2 ноября, 2017 9:59
ЖЫРДЫҢ МАЗМҰНЬІ
Баюндур хан той жасап, төңіректі түгел шақыртады. Тойға Байбура дейтін қарт та келеді. Ол Баюндур хан- ның қаптаған үрім-бұтағын көргенде, өзінің перзентсіз қубас екендігі есіне түсіп, тәңіріден бала тілеп зар болады. Көпшіліктің тілеуімен Байбура бек ұлды болады.
Байбижан дейтін бек құдайдан қыз сұрайды. Оның да тілеуін беріп, әйелі қыз туады. Қызының атын Бану- шешек қояды. Сөйтіп, Байбура мен Байбижан баласы мен қызын атастырып, бесік құда болады. Байбураның баласы арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты алып ер болып өседі. Ат жалын тарта аңға аттанады, талай ерлік істер көрсетеді. Жасы он беске жеткенде Байбура үлкен той жасап, халқы жиналып, Қорқыт Ата баланың атын Бамсы деп қояды. Бамсы Бейрек шұбар айғырына мініп аңға шығады. Алдарынан бір топ киік шығады. Бамсы біреуін куа жө- неледі. Қуа-қуа ақырында бір жерге келеді. Әлгі жерден жас батыр ғажап оқиғаны көреді: айдалада, көгалда қызыл шатыр тігілген, ішінде сұлу қыз отыр. Бұл өзімен бесікте атастырған Банушешек еді. Бану қыз келген жігіттен жөн білуге жеңгесі Қасыр- шаны жұмсайды. Қасырша жеңге батырдан сауга сұрай- ды. Жігіт өзінің кім екенін таныстырып, іште отырған аруды көргісі келетіндігін айтады. Сол кезде отаудан бір сұлу қыз шығып: «Мен Банудың күтушісі боламын, үш түрлі шартым бар; менімен бірге аңга шығасың, атымнан атың озып келсе; садақты менен алыска таот- саң; күресте жықсаң, онда Бану сендік болады»— дейді. Сөйтіп екеуі аңға шығады. Батырдың аты бәйгіден келіп, тартқан оғы алысқа түседі. Ең соңына екеуі күре- сіп, бірін-бірі ала алмай, ұзақ алысады. Ақырында жігіт қыздың жауырынын жерге тигізеді. Сол кезде барып қыз: «Банушешек мен едім» дейді. Екеуінің арасындагы сүйіспеншіліктің белгісі ретінде Бамсы қолындагы жү- зігін шешіп қыздың қолына кигізеді. Бейрек қызбен қош айтысып, ордасына келіп, үйлен- гісі келетінін білдіреді. Байбура ақсақал елімен акыл- дасып құдалыққа Қорқыт Атаны жібереді. Әлқисса, бұл кезде Банушешектің тентек ағасы Қар- шар шатыр тігіп, өзінің серіктерімен ел шетінде отыр еді. Қорқыт Ата келіп қол қусырып, бас иіп сәлем бере- ді. Атышулы ожар Қаршар аузы көпіріп: — Менің жерімді рұқсатсыз тірі жан басып көрген жоқ, сені ажал айдап келді ме?— деп долданады. — Сенің айдан анық, күннен жарық қарындасың Ба- нушешекті Бамсы-Бейрекке атастыра келдім,— дейді Қорқыт Ата. Қатулы Қашар: — Бура шөкпеген мың түйе, биеге шаппаған мың |
айғыр, қашпаған мың қой; кұлақсыз, құйрықсыз мың ит әкеліп берсеңдер ғана Бануды аласыңдар,— деп құ- далыққа келгендерді кері кайтарады.
Қоркыт Ата Байбураға келіп Қаршар талап еткен қалың малды түгел айдап, қайтып барып Бамсы-Бейрек пен Банушешекті қосады. Ол кезде үйленген жігіт садақ тартып, садағының оғы жеткен жерге шатыр тігіп, тойды сонда өткізеді екен. Дәстүр бойынша, Бейрек те садақ тартып, оғы түс- кен жерге шатыр тіктіріп ұлан-асыр той жасайды. Әлқисса, саған беремін деген қызын Байбижан Бей- рекке аттандырғалы жатыр деген хабар гәуірлер бегінің құлағына шалынады. Олар жеті жүз сарбазбен келіп түн ортасында ұйқыда жатқан Бейректі тұтқындап әке- теді. Байбура мен кемпірі таңертең тұрып қараса, той- ға тіккен шатыры жок, төбесінде айнала ұшып жүрген құзғынды ғана көреді. Қарт Байбура қасіреттен қан кұсып, шешесі бетін жыртып, шашын жұлады. Ордада күлкі тыйылып, жеті қарындасы, қосағы Бану қара жа- мылады. Суық хабар лезде тарап, Бейректің елі азалы күндерді басынан кешіреді. Құсалы, қайғылы жылдар жылжып өтіп, Бейрекке деген жұрт үміті біржолата үзіледі. Арада он алты жыл өткен соң қыздың ағасы Қар- шар: «Қім де кім Бейректің өлі-тірісін біліп келсе, соған карындасымды беремін» деп жар салады. Бұл сөзді есті- ген Ялаңшыұлы Ярташұқ дейтін «Мен барамын» деп шығады. Ярташұқ кезінде Бейрекпен дос болған. Бейрек оған өзіне Бану арнайы тігіп берген жейдені сыйлаған бола- тын. Сол жейдені қанға малып: «Бейректің өлігінің куә- сі» деп, Баюндур ханның алдына әкеліп лақтырып тас- тайды. Мұны көрген жұрт өгіздей өкіріп, қайта зарлай- ды. Жылап-сықтағандарға тоқтау салып Баюндур: «Жә, жыламаңдар, жейдені алдымен Бануға көрсетіңдер, Бей- регіне арнап тіккен жейде екені анық болса тануға тиіс» дейді. Әлгі жейдені әкеліп көрсеткенде, көзіне оттай ба- сылған Бану: «Қөзімді ашып көргенім, жүрегімді берге- нім» деп, алмадай бетін жыртып, зар еңірейді. Сонымен Ярташұқ Бануды алмақ боп той қамына кіріседі. Жалғыз ұлдан әлі де күдерін үзе алмаған қарт Бай- бура тірі шығар деген далбасамен саудагерлерін Бей- ректің дерегін іздеуге аттандырады. Олар талай жерді |
аралап, ең ақырында гәугрлер қамалына келеді. Мұнда гәуірлердің ұлы мейрамы өтіп жатады. Олар дәм жеп, шарап ішіп Бейректі зынданнан алдырып қобыз тартқы- зып отыр екен. Бейрек келген саудагерлерден елінде бо- лып жатқан әңгіменің бәрін естиді; қабырғасы қайысып, амалсыз егіле жылайды.
Әлқисса, гәуірлердің бегінің бір қызы бар еді. Ол кү- ніне Бейрекке бір рет келіп кетіп жүретін. Бүгін де дағдысы бойынша келіп, Бейректің көңілсіз отырғанын көріп, мұның себебін сұрайды. — Қайғырмай қайтейін, әкеңе тұтқын болғаныма, мі- не, табаны күректей он алты жыл болды, содан бері ата- анам, ел-жұртым қапалықтан қан құсуда. Мені өлді деп деп қалыңдығымды Ярташұқ дейтін біреу алғалы жат- қан көрінеді,— дейді Бейрек. Мұны естіген қыз өте аяп, бұрынғыдан да бетер ұна- та түседі. — Егер босатсам, қайтып келіп мені аласың ба?— дейді. Бейрек уәде етеді. Қыз арқан әкеліп батырды бо- сатып жібереді. Бейрек еліне келе жатып, жолда жайылып жүрген гә- уірлердің жылқысының ішінен өзінің шұбар айғырын көреді. Айғыр да танып, жануар оқыранып келіп иесін иіскелейді: — Қос жанарың түнде жанған шырақтай, қылшық жүнің жібектей, қос. құлағың егіздей, жылқыдан шық- қан тектім, заты жылқы дегені болмаса, жан серігім, қа- натым, пырағым,— деп сипалап көзінен сүйіп, Бейрек Шұбарына секіріп мініп ел қайдасың деп тұлпардың басын қоя береді. Бейрек ел шетіне келіп бір жыршымен кездеседі. Одан Ярташұқтың Бануды алғалы жатқанын біледі. Ба- тыр қарт жыршыньщ қобызын алып, оған өз атын мінгі- зіп, жьіршы болып әкесінің ордасына кіреді. Орданың ішінде түбінен сырқырап бұлақ ағып жата- тын бір бәйтерек бар еді. Бұлақтан су алуға ботадай боздап, көзінің жасы көл болып ең кіші қарындасы келе жатыр екен. «Хабарсыз кеткен жалғызым, ағатайым — «Бейрегім» деп еңіреген қарындасының зары батырдың қабырғасын қайыстырады. Шыдай алмаған Бейректің көзінен жасы парлайды. — Ағатайым деген сөзің жүрегімді елжіретіп, өзегім- ді өртеп барады, соншалықты не қайғың бар басыңда? «Алдындағы Қаратау, Кімге жайлау болды екен? |
Ағып жатқан қара су, Кімге сусын болды екен? Өріс толған сәйгүлік Кімге мініс болды екен? Жібек шуда түйелер Кімге көлік болды екен? Алаулаған шатырлар Кімге сая болды екен?»— |
деп жөн сұрайды.
Қарындасы: — Бұл өңірдегі мал да, жан да — бәрі де жалғыз ағам Бейректікі еді, ол кеткелі кімге жайлау, кімге кө- лік, кімге сая болып жатқанын мен білмеймін. Есінен адасқан мен бейбақтан не жөн сұрайсың, сәл жүрсең алдыңда той болғалы жатыр, сонда бар,— дейді. Бейрек жолдан түйе жүнінен тоқылған бір кенеп қап тауып алып, айырып үстіне киіп, алба-жұлба диуана бо- лып тойға келеді. Қелсе той басында күйеу-сымақ садақ тартып жатыр екен. Диуана оны әбден қажайды. На- мыстанған Ярташұқ: — Сорлы диуана не деп тұрсың? Қел, менің сада- ғымды тартып көр, тарта алмасаң басыңды аламын,— дейді. Диуана тартып қалғанда, садақ екі бөлінеді. Сынық- тарын жинап, «мынауың торғай атудак басқаға жара- майды екен» деп, Ярташұқтың қолына береді. Қатты ашуланған Ярташұқ «Бейректің садағын әкеліңдер» деп әмір етеді. Садағын әкеп қолына ұстағанда, Бейректің көзінен жас парлап, қай-қайдағы есіне түседі. Садақты толғап, тартып қалғанда, күйеудің аспанда ілулі тұрған жүзігі быт-шыт болады. Бұл өнерге айызы қанып, риза болған Қазанбек диуа- наны қасына шақыртып, оған бір күнге өзінің тағын береді. Еркіндік алған Бейрек бірден барып қайта ұзатыл- ғалы жагқан Банумен тілдеседі. Бану Бейректің даусы- нан танып, қуанышы қойнына сыймай, атқа мініп, Бей- ректің қарт-әке-шешесіне шаба жөнеледі. Қеле: «Қүлаған тауьщ орнына қонды, Сарқылған бұлағың қайта ақты, Кураған терегің қайта көктеді, Жылқың қайта құлындады, Түйең қайта боталады, Қойың қайта қоздады». Он алты жыл хабар-ошарсыз кеткен Бейрегің келді — деп, ата-енесінен сүйінші сұрайды. |
Қымбаты табылып, өлгені қайта тірілген қарт ата- ананың сөйтіп сөнген шырағы қайта жанады.
Елінің мауқын басқан Бейрек соңына оғыз батыр- ларын ертіп гәуірлердегі кегін алып қайтады. Еліне ке- ліп қырық күн ойын, қырық күн тойын жасап, Бануше- шекті қайта алады. |
ИДЕЯСЫ
Жырдың негізгі идеясы — батырдың өз елін сүюін, ата-анасына, халқына деген махаббатын дәріптеу. Со- нымен бірге халыққа қорған болар батырды ардактау. Жыр Бейрек, Бану секілді екі жастың арасындағы адал махаббатты, Бейрек пен қарындастары арасындағы ба- уырластықты ерекше суреттейді. Шығармада әділетке қарсы тұрған зорлық күшінің қалайша күйрейтіндігі өте нанымды дәлелденген. Жырдағы қарт ата-ананың перзентке деген шексіз ықыласы, ынтасы өз алдына дербес желі құрайды. Зар- лап-еңіреп жүріп көрген Бейрегінен айырылған қарт Байбура қайғыдан көзі әз болады. Он алты жыл хабар- сыз кеткенде де әке байғұс баласынан күдерін үзбейді. Жырдағы ата-ананы баладан, сүйікті жарды — тек- тісінен, қарындасты — ағасынан, халықты қорғаны бол- ған батырдан айырып жүрген зұлымдық, қас жау келбе- ті де ерекше суреттелген. Бірақ ол қаншалықты тырысып баққанмен, әділет атаулыны жеңе алған жоқ, өзі тапқан бақастық өзіне көр қазды. Осы айтылғандардың бәрі де жырдың құнын артты- ра түседі. «Бамсы-Бейрек» жыры көптеген түркі халықтары эпо- сына арқау болған белгілі сюжеттік арнаға құрылған. Бұл жырға түп қазық болған басты желі түркі тілдес халықтардың арасында тамырлас, мазмұндас болып ке- летін басқа да белгілі жырларды тудырғанын білеміз. Атап айтқанда, қырғыздың «Жаныш пен Байыш», «Манас» жырлары; қазақтың «Алпамыс», «Қозы Қөр- пеш — Баян сұлу» жырлары мен «Желкілдек» атты ер- лік ертегісі; алтайдың «Алып Манаш» жыры» башқұрт- тардың «Алпамыша минән Барсынхылуу», «Қузый Кур- пәс минән Маян-хылуу» атты ерлік ертегі жырлары, та- тардың «Алпамша» халық ертегісі; өзбектер мен кара- қалпақтардың «Алпамыш» жыры,— бәрі де бір арнадан тараған желілер. Осы аталған шығармалардың бәрі де қартайғанша |
сүймеген перзенттің ащы зарын, сол перзент жолында көрген есепсіз мехнат-азапты суреттеуден басталады. Сәл ғана өзгергені болмаса, «Алпамыс», «Алпамша», «Алып Манаш», «Алпамыша минән Барсын хылуу» жыр- ларындағы кейіпкерлердің аты да (Байбөрі-Байбарак- Байбура; Алпамыс-Алпамша-Алып Манаш, Алпамыш; Гүлбаршын, Гулбарчын, Барсын хылуу), тағдыр, іс-әре- кеттері де өте ұқсас.
Мәселен, жоғарыда мазмұны келтірілген «Бейрек» жыры мен қазақ жырларын салыстырып қарайық. «Қо- зы Қөрпеш — Баян сұлудағы» Қарабай мен Сарыбай да, «Бамсы — Бейректегі» Байбура мен Байбижан да, «Алпамыстағы» Байбөрі мен Сарыбай да перзентке әб- ден зарығып жетіп, бір-бірімен бесік кұда болды. Бұдан арғы жыр жалғасы сюжеті жағынан «Алпа- мыс» пен «Бейректің» тіпті тектес, көгендес екендігін дәлелдейді. Алпамыс Гүлбаршынды алуға кеткенде, қал- мақтың ханы Тайшық Байбөрінің елін шауып кетеді. Мал-мүлкін, елін азат еткелі барған Алпамыс қалмақтың қолына тұтқынға түседі. Ал, гәуірлер болса, Бейректі Банушешекке үйленген түні қапылыста тұтқындап әке- теді. Екеуін де жаулары зынданға тастайды. Алпамысқа қалмақ ханының қызы Қаракөзайым ғашық болса, Бейрекке гәуірлер бегінің қызы ынтық болады; екі қыз да өздері ынтық болған тұтқын батыр- ларды бір көруге күніне зынданға келіп тұрады. Алпа- мысты да, Бейректі де босататын тағы сол жау ханының қыздары. Екеуі де зынданға қырық құлаш қыл аркан тастап шығарып, батырдың қайтып келем деген уәдесін алып қалады. «Алпамыс», «Бейрек» жырларында тұтқыннан босан- ған батырдың ел шетіне келуі де, басына түскен ауыр тағдыр да өте ұқсас суреттеледі. Елінің халін өз көзі- мен көру үшін олар диуана болып келеді. Ел шетіне келген Алпамыс Ұлтан құлдың күллі қо- ңыратқа бек болып, Құлтай бабасын — қойға, Байбері- ні — түйеге, шешесін, қарындасын — күңдікке, Жәдіге- рін қозыға салып, сүйіктісі Гүлбаршынды алғалы жат- қанын Тортайдан біледі. Ел шетіне келген Бейрек қарт әкесі мен шешесінің жылай-жылай қор болғанын, ка- рындастарының қасірет шеккендерін, елінің әбігерге түскенін, әйелі Банушешекті Ярташұқтың алғалы жат- қанын қарт жыраудан біледі. Екеуі де той үстінде диуана болып айтысып, ерлікке тән үлкен өнер көрсетіп, халқын азат етіп, отыз күн ойын, |
қырық күн тойын жасап, сүйгендеріне қайта қосылады.
Қысқасы, бұл жырлар — халыққа қорғаныс, пана бо- лардай алып батырларға ділгір болған дәуірдің желілес туындылары. Бамсы, Алпамыс, Алпамыш, Алпамша, Алып Манаш, Алып Бамсы деген ер есімдерінің өзі де осыны аңғартады. Академик В. М. Жирмунскийдің айтуынша, жоғары- да аталған ерлік ертегі-жырларына VI—VII ғасырларда туып, түркі руларының арасына кең таралған Алп (алып, ер) жайындағы аңыз негіз болған. Алып жайындағы аңыздың түркі тектес халықтардың ішінде, әсіресе оғыз, қыпшақ тобындағы халықтар арасында мол әңгімеленге- ні мәлім. Мұның өзі ерте дәуір мұраларын тарихи жағы- нан салыстыра зерттеудің қажет екендігін тағы да дә- лелдейді. Сонда біз эпостарымыздың шығу төркініне даму эволюциясына сәйкесті көптеген сұрақтардың жа- уабын таба алатьін боламьіз. |