Көсіптік білімдерді жөне дағдыларды тексерудің өдістемелік міндеттері

7 марта, 2018 18:08

 

Оқыту процесінің аса маңызды қүрылымдық блоктарының бірі кәсіптік оқытудың нөтижелерін тексеру мен бақылау бо- лып табылады. Әрбір сабақтағы тексеріс оқытушы мен өндірістік оқыту шеберінің негізгі назарында болады. Оқыту процесінің қүрылымдық схемасы тексеру мен бақылаудың оқыту процесін аяқтайтындығын көрсетеді. Алайда бүл өте маңызды блок саналады (75-кесте)

Оқыту Принцип- Мазмүны Оқыту Оқу-танымдық
мақсат- тер   өдістері өрекеттің
тары       формалары
 

 

 

Кәсіптік білімдер мен дағдыларды
тексеру, бақылау

  • кесте. Оқыту процесінің қүрылымы

Оқытудың барысы мен нәтижелерін бақылау оқушылардың бойындағы көсіптік білімдер мен дағдылардың қалыптасу деңгейін айқындауға ғана емес, оқытушы өдістемесінің жағымды жөне

жағымсыз жақтары туралы ақпарат алуға да мүмкіндік беретіндей кері байланысты қамтамасыз етеді. Оқытушы өз оқушылары- ның алдына жоғарылатылған мақсаттарды қоя отырып, олар- дың ақыл-ойының дамуын асыра бағалауы мүмкін, бағдарлама мазмүнының жекелеген тақырыптарын төмен бағалай отырып, білімдер мен дағдылардың жоспарланған деңгейіне жетуге мүмкіндік бермейтіндей оқушылардың оқу-танымдық өрекетін үйымдастыру өдістері мен формаларын таңдауы мүмкін.

Кәсіптік-техникалық мектептердің оқушылары үшін білімдер мен дағдыларды тексеру эмоционалдық толқулардың бастауы болып табылады. Бақылау жүмысының немесе практикалық сабақтардың барлық тапсырмалары орындалған кезде оқушы- лар қанағаттанады және оқытушының бағалауы олардың өзін- өзі бағалауымен сөйкес келсе, шынайы шабыттана қуанады. Жөне, керісінше, егер білімдер мен дағдыларды тексеру күткен нөтижелерді бермесе, олар кейде оқуға деген қызығушылықта- рын жоғалтады. Сондықтан оқытушы мен өндірістік оқыту шеберінің алдында түрған әдістемелік міндеттер маңызды мөн- ге ие болады. Әдістемелік міндеттер бірқатар функциялардың негізінде жасақталады.

Кәсіптік оқыту теориясында (дидактикада) тексерудің төмендегідей функциялары айқындалған:

  • бағдарламада көрсетілген оқушылардың білімдерінің, шеберліктері мен дағдыларының қалыптасу деңгейін айқында- удан көрінетін бақылаушы қызметі;
  • оқушылардың жады мен ойлауын дамытумен, тексеру барысында білімдер мен дағдыларды жетілдірумен сипаттала- тын оқыту қызметі;
  • оқушылардың бойында жауапкершілікті, еңбек сүйгіштіктің маңыздылығын түсіну барысында, оқыту процесінде еңбек төртібін қалыптастыру барысында жүзеге асырылатын төрбиелеуші қызметі.

Жоғарыда аталған функциялардың өрқайсысы оқытушы немесе өндірістік оқытудың шебері шешуі тиіс өдістемелік міндеттерде нақтылана түседі (76-кесте).

Курсты үйрену процесінде тексеру жүргізудің орнына қарай тексерудің мынадай түрлерін айқындайды:

  • оқушылардың күнделікті оқу-танымдық өрекетін өрбір сабақта іске асыратын ағымдық тексеру;
  • бағдарламаның белгілі бір тақырыбы бойынша сабақтар жүйесін қамтитын тақырыптық тексеру;
  • оқытудың белгілі бір кезеңінде өтілген (жарты жылдық, курс) материалдың мазмүнына қатысты мерзімдік тексеру;
  • оқу пөнінің бүкіл материалын қамтитын қорытынды тек- серу. Мүндай жіктеменің негізінде екі белгі жатыр: оқу мате- риалын тақырыптарға бөлу жөне оқу уақытын оқытудың мерзімдеріне үйымдастырушылық бөлу.

Тексерудің бір мезгілдік актындағы оқушыларды қамтуына қарай тексерудің мынандай түрлері болады:

  • индивидуалды (жеке) тексеру (оқытушы мен оқушы қаты- сады);
  • топтық тексеру (топтың оқушыларының бір бөлігі қамты- лады);
  • фронталды (барлық оқушылар катысады).
Функциялар Өдістемелік міндеттер
Бақылаушы Көсіптік білімдер мен дағдыларды бақылаудың тестерін даярлау

Сабақта оқушылардың білімдері мен дағдыларын айқындау

Білімдердің, дағдылар мен шеберліктердің қалыптасу деңгейін анықтау

Білімдер мен дағдыларды бақылау жүргізілген тақырыпты зерттеу өдістемесін түзету

Оқушьшардың білімін дөл анықтау, тереңдету Окушылардың қателіктерін анықтау, алдын-алу түзету жөне талдау

Оқытушы  
Төрбиелеуші Окушылардың логикалық ойлау мен ақыл ой өрекеттеріне деген қабілеттерді айқындау бойынша қосымша сұрақтарды даярлау

Білімдерді тексеру процесінде оқушылардың тілін дамыту

Жеке жөне үжымдык, жүмыс үшін материалды- техникалық базамен қамтамасыз ету

  Оқытудың сапасын жауапты бақылау бойынша оқушылар топтарын қалыптастыру

Еңбек сүйгіштік пен жүмыстың орындалу үқыптылығын бағалау

 

 

 

  • кесте Функциялар жүйесі жөне әдістемелік міндеттер
0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля