ДИЗАЙНЕРГЕ АРНАЛҒАН СӨЗДІК-АНЫҚТАМА (Д)

6 января, 2018 14:41

Дадаизм (фр. сіасіаізте — жылқы, ат) — әдебиетте, театрда, көркем суретте дамыған авангардтық ағым. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Швейцарияда қалыптасқан. Дадаизм деген атауды осы ағынның бас- ты өкілдерінің бірі, румын ақыны Т. Тизорой қойған. Оған осы «дадаизм» деген сөзді ойда жоқта француз сөздігінен кездестіруі себеп болған. Бұл ағынның идео- логиялық көзқарасы — империялық соғысқа және оны айқындайтын әсемдік қүндылығына қарсы шығу.

 Дадаизм өзінің жартылай театралды көріністерінде өнер жайлы қалыптасқан көзқарастан аттап, дүниежүзілік өнердің тираждалуына мысқылмен қараған. Дадаизм өнер шығармаларында кездейсоңтыққа, психикалық ав- томатты тез қозғалыстарға, фотомонтажға және жалма- жан ойдан шығаруға орын берген.

 

Деконструкция (ағыл. сіесопзігисііоп) — нақты кезеңдегі Батыс мәдениетінің көзқарасы. Басты мақса- ты: дәстүрлі, әдеттегі қүндылықтарды жою. Көзқарасы: буржуазиялық қоғамға, оньщ рухани негізіне сенімсіз қарау, әсіресе, ең белгілісі — АҚШ-тағы 70-80-жылдар- дағы «Йельск мектебі» (Хиллис Миллер, Дж. Хартман, т.б.). Астыртын аты — «жабайы деконструкция», өйткені оның өкілдері өнердің гуманитарлық дәстүрлерімен күресуге дейін барады. Мысалы, деконструкция теріс радикалды теориясы (70-80-жылдары Францияда тара- ған) кинематография негізінің құлдырауын жобалайды. Деконструкция үшін әлемдік қүндылықтардың барлы- ғының болашағы жоқ болып саналады. Сондықтан де- конструкция «өнердегі шексіз тербеліске» сенеді (Ниц- ше идеясы). «Метафора» түрінде көрсетілген өнер шы- ғармасында мағына аралас. Бүл туындыларды адам өмір мен тарихи қүндылықтардың тұрақты емес екенін түсіне отырып қабылдауы керек. Қабылдаушының, оқырманның, көрерменнің, сыншының мәртебесін көте- ре отырып, деконструкция көркемдік көзқараста фрейдизмді қолдайды (ғажайып қияли өмірге ұмтылу, арманын бейнелеу).

Десюдепорт (фр. сіеввиз <іе рогіе — есік үстінде) — есіктің жоғарғы жағында орналасқан панно.

Дидактика (грек. сіісіакіікоз — ақыл айту, нүсқау) өнер- де — 1) ақыл айту, нұсқау, үйрету; 2) эстетикалық, нақ- тылы, сезімтал бейнелерді моральдық (ақыл айту, үйре- ту) тәсілдер арқылы өмірлік мағынаға ауыстыру. Дидак- тика — аңыз жанрының бөлінбес бөлімі, шығарманың негізгі құраушысы. Басқа жанрларда ол автордың идея- лық көзқарасын, шығармашылық рухани бағытын көрсету үшін қолданылады. Дидактика қызметі — көркемдік жетістіктерді және өмір көрінісін, адамның мінезін, сезімін және қадамдарын ақылды сызбаға және ақылды көріністі саналы идеяға ауыстыру. «Жалаңаш»,

 

«кітапты», «ой-саналы» Дидактиканың негізгі кемші-
лігі — өнер және өмір қатынасын дұрыс түсінбеу, өнер
және моральдың, дөлірек айтқанда, толықтық және
күрделіліктің ауысуы, өмір қарама-қайшылықтарын
сылама сипатты идеалмен ауыстыру. Дидактикалық
өнер — өмірден тыс, жұлынып алынған «таза өнердің»
бір шеті болып табылады. Мелодрама, комедия, детек-
тив және т.б. анық дидактикалық қасиетте келеді, олар-
да адамның мінез-құлқы, жақсылығы, т.б. қасиеттеріашық түрде көрсетіледі.

Дизайн (ағыл. сіевіёп — жоба,
сызу) — заттық ортаның пайда
болуына себепкер қызметтік
жоба түрі. Бұл — қызметтің
көркем-техникалық ерекшелігі
қарастырылатын тұлғалардың
эстетикалық тұтастығы. Ди-
зайн заттың тек қана сыртқы
пішінімен ғана емес, оның
құрамының өзара байланысын,
қызметімен үйлесімдік тұтас-
тығын ескереді. Дизайн бойы-
на шығармашылық ізденістің
екі бағыты сіңген: қызметтен

тұлғаға және тұлғадан қызметке. Дизайн тәсілі —
көркемдік құрастыру, мақсаты — заттың қызмет ыңғай-
лылығы мен тиімділігін, әсемділігін қамтамасыз ету.
Әсемдеу, үйлестіру тәсілдері: пропорция, модуль, ритм,
метр, контраст, тектоника, ньюанс, фактура, түсті бояу.
Осы талаптардың сақталынуы әсемдік бағасының анық-
таушысы болып табылады.

Дизайн және флористика — көркемөнердегі салыс- тырмалы жас бағыт. Жазықтық бетінде алдын ала келтірілген гүл жапырақтарынан және ұзынынан кесілген гүл сабақтарынан жасалатын үйлесімді үлкен

 

немесе кіші көркем жұмыс ретінде бөлме ішіне ілуге болады. Жұмыс жібек, барқыт және капрон матада орын- далады, үстін шынымен немесе пластикпен жабады.

Дизайн формасы — заттың (өндіріс затының) ерекше ұйымдасуы, дизайнердің заттың барлық қасиеттерінің бірлестігін табуының нәтижесі ретінде пайда болатын — конструкциясы, сыртқы пішіні, түсі, фактурасы, тех- нологиялық дұрыстығы және т.б.

Дизайнер — маман, дизайн саласында қызмет істейтін
жөне жоғарғы тұтыну талаптары мен заттың немесе зат-тық ортаның эстетикалық са-
пасын қамтамасыз етуші.

Заттық ортаның сапасын
анықтай және бүтін өнім
бөлшектерін ұйымдастыра,
үйлестіре отырып, дизайнер
құрамдық және қызметтік
байланысын көрсетеді және
соның негізінде көркемдік
бірлікті, ғылыми және тех-
никалық көзқарасты құрай-
ды.

Драпри (фр. сігарег) — көбіне ауыр матадан ңыр салып жасалатын перде.

Дрессуар — Қайта өрлеу кезінде ойып жасалған ыдыс- аяң қоймасы.

 

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля