Дизайнерге арналған сөздік анықтама. (С)

19 января, 2018 15:07

Сандыққап — сандық сыртына кигізілетін ұлттық жиһаз. Сандықты тоздырмай сақтап, түйеге артқанда жайлы және сәнді болу үшін сыртынан сандыққаппен қаптап қояды. Сандыққапты жұқа басылған ақ киізден тігіп, сыртына жасыл, қызыл шұғадан ою бастырады.

Кей жерлерде сандықңапты бір жіппен кестелеп, қалың- дау матамен, яки жүн тартып, тігін машинасымен кере- гекөздеп сырып жасайды. 

Сәндік қолөнер (лат. сіесого — сәндеу) — адамның түрмыстық қажетін қамтитын және олардың өміріне сүлулық алып келетін, әсемдік сұранысын орындайтын өнер саласы. Сәндік қолөнерге ағаш, темір, тас, мата, шыны т.б. материалдардан жасалған туындылар жата- ды. Ежелгі заманнан бастап адам заттарды өзінің сұра- нысын қамтамасыз етуден басқа, оның әдемілігі ескере отырып жасаған. Сәндік қолөнердегі сұлулық табиғи не жасанды материалды әсемдеу жолымен жасалынады. Оның ең ежелгі түрі — өрнек. Өрнектің ежелгі заманда пайда болуы еңбектің түрімен және салт-дәстүрмен бай- ланысты. Кейінгі қоғамдағы өзгерістер, еңбек, жұмыс салаларының бөлінуі мануфактураның алғаш баспалда- ғынан бастап, затты әдемілеу, қызметін анықтау, тиімділігін қарастыру әр түрлі мамандардың пайда бо- луына әкелді. Заттың әдемі болуы тек сыртқы пішінін әдемілеу ғана емес, сонымен қатар оның құрылысы мен құралдарының өзара үйлесуінде де жатыр.

 

Сәулеттік ортаны дизайндау — адам мен табиғаттың, кеңістік пен әлеуметтік айналаның арасындағы өзара қаты- нас мәселелерін неғұрлым кеңінен қарастыру. Ортаны ди- зайндау қоғамдық, өндірістік және тұрғын үй кешендерін, демалыс аймақтарын, қала орталығын және т.б. жобалау мен қайта құруға байланысты. Нысанның ерекшелігіне қарай дизайн түрлері қалалық дизайн, өндірістік және тұрғын орталықтың дизайны деп бөлінеді.

Сондай-ақ, сәулеттік ортаны дизайндау — қаланың кеңістіктік ортасын дизайнның әдістері мен құралда- ры, ландшафттық сәулеттендіру шешімдерінің көмегімен жобалау деген сөз. Қала элементтеріне төмендегілер кіреді:

—     шағын архитектуралық формалар — қала кеңістігі құралдарының бөліктері, шағын әрі жеңіл конструкция- лар (тұрақты немесе көшпелі павильондар, телефон ка- биналары, жаймалар, аялдамалар, демалыс аймақтары, жарнама орындары және т.б.);

—     қаланы көзбен шолу ақпаратының элементтері (жол белгілері, хабарландырулар, жарнамалар, т.б.).

Сәулеттік ортаның дизайны — жасалған немесе алын- ған зат. Пішіні бүтін, қызметте қолдануға ыңғайлы. Тек қызмет жағы ғана емес, қоғамдық маңызы (тұтынушы, экономикалық, өндірістік жобасы және бүтін бағыты, мысалы, эстетикалық), мәдениеті бар, адам мен заттың және оның қызметінің байланысы. Зат адамға өте баға- лы болып табылады. Сәулеттік ортаның дизайны — адам- ның заттық ортаға деген эстетикалық және көркемдік қатынасының көрсеткіші.

Сезімталдық (грек. аізіһікоз) — адам қабілеті, қана- ғаттану немесе қанағаттанбау сезімі («ұнайды», «ұна- майды ») арқылы әр түрлі эстетикалық бейнелерді қабыл- дау және бағалау, әсемдік пен әрсіздікті айыра білу, нақ- ты кезеңдегі және өнердегі эстетикалық және эстетика- лық емес нәрсені, трагедиялық және комедиялық ерек- шелікті ажырата білу. Көркем шығарманы анықтау

 

кезеңінде эстетикалық сезімталдың көркемдік талғам деп нақтыланады. Эстетика тарихында сезімталдық ХҮІІ-ХУІІІ ғасырлардағы француз ағартушылары және классицизм теоретиктерімен қарастырылады (Буало, Монтескье, Вольтер, т.б.). Олар оны тыйым салу және шектілік көзімен қарастырған, ал ағылшынның сенсу- алдық эстетика өкілдері сезімталдықты рухани төрбие- мен байланыстырған. Осы мәселені ңарастыруда Кант эстетикасы ерекше орын алады, ол қарама-қайшылық қоғамдық және жеке мінездерді эстетикалық сезімтал- дық деп қарастырған. Жеке сезімталдық адамның эсте- тикалық тәжірибесінде құралады, сонымен қатар жаңа тәжірибе қосады. Әр жаңа эстетикалық сезімді тәсілдей отырып, сезімталдық — субъективтік баға болып табы- лады. Эстетикалық сезімталдық оның субъективтік ба- ғасының объективтік эстетикалық құндылыққа қаншалықты сай келетінімен анықталады. Жақсы эс- тетикалық сезімталдық — шынайы сұлулықтан рахатта- ну және нашар заттардан теріс бұрылу, сонымен қатар еңбекте, мінез-құлықта, тұрмыста, өнерде сұлулыққа, әсемдікке жету.

Секретер (фр. зесгеіаіге) — жазуға арналған үстел ре- тінде қолданылатын, тартпалары бар шкаф.

Силуэт (фр. зііһоиеііе) — адамның немесе заттардың жазықтық бетінде көлеңке бейнесінде көрсетілуі.

Символ (грек. зутһоіоп — танымдық белгі, таңба) — өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эс- тетикалық категория.

Символизм (фр. зитЪоІізте — белгі, таңба) — ХІХ-ХХ ғасырлардағы философиялық-эстетикалық тұжырым және көркемдік ағым. Алғашқыда француз әдебиетінің бағыты болып жаратылған (Ш. Бодлер, П. Верлен, А. Рембо, С. Малларме, т.б.), кейін жалпы еуропалық

 

мәдени қүбылыс болып дамыған, құрамына театр, кес- кіндеме және музыканы енгізген (жазушы, драматург М. Метерлиннк, С. Геоге, Г. Гауптман, Г. Гофмансталь, 0. Уайльд, суретшілер П. Пюви де Шаванн, т.б.). Симво- листер буржуазиялық қоғамның құлдырау кезеңін, өмір құлдырауын, мәдениетін ой, сөз, т.б. өзіндік дүние сезу қабілеттеріне сөйкес көрсетті. Адам бойындагы руха- ни қасиетті діни көзқараспен жақындатып, көркемдік шығармашылықтағы маңызды нәрсе санасыз сезім- талдық деп түсінген. Символизм көбіне роман- тиктердің идеясына сүйенеді. Барлық өнер белгі деген оймен келіседі.
Симметрия (грек. зуттеігіа — өлшемділік) — (өнерде) көркем шығармадағы үйлесімділік (көркем сурет, қол- өнер, сәулет өнері). Көркемдіктің жалпылау түрі болып табылатын симметрия — заттар құрамының бірыңғай жазықтық бетінде геометриялық денелерді салу заңды- лығына бағынуы. Симметрия Ежелгі Грециядан бастап заттардың эстетикалық әсемділігі мен үйлесімдік тура- лы ойлармен байланысты. Симметрияның өнерде қол- данылуы конструкцияның қызмет қасиетімен анықта-

 

лады (сәулет өнерінде). Құрамын-
дағы заттардың орналасуына бай-
ланысты көркем шығармадағы
симметриялық заттар «оң» және
«сол» жақ болып бөлінеді. Сим-
метрия — заттардың ортасында
нүктесі бар шеңбердің бойында
белгілі тәртіппен орналасуы. Сим-
метрия негізінде барлық өрнек-
тер салынады.
Сирексіту — керілген жіп желілерінің арасынан арқау өткізілген соң, ұйысқан жіп аралығын тоқпақпен (мұны кейде тарақ дейді) түйгіштеп, сол желі жіптерінің ара- сын ажырату.

Стайлинг (ағыл. зіуіе — стиль) — дизайн бағыттары- ның бірі. Ол сыртқы пішіннің өзгеруін, құрылысы мен қызмет негізін бұзбай, өндіріс затының сол кезеңдегі кең тараған стиліне сәйкес өзгеруін білдіреді. Стайлинг қызметі нақты заттардың түрін модерндеу болып табы- лады. Ол заттың нарықтағы сұранысын жоғарылатады. Оны жөнсіз қолдану кейде заттың сапасына зиян келтіреді.

Стаффаж (нем. зіаЦа§е — суретті мүсінмен әсемдеу) — кескіндеме композициясының екінші орындағы эле- менттері, мысалы, пейзаждағы адамның және машина- лардың бейнесі.

Стилизация немесе стильдеу (фр. зіиіе — стиль) — дүниежүзілік өнер тарихында бұрын кездескен көркем бейнелердің стиль мәнерін жаңа мағынада, анық идео- логияны және эстетикалық мағынаны көрсету үшін қол- данылатын қызмет. Стилизация құралы болып белгілі

 

автордың немесе орын-
даушының стилі және
мәнері, мектептегі шы-
ғармашылың бағыты,
тарихи стильге тиісті
бейнелер жинағы, ха-
лың мөдениеті табыла-
ды. Стилизацияның
өнермен байланысы:
ұлттың мәдениеттерінің
арасында болашаң пенөткен кезеңдегі стиль түрлерінің өзгеруі. Стилизация
неше түрлі әдістермен тарихи және үлттық ортаны қайта
жаңғыртып, бейнеленген түлғалардың мінез-құлқын,
көркем бейненің көп мағыналылығын, т.б. көрсетеді.
Стилизация әр өнер саласында екінші рет қолдану та-
лаптарымен сәйкес қолданылады. Ол — танымдық
көркем бейнелерді әдейі жеңіл стильді шешімнің
көмегімен көрсету.

Стиль (лат. зіуіиз — грек. зіуіоз — таяқша, жазу қала- мы) — өнерде бейнелеудің және көркемдеу әдістерінің құрылыс бірлестігі, сәулет өнері, көркем сурет және әсемдеу қолөнерінің даму тәжірибесінде туындайды. Стиль деген түсінік өнердегі ірі кезең мінездемесін анықтауға қатысты айтылады. Стиль барлық өнер сала- сын біріктіруші болып табылады (готика, барокко, клас- сицизм). Стиль өз бетінше өмір сүре алатындықтан, өз дәстүрлерін орната отырып, кейбір жағдайларда өзін ту- ындатқан ңоғамдық және мәдени себептері өтіп кеткен- нен кейін де дами беруі мүмкін. Стиль туындауына қоғамдың, мәдени, табиғат пен өнер туралы түсініктер, олардың қызметі себеп болуы мүмкін. Стиль алғаш рет (Египет, Вавилон) ежелгі кезең дамуында кездескен, әрине, діни-идеологиялық шектермен сәйкес стиль да- муына әр кезеңдегі аймақтық мектептер мен орнықты дәстүрлердің қарым-қатынасы да әсер етеді.

 

Супрематизм (лат. яиргетиз — жоғары) — геометрия- лық абстракционизмнің бір түрі. Ағымның атын оның негізін ңалаушы К.С. Малевич қойған (1913 жылы фу- туристер көрмесінде). Жай геометриялық денелердің өзгеруін қолданған (шаршы, тікбүрыш, шеңбер), бұлар- дың ішінде шаршы немесе төртбұрыш ең таза бейне са- налған. Кубизмге сүйене отырып, геометриялық талдау- дан өткен заттарды олардың шын түрлерімен және бөліктерімен салыстырған. XX ғасырда өрістеген ғарыш түсінігін марапаттап, супрематизм қағаз бетіндегі зат- тардың өзара қарым-қатынасы ғарыш заңдылықтарына сәйкес келеді деп түсінген. Мысалы, Малевичтің «Ақтың үстіндегі ақ» (1918-1919 жж.) туындысы. Қазіргі кезеңдегі зерттеулер супрематизмді конструк- тивизмнің алғашқы сатысы деп жобалайды.

Суретші-конструктор — дизайн тәсілімен жұмыс істейтін жобалаушы, тұтыну қасиеттерін жақсарта оты- рып, үйлесімді заттық ортаның пайда болуын пысықтау- шы, қүрастырғыш. Жүмыс барысында суретші-кон- структор техникалық-қызметтік байланысты қоғамдық мәдениет, технологиялық, эргономикалық және эстети- калық жағдайларын ескере отырып қамтамасыз етеді.

Сфинкс (грек. зрһіпх) — Ежелгі Мысырдағы басы адам, денесі арыстан бейнесіндегі қиял-ғажайып статуясы, перғауынның суреті. Олар көбіне ғибадатхананың алды- на және пирамиданың маңына түрғызылған.

 

Сықырлауық — киіз үйдің ішкі жағынан жабылатын екі бөлек тақтай есік. Ол өте сәнді табалдырық пен маң- дайшадан, қос босағадан және жарма беттен құралады. Қос босаға мен маңдайша ұласымды өрнектермен ой- мышталып, есік нәзік өрнекті, бедерлі сүйекпен не- месе металмен қапталады, бел ортасынан ашылып-жа- былатын жарма есіктерге ұқсас. Екі таянышқа көкпен немесе шот ілмек арқылы ұстастырылған, ашып-жап- қанда сықырлап тұрады. Сықырлауықты көздеп, ойма- лап, сүйектеп, бояп жасайды.
Сырмақ — ою бастырып немесе жиекпен өрнектеліп сырылған төсеніш. Арнайы іріктеп алынып, ерекше үлпілдетіп сабалған ақ-қара жүннен жұқалау киіз басы- лады. Дайын болған киіздің бетін оюлап, кенеппен ас- тарлап сырмақ жасайды. Сырмақтың ою-өрнектеріне қарай бірнеше түрі бар: ақ, қара, қызыл немесе көкке боялған киізден жасалған сырмақ, шымқай ақ киіздің бетіне ңызыл, көк, сары маталардан ою бастырылған сырмақ, жиекпен өрнектелген сырмақ. Оның дөңгелек- теп жасалғанын откиіз (Жетісуда), шай сырмақ (Шы- ғыс Қазақстанда) деп атаған. Сырмақ — негізінен қазақ, қырғыз ұлттарына тән жиһаз.
Сюрреализм (фр. зиггеаіізте — шындыңтан жоғары) — XX ғасырдың 20-жылдары Францияда пайда болған өнер бағыты. Сюрреализм философияның интуитивизміне, Шығыстың мистикалық-діни оқуларына, фрейдизмге сүйенеді; сюрреализм теоретиктерінің үстанымы дзэн- буддизм идеяларына жақын. Сюрреалистер неміс роман- тизмін өздерінің шығу тегі деп санайды. Сюрреализм адамның «мен» деген ұғымының бостандығын дәріпте- ген, дәстүрлі эстетикадан, буржуазиялық қоғамның жаман бейнесі болып келетін материализм, ақыл-ой, тәртіп шектерінен босануға шақырған. Өмір шындық- тары, сюрреализм өкілдерінің ойынша, адамның сезімінің астарында жатыр, оны сыртқа шығару керек. Сюрреализм тәсілінің негізі, Бретонның анықтауы бо- йынша: «таза психикалың автоматизм, оның мақсаты — ауызша я жазбаша, немесе басқа әдістермен ойдың нақ- ты жұмысын көрсету. Ойына келген нәрсені істеу, ақылға көнбеу, эстетикалық жағын есепке алмау». Суретші рухтың ессіз қылықтарына бағынады — түс, елес, сандырақ, жастық шақты еске алу, қорқынышты көрініс, т.б. Сызықтың, жазықтықтың, бейненің, түсті бояудың көмегімен адамның арғы жағына енуі, шексіздік пен мәңгілікті көрсету. Ақын П. Реведидің эстетикалық тұжырымы бойынша, «бейне бір-бірінен алыстап кеткен шындықтан туады». Сюрреалистер шы- ғармаларын ұқсастың әдістерін қоздыру, қосылмайтын заттарды қосу мәнісінен туындатады. Сюрреализм өнер бағыты ретінде дамуын тоқтатты.

 

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля