Майлау жүйесінің қолданылу мақсаты мен кемістіктері.

23 ноября, 2017 18:33

Қозғалтқыштың майлау жүйесі үйкелу салдарынан куатты жоғалтуды азайту үшін, бөлшектердің тозуын азайту үшін, оларды коррозиядан сақтау үшін, үйкелістегі беттердегі металдың түйіршіктерінен тазалау максатында үйкелістегі беттер тоқтаусыз маймен қамтамасыз етілуі қажет.

 

Майлау жүйесінің жарамды жағдайынан, өз кезегінде, техникалық қызмет көрсетіп жэне пайдалану кезінде кемшіліктерін жою қозғалтқыштың сенімді жұмыс істеуіне үлкен ықпалын тигізеді. Автомобильді пайдала- ну кезінде эрдайым қозғалтқыш картеріндегі майдың мөлшерін тексерген жөн. Уақытылы майды ауыстырып, сүзгілерді тазалап және жуу, майда тазалаудың сүзгіш элементтерін ауыстыру қажет. Майлау жүйесіндегі майдың қысымын қадағалап, сүзгілерден, қозғалтқыш картерінен, май құбырларының жалғаныстарынан жэне май радиаторынан майдың ағуына жол бермеу керек.

Алғашқы 5 мың шақырымнан кейін автомобиль қозғалтқышының май- ын ауыстыру қажет. Содан кейін эр 10-15 мың шақырым жол жүргеннен кейін май ауыстыруды қайталап отырады. Автомобильді суық климат- та, таулы жерлерде, жаман жолдарда, ауылдық аймақтарда пайдалану жағдайында майды жиі-жиі ауыстырып отырады. Майды ауыстырумен бірге сүзгі элементтерін де ауыстыру керек. Майсүзгіні шешкен кезде, одан май ағады. Сондықтан оның астына май жиналуы үшін ыдыс қою керек. Сүзгі ернемегін бензинмен жуып, резеңке тығындарын жеңіл-желпі майлап, орнына орнатады жэне қозғалтқыш картеріне таза май құяды.

Майлау жүйесі жұмысында қандай да бір кемістік байқалса, бірінші кезекте май көлемін тексеру керек, содан кейін май тұтқырлығы, аспаптар жұмысының дұрыстығы, майсорғының ақаусыздығы тексеріледі.

Автомобиль көлігін пайдаланған кезде майлау жүйесі өне бойы келесідей: май көлемінің төмендеуі, жүйедегі қысымның жоғарылауы жэне төмендеуі, майдың ластануы, қозғалтқыш картерін желдету жұмысының бұзылуы, майдың жоғарғы мөлшерде шығындалуы сияқты кемшіліктер ұшырасады.

Май көлемі төмендеуінің себебі тығыздамалардың тозуынан, майдың жанып кетуінен, иінді білік тығыздығының толык болмауынан, майсорғының тығыздығын жоғалтуынан болады.

 Қозгалтқыіитың майлау жүйесінің құрылысы мен жұмыс
істеу принципі сұлбасы:1 — картер табандыгы; 2 — торлы сүзгілі май қабылдагыш; 3 — майсоргы;

4 — редукциялық клапан; 5 — толық агымды сүзгі; 6 — өткізгіш клапан;

7 — май қысымын көрсеткіш сезгі; 8 — басты магистраль; 9 — тұрқылықты ішпекке
майды беру арнасы; 10 — күйенте өсі; 11 — таратқыш білік; 12 — клапан жетегінің
күйентесі; 13 — газ тарату механизміне майды беру арнасы;

14 — білік беті мен мойнындагы тесік

Майлау жүйесі қысымының жоғарылауының себебі жүйе арнала- ры мен майсүзгінің ластанып бітеліп қалуынан, жоғарғы тұтқырлықты майды қолданғаннан, май қысымы сезгісінің ақауынан, редукциялық клапанның ақауынан болады.

Жүйедегі май қысымының төмендеуінін себебі май көлемінің төмендеуінен, редукциялық клапанның қыстырылып қалуынан, майсорғы бөлшектерінің тозуынан, таратқыш білік пен иінді білік мойынтіректерінің тозуынан болады. Қыздырылған қозғалтқыш бос жүріс режимінде жұмыс істеген кезде майлау жүйесіндегі май қысымы төмендегенде, бірінші ке- зекте картер табандығындағы май көлемін тексеру керек.

 

 Майлау жүйесіне техникалық қызмет көрсету
Күнделікті ңызмет көрсету — автомобильді пайдалануға шығару алдында, қозғалтқышты іске қоспай тұрып, картер табандығындағы май көлемін тексереді (автомобиль жазық алаңда тұруы керек). Автомобильді төменгі көлемді маймен пайдалануға рұқсат етілмейді (төменгі көлем майдың қызып кетуіне және майдың сұйықталуына әкеліп соқтырады) жэне көрсетілген белгіден артық май құюға да болмайды (белгіден артық май құйылса, айналыстағы бөлшектерге шамадан артық май шашыла- ды, мысалы, цилиндр айнасына шамадан артық май шашылса, поршень сақинасы майды толық сүртіп алмайды, май жану камерасына өтеді, соның салдарынан қозғалтқыш түтіндеп, тұтандыру білтелерінің элек- тродтары майланады және олар істен шығады). Жолда қозғалтқыштың эртүрлі жұмыс істеу режимінде манометрдің көрсетуін бақылап отыру кажет.

Картер табандығындағы май көлемін қармауыш көмегімен қозғалт- қышты іске қосар алдында немесе қозғалтқыш тоқтағаннан 3-4 ми- нут өткеннен кейін тексереді. Май көлемін тексеру үшін қармауышты шығарып алып, оны матамен сүртіп, орнына қайта орнату керек. Со- дан кейін қармауышты шығарып, майдың ізін қараймыз. Майдың ізі оның көлемін білдіреді- Майдың қалыпты көлемі жоғарғы жэне төменгі белгісінің арасының ортасында болуы керек.

Бірінші техникалыц қызмет көрсету (ТҚК-1) кезінде жүйенің тығыздығына мұқият көңіл бөліп, күнделікті қызмет көрсету жұмыс- тарын толықтай орындэу қажет. Қызмет көрсету барысында төсемелердің тартылысының бос болуынан немесе бұзылуынан майдың ағуын тексереді. Сонымен катар құбыршектердің, май құбырларының, май радиаторының жалғаныстарынан, майсүзгі элементтері бекітілісінің дұрыс болмауы себепті майдың ағуын тексереді. Көп жағдайда иінді біліктің алдыңғы немесе артқы мойынтіректерінің тығыздамаларынан май ағуы байқалады. Сондықтан ТҚК-1 кезінде майдың ағуы мүмкін жерлері мен қозғалтқыштың сыртында орналасқан майлау жүйесінің элементтеріне бекіту жұмыстарын жүргізеді. Жүйедегі май қысымын тексеру қозғалтқыш жұмыс температурасына дейін қызып тұрған кезде әртүрлі жұмыс режимінде тексереді. Аспаптар қалқанында орналасқан көрсеткіште қозғалтқьіштың жоғарғы жылдамдық режимінде Ка- мАЗ-740 автомобильдерінде май қысымы 0,4-0,55 МПа болуы қажет. Ал бос жүріс режимінде майдың қысымы көрсеткіш қалыптыдан 0,05-0,08 МПа, ал дизельді қозғалтқыштарда 0,1 МПа-дан төмен болмауы қажет. Қозғалтқышты май қысымының апаттық белгі беретін шамы жанған кез- Де пайдалануға болмайды.

 

Екінші техникалық қызмет көрсету (ТҚК-2) кезінде ТҚК-1 жұмыс- тарына коса, майлау жүйесінің ақауы бар қолжетімді бөлшектеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге немесе оларды ауыстыруға болады.

Қозғалтқыштың тез тозуының және жағдайының карқынды өзгеруінің себебі оның ұзақ мерзім қалыпты емес режимде жұмыс істегенде (сал- қындату сұйықтығының температурасы 60°С-тан төмен немесе 100°С-тан жоғары), майға салқындату сұйықтығы түскенде, цилиндр-поршеньді топ бөлшектері тозғанда, басқа май сорты қолданылғанда болады.

Майдың қарқынды шығыны (май көлемінің қалыпты шамасынан авто- мобиль 1000 шақ. жол жүргенде «МШ» белгісіне дейін төмендеуі): оның ағып кетуінен, қозғалтқыш цилиндрінің немесе поршень мен поршень сақиналарының тозғанынан, поршень сақиналарының сынуынан, пор- шень арнасы мен майды сүртіп алатын сақина кескінінің кокстануынан, клапан стерженінің немесе бағыттағыш төлкелердің тозуынан, картерді желдету жүйесі жұмысының бұзылуынан болады.

Қозғалтқышты мұқият тексергенде, төсемелерден аққан май- ды анықтауға болады. Таратқыш білігі жетегінің қақпағын, клапан механизмінің қақпағын, цилиндр блогын, май тазалау сүзгісін, май құюға арналған тесікті, май қысымын анықтайтын сезгінің жалғастығын жэне май көлемін тексеруге арналған қармауыштың тығыздығын мұқият тексеру қажет. Егер тексеру барысында аз көлемде болса да майдың аққаны анықталса, онда майлау жүйесінің тығыздығы төсемелердің, тығыздамалардың немесе бекітілісінің босап кетуі орын алған. Егер қозғалтқыш картері табандығының төсемесінен май аққан болса, онда оны шешіп, төсемені ауыстыруға болады. Қозғалтқыш картері табандығыньщ төсемесін ауыстыру үшін барлық автомобильдер қозғалтқышының май- лау жүйесінен майды ыдысқа құйып алып, барлық бұрамаларын ағытып, картер табандығын шығарып, ескі төсеме қалдықтарынан табандықты жэне цилиндрлер блогын тазалау қажет. Содан кейін ғана жана төсемені орнатып, оның бетіне тығыздағыш жағып, картер табандығын орнатып жэне бұрамаларын қатайту қажет. Бұрамаларды қатайту барысында олар- ды қатты тартуға болмайды. Шамадан артық қатайтып жіберсек, төсемені сығып және бұрамаларды үзіп алуымыз мүмкін. Картер табандығын ор- натып болған соң, майды құйып, жалғаныстарынан майдың ағып тұр- мағанын тексеру үшін бақылау жүрісін жүргізеді, керек болған жағдайда бекітілістерін қайта қатайтады.

Майдың тұтқырлығы оны ұзақ мезгіл ауыстырмағанда немесе картерді желдету жүйесі дұрыс істемеген кезде төмендейді. Майдың тұтқырлығы оның этикеткасында 8АЕ әріптерінен кейін көрсетіледі. Үлкен немесе кіші \¥ эрпі жылдың суық мезгіліне арналған май сорттарында қойылады. Мы- салы, 8АЕ 5 \Ү, 8АЕ 10 \Ү. Жылдың жылы мезгіліне арналған май сорт-

 

тарында эріп қойылмайды: 8АЕ 30. Жылдың барлык мезгіліне арналған май сорттарында алдымен суық, ал содан кейін жылы мезгілге арналған майдың көрсеткіштері қойылады: 8АЕ 10 \Ү-50, 8АЕ 15 XV 50, 8АЕ 10/XV 30.

Өз уақытында картерді желдету жүйесінің бөлшектерін тазалап және жуып тұру қажет.

Картерді желдету жүйесі жұмысының жағдайын ауа сүзгісіне жэне карбюраторға май түскенінен, майдың қарқынды шығындалуынан байқауға болады.

Салқындату сұйықтығын немесе судың майға түскенін анықтау үшін, картер табандығынан бір стакан май кұйып алып жэне оған бір сағат ша- масында тиіспей қойып қою қажет.

Майдың құрамында су бары анықталса, цилиндрлер блогы қақпағының төсемесін ауыстыру қажет. Сонымен қатар май тұтқырлығының төмендеуі қозғалтқыш цилиндрлерінің бірі жұмыс істемей тұрғанда, бензиннің жанбай қолған қалдықтары майға түскенде немесе қозғалтқыштың бай қоспада жұмыс істеген кезінде болады. Мұндай майды ауыстырады. Ақаудың себебін жою қажет.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля