ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР

10 марта, 2018 19:14

 

Тілімізде дауыссыздар дауыстыларға қарағанда әлдеқайда көп. Окулықтарда оның саны — 25, кейде 26. Бұл щ дыбысына байланысты туындап отыр. Фонетиканың бас оқулығы: Қазіргі казак тілінде 25 дауыссыз бар. Олар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, л, м, н, п, р, с, т, у, ф, х, ц, ч, ш, к, Н» дейді де, бұларды топтастырған кезде щ әрпін косады. Щ фонемасын созылыңкы ш (немесе кос ш) дыбысының таңбасы ретінде танимыз. Накты айтатын болсак, казак тілінде кос ш түбір мен косымшаның, сөз бен сөздің арасында жиі кездеседі: ашшы, кешші, ішші, ұшшы, башшы (басшы), жашша (жазша), ташша (тазша), қышша (қысша), кешше (кешсе), түшшү (түсші), бішше (бізше) т.б.

Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар (консонантизмдер лат. сопзопапз — дауыссыз дыбыс) сан жэне сапа жағынан әбден зерттеліп болған жок. Мысалы: ат, ет, от, өт. Мұнда бір ғана т-ның төрт түрлі реңде кездесетінін байқадық. Атап айтканда: жуан езулік (ат), жіңішке езулік (ет), жуан еріндік (от), жіңішке еріндік (өт). Осындай касиет у-дан басқа дауыссыздардың бэріне де бар. Ал у тек жуан еріндік (у)және жіңішке еріндік (у) түрде ғана ұшырайды. Мүны алғаш аныктаған Ә. Жүнісбековтің               айтуынша, «казак                                     тіліндегі

консонантизмдер жүйесі 17 сингормотиптен немесе 66 сингармодауыссыздан кұралады». Баскаша айтканда, 17 үндеспе, 66 үндес дауыссыз бар деген сөз. Олар: б,г-г,д,ж,з,й,қ-к,л,м,н,ң,п,р,с,т,у,ш. Бұлардың катарында өзімізге мектептен таныс в,ф,х,һ,ц,ч дыбыстары жок. Жок болатыны, бұлар — жолдан косылған, байырғы сөздерде жок, кірме дыбыстар.

Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың саны Н. Ильминскийден бастап кешегі 40-жылдарға дейін көбіне 19 делініп келді. Кей текстер мен сөздіктерде қ, ғ мен к, г арқылы берілетін жайлары да кездеседі. Сондай -ақ, й, у (кейде р, л) дыбыстарын кезінде А. Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы және баскалар жарты дауысты түрінде танығаны белгілі.

50-жылдардан бері казақ тілі оқулықтарының бэрінде бір ауыздан 25 дауыссыз аталып, әбден бауыр басып, үйренісіп кеттік. Жоғарыда Ә.Жүніспеков көрсеткен в, ф, х, ц, ч дыбыстары негізінен орыс сөздерімен бірге енгені анык. Фонетиканың бас оқулығында акад. I. Кеңесбаев: «Орыс графикасы негізінде қазак эдебиет тіліне в, ф, ч, х тэрізді фонемалар енді, деп алады да, былай жалғастырады: « Екі тілде (казакша, орысша) сөйлейтін қазактар в, ф фонемаларын ешбір мүдірмей айта алады. Бұлар ана тілі дыбыстары есебінде қолданылып та жүр. Ал х фонемасын казактың осы күнгі әдеби тілінде сіңіп кеткен деуге болады» (Қазіргі қазак тілі. 1954, 132-6).

Қазак тіліндегі қ түбірде дауыстылар коршауында тұрып, осы х-ға жуык (ахьін, жахын, ыхылас, Ахан, ахыл, Жахан счяқты) дыбысталатынын жокка шығаруга болмайды. Ал ч дыбысының диалектілерде (сөз басында челек, чапан, чал түрінде) кездесетіні анық. Сонымен қатар эдеби тілімізде де тш, тж тіркестерін тч түрде дыбысталады. Мысалы: ит жылы, ат шаптырым. Сондай-ақ атса, атсыз, етсіз, кетсе сияқты сөздегі тс дыбыстар тіркесі тц-га жуык айтылады.

Қазак әдебиетіндегі байырғы дауыссыздардың таңбалары тек жуан айтылады: бы, гы, ды, жы, зы, ый, қы, ыл, мы, ны, ың, пы, ыр, сы, ты, үу, шы.

Дауыссыздардың ішінде үнемі жіңішке айтылатын к, г дыбыстары зерттеушіледің назарын эр кез өзіне аударып отырған.

Қазақ арасында болып, олардың айтуын аңдаған П. Мелиоранский бұл (қ, г, к, г) төртеуінің анык естілетінін айтады. А. Байтұрсынұлы алғашкы «Тіл кұралында: «Қ һәм ғ дыбыстары һеш уакытта жіңішкермейді. К һэм г ыбыстары һеш уақытта жуандамайды, яғни жуан айтылмайды. Сондықтан бұл дыбыстар тоң дыбыстар деп аталады» [8], — деп көрсетеді.

  1. Досмұханбетұлы: «Дұрысында қ мен ғ дыбысының жіңішке түрін қ, г қылып таңбалау керек еді. К мен г карыптерін тастау керек едің деуін десе де, жазу тұрғысынан карап, к мен г әріптерін қолдана беру керек»,- деп табады.

Аталған дыбыстардың тіліміздегі ерекшеліктері туралы зерттеуші Ж. Аралбаев: «бұл бір фонеманың аллафондары ғана. Тіліміздің даму барысында дербес фонемага айналған болу керек» дейді.

Оган керісінше, қ мен к-катаң бір (к) фонемага, ғ мен г -ұяң бір (г) фонема деген пікірді 20 жылдай дәлелдеп, айтып келген. Ә. Жүнісбеков казақ тілінде 17 дауыссыз фонема бар деген тұжырымга келді. Мұны мойындайтын болсак, біз де кыргыздар сияқты: қазақ, кіргіз, карга, кыз, жылқы, тагдыр деп жазып, қазақ, қыргыз, қарга, қыз, жылқы деп айтатын боламыз.

Сөйлеу үстінде сөздер бірімен-бірі ұстасып, кірігіп, тұтасып айтылатыны белгілі. Мәселен, бар екен де жоқ екен, аш екен де тоқ екен түрде жазылған, айтуда барекенде (жогекен) ашекенде (тогекен) сиякты түйдектер кұрайды. Бар, аш сөздерінің кұрамындағы жуан, жіңішке р, ш дыбыстары екеннің құрамына көшкенде (ба-ре-кен, а-ше-кен) жіңішкеретін болса, қ-дан бұл байкалмайды, ұяңданғаны болмаса, жіңішкерген сыңай танытпайды: жо-ғе-кен, то-ғе-кен, Жіңішке дауыстының касында жуан қ, ғ тұра алмаса керек. Сонда бұларды жоғ екен, тог екен деп кіріктірмей айтатын шыгармыз (казір бұлай айту нормага айналып барады). Ал енді, күзгі алма, жазғы алма, күзг алма, жазғ алма бола алмайтын шыгар. Жаз-ғал-ма деп кіріктіріп айту жарасымын тауып тұрғанмен, күз-гал-маның күз-ғал-ма болмайтыны несі? Қазак тілінде га, ка, ко, кы, құ, гы, гұ, қе, ге, қә, гә, гі, қі сияқты әріптер сөз тіркестерінің аралығында кездесе береді. Ал олардың айтылуын ойлап, тігісін жатқызып жүрген жан жоқ.

Көне түркі жазба ескерткіштерінің Енисей, Орхон, Талас жазуларында бұл күнде бір фонема түрде танылатын б, д, й, л, н, р, с, т дауыссыздары екі түрлі таңбаланған: жуан дыбыстар мен қатар келгенде бір баска, жіңішкелермен тіркескенде екінші түрде болған. Бұлардың катарында қ, к, г, г де бар. Жэне соңғы төртеу кейінгі жазулардың көбінде дерлік сақталган. Бұлардың өзгелерден жырылып калып коюы да тегін болмаса керек.

Н. Уәлиев мұны былай пайымдайды: Қ мен к бір фонеманың, атап айтқанда, к фонемасының жуан, жіңішке реңктері. Олай болса, бұлар неге бір гана әріппен таңбаланбайды деген заңды сұрақ қоюға болады. Әрине, к де, қ да бір фонеманың әр түрлі реңкі екені даусыз. Бірақ бұл реңктердің бірі негізгі, екіншісі қосалқы деуге болмайды, к фонемасының к, қ реңктерінің, г фонемасының г, г реңктерінің тепе-тең болуы өзге дауыссыздардан олардын өзіндік ерекшелігі деуге болады» [31].

Бұлар өзге дауыссыздар секілді дауыстылардың ыңғайына қарай жуандап, жіңішкерудің орнына, керісінше, маңайындағы дауыстыларды өзіне икемдейтіні бар: ышқыр (іш құр), Бәйгелді (бай келді), Бәйгісі (бай кісі), Гүләйім (гүл айым), Күләш (гүл аш), Тәшкен (Ташкент), Шімгент (Шымкент), сәудегер (саудагер), көгәл (көк ал).

Буын жігінде келген фонемалардың жуаны жіңішкеріп, жіңішкесі елеусіз түрде жуандап жатса, керісінше қ-ның к-ге, к-ның к-ға өтуі біршама психологиялық дайындықты керек етеді. Сонда гана қ, к, г, г дыбыстарының қатысуымен аралас (жуанды-жіңішкелі) болып жүрген сөздерді үндестікке бағындыруға болады. Мәселен: кәзір/қазыр, кэдір/қадыр, кәлпе/қалпе, қабір/қабыр, кәсит/қасиет, кәнден/қанден, қауіп/қауып, көрек/қорек т. б.

Қысқасы, қ, к, ғ, г дауыссыздардың эзірше қалыптасқан түсінік-түйсік тұрғысынан танып баяндау керек болады. Сонымен казіргі казақ тілінде 25 дауыссыз фонема бар. Ал орыс тілінде мұның саны- 37. Олай болатыны, орыс тілінде дауыссыздардың жуан жэне жіңішке болып келуінде фонемалык касиет бар және олардың дауыстыларға ықпалы күшті болады. Алайда бұл фонемалық касиет орыс тілінен енген сөздерде байқалмайды, сондыктан олар бас-басына (жуан-жіңішке боп) фонема бола алмайды.

Қазақ тіл мен орыс тіліне ортак дауыссыз фонемалар — он бес: б, г, д, ж, з, й, к, л, м, н, п, р, с, т, ш.

Қазақ тілінде бар, орыс тілінде жоқ дауыссыздар — бесеу: г, қ, ң, у, һ.

Қазак тілінде бұрын болмаған орыс тілінен енген дауыссыздар да бесеу: в, ф, X, ц, ч.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля