2 декабря, 2017 19:01
X—XII ғасырларда дидактикалық сарындағы әдебиет кең өріс алды. Бүл заман талабы еді. Міне, осын- дай адамгершілік, мораль, этика мәселелері күн тәртібінде түрған күрделі кезеңдеөмірге келді.Бүл дастанның авторы (Ахмед Махмүдүлы Жүйнеки)— XII ғасырдың орта кезі XIII ғасырдың бас кезінде өмір сүрген аса көрнекті ақын, есімі кезінде бүкіл үланғайыр Қарахан мемлекеті түркілеріне мәшһүр ғүлама-ғалым болған. Ол туралы:Ақындардың ақыны, даналардың көш басы, Гауһардан сөз теретін, одан ешкім озбады — дегенөлең жолдары сақталған. Ол өз шығармаларын сол кезде кең тараған түркі тілінде жазған.
Болашақ ақын Сыр бойындағы белгілі қалалардың бірі Жүйнекте (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы) туып өскені мәлім[1].
Ахмед Иүгінекидің біздің заманымызға дейін сақталып, жеткен жалғыз шығармасы бар. Ол — «Ақиқат сыйы» немесе „Шындық сыйы» деп аталатын дастан. Бүл дастан орта ғасырдағы түркі тектес тайпалардың көбіне түсінікті болған Қараханид түркілерінің тілінде жазылған. Тек шығарманың аты ғана „Хибатул-хақайық» деп арабша қойылған.
Ахмед Иүгінекидің өмірі мен ақындық қызметі жай- ында мәлімет жоққа тән. Әйтсе де ақын дастанда өзі тура- лы кейбір деректер берген. Сондай-ақ дастанды ертеректе көшірген хуснихатшылар да (каллиграф) шығарманың авторына қатысты мәліметтерді өз тарапта- рынан қосып жазған. Мәселен, „Хибатул-хақайықтың» XV ғасырда көшірілген алғашқы қолжазба нүсқаларының бірінде Ахмед Иүгінеки туралы мынадай өлең жолдары бар:
Атәсі аты Мәһмеди Иүгінекий,
Әдіб Әхмет оғлы, йоқ һеч шәки.
Мазмүны:
Әкесінің аты — Махмуд Иүгінеки,
Әдіб (қаламгер) Ахмед оның үлы екеніне шүбә жоқ.
Ақынның туып, өскен жері туралы:
Әдібнинг йері аты Иүгінек эрур,
Сәфалиқ әжәб йер, көнгулләр йарур — дейді.
Мазмұны:
Әдіптің (туылған) жері — Жүйнек деп аталады,
Ауасы сондай ғажайып, таза, көңілді сергітіп жібереді.
Бүл бәйіттерден біз ақынның шын аты Әдіб Ахмед екенін (Ахмед Иүгінеки — лақап аты), әкесінің есімі Махмүд болғанын, ал туған жері Югнак (қазіргі Жүйнек) екенін аңғарамыз. Болашақ ақын анасынан көзі соқыр бо- лып туылған. Ақын туылған Иүгінек қаласының географи- ялық орны басқа жерде болған деген пікірлер де бар.
Дастанның өзі көне түркі тілінде жазылса да ақын шығармасының атын „Хибатул-хақайық» деп әдейі араб- ша қойған сияқты. Бірқатар қолжазбалар бүл шығарманың аты „Айбатул-хақайық», ал кейбіреулерінде „Атебатул-хақайық» («Шындық қақпасы”) деп жазылған.
„Ақиқат сыйы» дастанының көне қолжазбасы та- былғаны жөніндегі алғашқы мәліметті түрік ғалымы Нәжіп Асим 1906 жылы хабарлады. Қазір бізге бүл шығарманың бірнеше қолжазба нүсқасы мәлім. Солардың ішінде ең көнесі, әрі біршама толық сақталғаны Самарқанд нүсқасы. Бүл қолжазба қазір Ыстамбүл қаласындағы Айя- София кітапханасында сақталуы. Оны 1444 жылы Са- марқанд қаласында атақты каллиграф Зейнул Абидин Джураний деген кісі үйғыр әрпімен көшірген екен.
Дастанның бүдан кейінірек, дәлірек айтсақ, 1480 жы- лы Шейхзаде Әбдіразақ-бақши көшірген нүсқасын Нәжіп Асим осман түріктерінің тіліне аударып, шығарманың түпнүсқасымен қоса оны 1916 жылы жеке кітап етіп ба- сып шығарады.
Ахмед Иүгінеки дастанының араб әрпімен көшірілген қолжазба нүсқаларының бірі қазір Берлин қалалық кітапханасында сақталуы түр.
Бүл дастанның ғылымға мәлім барлық қолжазбаларын өзара салыстьіра отырып, шығарманың толық мәтінін әзірлеген зерттеуші түрік ғалымы Рашид Арат Рахмат бол- ды. Ол 1951 жылы осы дастанның толық текстін әзірлеп, оны латын әрпімен кітап етіп шығарды.
Әйтсе де Ахмед Иүгінеки дастанын тіл, әдебиет, тарих және философия ғылымдары тұрғысынан жан-жақты зерт- теп, шығарманың ғылымға негізделген мәтінін, сөздігін, транскрипциясын әзірлеп, оны басқа тілдерге аудару жөнінде қыруар жұмыстар тындырған орыс, қазақ, өзбек ғалымдары болды. Әсіресе, белгілі түркологтар Е. Э. Бер- тельс, С. Е. Малов, Қ. Махмудов, тағы басқалар бул салада жемісті еңбек етті.
„Ақиқат сыйы» дастанын зерттеу ісіне В. В. Радлов, Т. Ковалевский, Ж. Дени сияқты шығыстанушы ғалымдар да белсене атсалысты. Өзбек ғалымы Қ. Махмудов бул дас- тан жөнінде аса қүнды монографиялық еңбегін жарияла- ды[2]. Бұл — Ахмед Иүгінеки дастаны жөніндегі ең толық, әрі сәтті шыққан зерттеу деуге болады. „Ақиқат сыйы- ның” прозалық және поэтикалық аудармасы қазақ тілінде де жарық көрді.
„Ақиқат сыйы»—дидактикалық сарында жазылған шығарма. Дастан сюжетке қүрылған емес. Шығарманың әрбір тарауында белгілі бір мәселе жөнінде әңгіме болады, автор оқушысына тиісінше ақыл-кеңес беріп отырады. Бүл дастан өзінің көтерген тақырыбы мен идеялық мазмүны жағынан ақын өмір сүрген қоғамдағы моральдық үғымдар мен мінез-қүлық нормаларының жиынтығы болып келеді.
Адам қалай өмір сүру керек? Ақын осы сауалға өзінше жауап іздеп, дидактикалық сарында оқушысына өсиет- уағыз айтады. Мәселен, шығарманың авторы оқушысына: адам адал өмір сүруі тиіс, сараң болмауы керек, жомарт жанды, білімді кісіні қадірлеу қажет, жақсыдан — шара- пат, жаманнан кесапат деген сияқты ғибрат айтады.
Сол кездегі шығыстың классикалық әдеби дәстүріне сәйкес автор „Ақиқат сыйы» дастанын Алланы, Пайғамбарды және төрт сахабаны (пайғамбардың серіктері) мадақтаудан бастайды. Ақын бүл дастанды Ыс- паһсалар деген бекке арнап жазғанын оқушысына ескер- теді. Тегінде ақынның өз дастанын арнап отырған адамы сол кездегі көрнекті мемлекет қайраткерлерінің бірі бол- са керек.
„Ақиқат сыйы» дастаны негізінен „Білімнің пайдасы мен надандықтың зияны жайында» деп аталатын жырдан басталады:
Айтайын білім жайын, қүнты бар бол, Ей, достым, білімдіге ынтазар бол. Ашылар білімменен бақыт жолы, Білім ал жолға түсіп бақыт толы.
Білімді — алтын көзі ашылатын,
Надан жан — қара бақыр шашылатын.
Білімсіз тең бола ма білімдімен,
Азамат — білікті әйел, ез — ер қатын.
Сүйекте жілік болар, ерде — білік,
Ақыл ғой ердің көркі, етте — жілік.
Жіліксіз ет секілді білімсіздік —
Қол созбас сүйексізге бүл тіршілік[3].
Дастанның бүдан кейінгі тараулары „Тілді тыйып үстау — әдептіліктің шарты», „Тіл жайында», „Дүниенің өзгеріп түратыны жайында», „Жомарттық пен сараңдық жайын- да», „Игі мінез бен жарамсыз қылық жайында» , т. б. деп аталады.
Сонымен, „Ақиқат сыйы» дастанының авторы оқушысын білімді, инабатты, мейірімді, әдепті сөйлейтін, жомарт, адал жан болуға үндейді. Жарамсыз мінез- қылықтан сақтандырады.
Ахмед Иүгінеки „Ақиқат сыйы» дастанының соңында адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы өз ойын қорыта келіп, кітап оқушысына қарата былай дейді.
Ақмет Әдиб — атым, үлгі — сөзім,
Қалады мүнда сөзім, кетем өзім,
Күз келер, жаз да кетер, өмір де өтер,
Сонымен жүмыларда екі көзім.
Ей досым, жаздым кітап түрікшелеп,
Мейлің сөк, мейлің қала ерекше елеп.
Артымда ат қалсын деп жаздым мүны Ғажайып таңсық сөзбен ерекшелеп.
„Ақиқат сыйы» дастанындағы ең басты мәселе — оқу мен білім мәселесі.
Бүл кезде қыпшақ даласында адамның сана-сезіміне жарық сәуле қүятын оқу-білімді, ғылымды көкке көтере мадақтап, білімді адамдарды, ғүлама-ғалымдарды қүрмет- теп жырға қосудың өзі зор азаматтық ерлік іске тең еді.
Ақын дастанда барша әлемнің сырын ашатын кілт — көкірек көзі ашық, оқыған, білімді адамдардың қолында деген пікір айтады. Автор ғылым мен ашу-ызаны бір-біріне қарсы қояды. Сөйтіп, ақын ғалым, бақыт жолын өнер- білімнен табады, ал ашу-ызаға тізгін берген кісі қашанда надандыққа, қараңғы түнекке душар болады деген пікірге келеді. Автор дастанның өзге тарауларындағы әдептілік, мейірімділік, жомарттық секілді басқа мәселелерді де осы оқу-білімнің қудіретті күшімен байланыстырып, кез кел- ген түйінді оқу-білім арқылы шешуге әрекет жасайды.
Ахмед Иүгінеки білімді жандарды көкке көтере ма- дақтайды, оқушысын оқу-білімнің кәусар бүлағынан еркін сусындауға шақырады:
Білікті білім жинап кәсіп етер,
Білімнің дәмін татып өсіп өтер.
Білдірер, беріп елге білім сырын.
Біліксіз білімді аттап, бөсіп өтер,
Тура сөз біліксізге қаза болар,
Насихат, пайдалы сөз жаза болар.
Надан жан қанша жусаң тазармайды —
Талай кір жуған сайын таза болар.
Білімдер „істі біліп, бекін!»—дейді,
Ақылмен іс істеген өкінбейді.
Білмеген талай жүмыс істей жүріп,
Амал жоқ, түбінде сол опық жейді.
Білікті біліп айтар, сөзін үтар,
Ол емес бос сөзіңді бедел түтар,
Білімсіз не айтса да білмей айтар —
Өз тілі өзінің кеп басын жүтар.
Алла өзін білімменен қүт етеді,
Қайырсыз надандықты жұт етеді,
Білімді үйренбеген талай қауым.
Қүдайды қолдан жасап бұт етеді.
Өнеге, білген сөзі — насихат, жол,
Араб пен азияттың сүйгені сол.
Кедейдің кертіп жейтін малы — білім,
Білімнің жоқ-жітікке берері мол.
Дарынды ақынның оқу мен білім жөніндегі бүл пікір- лері кезінде зор прогрессивті рөл атқарды. Ғүлама ақын адамның бақытты болуы — білімге, ал бақытсыздық — қараңғылыққа, надандыққа байланысты деп үғынды.
„Ақиқат сыйы»—дидактикалық шығарма. Сондықтан дастанда негізінен адамның мінез-құлық қағидалары, адамгершілік, этика, әдептілік, т. б. моральдық мәселелер әңгіме болып, ақын осылар жайында өз оқушысына ғибрат сөздер айтады.
Автор оқушысын әдепті, мағыналы сөйлей білуге, өтірік-өсек айтпауға, сыр сақтай білуге, босқа көп сөйлеп, мылжың болмауға шақырады.
Ал, әдептіліктің басы — тілге сақ болу деп үйретеді:
Білімдіден қалған бір сөз тағы бар:
Әдептіге, „үндемес» ат тағылар.
Тіліңді тый — сонда тісің сынбайды,
Жөнсіз шыққан тілден тісің қағылар.
Сөз есепсіз — тіліңді тый, тарт, үста,
Тыймаған тіл басыңа сор әр түста.
Есепті сөз — ер сөзінің асылы,
Мылжың тілді „жау»— деп үғын тартыста.
Ақылды ма көп сөйлеген күбіне,
Талай бастың тіл жетті ғой түбіне.
Оқ жарасы жазылады, бірақ та,
Тіл жарасы жазылмайды: түбі не?
Сөйтіп, ақын тілді тыйып үстау — әдептіліктің, білімділіктің белгісі деп біледі.
Ақын қашанда әбден ойланып алып, сосын ғана сөйлеу керектігін ескертеді. Өйткені жаман сөз адамның жан-дүниесін жаралайды. Оқ жарасы — жазылар, ал ащы тіл салған жара жазылмас дейді.
Ахмед Иүгінеки адамгершіліктің тағы бір көрінісі — әділ болып, қашанда шындъщты айту екенін нақты де- ректер келтіре отырып дәлелдейді. Шын сөз — бал секілді, жанға жайлы, дертке шипа болып келеді. Сондай-ақ ақын сыр ашпау, қүпияны сақтай білу жөнінде де уағыз-ғибрат айтады.
Дастанның келесі тарауында жомартгық пен са- раңдық туралы сөз қозғалады. Ақынның ойынша қүрмет- ке лайықты адамның бойындағы ең асыл қасиет — жомарттык,. Жомарттық түрған жерде алынбайтын асу жоқ, жылымайтын жүрек жоқ. Ақын үдайы жомарттық пен сараңдықты бір-біріне қарсы қойып көрсетеді.
Жүмсармас, иілместі жомарт иер,
Мүрат та қол жетпейтін бүған тиер.
Мақтайтын бақылдарды жан шыға ма,
Сақыны ағайын, ел бәрі сүйер.
Ак,ын жомарт жандарды зор ықыласпен, жан- жүрегімен беріле жырлайды. Дастанның авторы үшін жо- март болу — әдеттігі мінез-қүлық нормасы ғана емес.
Ахмед Иүгінеки адамдардың мінез-қүлқын жақсарту арқылы, оларды жомарт, әрі білімді ету арқылы заманды да жақсартуға болады деп үміттенеді:
Өмірде жақсы мінез — «жомарт» деген,
Жаман ат — «сараң», тәуір сөз ермеген.
Берген қол бәрінен де қүтты болар,
Сол жаман — ала біліп, түк бермеген.
Жазылмас сараң — ауру емдегенде,
Қарысар қолы тастай „бер!“—дегенде.
Көзінің сүғы тоймай тіміскілеп,
Болады малдың қүлы ерлегенде.
Сақылық — ел ішінде бір төбе де,
Абырой атақ сонда, мәртебе де.
Бол жомарт, халықты сол сүйсіндірген Кейін де, бүгін де, ертеде де.
Мал жиып бақыл ашкөз дірілдеген,
Күні жоқ бірін ішіп, бірі жеген.
Досына тірісінде дәм таттырмай —
Өлген соң жаулары жер дүрілдеген.
Адам бойындағы асыл қасиеттердің ең бастысы жо- марттық екенін айта келіп, ақын аш-жалаңапггарға қол үшын беруден артық игілікті іс жоқ деген қорытындыға келеді.
Бүдан кейін ақын кейбір жандардың мінез-қүлқына тән теріс қасиеттерді әңгіме етеді. Солардың бірі — са- раңдық. Пейілі өте тар, мейлінше қытымыр, ешкімге ешнәрсе ауыспайтын адамдарды ақын өлтіре сынайды. Дас- танның авторы: „сараң жан қандай мүрат-мақсатқа же- теді?“—деген сауал қояды. Ақын оған өзі жауап береді. Пейілі тар адам түрлі арамдық жолмен қыруар алтын- күміс жинайды. Бірақ соның бәрін өзімен бірге молаға әкете ме? Өзі өлген соң тірі кезінде жүрттан қызғанғаны қызыл итке жем болады. Сондықтан ақын өз шығармасында „алаған қолды береген» болуға шақырады:
Мінездің жақсысы, әдеттің мінсізі —
Біліп қой, жомарттық. Ол — сараңның айнасы.
Қолдың бақыттысы — беруші қол.
Алған, бірақ бермеген қол — қолдың құтсызы.
Сараңдық — емдегенмен жазылмайтын ауру.
Сонымен бірге, Ахмед Иүгінеки оқушысын сол заман- ның әдет-ғүрпын сақтап, түрлі заңдарын орындап отыруға, қара қылды қақ жаратындай әділетті болуға, әлсіздерге күш көрсетпеуге, кемтарларға қолғабыс тигізуге нысапты болуға шақырады.
„Ақиқат сыйы» дастанында, сондай-ақ тәкагіпар, паң өр көкірек жандарды жер-жебіріне жеткізе сынайды. Ав- тор оқушысын қарапайым, момын болуға үндейді. Шығармада ақын тәкаппарлықты қарапайымдылыққа қарсы қойып суреттейді.
Менмендік, өр көкіректік жақсы адамның табиғатына, мінез-қүлқына мүлдем, жат адамды адамгершіліктен жүрдай қылатын қасиет деп көрсетеді. Ал, қарапайымдылык,— кез келген жанға жарасатын, оның бедел-мәртебесін асыра түсетін киелі қасиет ретінде бей- неленеді:
Тағы бір керекті сөз — айтам дастан,
Үғып ал қүлақ салып мендей достан.
Болып ал кішпейіл өзгерместей,
Аластат тәкаппарлық ойды бастан.
Қайда да тәкаппарға атақ тағар,
Мінез бар қойдан жуас елге жағар.
Жаратпас Алла да, ел де үлықсыған Адамдьі, „Мен, мен!“—дейтін кеуде қағар.
Тәкаппар, тонын киме — «біл!»—демегім, Халықты кеуде керіп тілдемегін.
Нышаны момындықтың — кішіпейіл,
Бол дағы кішіпейіл, дым демегін.
Адам өмірге жамандық емес, жақсылық жасау үшін, игілікті істерді жүзеге асыру үшін келеді деген түйін жа- сайды.
Қорыта айтқанда, Ахмед Иүгінеки өз заманының про- грессивті ақыны, әрі білімді азаматы ретінде адам бойын- дағы әдептілік, мейірімділік, жомарттық, қарапайым- дылык, секілді ізгі қасиеттерді барынша мадақтайды: ал енді надандық, қатігездік, сараңдық, тәкаппарлық тәрізді мінез-қүлықтардан сақтандырады.
Ақын мінез-қүлық нормалары жөніндегі өзінің фило- софиялық-этикалық пікірлерін оқушысына ғибрат сөз ретінде үсынады.
Ахмед Иүгінеки — әрбір сөзді ажарлап та, қүбылтып та шебер пайдалана білетін сөз зергері. Дастан негізінен дидактикалық сарындағы ақыл-өсиет, уағыз, ғибрат сөздерден түрады.
Ақын өзі хикаялап отырған қүбылыстың ерекше белгілерін ажарлап, оған үстеме мағына беріп, көркіне көрік қосып суреттеу үшін теңеу әдісін кеңінен қолданады. Мәселен, автор дастанда Ыспаһсаларды — теңізге, ал өзін жауын тамшысына теңейді. Ал, мүндай тамшылар теңізге қүйылып, қымбат бағалы маржанға айналады дейді. Білімді адам — таза алтынға; надан кісі — қүны жоқ, жалған ақшаға; білімді әйел — ер жігітке; ал білімсіз еркек — әйелге, шын сөз — балға, жалған сөз — пиязға теңеледі.
Ахмед Иүгінеки өмір жөнінде толғай келіп, „бүл дүние керуен сарай, оған біреулер енді ғана келіп жатса, екінші біреулер сол сәтте мәңгілікке аттанып кетіп жатады» де- ген бейнелі пікір айтады. Сондай-ақ дастанда сараңдық — ем қонбайтын дерт, жеміс бермейтін ағаш, ал жомарттық — алқызыл роза гүлі деген секілді де теңеулер бар.
Ақын әдеби тілдің әсерлігін арттыра түсу үшін екі бірдей үғымды, қүбылысты, сезімді, т. б. қатар қойып, жүптап суреттейді. Дәлірек айтсақ, сөзді айшықтап қол- данудың бір түрі — параллелизм яки егіздеу әдісін зор ше- берлікпен пайдаланады. Мәселен, дастанда б і л і м д і — надан; жомарт — сараң, тәкаппар — момын; атлас шәйі — бөз; адал — арам; үзын — қысқа сияқты үғымдар бір-біріне қарсы қойып суреттеледі. Мы- салы:
Бу күн кеңду сучуг бу тирмақ сеңа Ачық болға йарын қойуп бардуғуң.
Асал қайда ерса била арысы Ары заһри татку асалдин оза.
Аудармасы:
Өмір тәтті бүгін қолың жеткенде,
Удай ащы ертең тастап кеткенде,
Қайда балы — сонда арасы бір жүрер:
Балдан бүрын татып көрші зәрінен.
„Ақиқат сыйы» авторы белгілі қүбылысты айна- қатесіз, дәл бейнелейтін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер
секілді теңеулер, қанатты сөздер тауып айтуға шебер. Мәселен, ақымақтың тілі — өзіне жау болып жармасады, сараң адам — өзі жинаған байлықтың құлы, жомарттық — сараңдықтың айнасы, білім — сарқылмас тауар т. б.
„Ақиқат сыйы» дастаны метрикалық жүйе, яғни со- зымды және созымсыз буындардың алмасып келуіне негізделген аруз (он бір буынды болып келетін — «мутака- риб») жүйесі бойынша жазылған.
Дастандағы бәйіттердің үйқасына назар аударсақ, алғашқы төрт тараудың монорифма а-а; в-а; с-а болып үйқасатынын аңғарамыз. Мәселен, екінші тарауда рифма: сэнга, онга, мәнга, минга, мунга секілді болып келеді. Үшінші тарауда басқаша: кани, ани, жани, ихсани түрінде үйқасып жатады. Төртінші тараудағы үйқас көбінесе дерлік бүйрық райда айтылады: қалсудеб, қилсудеб, булсу деб, тулсу деб, алсу деб, билсу деб, т. б.
Шығарманың бесінші тарауынан бастап ақын түркі тілдес елдердің халықтық поэзиясында мейілінше кең та- раған — төрттік, яғни а — а — в — а үйқасымен жазады:
Билиглиг сөзи панд насихат адаб,
Билилглигни өгди ажам йам араб.
Таварсызға билиги туганмас товар,
Хисабсызға билиги йарылмас хисаб
Мазмүны:
Білімдінің сөзі үгіт, насихат, үлгі-өнеге.
Білімдіні азиат та, араб та мақтады.
Малы жоққа — білім таусылмайтын мал,
Қаржысы жоққа — білім таусылмайтын қаржы.
Мүндағы: адаб, араб, хисаб сөздері өзара үйқасып түр.
Дастанда тек аффикс арқылы үйқасып түрған өлең жолдары да аз емес. Мәселен, жоғарыда айтылған: сәнга, мэнга, атга деген сөздерде тек қана аффикс га үйқасып түр, сэн, мэн, ат— өзара үқсаспайды.
Ахмед Иүгінеки әрбір сөзді ажарлап, қүбылтып, айшықтап пайдаланады.
Ақын өз заманының өлең жазу техникасын — жыр жүйелерін, ырғақ, үйқас түрлеріне онша әуестенбейді. Өйткені, ақынның алдына қойған басты мақсаты — оқушысына барынша түсінікті болу.
„Ақиқат сыйы» дастаны да атышулы „Қүтты білік» секілді Қараханидтер мемлекетінде өмір сүрген түркі тай- паларының тілінде жазылған әдеби ескерткіштер тобына жатады.
Рас, „Ақиқат сыйы» дастанының тілі өзінен екі жүз жылдай бүрын жазылған „Қүтты білік» тілімен салыс- тырғанда кейбір ерекшеліктері бар. Әсіресе „Ақиқат сы- йының» лексикасы мен грамматикасында архаизм элементтері басым. Әйтсе де ақын архаизмді стилистік норма ретінде емес, яғни дастанды көркемдеу үшін емес, қайта көне түркі тілінің сол кез үшін әрі түсінікті, әрі ажарлы сөздері арқылы өз ойын түркі тілдес тайпаларға айқынырақ етіп жеткізу үшін пайдаланған. Бүгінгі оқушыға архаизм болып көрінетін кейбір лексикалық эле- менттер Ахмед Иүгінеки заманында енді ғана әдеби тілдің нормасына айналып келе жатқан сөздер екенін үмыт- пағанымыз жөн. Белгілі ғалым Ә. Н. Нәжіп сөзімен айтқанда, „Ақиқат сыйының» тілі — «Қүпы білік» тілі мен кейінгі дәуірлерде өріс алған шағатай тілін өзара жалғастырып түрған өтпелі көпір секілді деуге болады.
Біз „Ақиқат сыйы» дастанының идеялық-тақырыптық бағытына, композициялық қүрылысына, көріктеу қүрал- дарына, жырдың метрикалық жүйесіне біршама талдау жасадық. Содан шығатын қорытынды: „Ақиқат сыйы» да- станы өз заманының көкейтесті мәселелерін жырға арқау еткен, көркемдік дәрежесі биік, дидактикалық сарында жазылған бертін келе қазақ әдебиетінің қалыптасуына , зор ықпал еткен әдеби мура болып табылады.
Бүл кезде исламның діни қағидаларын, шариғат жолда- рын дидактикалық сарынмен поэзия тілінде жыр еткен ғажайып туынды „Диуани хикмет» («Даналық кітабы») өмірге келді. Оны жазған түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы аса көрнекті ақын, есімі ислам әлеміне мәшһүр болған ойшыл қайраткер Қожа Ахмет Иассауи (1103— 1166 ж. ж.) еді. Ол ислам дінінің дәстүрлі қағидаларын жырлаған сопылық әдебиеттің түркі халықтары арасын- дағы мейлінше танымал, ірі өкілдерінің бірі болды.
Ахмет Иассауи Испиджаб (Сайрам) қаласында ту- ылған. Ол есейе келе Түркістан (ол кезде Яссы деп аталған) қаласына келіп тұрады. Сол кезде атақты Ары- стан Баб және Жүсіп Хамадани деген шайықтардан тәлім- тәрбие алған. Бүхарада оқыған. Сосын оқымысты адам, сопы ретінде Яссы қаласына қайтып келеді.
Көне дәуір әдебиетін зерттеуші, көрнекті ғалым М. Жар- мүхамедүлы соңғы жылдары Ахмет Иассауидің „Диуани хикметін» зерттеу, әрі оны қазақ тіліне тәржімалау сала- сында едәуір еңбек еткені мәлім. Ғалым Ахмет Иассауидің ата-тегін айқындайтын „Насаб-нама» (арабша шежіре) де- ген қүжат табылғанын айта келіп, мынадай пікір білдіреді: „Жаңадан табылған бүл шежіреге зер сала қарасақ, ақынның үлы атасы Әзірет Ғали, одан Мүхаммет Қанафия болып жалғаса келіп, оның жетінші атасы әйгілі Исхақ Баб екенін көреміз. Сонда оған Мүхаммет Қанафия он төртінші, ал Әзірет Ғали он бесінші ата болып шығады» (163, 9).
„Диуани хикмет» («Даналық кітабы”)—түркі тілді ха- лықтардың XII ғасырдан сақталған әдеби ес- керткіштерінің бірі саналады. Бүл өлеңдер жинағы қазақ әдебиетінің де орта ғасырлық нүсқасы болып табылады. Өйткені Иассауи хикматтарының тілін үзақ жылдар бойы зерттеген көрнекті орыс ғалымы А. К. Боровковтың пікірі бойынша „Даналық кітабы» оғыз-қыпшақ тілінде өмірге келген әдеби туынды. Кезінде ол өлеңдер өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған. Ақын Орта Азиядан бастап, Еділ жағалауьгаа дейінгі үланғайыр өлкеде көшіп- қонып жүрген түркі тайпаларының бәріне де түсінікті бо- латындай ауызекі сөйлеу тілінде жырлағаны дау тудырмайды. Бірақ бертін келе жинақты көшірушілер оған өз тарапынан көптеген араб-парсы сөздерін қосып жіберген сияқты.
Бүл өлең жинағының алғашқы түпнүсқасы сақталмаған. Ең ескі нүсқасы XV ғасырдың орта кезінде араб емлесімен көшірілген. „Даналық кітабы» Қазан (1887 және 1901 ж.), Ыстамбүл (1901 ж.), Ташкент (1902 және 1911 ж.) баспаларынан бірнеше рет жеке- жеке кітап болып басылып шығады.
Ахмет Иассауи өлеңдер жинағының ең толық нүсқасы Қазан басылымы болып табылады. Мүнда 149 хикмет берілген. Соның 109 хикматы Иассауидің өзінікі екені дау- сыз. Қалғандары шәкірттері тарапынан жазылып, жи- наққа еніп кеткен жыр жолдары болса керек.
Түркия ғалымы М. Ф. Көпрүлүзаде Ахмет Иассауи хик- маттарының жазылу тарихын, поэтикасын, әлеуметтік бағыт-бағдарын түңғыш рет әдебиеттану ғылымы түрғысынан жан-жақты зерттеп, ол туралы келелі ғылыми еңбек жазғаны мәлім. Ғалым 1928 жылы Ахмет Иассауи поэзиясын ғылыми негізде жүйелеп, Ыстамбүл баспалары- ның бірінен жеке кітап етіп шығарды.
Қазіргі зерттеушілердің барлығы дерлік Ахмет Иас- сауи жырларының осы басылымын негізге алып жүр.
Белгілі орыс ғалымдары А. Н. Самойлович, Е. Э. Бер- тельс, А. К. Боровков, Г. Ф. Благова, т. б. Ахмет Иассауи жырларын зерттей келіп, кезінде оны жоғары бағалады, әрі ақынның өзінен кейінгі сөз зергерлеріне тигізген әсері зор болғанын ерекше атап көрсетті.
Ахмет Иассауи поэзиясын зерттеу ісіне Э. Р. Рустамов, Н. М. Маллаев, В. И. Зохидов сияқты өзбек ғалымдары да едәуір үлес қосты