“АТИЛЛА” ДАСТАНЫ

23 ноября, 2017 18:23

 

Атилла» дастаны — ғүндардың Еуропаға қоныс аударып, Еділ (Атилл) өзені мен Атлант мүхиты аралығында билік жүргізген дәуірін жыр еткен туынды. Сол себепті бүл дастан кезінде ғүндардың ата мекені болған үланғайыр қыпшақ даласында емес, сол көшпелі тайпалардың ерлік шайқастар жасаған жері — Еуропа елдерінде жақсы мәлім еді.

„Атилла» дастанының түпнүсқасы — көне қыпшақ тілінде сақталмаған. Бүл дастанның жекелеген үзінділері мен сюжеттік желісі ежелгі заман тарихшылары Геродот, Ктезий, Полиэн, Харес Митиленский еңбектері және „Нибелунг туралы жыр“, „Вальтария» деп аталатын герман эпосы арқылы бізге жеткен. Қадым заман тарихшылары Прискас және Джорданес сияқты ғүламалар ғүндардың үлы көсемі, ержүрек Атилла жайында қүнды деректер жа- зып қалдырған. „Атилла» дастанын зерттеуші Н. С. Банар-

 

лы, Ф. Көпрүлүзаде, Б. Р. Рахмети сияқты түрік ғалымдары негізінен осы жоғарыда аталған кітаптарға сілтеме жасай- ды.

Ғүндар туралы қысқаша айта кетейік. Тарихи деректер бойынша, ғүндар — қазіргі Қазақстан, Орта Азия мен Шығыс Түркістанда біздің заманымыздан бүрынғы III—I ғасырларда жасаған түркі тілдес тайпалардың арғы тегі бо- лып табылады.

Біздің жыл санауымызға дейінгі III—I ғасырларда ғүндар бір орталыққа бағынатын, аса қуатты мемлекет қүрды. Олар Еділ мен Орхон өзендері аралығын, яғни Тур- фан, Бесбалық, Жетісу өңірінен бастап, Алтай мен Саян тауларына дейінгі даланы, Арал және Каспий теңізі жағалауларын мекен етті.

Күн санап күшейіп келе жатқан көршісінен қатты жасқанған табғаш елі (Қытай) ғүндардан қорғану үшін өздерінің „үлы қорғанын» салуға кірісті. Әйтсе де бүл биік қорған оларға пана болмады. Ғүндардың үлы көсемі Мөде (біздің заманымыздан бүрынғы 209—174 жылдары өмір сүрген) бастаған әскер табғаштарды күйрете жеңіп, тізе бүктірді. Енді табғаштар бүрынғыдай ғүндарға үстемдік етуден ғана емес, сонымен бірге, өздерінің мемлекеттік тәуелсіздігінен де айырылып қалды. Олар жыл сайын көп мөлшерде ғүндарға салық төлеп түратын болды. Ғүндар мемлекеті 24 үлысқа бөлінетін. Әрбір үлысты белгілі бір әкім яғни „тәңірқүт» басқарды. Ғүндар елінің осы 12 тәңірқүты үлы қағанға тікелей бағынатын болған.

Ғүндардан сан рет ойсырай жеңіліп, оларды әскер күшімен бағындыру қиын екендігіне әбден көзі жеткен табғаш әміршілері енді айла-шарғы істеуге көшеді. Олар ғүндардың бектері мен тәңірқүт-әміршілеріне табғаштың „асыл текті хандарынан туған» сүлу қыздары мен қымбат қазыналарын сыйға тартып, әрі бектерді бір-біріне айдап салып отырды. Бертін келе жазылған „Күлтегін» жырының сөзімен айтқанда, табғаштар:

Алтынды, күмісті.

Дақылды, жібекті Соншама көп беріп,

…Тәтті сөз, асыл дүниесімен —

алдап жүріп ғұндарды жеңді

Табғаштардың осындай зүлымдық әрекеттері салдары- нан ғүндардың қуатты мемлекеті іштей ыдырап, екіге бөлініп кетті. Олар көне тарихта: Шығыс ғүндар елі және

Батыс ғүндар мемлекеті деп аталады. Шығыс ғұндар бірте- бірте өздерінің тәуелсіздігінен, „ғундар» деген атынан, тілінен, тіпті жерінен айырылып баск,а тайпа ұлыстар қүрамына еніп кетті.

Ал, табғаштарға бағынбаған Батыс ғүндар мемлекеті өзінің тәуелсіздігін сақтап қалды. Олар Алтайдан Қара теңізге дейінгі үлан ғайыр өлкені алып жатқан, қуатты мемлекет қүрды. Біздің заманымыздан екі ғасыр бүрын ғүндар Шығыс Еуропа еліне осылайша көрші болды.

Бертін келе (450—480 жылдары) ғүндар Арал теңізі мен Днепр (Борисфен) өзені аралығын толық жаулап ал- ды. Өзін Мөде қағанның он бесінші атадан кейінгі үрпағы санайтын Баламыр Еділ бойына өз ордасын орнатты. Бүл кезде ғұндар мен Византия мемлекеті аралығында герман тайпалары бар еді. Баламыр біздің заманымыздың 374 жылы осы тайпаларды күйрете жеңіп, бүкіл Орталық Еуропаны өзіне қаратты. Ал, оның баласы Жүлдыз қаған түсында ғүндар Атлант мүхитына дейін жеткен еді.

Жүлдыздың баласы Қаратон 4 10—4 15 жылдары билік қүрған, оның баласы Мунжук 415—422 жылдары мемлекетті басқарды да, ал 434 жылы ғүндар тағына Мун- жуктың жиені Атилла отырды.

Атилла түсында қыпшақ даласынан барған ғүндар мейлінше күшейе түсті. Атилла билік жүргізген кезде ғүндар империясының шекарасы Еділден бастап, қазіргі Франция жеріне дейін жетті. Ла Маныш бүғазында Атил- ланың шекара күзетшілері түрды. Ғүндар тағында Атилла отырған жылдарды тарихшылар „ғүн империясының алтын дәуірі» деп атайды.

Дәл осы арада оқырманға ескерте кететін бір жәйт бар. Қыпшақ даласынан барған ғүндарды сол Атилла зама- нының өзінде-ақ Батыс Еуропада — «куманы» («куман- дар»), Орталық Еуропада, яғни славян елдерінде „половцы» («половецтер»), ал Шығыс елдерінде „қыпшақтар» деп атаған. Демек, Атилла басқарған ғүндар империясының негізгі этностық тайпалары қыпшақтар, яғни қазақтардың да арғы ататегі болып табылады.

Міне, „Атилла» дастанынан осы жоғарыда айтылған та- рихи оқиғалардың жалпы желісін аңғаруға болады. Дас- танда ғұндардың үлы көсемі Атилланың Еуропаға жасаған жорықтары, ғүн әскерінің жеңістері, олар жаулап алған қамал-қалалар жырланған.

„Атилла» дастанында мынандай бір қызықты эпизод бар. Ғүндар уәдеге берік, өліп кетсе де антын бүзбайтын жандар ретінде кезінде күллі Еуропаны таңдандырған екен.

Ел басқарған Атилла да осы дәстүрді берік үстаған. Атилланың үлы бабасы Баламыр 374 жылы қасиетті Рим папасы отырған Византия еліне ғүн әскерін енгізбеймін, қайта оны сыртқы тағы тайпалар шабуылынан қорғап түрамын деп уәде берген екен.

Шынында да, Атилла бүкіл Батыс Еуропаны тізе бүктіріп, өзінің астанасын Мажарстанға (Венгрия) көшірген кезде де Византияға тиіспеген. Алайда бүл келісім-шартты алдымен Византия жағы бүзады. Олар ғүндар империясын іштей әлсірету мақсатымен түрлі ас- тыртын әрекеттер жасауға кіріскен. Рим әміршілері Атил- лаға наразы болып жүрген ғүндардың бектерін, қызметінен айрылып қалған, бүрын әскербасы болған адамдарды, кедейлене бастаған ханзадаларды қүпия түрде өздеріне қонаққа шақырып, „егер Атиллаға қарсы шықсаңдар біз сендердің ел билігін өз қолдарыңа алуға көмектесеміз» деп азғырған. Әйтсе де бірде-бір ғүн өз елін сатпаған. Қайта олар Римде есіткен сөздерін тікелей Атил- лаға жеткізіп отырған.

Бір қызығы — бүл мәселе Рим сенатында қаралған. Се- наттың шешімі бойынша, Византия өзінің бүрынғы жаула- ры — кельт, гот, вандал, бергун тайпаларымен астыртын одақ жасап, 200 мың нөкері бар, жақсы қаруланған, қуатты әскер жасақтаған. Ал, Атилланың бар әскері неба- ры 100 мың адамнан тұратын.

Бір-біріне қарсы шыққан екі жақтың әскері Каталаун жазығында (қазіргі Орлеан қаласына жақын жерде) кез- деседі.

Міне, „Атилла» дастанында негізінен осы Каталаун шайқасы суреттелген. Рим әскерін кезінде есімі мәшһүр болған, даңқты қолбасшы Аетиус бастап келеді. Ғүн әскерін шайқас алаңына Атилланың өзі бастап шығады.

Дастанда екі әскердің бір-біріне жақындап келе жатқан үрейлі сәті бейнеленген. Үшы-қиыры жоқ көп әскер атының дүбірінен жер дірілдеп түрғандай сезіледі. Сол кездегі соғыс дәстүрі бойынша, екі жақтың әскері арасында садақтың жебесі жетерліктей жер қалғанда екі Әскер де кілт тоқтайды. Өйткені ортаға екі жақтың әскер басшылары шығып, жекпе-жек шайқаста күш сынасып көруі шарт еді.

Қолындағы үзын сапты көк байрағын жанындағы серігіне беріп, ақбоз атқа мінген Атилла жалма-жан ор- таға шықты да, қарсыласын күткен бойда кірпік қақпай қалшиып турып қалды. Алайда қарсы жақтан шайқас алаңына ешкім шыға қоймады. Жирен атқа мінген әскерінің қолбасы Аетиус ту устаған күйінде тырп етпей мелшиіп тұра берді.

Бір кезде Атилла күн күркірегендей зор дауыспен айғайлап:

— Ей! Аетиус! Шық бері! Римді үятқа қалдырма!— деді.

Алайда Аетиус қозғалмады. Оқты көзін Атиллаға қадаған күйінде түра берді. Бір сәт ол мойнын бүрмай, ат үстінде бойын тік үстаған күйінде өз тілінде бірдеңе деп күбір ете қалды. Сол-ақ екен үсті-басына түгел темір сау- ыт киген, қолында үзын найзасы бар, қаракер атты жау- ынгер Атиллаға қарай оқтай атылды. Қас қағымда Атилла оны ат үстінен қағып түсірді. Мүны көріп түрған 200 мың Рим әскері Атиллаға қарай лап берді. Көзді ашып жүмғанша, әп-сәтте қанды шайқас басталып кетті. Темір қару-жарақтың сатүр-сүтыры, адамның жан үшыра шыңғырған үрейлі дауысы күні бойына бір сәтке де толас- таған жоқ. Тек күн батып, қас қарайған кезде ғана екі жақтың әскері де өз шептеріне қарай шегініп, уақытша шайқасты тоқтатты. Шайқас алаңында қан судай ағып, адам өліктері тау-тау болып үйіліп жатты.

Ертеңіне күн шыққан бойда шайқас қайта басталуы керек еді. Алайда Рим әскері орнында болмай шықты. Түнде қашып кетіпті. Мүны көрген Атилла әскерін бастап, Римге қарай бағыт үстады.

Атилла әскері Рим қақпаларына жақын келген кезде бүлардың алдынан Рим папасының өзі бастаған бір топ діни адамдар шықты. Олар Атиллаға Рим сенатының шешімін әкеліп тапсырды. Византия сенаты бүл қаулысында: „Атиллаға түгел бағынамыз, айтқанын істейміз, қазынаның бар байлығын береміз, тек ол қасиетті қала Римді өртемесін, бүзбасын» депті.

Бүл өтінішті Атилла қабылдады. Алайда қақпалары ашық тұрған қалаға Атилла кірген жоқ. Ешнәрсе алған жоқ. Атилла бастаған қалың қол Рим қақпалары түсынан үн-түнсіз өтіп, Батысқа қарай жүріп кетті.

„Атилла» дастаны осы оқиғамен бітеді. Алайда, тарихи деректер бойынша, Атилла әскері кеткен бойда-ақ герман тайпалары (гот, кельт, бургун) Римге басып кіріп, бірнеше күн бойы қаланы талан-таражға салады. Ел басқарған әкімдер мен ғалымдарды, әскер басыларын, басқа діндегі адамдарды орталық алаңға шығарып өлтіріп жатты. Ақыры Византия империясы осылайша қүлады.

 

Аңыз бойынша, Дунай бойындағы жорық кезінде Атилла аса сулу Ильдико деген қызға үйленеді. Одан та- раған Илек, Денгезек, Ирбек деген үш үл баласы болады. Олар әкесі Атилла 452 жылы қайтыс болған соң ғүндар империясын басқарады.

Бір қызығы — ғұндар өздері жаулап алған елдерде қалып қоймаған. Атилла өлген соң араға жүз елу жылдай уақыт салып барып олар өздерінің байырғы атамекеніне, яғни қыпшақ даласына, Жетісу жеріне, Шу мен Сырдария бойына, Турфан мен Бесбалыққа қайта қоныс аударған. Ержүрек ғүндар қайтадан Еділден бастап, Орхон өзені, Алтай, Саян тауларына дейінгі өлкелерді, қыпшақ даласын өздеріне толық қаратып алады. Қытай әскерін „үлы қорғанға» дейін тықсырып салады.

Бүл кезде болашақ үлы Түрік мемлекетінің іргетасы біртіндеп, енді ғана қалана бастаған еді. Араға екі ғасырдай уақыт салып барып қана, дәлірек айтсақ, сегізінші ғасырда Түрік қағанаты (552—745 ж.) тарих сахнасына шықты. Түркі халықтарының ресми тарихы осы кезден басталады.

„Атилла» дастаны сюжетінен мынандай жәйтті аңғару қиын емес: Мүнда барлық оқиғалар басты қаһарман Атил- ла төңірегінде өрбіп жатады. Басты қаһарманның ағайын- жүрты, дос-жараны, олардың өзара қатысы, қуанышы мен күйініші, жау адамдарының іс-әрекеттері дастанда жан- жақты баяндалады. Дастанда оқиғаның басты қаһарман төңірегінде дамып-өрбуі, яғни оқиғаны тізбектеп жырлау әдісі қазақтың батырлар жырында да кеңінен қолданылады. Бүған „Ер Тарғын» және „Қобыланды ба- тыр» жырының композициялық қүрылысы дәлел.

Әрине, қазақтың батырлық жырларының тарихи негіздері бар. Ал, „Атилла» дастаны өмірде болған тарихи түлғаны жырлауға арналған. Соның өзінде, мұнда тарихи деректермен бірге Атилла жөніндегі түрлі аңыз-әфсаналар да көрініс тапқан.

Сөйтіп, „Атилла» дастаны — түркі халықтарының ежелгі ата-тегі саналатын ғүн тайпаларының Еуропаны қоныстанған кездегі өмірін бейнелейтін ерлік жыры.

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля