ДИЗАЙНЕРГЕ АРНАЛҒАН СӨЗДІК-АНЫҚТАМА ( И )

9 января, 2018 14:46

Икебана — көркемдік қасиеті бар гүлдер жинағын
құрастыру өнері. XV ғасырдың ортасында Жапонияда
пайда болған. Басты эстетикалық ұстанымы — көркем
қарапайымдылық; гүлдердің, ағаш бұталарының, жапы-
рақтарының және өзге материалдардың табиғи сұлулы-
ғын көрсету.

 

 

Иксид — қоғамдық және жеке ұлттық дизайн ұжым-
дарының халықаралық кеңесі (1957 жылы Лондон
қаласында құрылған). Мақсаты: дизайн ұжымдарының
байланысын құру, дизайн тәжірибесінің кеңеюін және

дамуын қолдау.

Имидж (ағыл. іта§е —
бейне, көрініс) — адам және
заттар туралы жалпы ақпа-
рат көмегімен (әдетте ар-
найы жарнамалау мақсаты-
мен) қалыптасатын түсінік.

Имидж өте жиі беделдікпен
сәйкес келеді, қоғамдық-
саяси арнада «артизация-
ның» бір мақсаты болып та-
былады, оның көмегімен
нақты шындық түсініксіз,

бірақ жағымды және сенімді елеспен алмасады. Қазіргі
кезеңде эстетика және имидж тәсілін құру қоғам психо-
логиясында үлкен өндіріс ретінде қалыптасуда.

 

Имитация (лат. ітііаііо) — бір нәрсеге еліктеу, соған ұқсатып қайталау.

Импрессионизм (фр. ітргеззіоп — әсер ізі) — ХІХ-ХХ ғасыр өнеріндегі бағыт. Бастауын XIX ғасырдың 60-70- жылдарындағы француз кескіндемесінен алады (атауы 1874 ж. К. Моненің «Батып бара жатқан күннің әсері» деген шығармасы қойылған көрмеден кейін пайда бол- ған). Өкілдері: К. Моне, О. Ренуар, К. Писарро, А. Сис- лей, Э. Дега, т.б. XIX ғасыр кескіндемесіндегі шыншыл дәстүрлерге сүйене отырып, импрессионистер мәртебелі, әшекейлі, салонды шығармаларға қарама- қарсы мазмұнда дамыды. Табиғаттың шыншыл көрінісін, күнделікті өмірді бейнелеп, оларды көрерменнің қуанышты қабылдауын талап етті. Им- прессионистер дүние қозғалысын ауа кеңістігінде көрсе- туге ұмтылды, бұл түтас ортаны туғызып, барлық тұлға- ларды өзара байланыстырды. Сүйікті жанрлары: пейзаж, портрет, көп тұлғалы үйлесім. Мақсаты — жеңіл, уақыт- ша сезімді көрсету. 80-жылдары импрессионизм әволю- цияға ұшырайды (суретшілердің жартысы бас тартады): шығармаларды қабылдау субъективті деп, сурет серия- сы пайда болды. Импрессионизм принципін қабылда- ған, өздерін постимпрессионизммен байланыстырған суретшілердің жаңа буыны шықты. Олар тұлғалар бай- ланысы мен көркем сурет тілінің жобалы болғанына ұмтылды.

Инкрустация (лат. іпсгизіаііо — қаптау, жалату) — әр түрлі материал (сүйек, ағаш, мәрмәр, керамика, металл, т.б.) бөліктерімен өрнек салып сәндеу.

Инталия (ит. іпіаёііо — ою, қашау) — тереңдетіп ойып салған өрнегі бар тас.

Интарсия (ит. іпіагзіо — қаптау, жапсыру )- ағаш бе- тіне текстурасы, түсі әр түрлі ағаш пластинкалары қашап салынатын әшекейлі ою.

 

Интеграциялық функция — мәдениеттегі заттың ңызметі, оның бойында мәдениет сапасы бүтін көрсетілген: мағынасы, дәстүрлі құндылығы, құралда және бейнеде көрсетілуі.

Интерьер (фр. іпіегіеиг — ішкі) — ғимараттың ішкі қүрылысының архитектуралық және көркем сәндеу жа- ғынан қамтамасыз етілуі.

Иілімділік немесе пластика (грек. ріазііке — жапсыр-
ма, иілімділік) — тіршілікте кездесетін, көрінетін мате-
риалды дененің (табиғи, сонымен қатар адамның неме-се жасанды дененің) құрылы-
сы. Иілімділік эстетикалық
сезімге, эстетикалық бағаға ба-
ғытталған, ол зат бейнесіндегі
мағыналы қасиетті айқындай-
ды (мысалы, ағаштың жуан-
дығы оның күшін көрсетеді,
еліктің жылдамдығы оның
конфигурациясы мен қозғалы-
сында көрінеді, адамның қолы-
мен жасалған заттар оның
көзге көрінетін бейнесімен
анықталады). Өнердің бұл түрі
заттың мағьшасын әсерлі

бейнесі арқылы көрсететін болғандықтан, ол өнердің тек дене мен зат қолданылатын саласында дамиды. Кескін- деме, мүсін, сәулет, қолөнерді «иілімді өнерлер» деп жалпылай атайды, ал актер өнерінде ол биде көрінеді. Иілімділік өнері екі деңгейде көрінеді — нақты бейне көрінісі (мүсін, кескіндеме, актер) және шығарма түрлері (көркем сурет, сәулет, дизайн, хореография). Осыған орай тек қана эстетикалық сапаны анықтаушы ретінде ғана емес, өнер тілі, суретшінің өз сезімін адам- дарға көрсету әдісі болып табылады

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля