ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТ АРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

11 марта, 2018 19:15

Дауыссыз дыбыстар акустика-артикуляциялык ерекшеліктеріне карай үшке жіктеледі. Олар:

  1. Дауыстың (салдырдын деуге де болады) қатысына қарай:

А) үнділер: л, м, н, н, р, й, у;

э) ұяңдар: б, в, г, ғ, д, ж, з;

б)   қатаңдар: п, ф, к, қ, т, ш, с, х, һ, ц, ч;

Ұяңдар мен катаңдар үнсіздер делінеді.

Дауыссыз дыбыстардың бұлай жіктелуіндегі ерекшелік дауыстың жэне ‘ салдырдың катысуы дэрежесіне байланысты. Үнділерде дауыс (тон) басым да, салдыр аз; ұяңдарда керісінше, салдыр басым да, дауыс аз болады. Ал қатаң дауыссыз тек салдырдан жасалады (яғни оларға дауыс катыспайды).

Дауыссыздарға дауыстың қатысу дәрежесін білудің маңызы зор. Осыны білгенде ғана бала-га, қыз-ға, ат-ка, ас-қа дегендерге неге косымша г, к түрінде жалғанады, ақ ешкі, кара кой айтуда неге ағешкі, карагой болып кетеді деген сұрақтарға накты жауап беруге болады.

  1. Дауыссыздарды айтылу (ауаныц шыгу) жолына қарай:

А) Шұгыл (эксплозив) дауыссыздар: п, б, т, д, к, г, қ, ц, ч, м, н, н;

э) Ызың (фрикатив) дауыссыздар: ф, в, с, ш, ж, з, х, һ, ғ, л, й, у;

б)   Діріл дауыссыз: -р.

Шұғыл фонемаларды айтқанда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жабысып, ауа кілт үзіледі де, содан соң шұғыл кайта жалғасады. Ал ызыңдарды айтканда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жуысып, ауаның жолын барынша тарылтады, бірак ауа бір жола үзілмейді, сыздьщтап, сүзіліп шығады. Діріл дауыссыз (р) тіл үшының дірілдеуінен пайда болады.

  1. Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай:

А) ерін (лабиаль) фонемалары: п, б, в, ф, м, у;

э) тіл (лингваль) фонемалары: т, д, с, з, ш, ж, ц, ч, к, г, қ, г, х, ң, л, р, й;

б) көмей (фарингаль) фонемасы: — һ.

Ерін фонемалары іштей еріндік (п, б, м, у) жэне ерін мен тіс (ф, в) болып бөлінеді. Еріндіктерді айтқанда екі ерін біріне-бірі жабысып (п, б, м,) немесе дөңгелене жуысып (у) тұрса, ерін мен тіс дыбыстарында астыңғы ерін үстіңгі (күрек) тіске жуысады.

Дауыссыз фонемалардың көпшілігі тілдің тікелей қатысуымен жасалады Тіл фонемалары үшке бөлінеді:

А) тіл алды: т, д, с, з, ш, ж, ц, ч, н, л, р;

э) тіл ортасы: й;

б) тіл арты: г, г, к, қ, н, х.

Тіл фонемаларын тіл-тіс, тіл ұшы т.б. түрде бөлу ұшырайды. Бірақ олай бөлу есте сактауды қиындатады және оның практикалык мәні де аз.

Дауыссыздардың жасалуында дыбыстау мүшелерінің катысын (артикуляциясын) білудің маңызы зор. Мұны білмейінше, дыбыстардын артикуляциялык жақтан өзгерін түсіну де түсіндіру де мүмкін емес.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля