақ болган соң, әскер достыгы терең бір магына табады /Ғ.Мүсірепов/.

Мақсат багыныңқы сабақтас қүрмалас. Басыңқыда баяндалған іс-әрекеттің бағыныңқы сөйлемі мақсатын білдіретін сөйлемді мақсат бағыныңқылы сөйлем дейді.

Үйлерді күртіктер баспау үшін, қыстың басында ауылды және үйлерді жагалай қамьістан қалқан үсталады /С.Мүқанов/.

Салыстырмалы багыныңқы сабақтас қүрмалас. Бұл сөйлем кұрамындағы жай сөйлемдердің баяндайтын іс-әрекет, окиғалары салыстырыла көрсетіледі.

Ой басқан Шыганақты Мүхит сергітсе, елеске ерген Олжабекті жақсы жора сергітті /Ғ.Мүстафин/.

Мезгілдес багыныңқы сабақтас қүрмалас. Мезгілдес сөйлем компоненттерінде бір мезгілде я болмаса біріне-бірі жалғаса, іле-шала, сондай-ак сәл уақыт салып болған қимылды, көріністі баяндайды.

Үй тігіліп жатса, тжүк жиналып жатыр /Ғ.Мүсірепов/

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля