Білімдер мен дағдыларды ауызша тексерудің әдістері

8 марта, 2018 18:09

 

Білімдер мен дағдыларды тексерудің ауызша формасының басты артықшылығы — оқытушы мен оқушылардың арасында тікелей байланыстың болуы. Бүл оқушылардың индивидуалды өзгешеліктерін зерттеу үшін, олардың білімін түзеу үшін, жа- уаптарды логикалық түрде дүрыс қүрастыру үшін, техникалық терминологияны дүрыс қолдану үшін кең мүмкіндіктер ашады.

Сонымен бір мезгілде оқытушы бірқатар өдістемелік қиыншы- лықтарға тап болады жөне олар төмендегілермен байланысты:

  • мәселелердің қойылымы мен мазмүнын іріктеуге байла- нысты;
  • бір оқушының жауап беру барысында бүкіл топтың ден қоюдан айырылуы;
  • сабақ барысында барлық оқушыларды сауалнамаларға қатыстыруға уақыттың жетіспеушілігі.

Сондықтан ауызша сауалнама жүргізуге оқытушы мүқият дайындалуы, сүрақтарды алдын-ала даярлауы, оқушылардың жауаптарына талаптарды анықтап алуы тиіс. Оқушылардың білімдерін, дағдылар мен қабілеттерін тексерудің функциялары (бақылаушы, оқытушы, тәрбиелеуші), егер оқушы өз білімін толық ашқанда ғана орындалатынын үмытпау қажет.

Бүл үшін сүрақты өте айқын қойып, оны ешқандай қысым- сыз өзара сенімділік жағдайында өткізіп, қойылған сүраққа дәл жауап алуға үмтылу керек.

Электротехника және арнаулы технология сабақтарында білімді ауызша тексеру фронталды және индивидуалды тексеру түрінде жүргізіледі.

Фронталды ауызша тексеру барысында оқушылардың білімі бүкіл топпен қоса белгілі бір тақырып бойынша қысқа уақытта тексеріледі. Фронталдық ауызша тексеруді оқытушы немесе өндірістік оқытудың шебері жаңа материадды үйренуге топтың дайындығын анықтау үшін, үғымды қалыптасу деңгейін айқ- ындау үшін, үй тапсырмасын тексеру үшін оқушылардың са- бақ барысында өткен оқу материалының өрбір кезеңін тексеру үшін жүргізеді.

Фронталды ауызша тексеру барысында оқытушы бүкіл то- пқа арнағанымен, тек бір оқушыға ғана сүрақ береді. Бүл сүрақтар қандай болуы керек? Ол үшін тақырыптың мазмүны- нан және тексерудің мақсатынан шығу керек: аз ғана уақыт ішінде бүтіндей топтың жағдайын анықтау, яғни топтың үлкен бөлігін сүрап үлгеруі керек. Бүл сүрақтар ойлану үшін үзақ уақытты талап етпейтін және жауабы қысқа болғанда ғана мүмкін болады. Фронталды тексеру процесінде оқытушы элек- тротехниканың заңдарын, электротехникалық қүрылғының кон- струкциясын жөне оның әрекетінің принципін, параметрлер арасындағы байланыстың математикалық жолмен білдірілуін, физикалық шамаларды өлшеудің бірліктерін білуді ғана айқ- ындайды.

Фронталды тексеру барысында оқытушының алдында мына- дай өдістемелік міндеттер түрады:

  • оқу материалын білу немесе білмеу айғағын бекіту;
  • оқу материалын үғынуды тексеру;
  • үғынбаудың себептерін айқындау;
  • оқушылардың бойында қалыптасуы тиіс электротехника- лық үғымдардың мәнін түсінбеуінің себептерін жою.

Талаптардың бірі фронталды тексерудің сұрақтарын мүқият ойластыру болып табылады. Оқушы берілген сұраққа жауап бере ала ма? Неге бұл сұрақ қиыншылық тудыруы мүмкін? Түсінбестікті болдырмау үшін бұл жағдайда қандай дәл сұрақ- тар берілуі керек?

Осылайша, оқу материалының қүрылымдық-логикалық жүйесін даярлау барысында оқытушы берілген материалды оқушылардың ұғынуы мен игеруі үшін қажет сұрақтардың тобын ойластырады. Фронталды тексеру жүргізудің осы айты- лғандарын ауқымды кедергісі бар ауыспалы тізбегі үшін Ом заңын игерудің мысалы түрінде келтірейік. Оқу материалын мазмүндау қисынынан және оқушылардың білімін тексеруге арналған бағдарламалардың талаптарынан шыға отырып, мы- надай сүрақтар мен тапсырмаларды берген жөн:

  1. Ауқымды кедергісі бар ауыспалы топ тізбегіне арналған Ом заңын айтып беріндер.
  2. Бүл заңның математикалық сөйлемін жазыңдар.
  3. Токтың күші тізбектің қандай параметрлеріне бағыныш- ты болады?
  4. Токтың күші электр тізбегінің өлдену жиілігіне төуелді бола ма?
  5. Тізбектегі токтың күші конденсатордың ауқымына қалай бағынышты болады?
  6. Өлденуші генератордың кернеуі төрт есе үлғайды, ауқым- ды кедергі бүрынғысынша қалды, ток күші өзгере ме?
  7. Тізбектегі ток күші қалай өзгереді?

Оқытушы оқушылардың жауабын қабылдаудың өр түрлі тәсілдерін пайдаланады. Кейбір оқытушылар оларды дәптерлеріне белгілейді. Физика мүғалімдеріне арналған оқу қүралында мынадай төсіл қарастырылады. Картонға жабыстырылған қағаз- дың парағы үшке бөлінеді, олардың әрқайсысы электротехника мен арнаулы технология кабинетіндегі үстелдердің қатарына сәйкес келеді. Параққа үстелдер белгіленеді және оқушылар- дың инициалдары жазылады. Фронталды тексеру процесінде окытушы жауаптың сапасы туралы белгіні қаламмен бояйды, мысалы: “+” — толық жауап, +” — дөл емес жауап, — дүрыс емес жауап. Осы белгілер негізінде журналға баға қойы- лады. Окытушының журналға не үшін және қандай баға қой- ғанын оқушылардың білгені өте маңызды. Осы мақсатта сауал- наманың нәтижесін қорыту қажет.

Қорытындыны түйіндеу процесінде оқытушы қандай сүрақ- тарға оқушылардың қате жауап бергеніне назар аударады. Мынадай заңды сүрақ туындайды: баға қою үшін оқушыға қанша сүрақ беру керек? Оқушының бір жауабына ғана қарап бағалауға асықпау керек. Бүл жағдайда кездейсоқтықтың ықти- малдығы үлкен. Мектептердегі жүмыс практикасы көрсеткен- дей, үш сүрақтың жауабын бағалаған абзал, мүның өзінде дүрыс, дүрыс емес жөне дәл емес жауаптарды ескеру керек.

Білімдегі саңылауларға назар аудара отырып, оқытушы демон- страциялық экспериментке немесе берілген материал бойынша жасалған конспектіге оқушылардың назарын қайта аударуы жөне төжірибе барысында өлшенген параметрлердің мәні берілген кестелерге жөне т.б. қайта оралуы қажет.

Фронталды топтық тексеруді жүргізу процесінде төжірибесі аз оқытушы екі үлкен қиыншылыққа тап келеді. Оның біріншісі материалды топтың түгел игергеніне сенімді болуы үшін қанша оқушыдан сүрау керектігін білудің қиындығымен сипатталады. Ал екіншісі оқушылардың жауаптарын қалай есте сақтаумен және оларды фронталды тексерудің нөтижелері бойынша қалай дүрыс бағалаумен сипатталады. Әдістемелік әдебиетте баяндал- ған және төжірибесі аз педагогке пайдалы болатын бірнеше тәсілдермен бөлісейік.

Тақырыпты топтың түгел игеруі туралы көзқарас қалыпта- стыру үшін мынадай төсілді қолданған ыңғайлы. Оқытушы бір қатарға бірінің артында бірі отырған оқушыларды сүрап шыға- ды. Өдетте олар білімділіктің, қабылдау дөрежесінің, қабілеттіліктің және т.б. өртүрлі деңгейіне ие болады. Егер қарастырылып отырған тақырып бойынша сүрақтарға он оқушы- ның жеті-сегізі жауап берсе, нәтиженің жаман болмағаны. Оқытушы бүл түжырымды бүкіл топтың білімділігі (немесе білімсіздігі) деңгейіне көшіре алады.

Фронталды тексеруді үйымдастыру бойынша соңғы ескертпе- ге тоқтала кетейік. Уақытты үнемдеу үшін оқушылардың оты- рып жауап беруіне рүқсат беруге болады. Оқушылардың өрбір жауабын оқытушы ескерусіз қалдырмайтын сезіну маңызды бо- лып табылады. Қолдаушы сөздерге сараң болмауы керек, мыса- лы: “Бүгін жақсы жауап бердің”, “Жарайсың”, “Заңды дүрыс жаттапсың”, “Тағы да осындай жақсы жауап болса, бес аласың” және т.б. Сонымен бір мезгілде қанағаттанарлықсыз бағаны қоюға асықпау керек. Оқушыларға дүрысы былай деп айтқан: “Бүгін сенен дүрыс жауап естімегенім өкінішті. Оқи түсу керек. Тағы да бір сүрақты міндетті түрде беремін” жөне т.б.

Электротехниканы үйренуді бақылау үшін білімді фронтал- ды тексеруден өзге, индивидуалды тексеру де қолданылады. Индивидуалды ауызша тексеру жауаптың дүрыстығын, оның толықтығын, оқушылардың сөйлеу мөдениеті мен баяндау қисы- нын бағалауға мүмкіндік береді.

Тексерудің бүл формасы білімді ағымдық жөне тақырыптық бақылау барысында негізінен теориялық оқытуларда қолданы- лады. Тексерудің мүндай формасы барысында оқушылар сүраққа кеңінен өңгімелеу түрінде, қажетті математикалық сөйлемдер келтіру арқылы, қажетгі схемалар, графиктер сызу арқылы, эксперимент жасау арқылы жөне т.б. жауап берулері тиіс.

Индивидуалды ауызша тексеру оқушыларды оқыту үшін өз жолдастарының жауаптарындағы қателіктерді іздестіруге үлкен мүмкіндіктер береді. Қателіктерді іздеп таба білу өзін-өзі тек- серу дағдысының қалыптасуына ықпал етеді. Тексерудің уақытын үнемдеу үшін бір мезгілде бірнеше оқушыларды, мысалы үшеуін (өртүрлі қатарда отыратын) шақырып алып олардың жауапта- рын тыңдау қажет және бүл өрекетті сөйкес қатарларда отыра- тын оқушылардың қадагалауы тиіс. Бүл жагдайда тексеру ана- ғүрлым қызықты болады, оған бәсеке элементі енгізіледі: кім тапсырманы дүрыс өрі тез орындайды.

Оқушылардың білімін индивидуалды ауызша тексеруден өткізудің технологиясын қарастырайық. Ол бес кезеңнен түра- ДЫ.

Бірінші кезең — тапсырманы қою, жауап алу үшін оқушы- ларды тақтаға шақыру. Оқытушы оқушыларға тексерудің мақ- сатын хабарлайды (Тіреу үғымдарын өзектілендіру, үй тапсыр- масын қайталау, қорытындылау жөне т.б.) жөне сүрақ (тапсыр- ма) береді, өрбір оқушы ойын жинақтау үшін сөл ғана үзіліс жасайды. Онан кейін оқытушы бір оқушыны тақтаға жауап беруге шақырып, ол шығамын дегенше топқа индивидуалды жауап беруге арналған келесі сүрақты қояды. Сүраққа жауап беруге немесе тапсырманы орындауға тақтаға шыққан оқушыға сүрақты қайталау қажет немесе оның орнына сүрақ (тапсырма) жазылған карточканы беруі керек. Шақырылған оқушыдан жауапты білетінін немесе білмейтінін сүрау керек (бүл сүрақ, егер шақыртылған оқушы жауапқа немесе тапсырманы орын- дауға дайын емес болса уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді). Егер оқушы дайын болмаса, онда бірден келесісін шақыру керек. Шақыртылған оқушыға тақтадағы жауап беруге арнал- ған орынды, дайындалу уақытын, егер қажет жағдайда төжірибе жүргізуге арналған жабдықты көрсетеді.

Онан кейін тақтаға екінші сүраққа жауап беру немесе екінші тапсырманы орындауға екінші оқушы шақырылады, ал топқа үшінші сүрақ беріліп, екінші оқушымен оның жүргізген төжірибесінің барысы анықталады. Практика көрсеткендей тақ- таға бір мезгілде үш-төрт адамнан артық шақырылмағаны жөн.

Екінші кезең — оқушылардың жауапқа дайындалуы. Дай- ындалу жауаптың жоспарын ойластырумен, оны рөсімдеумен (негізгі формулаларды жазу, электр тізбегінің принципиалды схемасын сызу, графиктерді қүрастыру жөне т.б.) сипатталады. Тіпті егер оқушы жауап барысында дайын тіреу конспектілерін пайдаланғанның өзінде, олар жауаптың жоспарын ойластыруы тиіс. Бірінші оқушының дайындалуына арналған уақыт өдетте 3-5 минутпен шектеледі, екіншісіне жөне үшіншісіне едөуір көп уақыт беріледі, сондықтан бірінші оқушыға жауап беру үшін аз уақытты талап ететін сүрақты немесе тапсырманы берген дүрыс. Оқушылардың дайындығы түсындағы уақытта оқытушыға аз ғана фронталды әңгіме немес фронталды сауал- нама өткізуге болады. Мүның барысында оқытушы өзі бүкіл оқушыларға жақсы көрінетіндей кабинеттегі орынды таңдап алуы тиіс.

Үшінші кезең — оқушылардың жауабын таңдау. Оқушы тақтаның алдында дайындалып болысымен, оқытушы жауап тыңдауды үсынады. Мүның барысында оқушылардың ой әрекетін белсенділендіру және жауапқа көңіл бөлдіру үшін оқытушы “тыңдауға беку” деген тәсілді қолданады. Мысалы, тыңдауға бекіну үшін оқытушы мыналарды үсынады:

  • оқушының жауабын түгел тыңдау және оны толықтыру;
  • жауапты тыңдап алу жөне оған пікір беру;
  • жауапты тыңдап алу және жауаптың жоспарын айқын- дау, өзінікін үсыну;
  • жауапты тыңдап алу және түсіндірудің негізгі қағидала- рын дәлелдеу бойынша сүрақтар беру.

Оқушының жауабы кезінде оқытушы бүкіл топтың жүмы- сын жақсы көру үшін тақтадан алысырақ түрғаны дүрыс. Оқушының білімін тексерудің объективтілігі үшін оқушының жауабын ешкім бүзбағаны, жауап берушінің көңілін аударма- ғаны маңызды.

Төртінші кезең жауапты талқылау. Жауаптың толықтығын жөне тереңдігін талқылау қажет. Бүл кезеңнің барысында жа- уаптың жағымды жақтарын атап өтумен қатар, оның негізгі кемшіліктерін де білген дүрыс. Бүл кезеңге берілген уақыт оқытушының үстанатын мақсаттарына, жауаптың сапасына және уақыттың бюджетіне төуелді болып келеді.

Бесінші кезең — бағаларды қою. Оқушының жауабын қор- тындылай отырып, оқытушы бағаны журналға қояды. Мүның барысында ол тақтаға шақырылған оқушыны ғана емес, жау- аптың толықтырылуына, талқылануына жөне талдануына қаты- сқандарды да бағалайды.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля