ФОНЕТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІСТЕР

23 марта, 2018 18:06

 

Дыбыстык тіл күрделі болып табылатындыктан ерекше зерттеу әдістерін қажет етеді. Дыбыстардың пайда болуы мен жасалуындағы ерекшеліктер акустикалык (физикалық) аспекті тұрғысынан акустикамен, белгілі бір дене мүшелерінің дыбыстарды жасауға катысы тұрғысынан физиологиямен (анатомия) байланысты болып келеді. Сондыктан дыбыстардың табиғатын анықтауда аталған ғылымдарда пайдаланылатын әдістері колданылады.

Экспериментті әдіс дыбыстардың акустикалық мінездемесін — күшін, қаркынын, созыңкылығын зерттейді. Сонымен катар дыбыстардың артикуляциялық табиғатын, яғни қандай мүшелердің қатысуымен калай жасалып тұрғанын нақгы білу үшін кабылдау арқылы сезіп кою жеткіліксіз, оны тиісті аппараттардың көмегімен қарастыру керек.

Экспериментті-фонетикалық әдіс арқылы қалыптаскан экспериментті (грекше — байкау, тэжірибе) фонетикада сөйлеу дыбыстарын акустика мен физиология саласында пайдаланылатын аппараттарды пайдалану аркылы [зерттеуде колданылады.

Экспериментті-фонетикалык эдіс екі топқа бөлінеді:

  • акустикалық әдіс арқылы сөйлеу дыбыстары, олардың акустикалык қасиеттері карастырылады;
  • физиологиялық әдіс (соматикалык әдіс) дыбыстар кандай дене мүшелердің катысы аркылы жасалып тұрғанын, оның артикуляциялык ерекшеліктерін айқындайды.

Акустикалық әдіс 1) кимографтьщ эдіс; 2) осциллографтьщ әдіс; 3) спектрографиялық әдітерге іштей жіктеледі.

Соматикалық әдіс 1) палатографтық әдіс; 2) рентгенографиялық әдіс; 3) кинофотога түсіру әдісі болып үшке бөлінеді.

Экспериментті фонетика қазіргі қазақ тіл білімінде де кең колданылуда. Адамның қарапайым мүмкіндіктері сезіне алмайтын нэзік элементтер эксперименттік фонетиканың нәтижелері арқылы мүмкін болып, фонетиканың ғылым ретінде одан эрі дамуына зор ықпалын тигізіп отыр.

Фонетика саласында жогарыда аталған әдістерден басқа әбден калыптасқан қарапайым эдістер де қолданылады. Қазақ тілінде дыбыстардың калыптаскан орны, үндесу заңдылықтары жэне т.б. ерекшеліктер ұзақ уақыт бойы жете калыптаскан. Мысалы: біздің артикуляциялық базамыз қатаң дыбыстардан кейін катаңдар келеді деген заңдылықты сақтауға бейімделген. Осындай көптеген түжырымдар жасау байқау мен қабылдауға, карапайым тэжірибеге негізделген.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля