13 декабря, 2017 19:32
Тесу — былғарының шеткі қырларын өңдеуде өте маңызды орын алады. Тесуді әр түрлі формалы (төртбүрышты, үшбүрыш- ты, сопақ, дөңгелек) және әр түрлі мөлшерлі болаттан жасалған тескіштермен жүргізіледі.
Былғарының шетгерін тесудің тағы да бір мақсаты — ол жеке-жеке бөлшектерден құралған заттарды біріктіріп қосу. Тесу сонымен қатар былғарыдан жасалған заттар- дың бетгерін бедерлеп әшекейлеуге, тесіктер арқылы гүлге ұқсас ою-өрнектер жасап мәнерлеуге қажет. Тесу арқылы көптеген зат- тар әшекейленген, олардың арасында сөмке, папка, белдік, то- қым және басқа бұйымдар бар.
Халық шаруашылығында былга- рыдан жасалған көптеген заттар осы әдіспен әшекейленеді. Тесуді жақсы жүргізу үшін мектеп шеберханасында өздерің 22-суретте көрсетілгендей етіп өр түрлі тескіштер жасап алыңдар. Олардың үштары (жүздері) өткір болуы керек. Былғарыны бірнеше рет тескеннен кейін ұштары мұқалып, өтпей қалуы ықтимал.
Тескіш құрал жасауга У—7-8 болаттарын пайдаланыңдар, ұштарын май- мен не сумен суарып қатайтуды үмытпаңдар.