Грамматнка және онын салалары. Негізгі грамматикалык ұгымдар.

28 апреля, 2018 12:50

 

  1. Морфология, онын зертгеу объектісі.
  2. Синтаксис, оның зерттеу объектісі.
  3. Негізгі грамматикалык уғымдар.
  4. Грамматикалык мағына, оның түрлері.

Тіл білімінің қай саласын алсақ та, онын зерттеу объектісі я тікелей, я жанама түрде сөзге келіп тіреледі. Өйткені, сөзде фонетикалык касиет те, (дыбыстык комплекс) лексика- семантикалык касиет те (ішкі магына), сөзжасамдык касиеті (жаңа сөз я жаңа магына) де, грамматикалык касиет (морфологиялык кұрам мен кұрылыс ы, сөздің түрленуі, сол аркылы бір-бірімен байланыска түсуі, алуан түрлі грамматикалык мағыналар білдіріп, сөйлем кұрауы) те бір-бірімен кабаттасып келіп отырады.

Қазіргі казак тілі атты гылыми жэне практикалык курстын басты саласы — грамматика. Тілдің грамматикалык кұрылысының жүйелері мен оның сан салалы ерекшеліктерін белгілеуде сөздің грамматикалык сипатын толык талдап аныктаудың мэні зор. Өйткені, тілдің грамматикалык кұрлысы сөздін грамматикалык сипатына тығыз байланысты.

Адамдар өзара сөйлескенде жеке лексикалык сөз аркылы білдіруге болмайтын неше алуан мағыналардың бэрін де тек грамматикалык амал-тәсілдердің көмегі аркылы ғана түсінікті етіп айта алады. Ендеше, грамматикалык тэсілдер де лексикалык тэсілдермен коса кабат колданылатын аса кажетті тәсілдер болып саналады. Әрбір тілдің өзіне тэн грамматикалык амал-тэсілдерінің жиынтыгы грамматикалык кұрылыс деп аталады.

Ал грамматика гректің грамматике — оки алу, эріп жаза білу деген сөзінен калыптаскан, ол сөздердің түрлену жүйесі мен грамматикалык магыналарын, олардын арасындагы байланыс пен карым-катынастарды, сөйтіп сөздердің тұлгалану ерекшеліктерін, сөздердің бір-бірімен тіркеске түсіп, сөйлем кұрау сиякты касиеттерін карастырады. Грамматика гылымы тілдін грамматикалык кұрылысын зерттегенде, өзінің тексеретін объектісінің негізі, өзегі етіп — сөзді жэне сөйлемді алады. Тексеру объектілерінін осындай ерекшеліктеріне карай, грамматика гылымы морфология жэне синтаксис деп аталатын екі салага бөлінеді.

Грамматиканың бір саласы морфологияның (гректің морфе — форма, тұлга жэне логос — сөз, ілім) да зерттейтін басты объектісі — сөз. Морфология сөздердің жалпы касиеттерін, ортак касиеттері аркылы сөздердін белгілі топ кұрай алуы мен түрлену, тұлғалану жұйесін, соның нэтижесінде пайда болатын жалпы мэн-мағыналарды топтап, категориялык’ ерекшеліктерін зерттеп сипатгайды. Морфология сөздердін грамматикалык сипаттарын зерттейді.

Синтаксис (гректің синтахис — кұрылыс, тізбек, тіркес, тэртіп) те грамматиканың бір саласы Егер морфология сөздің жалпы сипатын, сөздің грамматикалык мағыналарын, олардын берілу жолдарын, түрлену жүйесі мен парадигмалық (септік, тэуелдік, жіктік) касиетін сөз формаларының ерекшеліктерін, соның нэтижесінде пайда болатын грамматикалык магыналар жүйесін жеке-жеке емес жалпы түрде карау аркылы, ортак белгілері негізінде, яғни сөздердін грамматикалык сипаттары негізінде грамматикалық топтарға, олардың категорияларға жіктелуін карастырса, синтаксис сол түрлену тұлғаларының баска сөздермен синтаксистік катынаска түсу ерекшеліктерін, сөйлемде сөздердің сол тұлғаларында атқаратын кызметтерін, сөйтіп, сөйлем кұрау олардын кұрамдык, кұрылыстық түрлері мен типтерінін ерекшеліктерін карастырады. Морфология мен синтаксис бір-бірімен тығыз байланысты.

 

Негізгі грамматикалық ргымдар

Тілдің грамматикалық құрылысын танып.оның негізгі ерекшеліктерін анықтауда оган тэн басты-басты грамматикалық угымдарды ажыратып, олардың ерекшеліктерін, сипатын айкындап алу кажет. Өйткені тілдің грамматикалык кұрылысы сала-сала жүйелерден құралады да, олардың тұтастыгы сол жүйелерге тэн белгілі заңдылықтарга сүйенеді. Қазак тілінде ең басты грамматикалық ұгымдарга грамматикалык магына, оның берілу тэсілінің бір түрі грамматикалык форма жэне екеуінің жүйелі жиынтығын кұрайтын грамматикалық категория енеді. Бұл үшеуі бір-бірімен диалектикалык бірлікте болып, тілдін грамматикалық құрылысын кұрайды да, қалған жекелеген грамматикалык единицалар мен кұбылыстар, жүйелер осы ұғымдардан туындайды.

Грамматикалық магына жэне оның түрлері

Тілдегі эрбір сөздің лексикалык мағынасымен бірге жалпы грамматикалық магынасы да болады. Сөздің лексикалық магынасы — накгы ұгымдык магына, ягни бір сөзден екінші сөзді айыратын реестрлік сөздік мағынасы болса, грамматикалық магына — сөздің тым жалпы магынасы, сол сөздін эртүрлі тұлғалар аркылы түрленуінің нэтижесінде немесе баска сөздермен карым-қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын жэне сөздердің бір- бірінен бөлінбей, керісінше белгілі бір грамматикалық топтарға ортак касиеттер аркылы біріктіретін жалпы мағыналары болып табылады. Грамматикалык мағына, айналып келгенде, сөздің лексикалык магынасымен тікелей байланысты болады. Сонымен, сөз лексикалық магынасы аркылы баска сөздерден дараланып, жекеленіп, бөлініп отырса, жалпы грамматикалык магынасы аркылы керісінше баска сөздермен ортак сипат алып, жақындап, жалпы грамматикалық топ құруга бейімделеді. Грамматикалык магына — лексикалык магынамен жарыса отырып, сол лексикалык мағынаны айкындай, саралай түсетін магына емес, сөздің сол лексикалық мағынасынын жалпылануы аркылы туатын жалпы магынасы.

Лексикалык мағынага караганда грамматикалық магына одан кейін пайда болды. Атап айтқанда, грамматикалық магына алдымен лексикалық мағынаның жалпылануы аркылы пайда болады, содан кейін сөйлеу процесінде сөздің жұмсалу мақсатына карай оған эртүрлі тұлғалардың қосылуы аркылы немесе сөйлемде баска сөздермен эркилы карым-қатынасқа түсуі арқылы үстеледі, демек соның нэтижесінде екінші катардагы магына болып табылады.

Грамматикалық мағына атаулыны жасалу тэсіліне, сөздің грамматикалык сипатын айқындаудағы мэніне карай жалпы грамматикалық магына, категориялық грамматикалық магына және қатыстық грамматикалық магына деп үш түрге бөліп карау керек дейді профессор С.Исаев.

Лексикалық магынаның жалпылануы аркылы пайда болатын грамматикалык магынаны жалпы грамматикалық магына деп бөлуге болады. Жалпы грамматикалык магына сөз топтарының семантикалық сипаты болып табылады.

Грамматикалық магына арнайы грамматикалык формалар аркылы да беріледі. Қазак тілінде грамматикалық форма аркылы берілетін мағына категориялық грамматикалык мағына деп атау қажет.

Грамматикалық магына сөйлеу процесінде сөздің басқа сөздермен тіркесіп, байланыска түсуі, негізгі сөзге көмекші сөздің тіркесуі аркылы, орын тэртібі, интонация т.б аналитикалық, қатыстық тэсілдер арқылы да беріледі Оны катыстык грамматикалык магына деп атау керек.

Қатыстық грамматикалық магына сөздердің сөйлемде аткаратын кызметтерімен байланысты жэне көбіне ‘ контекстік болып келеді де, сөздерді топтастыруда сөздердің синтаксистік қызметі принципіне негіз болады.

Қазак тілінде грамматикалык магынаны білдірудің төмендегідей тэсілдері бар:

  • Семантикалық тэсіл. Лексикалык магынаның жалпыланып, абстракциялануы аркылы жалпы грамматикалык магынаның пайда болуы.
  1. Синтетикалык тәсіл казак тілінде ең жиі кездеседі. Әсіресе форма тудыратын косымшалар аркылы неше алуан грамматикалык магына беріледі.
  2. Қазақ тілінде          аналитикалык тәсілдің барлык түрлері кездесіп отырады. Негізгі сөздердің тіркесуі аркылы грамматикалык магынаның берілуі дегенде, эдетте ол сөздердің сол түлғаларында бір-бірімен тіркесуі аркылы жеке тұрған кезінен өзгеше, жаңа грамматикалык магынаны білдіруін айтамыз.
0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля