ДАУЫСТЫ ЖӘНЕ ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР

26 марта, 2018 18:10

Тіліміздегі сөздердің дыбыстық жүйесін, олардың құрылысын, қолдану ерекшеліктерін, эр дыбыстың сапасын, жасалу жолдарын, т.б. касиеттерін меңгеру арқылы нақтылы фонетикалық зандылықтарды түсінуге болады. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін қүрайтын 1 дыбыстар акустикалық жэне артикуляциялық касиеттеріне карай дауысты және дауыссыз дыбыстар болып екі үлкен топка топтастырылады. Олардың төмендегідей айырым белгілері бар:

  1. Дауысты дыбыстар дауыс желбезегінің толық тербелуінен жасалады. Ал дауыссыз дыбыстарды айтқанда дауыс желбезегі аз тербеледі немесе дауыссыздарды жасауга мүлде қатыспайды. Басқаша айтсақ, дауыстылар дауыстан (тоннан) жасалады, ал дауыссыздар салдырдан жасалады. Мұнда тон қатысуы да қатыспауы да мүмкін.
  1. Дауыстыларды айтқанда ауа кедергісіз, қаркынсыз шығады да, дыбыстау

мүшелерінің барлығы дерлік қатысады. Мысалы: а дыбысын айтканда дауыс шымылдығы дірілдейді, тіл артқа тартылады, жак кең ашылып, ерін екі жакка қарай керіліп, езумен айтылады. Ал дауыссыздарды айтқанда, ауа кедергіге ұшырап, белгілі бір дыбыстау мүшелерінің қатысуымен ғана жасалады. Мысалы:      м дыбысы салдырдың қатысуымен және екі еріннің тез тиіп, жырауынан жасалады.

  1. Дауыстылар буын құрайды, дауыссыздар кұрамайды. Бұл дыбыстарды- жіктеуде басты белгілердің бірі болып табылады.

Дауыстылардың дауыссыздарға ықпалы күшті болады. Мысалы: ат, ет, от, өт, ұт сөздерінің кұрамындагы т фонемасы дауыстылардың әсерінен эртүрлі реңкпен дыбысталады. Сол сияқты тілімізде дауыстылардың кейбір дауыссыздарға әсері күшті бодады. Сондықтан қазақ тілінің дыбыстык жүйесін кұрайтын дыбыстарды арнайы топқа бөліп қарастыру арқылы дыбыстардың жекелеген белгілерін тереңдей танимыз.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля