Әбу Насыр әл-Фараби

30 ноября, 2017 18:50

(870—950 жылдар)—дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші үстазы (арабша: „Муаллими соний») атанған даныш- пан, философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші, ақын.Ол Арыс өзенінің Сырдарияға қүя беріс саласындағы ежелгі Отырар (оны қыпшақтар Қарашоқы деп те атаған) қаласында туылған. Ежелгі түркілердің орталық қаласы Отырарды кезінде негізінен Қыпшақ, Қаңлы, Қоңырат тайпалары мекен еткені тарихтан жақсы мәлім. Отырар — бір жағы көшпелі мал шаруашылығын кәсіп еткен, екінші жағы отырықшы-егіншіліқпен айналасатын түрлі түркі ру- тайпаларын өзара байланыстырып түрған буын іспеттес қала болған. Бұл шаһарды арабтар Фараб деп атаған. Сол бойынша, үлы ұстаз әл-Фараби атанып кеткен.

Әл-Фарабидің толық аты-жөні: Мұхаммед ибн Мұхам- мед ибн узлағ Тархани —деп жазылатын болған. Мұндағы тархан сөз екі нәрсені аңғартады; б і р і н ш і д е н, әл-Фарабидің түркі тектес ру-тайпалардан шыққанын білдіреді. Е к і н ш і д е н, оның ата-бабасы дәулетті, қыпшақтар ара- сында есімі белгілі кісілер болғанын көрсетеді. Өйткені қыпшақтардың атақтылары ғана дәстүр бойынша тархан деп аталатын болған.

Ежелден-ақ Отырар қаласын мекен еткен түркі тектес тайпалардың барлығы дерлік бертін келе қазақ халқының этностық қүрамына енгені көне тарихтан жақсы мәлім. Алайда „әл-Фарабиді қазақ етіп көрсетуге тырысу да жа- санды әрекет болады. Ол заманда үлт болып бірігу процесі аяқталудан әлі тіпті алыс еді. Сол сияқты оны өзбек деп кесіп айту да әділеттік бола қояр ма екен. Фактілер негізіне сүйене отырып, әл-Фараби кейін қазақ халқының қүрамына қосылған түркі тайпасынан шыққан дей аламыз»[1].

Жастайынан асқан зерек, ғылым-өнерге мейлінше қүштар болып өскен әл-Фараби алғашқы білімін туған жері Отырарда қыпшақ тілінде алады. Ол өсе келе өз за- манының ас маңызды ғылым мен мәдениет орталықтары: Бағдад, Қорасан, Дамаскі, Каир, т. б. шаһарларда болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы шаһарларында ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз зергерлерімен танысады. Олардан тәлім- тәрбие алады.

Әл-Фараби өзінің түркі тілімен қатар, араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін жетік білген жан. Ғылыми шығармаларын, өлең-жырларын өз дәуірінің рухани- ғылыми тілі саналған араб тілінде жазды.

Ғұлама-ғалым ретінде әл-Фараби атсалыспаған, зерттеу жүргізбеген ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол филосо- фия, логика, математика, тіл білімі, әдебиет теориясы, т. б. ғылым салалары бойынша қыруар көп ғылыми еңбектер жазды. Алайда оның көптеген шығармалары ел арасында қолжазба күйінде тарап, бірте-бірте жоғалып қала берген. Фараби еңбектерінің кейбір тізімдері ғана сақталған. Со- ның өзінде үлы ғалым еңбектерінің саны жөнінде нақтылы деректер жоқ.

Мәселен, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш. Штейшнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы А. Атеш 160, ал тәжік ғалымы Б. Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді. Ұлы ғалымның үшан-теңіз еңбектерінен біздің заманымызға дейін сақталып, бүгінгі үрпақтың қолына ти- гені қырыққа жуық шығарма деуге болады. Әйтсе де осы қырық шақты еңбегінің өзі-ақ әл-Фарабидің энциклопе- дист-ғалым, дарынды әдебиетші, үшқыр ойлы ақын болғанын толық дәлелдейді.

Әрине, Әбу Насыр әл-Фараби ең алдымен кезінде „Шығыстың Аристотелі» атанған есімі әлемге мәшһүр фи- лософ болды. Ол көне заманның Платон, Аристотель, Га- лен сияқты ақыл-ой алыптарының шығармалары туралы көптеген трактаттар мен түсіндірмелер жазды. Сөйтіп, Фа- раби Шығыс пен Батыстың ғылыми қауымын грек филосо- фиясымен, логика ғылымымен, ежелгі мәдениетімен таныстыруда зор рөл атқарады.

Фарабидің „Ақылдың мәні туралы трактат», „Даныш- пандықтың інжу-маржаны», „Ғылымдардың шығуы», „Фи- лософияны оқу үшін алдымен не білу керек», „Аристотель еңбектеріне түсіндірме» («Поэтика’, „Риторика», „Софи- стика» т. б.) сияқты зерттеулері оның есімін әлемге фило- соф ретінде танытты.

Әл-Фарабидің әлеуметтік-қоғамдық және этикалық көзқарастарын танытатын туындылары да аз емес. Бүл түрғыдан алып қарағанда, әсіресе „Қайырымды қала түрғындарының көзқарастары», „Бақыт жолын сілтеу», „Азаматтық саясат», „Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері», „Бақытқа жету жайында» деген сияқты еңбектерінің мәні ерекше зор.

Үлы ғалым нағыз гуманист ретінде адам ақыл-ойының жан-жақты дамып, табиғат пен қоғам сырын толық ашуы мүмкін екеніне кәміл сенеді, адамзат қоғамындағы барлық мәселелерді шешуге қабілетті ең басты күш — ақыл-пара- сат деп біледі.

Әл-Фараби өзінің „Қайырымды, қала түрғындарының көзқарастары» атты кітабында бірқатар қоғамдық- әлеуметтік, этикалық мәселелерді сөз етеді. Мүндағы қала деп отырғаны — мемлекет. Ғалым бүл шығармасында мемлекеттің пайда болуы, ондағы теңсіздіктің өмірге ке- луі, идеал қала халқының моральдық бейнесі, мүндай қала әкімдеріне қажетті адамгершілік қасиеттер, әрбір адамның бақытқа жетуі үшін бүкіл қоғам болып, бірігіп тіршілік етуі керектігі, т. б. мәселелер жайындағы өз пікірін ортаға салады. Ол халық бақытты өмір сүру үшін елді жақсы әкім басқаруы керек деп түсінді. Ал, жақсы әкім — әділ, инабатты, мейірімді, жан-жақты білімді, жақсылыққа жаны қүмар, жамандықтан жиіркенетін, батыл, жомарт, өнер мен әдебиетті сүйетін адам болуы тиіс. Фараби мемлекег басқаратын адамға осындай биік талап- тар қояды.

Сонымен, Фараби болашақ қоғамда адамдардың емін- еркін, азат өмір сүретін, қоғам мүшелерінің бәрі тең, бірін- бірі қүрметтейтін, бақытты қоғам ретінде суреттейді. Бүкілхалықтық бақытқа жетудің бірден-бір жолы ғылымды, білімді игеруде деп білді. Фараби үлы гуманист ретінде феодалдық соғыстарға, ел-жұртты тонауға, тақ пен тәж үшін болған қантөгістерге, әділетсіздікке қарсы шықты, адамның еңбекке, білімге, бейбіт өмірге деген қүқығын қорғауға әрекет жасады.

Әл-Фарабидің философия, логика, тіл білімі, музыка т. б. ғылым салалары бойынша жазылған еңбектерін оқып білудің өзі үлы ғалымның әдебиет теориясы мәселесіне арналған трактаттарын тереңірек түсінуге мүмкіндік бе- реді.

Әбу Насыр әл-Фараби әдебиет теориясымен де жан- жақты шүғылданған ғалым. Әдебиет теориясы бойынша бірқатар келелі еңбектер жазғанын ғалым шығармаларының сақталып қалған тізімдерінен білеміз. Мәселен, орта ғасырда өмір сүрген араб ғалымы Ибн Аби Усайбаның (1203—1270) айтуы бойынша, әл-Фарабидің өлең қүрылысын зерттеуге арналған „Қалом фи ашшеьер ва ал-қавофий» («Өлең және үйқас туралы сөз») деген шығармасы болған. Әл-Фараби дәурінде және одан кейінірек өмір сүрген бірқатар әдебиетшілер бүл еңбекті поэзия табиғатын зерттеуде теңдесі жоқ туынды деп жоғары бағалағаны мәлім. Өкінішке орай, үлы ғалымның бүл шығармасы әзірше табылған жоқ.

Сондай-ақ, Фараби еңбектерінің тізімінде оның „Өлең ырғағы туралы», „ЬІрғақ пен өлең туралы сөз“ және „Поэ- зия өнерінің негіздері туралы трактат» деп аталатын зерт- теулері болғаны көрсетіледі.

Соңғы жылдары әл-Фарабидің бүрын ғылымға белгісіз болып келген аса қүнды бір шығармасы Братислава (Че- хославакия) университетінің кітапханасынан табылды. Арабша жазылған бүл ғылыми еңбек „Китаб ашшеьер» («Өлең кітабы») деп аталады. Бүл шығарманы араб тілінен өзбек тіліне аударып, оған алғы сөз, ғылыми түсініктер жазып, жеке кітап етіп шығарған белгілі өзбек ғалымы А. Ирисов болды.

Әл-Фарабидің „Өлең кітабы» көлем жағынан шағын ғана туынды, оны тіпті кітап емес, мақала деп атаған жөн шығар. Мүмкін мүның өзі алғашта көлемді шығарма күйінде жазылған болуы да ықтимал. Кейінірек белгілі бір себептер әсерімен кітап көлемі әдейі қысқартылып, бізге тек тезис күйінде жеткен болуы да ғажап емес.

Фарабидің бүл зерттеуі жеке кітап күйінде сақталмаған. Үлы ғалымның он екі бөлімнен түратын логи- ка саласындағы кітабының ішіне қосылып, сонымен бірге түптелген екен.

Фараби өзінің „Өлең кітабын» мынадай сөздермен бас- тайды: „Біз поэзиясымен хабардар болған көптеген ха- лықтарға қарағанда арабтар өз поэзиясында бәйіттің соңғы жағына көбірек мән береді. Сол үшін де араб бәйіттері белгілі бір өлшемдігі шектелген сөздермен то- лықтырылады әрі көркемделеді, мүның өзі оларда сирек қолданылатын яки көпшілікке мәшһүр болған сөздерді пайдалану арқылы іске асады. Жоғарыда аталған бәйіттердегі сөздерден туындайтын мән-мағына осы әңгіме болып отырған нәрсе мен оқиғаларға үқсайтын еліктеу болуы керек.

Мүндай жағдайда қолданылатын сөз тіркестері ырғақты, белгілі бір бөлшектерге жіктелген болуы керек, тіпті ондағы әрбір ритм, ырғақ, буын, бунақ саны да шек- теліп түруы шарт.

Өлеңнің әрбір ритмінде қолданылатын сөз бөлшектері тәртібінің де өзіне лайықты шекарасы болады.

Өлең шумағының әрбір буын бунағындағы ритм тәртібі мен өзге шумақтағы тәртіп өзара үндесіп жатуы керек. Міне, осы жоғарыда айтылған шарттардың орындалуы нәтижесінде, өлеңнің әрбір қүрамдас бөлігі оқылған кез- де өзара бір мезгілде оқылады. Әрі біркелкі болып шығады. Әрбір ырғақта қолданылатын бәйіт сөздерінің де белгілі бір тәртібі, шекарасы бар. Мүнда бәйіт сөздерінің соңғы жағы да шектелген. Не дыбыстар дәл өзіндегідей яки оны дауыстап оқығанда тең келетін сөздер болуы ке- рек.

Бәйіттегі сөздер де әңгіме не туралы айтылып жатқан болса, соған үқсас етіп, бейнелі түрде айтылуы тиіс. Соны- мен бірге бәйіттердің бір-біріне үндес болуы да талап етіледі.

…Алайда грек шайыры Хомердің (Гомер — Н. К.) етістік қолдануына қарасақ, ол өз жырларында өлең жол- дарындағы соңғы сөздердің сәйкес келуіне мән бер- мейді…»

Фараби осы еңбегінде „бәйіт сөздерінің соңғы жағы да шектелген» деген пікір айтқан. Оның мәнісі: өлеңнің соңғы бірінші тармақта қалай келген болса, екіншісінде де солай келуі керек деп түсіну қажет. Бұл арада Фараби өзара ұйқасатын сөздер туралы әңгіме қозғап отырған сияқты. Өйткені мұндай жағдайда тармақ соңындағы әріптер, дыбыстар ұдайы бірдей болып келеді, әсіресе соңғы буындар солай болады.

Сонымен бірге, Фараби „бәйіттегі сөздер де әңгіме не туралы айтылып жатқан болса, соған ұқсас етіп бейнелі түрде айтылуы тиіс» дейді. Орта ғасыр философтары та- биғаттағы әрбір қүбылыстың әсері қоғамдық өмірде де сол күйінде қайталанып, өз көрінісін тауып отырады деп түсінген. Сондықтан табиғат пен қоғамдық өмірдегі қубы- лыстарды жырлаушы ақындар оларды „Табиғатқа еліктеу- ші“ деп атаған. Алайда бүл арада Фараби көркем сөз өнеріндегі үқсату-теңеу жөнінде айтып отыр. Демек, сол өмірдегі әрбір оқиға тек теңеу жолымен, образ арқылы ғана оқырманға жетеді деген пікірді меңзеп айтып отыр.

Әбу Насыр әл-Фараби өзінің „Өлең кітабында» поэзия- ның бірқатар теориялық мәселелеріне — өлеңнің компо- зициялық қүрылысына, шумағына, өлшеміне, ұйқасына, т. б. шолу жасай келіп, жырдың барлық компоненттері ақынның айтайын деп отырған ой жүйесіне лайық, орын- ды болу керек деген түйін жасайды. Жақсы өлеңде қашанда басы артық, оғаш түрған шумақ, тармақ болмай- тынын ескертеді.

„Өлең кітабында» автордың айтпақ болған басты пікірі — өлеңнің ішкі мән-мағынасы мен сыртқы тұлғасы өзара қабысып, логикалық түрғыдан үндесіп түруы тиіс. Поэзия- лық туындының әрбір буыны, бунағы, үйқасы, үні, өлшемі т. б. бір-бірімен үндесіп, дәлме-дәл келіп жатқанда ғана ол оқырманның ойынан шығады. Дарынды шайыр құдды ше- бер үста секілді. Қарапайым сөздердің өзінен-ақ таңғажайып өрнектер жасайды.

Фарабидің әдеби мүрасын игеруде оның кейінгі кезде табылған „Өлең кітабын» жан-жақты зерттеп, оқып-үйре- нудің мәні зор.

Әл-Фарабидің өлең табиғатын терең зерттеуші ғүлама- ғалым ретінде танытатын шығармаларының бірі — «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат» болып табылады” . Мұны Лондондағы үнді диуаны (Хиндиан офис) кітапханасынан белгілі Шығыстанушы ғалым Артур Арберри 1937 жылы тапқан болатын. Бул зерттеу Ари- стотельдің „Поэтика» атты еңбегінің ықпалымен жа- зылғаны мәлім. Әрине, „Поэтикада» сөз болатын көне грек әдебиетінің жанрларымен, терминдерімен, өлең өлшем- дерімен т. б. жақсы таныс болмаған адамға Фараби тракта- тын бірден түсініп оқу қиын. Сол үшін біз өлең өнерінің қағиадаларына арналған зерттеудің кейбір түстарына өзімізше түсінік бере кетуді жөн көрдік.

Әл-Фараби өзінің „Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат» деген еңбегінде үстазы Аристотельдің „Поэтика» атты зерттеуіне сілтеме жасай отырып, өлең жазудағы ақындық шеберлік пен өнер жайында ғылыми ой-пікірлер айтады.

Фараби поэзияда екі түрлі қүбылыс бар деп біледі. Олардың бірі — софистика, ел екіншісі — еліктеу. Ғалым бүл екеуі төркіндес емес, қайта олар бір-біріне қайшы ке- летін үғымдар, екеуінің мүддесі де екі түрлі екенін ерекше атап көрсетеді: „Софист тыңдаушы санасында болмыстан тыс, оған қайшы қайдағы бір елес туғызады, сондықтан ол бар нәрсе жоқ, жоқ нәрсе бар деп ойлайды, ал оған қарама-қарсы еліктеуші тыңдаушысына үйлесімге орай ой түюге жетелейді. Оған сезім шарапатын тигізеді».

Фарабидің ақындық ой қорыту, өлең өлшемі мен мазмүны жайындағы пікірлерін айқынырақ аңғару үшін трактатты одан әрі оқи түсейік: „Ақындық түйіндеуді өлшеміне, яки мазмүнына қарай топтау мүмкін. Өлшеміне қарай топтау әуенділікке немесе екпінге, түжырымдау қай тілде екеніне байланысты, сонымен қатар музыканың деңгейіне де қатысты. Мазмүнына қарай ғылыми тұжы- рымдау, тап басып болжау, поэзияны талдаушының, поэ- тикалық мәнді зерттеушінің, әртүрлі халық поэзиясы мен оның әрбір мектебін білетіндердің харекетіне кіреді» .

Міне, Фараби осы жәйттерді айта келіп, ежелгі араб және парсы өлең-жырларын зерттеушілер бүл ха- лықтардың поэзиясын сатира, поэтика, айтыс, комедия, газель, жүмбақ, тағы басқаларға бөлетінін ескертеді. Со- нымен бірге Фараби өзі өмір сүріп отырған дәуірде және көне заманда көптеген халықтардың шайырлары фабула мен өлшем арасына шек қоймағанына оқырман назарын аударады. Поэзиядағы мүндай жағдайдан тек ежелгі грек- тер ғана тыс тұр деп көрсетеді. Өйткені гректер әрбір ақындык, тақырыпқа ерекше өлшем қолданған.

Сөйтіп, әл-Фараби грек поэзиясын төмендегідей топқа бөліп сипаттайды, олар: трагедия, дифирамбы, комедия, ямб, драма, эпос, диаграмма, сатира, поэма, риторика, ам- фигеноссос (космогония), акустика.

Әрине, бул айтылған өлең формалары бүгінгі әдебиетке әбден орныққан әдеби жанрларға айналғаны мәлім. Алайда Фарабидің айтуы бойынша, кезінде мүның бәрі өлеңнің түр-түлғасы қызметін атқарған.

Фараби грек поэзиясына тән осы өлең түрлерінің әрқайсысына өзінше анықтама береді: „Трагедия де- геніміз арнайы өлшемі бар, бәріне тыңдаушыға һәм айту- шыға да ләззат беретін поэзия түрі. Онда еліктеуге түрарлық, үлгі алар орайлы оқиға бар: онда билеушілер мен шаһар манаптары марапатталады. Орындаушылар әдетте оны патшазадалар алдында келістіріп айтып береді. Егер патша өлсе, олар трагедияның орнына кейбір әуен қосып, марқүмды жоқтайды

Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат» атты осы шығармасында Фараби ақындарды үш топқа бөліп қарастырады, әрі әрбір топқа өзінше сипаттама береді. Бірінші топқа Фараби табиғи дарыны мол, тамаша теңеулер табуға мейілінше бейім, бірақ өлең өнерінің сын- сипатымен, яғни теориясымен онша таныс емес ақындарды жатқызады. Ал, енді екінші топтағылары — өлең өнерімен толық таныс ақындар, олар өлең жазу қағидасына да, бейнелеу қүралдарын қолдануға да шебер болып келеді. Үшінші топтағылар — жоғарыда аталған екі ақындық топқа еліктеушілер деуге болады. Бүлардың әлі өзіндік жазу мәнері толық қалыптасқан емес.

Сонымен Фараби біз әңгіме етіп отырған шығармасында ежелгі дәуірдегі араб, парсы және грек по- эзиясының тарихы, тақырыбы, композициялық қүрылы- сы, өлшемі, шумағы, ырғағы, тармағы, буыны, бунағы, үйқасы, түр-түлғасы, т. б. мәселелерін әдебиетші-ғалым ретінде жан-жақты зерттейді.

Сондай-ақ, Әбу Насыр әл-Фараби — өз дәуірінің көрнекті ақындарының бірі. Бүл жөнінде әл-Фараби за- мандастары және одан кейінірек өмір сүрген Шығыстың көрнекті ақындары, әдебиетшілері және тарихшылары көптеген мәліметтер жазып қалдырған. Мәселен, белгілі араб тарихшылары Ибн Аби Усайба (1203—1270) және Ибн Халликон (121 1 —1282) өздерінің еңбектерінде әл- Фарабидің араб, парсы тіліндегі жазылған жырларынан үзінділер келтірген.

Мүндай өлеңдерінің бірқатары бертінде жарық көрген әдеби жинақтарға енгізілген. Сол жырлардың бірінде мы- надай жыр жолдары бар (Біз баспахана мүмкіндігін ескеріп, парсы сөздерін қазіргі қазак, тілінде қоданылып жүрген әріптермен транскрипция жасадық):

Әсрари уәжуд хам уә напухтә биманд,

Уан гауһари бәс шәриф насуфтә биманд.

Хәр кәс бәдәлили ақил чизий гүфтәәд Ан нүктәки әсіл бүд нагуфтә биманд.

Мазмүны:    „Барлық ой-сырларым шикі күйінде,

түйінделмей, пісіп-жетілмей қалып барады. Бүл қымбат гауһар өңделмеген (тесілмеген) күйінде, кәдемізге жара- тылмай қала берді. Жүрек сыры жайында әркім өз ақыл- парасаты жеткенше бірдеме айтқан болды. Әйтсе де айтылуға тиіс ең басты пікір — айтылмай, нүкте қойылмай қалып барады».

Тағы бір өлең жолын мысалға келтірейік:

Ей, ан ки шума пийру жәван дийдарид,

Әзрәқ пушони ин кухән деварид.

Тифли зи шумо дар бәри ма махбусаст Ура бәхалис химмәти бигумарид.

Мазмүны: „Ей, көзге көрінген қарттар мен жастар! Мына өмір қорғанының көк киімділері! Сіздердің бір ба- лаңыз бізде сырқат болып жатыр. Сіздер оның науқасынан сауығып кетуіне жәрдем беріңіздер, демеу болыңыздар”.

Кезінде араб тарихшылары Ибн Халликон жазып қалдырған Фараби бәйіттерінің бірнеше шумағын жолма- жол аударып беруді жөн көрдік:

Бауырым, сен теріс жолға түскен жандарға ерме, Олардан аулақ жүр, қашанда әділдік жағында бол. Бүл дүние — біз мәңгі түратын мекен-жай емес, Әлемде ешкім өлімді жеңе алмады.

Адамдар әлде қүмға түскен із бе екен?

Біз соншалықты дәрменсіз болғанымыз ба?

Бір рет самал соқса-ақ бәріміз,

Мына өмірден үшті-күйді жоғалып кетеміз бе?

Адамға бір сәттік қысқа ғүмыр берілген,

Сол қас қағымдай сәттің өзін көп көріп,

Адамдар бірін-бірі жегідей жейді,

Бірін-бірі азапқа салып қинайды.

Түкке түрғысыз атақ-даңкқа таласып,

Қашанға дейін бір-бірімізді азаптай береміз?

Одан гөрі көк-тәңірісіне жалбарынып,

Өліп кеткеніміз жақсы емес пе?

Сөйтіп, ақыл-парасат пен оқу-ағарту ісінің жалынды күрескері болған Фараби зорлық-зомбылық атаулыға ба- рынша қарсы шықты. Осы идеяны өз жырларына арқау етті. Ақынның гуманистік түрғыдан айтылған ой-пікірлері бүгінгі оқырмандарды да таңдандырып, сүйсіндіреді.

Орта ғасырда өмір сүрген арабтың мәшһүр шайырлары мен тарихшыларының еңбектерінде әл-Фараби көп өлең жазған деген пікір айтылады. Белгілі шығыстанушы Е. Э. Бертельс те осындай қорытынды жасайды[1]. Бірақ оның жырлары сақталмаған. Бізге Фарабидің бірнеше өлеңі ғана мәлім.

Әл-Фараби өлеңдерінің негізгі тақырыбы — өмірдің мән-мағынасы жайлы толғау, оқу мен білімді мадақтау бағыт-бағдарын, тынысын айқын сезінуге болады.

Қашықтасың туған жер — қалың елім,

Не бір жүйрік болдырып жарау деген.

Шаршадым мен

Қанатым талды менің

Шаңыт жолға сарылып қарауменнен.

Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,

Қасіреттің жасында көз жуынар.

О, жаратқан, көп неткен ақымағың,

Қүм сықылды тез ысып, тез суынар.

Зиялы аз бір түтам тіршілікте,

Әкімдікке күллісі жүгіреді.

Көкірекпен сезініп, күрсініп көп,

Жаным менің түршігіп, түңіледі.

Қайтейін мен көкжиек көңілімді.

Келен күнге үмітпен жол ашамын.

Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді,

Соны медет етеді болашағым.

Бір шөлмекте көк сия толып түрса,

Екіншіде — шарап бар жайы мәлім.

Даналықты сиямен толықтырсам,

Шарабымен шерімнен айығамын.

 

Әл-Фараби тағы бір өлеңінде бұл ғұмырдың мәңгі еместігін айта келіп, жастык, жүректің жалынын осы өмірдің игілікті істерін атқаруға жұмсау керектігін аңғартады.

Бауырым, қанша сүйгенмен,

Өтеді өмір күйбеңмен.

Шындыққа бас тік алаулап,

Пенделіктен бол аулақ.

Жататын дәйім жаңғырып,

Бүл ғүмыр емес мәңгілік.

Бейопа мына заманда,

Бақүл боп кетер адам да.

Жүрт кілең күнін көп қызық.

Жіберер зая өткізіп.

Қағаздың түсіп бетіне,

Сызықтай бейне тартылған Тап болып, жігер сарқылған,

Кездейсоқ өмір өтіне.

Қайыспай түрса нар түлғаң

Сонда да беріп кетеміз,

Жүректің отын молында Арманды аңсаң өтеміз Біз үлы мұрат жолында.

Төмендегі өлең жолдары әл-Фарабидің ақындық түғырының да биік болғандығын толық дәлелдейді:

Тамылжып бал тыныштық айналамнан,

Тылсым түнге қүшағын жайған далам.

Мен жатырмын үйқысыз жапа-жалғыз,

Жанымды ой жарығы аймалаған.

Аққан жүлдыз қүласа кейде егер,

Сенің нүрлы бейнең боп кеудеме енер. Әлдеқайда ғайыптан ынтызар ғып,

Өміріме бір ғажап сәуле берер.

Үнің жетер жаңғырып жырақтан ең,

Сезініп мен деміңді гүл атқанмен,

Оның өзі бір-ақ сәт… содан кейін,

Мүңды әуенді жалғаймын бірақ та мен…

Тіршілікте қүрыштай бол төзімді,

Сан мәртебе алдаса да өзіңді.

 

Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,

Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған.

Өрге жүзген өнегелі ісімен,

Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.

Жүргендер көп достық атын малданып,

Алайда тек қалма оған алданып.

(Аударған А. Нысаналин).

Әрине, әл-Фараби өмір сүрген дәуірде үлкен ғалымдардың өлең де жазуы өзінше бір әдетке айналып кеткен салт, дәстүр болған. Мәселен, Фарабидің заманда- сы, үлы ғалым, медицина ғылымының негізін қалаушьілардың бірі Әбу Әли ибн Сина, энңиклопедист- ғалым Бируни, үлы математик әл-Хорезми т. б. кезінде аз- ды-көпті өлең-жыр жазумен де айналысқан. Бірақ орта ғасырдың әдебиет зерттеушілері мен тарихшылары поэзия мәселесін сөз еткенде көбінесе дерлік әл-Фарабидің есімін қайталап отырады. Өкінішке орай, Фарабидің поэ- зиялық мүрасы біздің дәуірімізге дейін толық сақталмады. Әйтсе де саусақпен санарлықтай азғана жыр жолдары- ның өзінен оның зор шабытты, кең тынысты, терең ойлы, нәзік сезімді, дарынды ақын болғанын аңғару қиын емес.

Сонымен, Махмүд Қашқари, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Беруни сияқты түркі тілдес халықтардан шыққан ғүламалардың еңбектері әлемдік мәдениетпен ғылымға қосылған сүбелі үлес болды.

Түйіндеп айтқанда, Орта Азия мен қыпшақ даласы үшін X—XII ғасырлар қоғамдық-әлеуметтік, саяси түрғыдан дамудың жаңа басқышы болып табылады. Бұл кезеңде түркі тілдес халықтардың мәдениеті, әдебиеті, ғылымы едәуір өркендеп өсті. Әсіресе, түркі әдеби тілі жан-жақты дамып, жетіле түсті. Мүның өзі түркі ха- лықтарының, соның ішінде, қазақ, өзбек, үйғыр, қырғыз, т. б. халықтардың этностық қүрамының қалыптаса бас- тауы мен олардың әлеуметтік-қоғамдық өміріндегі рөлінің біртіндеп артуына байланысты болды

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля