23 апреля, 2018 11:01
Тұрлаулы мүшенің негізгісі болып саналатын бастауыш сөйлемде басты кызмет аткарады десе болады. Сөйлемдегі берілетін ойдың ұйыткысы болумен бірге, орналаскан орнына карай сол ойды толық, дәл жеткізуге бірден-бір себепші сөйлем мүшесі. Әр сөйлем мүшесінің өзіндік кызметі әр түрлі болады. Біреуі сөйлемдегі ойдың аркауы ретінде басым көрінсе, екінші мүше соның эрекетін түрлендіруге икемді келеді. Ал қалғандары ойды толықтырып не анықтап, тіпті болмаса пысыктап кана жүреді.
Бастауыш жай сөйлемдерде баяндауыштан бұрын келіп, барлык мүшелерді ұйымдастыратын, байланыстыратын орталык болып табылады.
А.Байтұрсынұлы тұрлаулы мүшелерге бас мүше (бастауыш) мен баяншы мүшені (баяндауыш) жатқызады. “Бас мүше дегеніміз,- деп жазады өз еңбегінде А.Байтұрсынұлы,- сөйлем ішіндегі сөздер байланатын қазык сөзі, сөйлем иесі. Сөйлем ішінде сол нәрсенің атын көрсететін сөз бас мүше болады” ( 14,265).
Бастауыш қай тілде болмасын “сөйлемде айтылган ойдың синтаксистік субъектісі” болып саналады. Ол тұлгалық кұрамы жағынан дара, күрделі болып келуімен катар, морфологиялык кұрылысы тұрғысынан атау формасындагы есім сөздерден жэне субстантивтенген басқа сөз таптарынан жасалады. Сөйтіп бастауыш — тіліміздегі жай сөйлемнің негізгі ойын ұйымдастыратын, калган мүшелерге ұйытқы болатын мүше. Ол — баяндауыштағы кимылдың, әрекеттің иесін тікелей білдіретін, аныктайтын көрсеткіш. Сөйлем ішіндегі орны да еркін.
Қазак тіл білімінде бастауыш туралы жазылған оку кұралдары, макалалар жарык көрді. Біраз галымдар арнайы сөз кылмаса да, өз еңбектерінде жалпы карастырды. А.Байтұрсынов еңбегінен кейін С.Аманжолов, Қ.Жұбанов,
І.Бәйтенов, Ж.Басымов, Ә.Хасенов, М.Балакаев т.б. ғалымдардың бастауышка катысты пікірлері, макалалары жарияланды. Онда бастауыштың жақтык мағынасы, тұрлаулы мүшелердің байланысы сынды мәселелер козгалды.
1966 жылғы еңбегінде Қ.Жұбанов бастауышка: “сөйлемнің кімнің я ненің жайынан сөйленгендігін көрсететін мүшесін бас мүше немесе кыскартып бастауыш дейміз”, — деп аныктама бере отырып, ол жайлы кыскаша мағлұмат береді (31,143). С.Аманжолов, А.Әбілқаев, И.Ұйықбаевтардың мектеп грамматикасында да бастауыштың ережесі, оған коятын сұраулар, онын кұрамдық түрлері жайлы біршама деректер берілген. Н.Сауранбаев, М.Балақаев, М.Томанов, Р.Әмірлер де өз зерттеу еңбектерінде сөз етеді.
1996 жылғы “Синтаксис” атты кітабында Қ.Шаукенов: “Бастауыш — бұл сөйлемнің тұрлаулы мүшесі, бас мүшесі. Сондыктан ол сөйлемдегі айтылған ойдың казығы, негізі болады. Бастауыштардың сұрактары да эр алуан. Бірак грамматикалык жағынан тұлғаланған көрсеткіші — атау септігінде тұру”, — дей келіп, бастауышты кұрамына қарай күрделі грамматикалық бастауыш, ал мағынасына қарай мекендік, меншік, мезгіл, сапалық, сандык, амалдык, салыстырмалы, белгісіздік, болымсыздық, жалпылау деп он түрге бөледі. [66]. Бірак автордың бүл пікіріне косыла кою киын. Бұл жерде ғалым эр сөздің беретін магынасына жүгінеді. Шындығына келсек, белгісіздік, болымсыздык, жалпылау бастауыштары деп отырғаны олардың есімдіктен, олардың ішінара мағыналык түрлерінен жасалған бастауыштар екені айдан анық.
Жалпы бастауыштар кұрамына карай дара және күрделі болып келеді.
Дара бастауыштар деп бір ғана сөзден болған мүшені айтады. Рахима бұған бірнеше рет ескерту жасады (Қ.Жұмаділов).
Күрделі бастауыштарға кемінде екі сөзден болған сөйлем мүшесі жатады. Көмір қазушылар ауылда бір жүмадай жатты (С.Мұканов).
Сонымен бірге бастауыштың логикалық бастауыш деп аталатын түрі бар. Әдетте, жақты сөйлемнің бастауышы көрініп, ашық та тұрады, кейде жасырын тұлғада келеді. Ал жақсыз сөйлемдердің бастауышын табу киын. Бірак сөйлем жақсыз болған жағдайда сөйлемнің ішінде субъектінің қызметін дәл атқарғанмен, сол дэрежеде ойға катысты сөздер де болатыны анык. Демек ондай сөйлемдерде бастауыш жок, алайда баска септіктегі сөздер сол сөйлемде ойға катысты айтылуы тиіс болады. Логикальщ бастауыш баяндауышпен жақ, сан жағынан қатыса алмайды ( 42,69).
Яғни жақсыз сөйлемдерде бастауыш жок, тек онда логикалық бастауыш болады. Маған биыл окуға түсу керек (Жас Алаш). Осы сөйлемде бастауыш жоқ. Логикалық бастауышы — мен.