Карбюратордың бос жүріс жүйесін автомобильді пайдалану барысын- да қозгалтқыш іске қосылып тұрғанда реттейді. Бос жүріс жүйесін реттеу ауа шығынының коэффициентін жоғарғы көлемде өзгертуге мүмкіндік береді. Ол, өз кезегінде, жанармай шығыны мен жұмыс істелген газдың жоғары улылығын төмендетеді. Сондықтан қозғалтқышқа, от- алдыру мен қоректендіру жүйесіне жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін, техникалық тексеру жұмыстарын міндетті түрде жасаған кезде қозгалтқыштың бос жүріс режимінде жұмыс істелген газ қүрамындағы улы заттардың құрамын тексереді. Бос жүріс жүйесінің дұрыс реттелмеуінен жанармай шығыны 35% жоғарылауы мүмкін, ал жұмыс істелген газ құрамындағы СО мен СН 3-5 есе артуы мүмкін.
Ереже бойынша бос жүріс жүйесін реттеу бірнеше: қоспа құрамы бұрамасымен — көлем бұрамасы мен қосымша ауа беру бұрамасы немесе дроссельді қақпақша тірегі бұрамасымен — көлем бұрамасымен орындала- ды. Бұрамалардың орналасуы әртүрлі карбюраторларда әртүрлі. ВАЗ-2101 мен ВАЗ-2107 автомобильдері карбюраторының реттеу бұрамаларының орналасуы бірдей болып келеді. |
Бос жүріс жүйесін реттемес бұрын, автомобильдің жүмыс істелген газды шығару жүйесінің ақаусыздығын, клапанды механизм мен тұтандырудың оз бұрышы басының дұрыс реттелгендігін тексеру қажет. Ол үшін козғалтқыш салқындату сұйықтығының температурасын 85- 95°С-қа дейін қыздырып, ауа қақпақшасын толық ашу қажет.
Егер иінді біліктің айналу жиілігі автомобильдің техникалық си- паттамасына сай болмаса, онда бос жүрісті айналу жиілігін реттеу бұрамасымен — көлем бұрамасымен орнатады. Айналу жиілігінің ең үлкен шамасын қоспа кұрамы бұрамасы — көлем бұрамасын оңға немесе солға бұрап орнатады. Содан кейін газоанализатор көрсеткішін бақылай оты- рып, дроссельді қақпақша тірегі бұрамасымен оны төменгі көлемге дейін төмендетеді. Улы заттардың құрамы қозғалтқыш жұмысы тұрақтанғаны соң 20 секундтан кейін өзгереді. Егер улы заттардың құрамы төмендемесе, қоспа құрамы бұрамасымен қалыпты көрсеткішке жеткенше бұрайды. СО ұтымды құрамын реттеу кезінде ол 0,5-1,0 % аралығында болуы қажет. Егер СО құрамы 0,3-0,5%-дан төмен болса, бұл қоспаның бай екенін көрсетеді. Ал ол, өз кезегінде, жеке цилиндрлерде тұтанудың бұзылуына соқтырады, соның салдарынан Жұмыс істелген газда СН көбейеді, қозғалтқыштың жұмысы бұзылады, жанармай шығыны көбейеді.
Егер реттеуден кейін жұмыс істелген газдағы СН құрамы азаймаса, онда ол басқа да жүйелер мен механизмдердің ақауларының болғанын білдіреді, бастысы оталдыру жүйесі болып саналады.
Бос жүріс реттелуін тексеру. Бос жүрісті тексерудің дұрыс реттелгендігі тексерген кезде дроссельді қақпақшаны басқару педалін күрт ашып жэне жабу жолымен анықталады. Егер анықтау барысында қозғалтқыштың айналу жиілігі бірыңғай жоғарылап, кідіріссіз жұмыс істеп, ал педальді жіберген кезде қозғалтқыш тоқтап қалмаса, онда ретте- лу дұрыс болғаны. Ал керісінше жағдайда иінді біліктің айналу жиілігін дроссельді қақпақшаны басқару бұрамасын бұрау арқылы жоғарылатып жэне жұмыс істелген газ құрамын тексеру қажет. Ол үшін газоанализатор құралы қолданылады.
Бос жүріс айналу жиілігін орнату кезінде тахометр немесе басқа да өлшеуіш құралдарын қолдану арқылы реттейді. Нұсқаулық бойын- ша өлшеуіш құралдарын оталдыру өшіп тұрған кезде жалғайды. Иінді біліктің қажетті айналу жиілігін тахометр көрсеткіші бойынша қоспа мөлшері бұрамасы көмегімен орнықтырады, содан кейін қоспа сапасы бұрамасы көмегімен жұмыс істелген газ құрамындағы көміртегі қышқылы мөлшерін реттейді.
Егер газ құрамындағы улы заттардың тексеру кезінде қалыптыдан көп екені анықталса, онда карбюраторды шешіп алып, жанармай көлемін, |
карбюратор енгізу клапандарын, ауа жэне жанармай жиклерлерінің өткізгіштік қасиетін тексеру қажет.
Шетелдік автомобильдер карбюраторларына техникалық қызмет көрсету ереже бойынша орындалмайды, өйткені эр карбюраторды тексеруді және реттеуді дайындаушы кэсіпорындарда ғана жасайды жэне олардың реттелуін өзгерту керек емес.
Карбюратодың жанармай сүзгісіне техникалық қызмет көрсету автомобильдің моделіне байланысты. Автомобильдердің кейбір модель- дерінде торлы жанармай сүзгісін екі жылда бір рет, 20-30 мың шақырым жол жүргеннен кейін ауыстырады, ал баскаларында алғашқы 2 мың шақырым жол, содан кейін эр 10 мың шақырым жол жүргеннен кейін бен- зинмен жуып жэне ауамен үрлеп тазалап отырады.
Жанармай багын тексеру. Егер жанармай багын тексергенде оның құбыры арқылы ауамен үрлеген кезде отын бүлкілдемесе, онда жанармай багы ластанған. Мысалы, жанармай багының торлы сүзгісі бітелген, оның қабылдағыш құбырында су қатып қалған немесе бактың төменгі бөлігінде көп лас жиналған.
Бак ішінде жиналған ласты ағызуға арналған бұраманы шешу арқылы тазалауға болады, ал оның ішін бензин немесе жуу құралын қолданып, ыстық сумен жуу қажет. |
Күбілерде, канистрлерде сақталған жанармайды қолданған кезде, оның түбінде жиналған қоқыстың бак ішіне түспеуіне көңіл бөліп, құйғанда мұқият болу керек. Егер жалғаныс сызығы бойында жанармай ағуы байқалса, онда оны жұмсақ дәнекермен бекітеді. Бак тесігін жөндегенде, оны жақсылап жуып жэне ішін кептіреді. Бак ішінде бензин буы болмауы қажет, өйткені соның салдарынан жарылыс пайда болуы мүмкін. |