ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

8 марта, 2018 19:12

 

Қазақ тілінде дауысты дыбыстар ерекше қызмет атқарады. Себебі дауыстылар немесе вокализмдер (лат. Вокаііз — дауысты) — «сөздің жаны», «сөздің жанды тамыры». Қазақ тілінің фонетикасы жайындағы зерттеулердің көпшілігі дауыстыларға арналған десек те болады. Дегенмен казіргі казақ тіліндегі дауысты дыбыстардың саны мен сапасы жөнінде элі күнге дейін бірізділік болмай келеді. Бұл қазақ тілінің дыбыстык құрылымына, буынға, т.б. қатысты кейбір мәселелердің шешілуіне киындықтар туғызып тұр.

Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар туралы алғашқы пікірлерді орыс ориенталистері Н. И. Ильминский, В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский, И. Лаптев, Н. Созонтов т.б. зертгеушілердің еңбектерінен атауға болады. Бұл зерттеулерде қазақ тіліндегі дауыстылардың саны, табиғи ерекшеліктері дәл нақтылап айтылған жоқ. Мысалы, а жэне ә, е жэне і дыбыстарының ара жігі ажыратылмай, бірінің орнына бір қолданылды. Сонымен қатар й мен у дауыссыздарының да тілдегі бейнесі айқындалмады.

Дауысты дыбыстар туралы нақты зерттеулер А. Байтұрсынұлы есімімен байланысты. Ол өзінің 1912 жылы «Айқап» журналында жарияланған «Жазу тәртібі» деп аталатын мақаласында: «Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты. Дауысты дыбыстар: а, о, ұ, ы, е», — деп анықтайды да, ойын эрі қарай дамытып: «дауысты дыбыстар а, о, ұ, ы осы тұрған күйінде жуан айтылады», — дейді де, сөздің алдында дәйекше (араб графикасында қолданылатын белгі) тұрса, «сөздің ішіндегі дауысты дыбыстарды жінішке айтамыз», — дейді. Осылай зерттеуші тіліміздегі төрт жуан дауысты және олардың төрт жіңішке сыңары болатынын көрсетеді. Мұнда ол дауыстыларды араб графикасына негіздеген.

Қорыта айтсақ, А. Байтұрсынұлы еңбектерінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесіндегі 9 дауысты дыбысты көрсетеді. Олар: а, ә, е, о, о, ұ, ү, ы, і.

Латын жазуына көшумен А.Байтұрсынұлы көрсеткен дауыстыларымыз жеке-жеке таңбаланды да, өз ішінен жуан — жіңішке, ашық — кысаң, еріндік — езулік түрде жіктелді.

Белгілі лингвист Қ. Жұбанов 1935 жылы «Қосар ма, дара ма?» деген макаласында сөз ішіндегі ұу, үу, ый, ій түрінде келетін дыбыстар тіркесіне айрықша көңіл аударады. Ал автордың «Қазақ тілі грамматикасы» еңбегінде (1936) бұлар косынды дауыстылар қатарына енді. Қ.Жұбановтың аталған еңбегі табиғаты элі толық таныла алмай келе жатқан ұ және й дыбыстарының тілдегі ерекшеліктерін мүмкіндігінше дэл танытуға тырысты жэне өзінен кейінгі көптеген зерттеулерге өзек болды.

1938 жылдың басында Қазакстан Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Советі «Қазак тілінің әліппесі мен емлесіне кейбір өзгерістер енгізу туралы» кабылдаған каулысы бойынша ең алдымен жазудың принципі өзгерді. Бұғанға дейін жазуда басшылыққа алынатын фонетикалык принцип морфологияльщ принципке ауыстырылды. Қазақ алфавитіне жаңадан х, ф, в таңбалары енгізілді. Қаулыға сәйкес қазақ тілінде а, ә, е, о, ұ, ү, ы, і, и, у, ө дауыстылары нақтыланып, саны 11-ге жеткізілді.

1940 жылы орыс жазуына көшуге шешім кабылданып, орыс тілінен енген терминдердің мүмкіндігінше қалпын сақгап жазуға ден койылғандықтан, дауыстылардың саны тағы да ұлғайды. Осыған орай, С.Аманжолов «Жаңа алфавиттің принциптері», «Жаңа алфавитті үйренушілерге көмек» деген макалаларында казак тіліндегі дауыстылар санын 14-ке жеткізді. Қалыптасқан 11 дауыстыға орыс тілінен енген сөздермен бірге келген э, ю, я әріптері косылды [3].

Осы мақаладан кейін жарық көрген тілші М. Балақаевтың «Қазақ тілінің грамматикасында» 13 дауыстылар (а, о, ұ, ү, і, э, (е), у, и, я, ю) көрсетеді [8,14].

1944 жылы Ғ. Бегалиев пен Н. Сауранбаевтың педучилище окушылары мен бастауыш мектептерінің мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілінің грамматикасы» деп аталатын оқу кұралы жарық көрді. Мұнда бұрыннан келе жаткан дауыстыларға э дыбысы косылып, дауыстылардың саны 12 деп көрсетілді. Бұл пікір 1953 жылы жарық көрген «Қазақ тілі» оқу кұралында да қайталанады.

1954 жылы «Қазіргі казақ тілі» деген атпен көлемді еңбек дүниеге келді. Бұл еңбекті қазак тілі жөніндегі ғасырға жуық зерттеулердің қорытындысы деп атасак та болады. Мұның фонетика тарауын академик С. Кеңесбаев жазған. Бұл окулыкта казак тілінде 11 дауыстылар көрсетіледі. Оның тоғызы монофтонг, екеуі (и,у) дифтонг. Бұл пікірмен келісе отырып, белгілі тіл маманы К. Аханов «Тіл біліміне кіріспе» (1973) атты окулығында эрі карай жалғастырады. Тілші қазак тілінде он бір дауысты дыбыс барын куаттайды.

Бүгінгі күнге дейін айтылған пікірлер мен калыптаскан көзкарастарды таразылап, казак тілінің табиғатын жаңа кырынан зерттеу барысында фонетист ғалым Ә. Жүнісбеков «Строй казахского языка. Фонетика» деген еңбегінде казак тілінде 9 төл дауысты бар деп көрсетеді.

Тілші С.Мырзабеков сөздерінің кұрамындағы и, у дыбыстарын тілшілеріміз айтып жүргендей дифтонг та, дифтонгоид та емес, әріп деп карастырып, олардың эркайсысы екі дыбыстың үу, ыу, іу, ый, ій косындысы екенін айтады [22,25].

Бүгінгіге дейінгі қазак тілінің дауысты дыбыстары жөніндегі зерттеулерді жинақтай келе, тіліміздің байырғы сөздерінің күрамында тоғыз (а, ә, о, о, ұ, ү, ы, і) дауысты дыбысы бар екені анық. Тіліміздің дамуына байланысты негізінен орыс тілдерінен енген сөздермен толыққан сөздердің эсерінен тек орыс сөздерінде кездесетін э дыбысымен қосқанда дауысты дыбыстардың санын он екі деп көрсетеміз. Олар:             а, ә, е, и, о, ө, ү, ү, у, ы, і, э.

Қазак тіліндегі дауысты дыбыстар жалаң (монофтонг) және кұранды (дифтонг) болып екіге бөлінеді. Жалаң дауыстыларға мыналар жатады: а, ә, ы, і, ү, ү. Құранды дауыстыларға жататындар: е, и, о, ө, у.

Дауысты дыбыстардың түрлері.

Қазіргі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар акустикалық және артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай төмендегідей жіктеледі:

Тілдің қатысына қарай:

  1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а,о,¥,ы,у;
  2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә,ө,у,і,е,у,и.

Жуан дауыстыларды айтқанда, жіңішкелермен салыстырғанда, тіл сәл артка карай тартылады, ортасы көтеріліңкірейді, жіңішкелерді айтканда тіл сәл ілгері жылжиды. Бұған көз жеткізу үшін дауыстылардың жуан және жіңішке сыңарларын (а//ә, о//ө, ү//ү, ы//і) катар айтып көруге болады. Дауыстылардың тіл катысына карай жіктелуін дұрыс меңгеру тіліміздегі сингармонизмді түсінуге мүмкіндік жасайды. Тіліміздегі сөздердің бірыңғай жуан, не жіңішке буынды болып келуі тілдің қалпымен байланысты.

Еріннін қатысына қарай:

  1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, у, ү, у;
  2. Езулік дауыстылар: а, э, ы, і, е, и.

Еріндік дауыстыларды айтқан кезде ерін дөңгеленіп, сүйірленеді де, езуліктерді айтканда ерін екі жаққа қарай тартылып, езу жиырылады. Еріндік дауыстыларды жақсы білу тіліміздің ерін үндестігін тануға көмектеседі.

Жақтың қатысына қарай:

  1. Ашық дауыстылар: а ,ә, ө, о, е;
  2. Қысан дауыстылар: у, ү, ы, і, и, у.

Ашық дауыстыларды айтканда үстіңгі жақ қозғалмай, астыңғы жак барынша төмен түседі де, кысаңдарды айтқанда бір — біріне жуықтай түседі. Алайда ауаның еркін шығуына кедергі жасамайды.

Қазақ тіліндегі дыбыстардың жакқа қатысын зерттей келе, С.Мырзабеков былайша жіктейді:

  1. Ашық дауыстылар: а ,ә;
  2. Жартылай ашық: ө, о, е;
  3. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.[22]

Ал о, ө, е дауыстыларын зерттеуші ғалым Ә. Жүнісбеков ашыққа да, қысаңга да қоспай, өз алдына дифтонг дыбыстар деп бөліп қарайды. Тілші еңбегінде и= й+і (ій), о= у+ұ (уұ), ө= у+ү (уү) деп, әнтек айтылатын, й, у дыбыстарының күші 40% болатынын эксперимент жолымен дәлелдейді

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля