10 мая, 2018 20:00
Жоспары
- Девиантты мінез-қылық үғымы, тарихы
- Девиантты мінез-қылықтың пайда болу факторлары
І.Девиантты мінез-қылық уғымы, тарихы
Девиантты мінез-қылық (лат. сіеуіаііо — ауытқу) — жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың кылыктары; кабылданған құкыктык немесе моральдык нормаларды бұзған адамның мінез-кұлкы.
Кең мағынасында девиантты мінез-кұлык кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлык, аса еңбек-корлық, альтруизм, өзін кұрбан ету, жетістіктермен катар, жағымсыз: кылмыс, коғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау жэне т.б.) ауыт- кушылықты білдіреді.
Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтык нормалардан ауытқы. Мұндай девиантты мінез-кұлык элеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады.
Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени кұндылықтары мен оларға кол жеткізудің әлеуметтік қолдау тапқан кұралдарының арасындағы алшақтықта (Р.Мертон),
әлеуметтік кұндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен карама- кайшылықтығында (Э.Дюркгейм). Девиантты мінез-кұлықка жауап ретінде коғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды.
Девианттык мінез-кұлық тұжырымдамасын калыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды.
«Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін коғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді. Девиантты мінез- кұлыктың сыртқы физикалык жағдайларына климаттық, геофизикалык, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылык, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті жэне басқа да қажетсіз мінез-кұлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ыкпалын тигізеді:
коғамдык үрдістер (әлеуметтік-экономикалык жағдай, мемлекеттік саясат, салт-дәстүр, бұкаралық ақпарат кұралдары, т.б.);
тұлға бар элеуметтік топ мінездемесі (этикалык кұрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);
микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі жэне деңгейлері, отбасындағы өзаракарым-катынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, баска да маңызды адамдар).
Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-кұлық.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, окудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, маскүнемдік, наркомания, коғамға жат кылықтар, жыныстык жат мінез-кұлык, суицид т.б. жатады.
Делинквентті мінез-кұлық. Ол заң бұзушылыкпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
Агрессивті-зорлаушылык мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.
Ашкөздік мінез-кұлық (корыстное поведение): майда ұрлыктар, коркытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдык пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-кұпык.
Наша сату және тарату.
Криминалды мінез-кұлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған кылмысының ауырлығына байланысты жазаланады. Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлык, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылык жэне қылмыскерлік. Олар жалпы коғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.
- Девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторлары
Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-кұлыктың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді: жанұяда берекенің болмауы; ата-ананың «ерекше» қамқарлығы; тәрбие берудегі кемшіліктер;
өмірде кездесетін киыншылыктар мен күйзелістерді жеңе алмау; өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, кұрбыларымен жарасымды катынасқа түсе алмауы;
сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім кабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;
психоактивті заттарды жиі пайдалануы; агрессиялык жарнаманың ықпалды болуы;
мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы; балалар мен жасөспірімдердің бос уакытының проблемалар,
Үшіншілері оларды негізгі бес факторға бөліп карастырады. Оларды жекеше карастыратын болсақ:
- Биологиялык факторлар — баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға мыналар жатады:
- генетикалық факторлар ұрпақтан-ұрпакка берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі тартуы, ананың физикалык, психикалық т.б. сырқаттары себеп болатын: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері, жүйке жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер.
- психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялык күш, дау-жанжал, келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері әсер ететін, коршаған ортаның химиялық құрамы, соматикалық, аллергиялық, токсикалык ауруларға душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері;
- физиологиялык факторлар: сөйлеу дефекттері, адам бойындағы соматикалық кемшіліктер
- Психологиялық факторлар. Бұған бападағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылыктар жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т.б. көрінеді. Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса, арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек. Баланың әрбір даму сатысында, олардың психикалык касиеттері, тұлғалық және мінездегі ерекшеліктері калыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі мүмкін. Егер, балаға ата-ананың жылуы, махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол ата- анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену — невротикалық реакциялар, коршаған ортамен катынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық) тепе-теңсіздік жэне суықтық, ашуланшақтық, психикалық аурулар және психологиялық патологиялар сиякты жағымсыз мінез-кұлықтың пайда болуына жол ашады. Егер, балада адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса, онда, ол пайдакүнемдік, қанағатсыздык, зорлаушылық, дөрекілік т.б. сияқты жағымсыз қасиеттерге бейім тұрады
- Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бәрі баланың окудағы бейімсіздігін көрсетеді. Окушының оқудағы бейімсіздігінің (дезадаптация) калыптасуы мынадай сатылардан өтеді:
- оқудағы декомпенсация — баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы жоғары, бірак бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға тап болуынан;
- мектептік бейімсіздік (дезадаптация) — бала сабақка үлгермеуімен қатар, оның мінез-құлкы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен карым-қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп қол үзе бастайды;
- әлеуметтік бейімсіздік — баланың окуға, мектепке, ұжымға деген кызығушылығы жойылады, асоциалдык топтармен араласып, алкогольге, нашакорлыкка кызыға бастайды;
- криминалдылық — кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал мектеп окушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар кылмысты іс-эрекетермен айналыса бастайды.
Баланың психоәлеуметтік дамуындағы ауытқушылыктардың негізгі факторы — ата-ана. Баланың бойындағы асоциалды мінез-кұлықты калыптастыратын отбасы катынасының бірнеше жағымсыз стилдері бар:
дисгармонды стиль — бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликті жағдайларға баланы итермелейді;
тұрақсыз, конфликті стиль — толық емес отбасындағы, ажырасу кезіндегі, ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тэрбиелік кемшіліктерден туындайды;
асоциалды стиль — ата-ананың арақ ішуі, нашакор заттарды пайдалануы, криминалды іс-әрекет, аморальді өмір сүру жағдайы, отбасылык каттыгездік, зорлаушылык жатады.
Балаға көрсетілген катыгездік катынаска жататындар: кинаушылық, физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық. Қатыгездік үйде, далада, мектепте, балалар үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін. Мұндай іс- әрекетке душар болған балалар калыпты түрде даму көрмей, коршаған ортаға бейімделе алмай калады. Соның әсерінен, бала өзін жаман, керексізбін деп сезінеді. Баланың каттыгездікке жауап беру түрі баланың жасына, тұлғалык ерекшелігіне, әлеуметтік тэжірибесіне байланысты. Психикалык реакциялардан баска (корқыныш, үрей, ұйкының бұзылуы, тәбеттің болмауы т.б.) балалардың мінез-кұлқы да өзгереді: агрессия жоғарылайды, төбелескіш, өзіне сенімсіз, ұялшақ, өзіне деген бағасы өте төмен болады. Зерттеулерге карағанда, зорлык- зомбылықты көп көрген балалар өскенде зорлаушы рөлінде болуды калайды
- Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі, коғамның кедей және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздык, инфляция, әлеуметтік кернеу, т.б.
- Моралді-этикалық факторлар. Қазіргі коғамның адамгершілік касиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани кұндылыктардың бұзылуы. Девиантты мінез-кұлықты балаларды түзету күрделі әрі киын әрі ұзак процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалык тапаптар мен жүзеге асырылып жаткан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау кажеттігі туады:
- балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;
- онын жағымды қасиеттеріне сүйену;
- оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;
- окушыларды салауатты өмір салтын калыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;
- салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды үштастыра пайдалану;
- девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс- әрекеттермен өткізу жолдарын карастыратын жаңа кешенді бағдарламалар кұру;
Девиантты мінез-кұлықты балалармен тәрбиелік жүмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана коймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен үштасқан дұрыс қарым-катынас жолына кайтып әкеліп, ары карай калыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі кажет. Бүл педагогикалық іс-әрекеттер мазмүны, коғам өмірінде бекіген адамгершілік кадір-касиеттер мәнімен, тапаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы карым-қатынастар (достык, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында девиантты мінез-кұлыктың өріс алмауына және оларды мектеп кабырғасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкіндік жасалады.