ДИЗАЙНЕРГЕ АРНАЛҒАН СӨЗДІК-АНЫҚТАМА (Қ)

11 января, 2018 14:51

Қайта өрлеу кезеңінің эсте-
тикасы — Батыс, Шығыс
елдерінде ХІҮ-ХҮІ ғасырларда
пайда болған эстетикалың ой-
өріс. Өтпелі кезеңнің ерек-
шелігі өмірдің барлық сала-
сында орын алған орта ғасыр
жүгінен қүтылуға ұмтылу бол-
ды. Қайта өрлеу кезеңі эстети-
касының басты мақсаты —
адам мәртебесін жоғарылату,
оның ойлау, сезіну қабілетін
көтеру және шексіз дамыған
шығармашылық қабілетін

көрсету.

Осы кезеңнің эстетикалық және көркем ойы
алғаш рет адамның қабылдау қабілетіне сүйенеді (ежелгі
космология мен орта ғасырдағы теологияға қарағанда).
Тағы бір көзге түсетін жағдай — адамның жеке басының
дүние жайлы түсінігін, көзқарасын (дінге еліктемей)
көрсетуге туған мүмкіншілік. Қайта өрлеу кезеңі эсте-
тикасында табиғатқа еліктелушілік болғанмен, бірінші
орында адам тұрған, өйткені суретші өзінің шығарма-
шылық қабілетімен құдайға бара-бар болған. Шіркеу
идеологиясынан алыстаған суретшілердің шығармала-
ры еркін тақырыптарға құрылған.
Қайшы — керілген желідегі жіпке түр шалынғаннан соң тегістеу үшін пайдаланылатын құрал. Осы қайшы арқылы түгі қырқылып тегістеледі.
Қала жабдықтарының элементтері — қаланың эсте- тикалық реңін келтіруге арналған объектілер мен қон- дырғылар, олар сонымен қатар қолданбалы қызмет те атқаруы мүмкін (мысалы, фонтандар, шағын аялдама, әсемдік мүсін,-жолаушылар және т.б.).

 

Қалпақ — ерлердің дәстүрлі бас киімі. Негізгі мате- риалы — киіз. Қиынды төрт сайдан құралып, күмбез пішінді, етегі қайырылатын болып тігіледі. Екі жақ күнқағары айыр болып тігілгендерін айыр қалпақ, ақ киізден сәндеп тігілгенін ақ қалпақ деп атайды. Ақ ңалпақ қазақ, ңырғыз, қарақалпақ халықтары арасын- да кең тараған. Айыр қалпаңты хан, сұлтан, би, ауқатты қазақтар киген. Оның ыстықта күн өткізбейтін, ал сал- ңында суықтан қорғайтын қасиеті бар.

Қоз — ойылған жерге қойдың немесе түйенің құмала- ғын өртеп, ертеңіне, суыған соң, ңиды жаңалап, асты суық, үсті ыстың оттың қызуымен киіз үйдің кереге, уық ағаштарын балқытып, тезге дайындайтын орын. Сондықтан белгілі мөлшерде таңдап алған, өңделген ағаштарды үйшілер қозға салып алған соң пайдаға асы- рады.

Құралдың сыртқы пішіні — 1) табиғи және жасанды ңұралдардың көзбен көру барысындағы берілетін мінездемесі. Ол құрал толық пысықталғаннан кейін не- месе қайта жөнделіп болғаннан кейін анықталады. Құралдың сыртңы пішіні оның түсімен, текстурамен, фактурасымен, бетінің тазалығымен, жылтырлығымен сипатталады; 2) табиғи және жасанды құралдарды көру қабілетінің көмегімен қабылданатын, өндіріске келіп түскен және қайта өзгеруі жоспарланған құралдардың бейнесі. Өзінің физикалық тұрғысынан (сұйық, майда ұнтаңты, т.б.) түсімен және басқа да сипаттамалармен анықталады.

Қызыл басқұр — киіз үйдің ішін безендіру үшін уың пен керегенің түйіскен жерінен жоғары, бір босағадан екінші босағаға дейін, өрнекті жағы үйдің ішіне қарай тұтылған, 51 жіптен тоқылған, ені 30-40 см, түсі қызыл басқүр. Қызыл басқұрдың ортасындағы ою-өрнек көбінесе мүйізгүл деп аталады да, оның астындағы гүлді қолтырмаш деп атайды. Қызыл басқұрдың ортасымен,

 

екі шетіндегі әр түрлі өрнек-
тер араларына су жүргі-
зіледі. Қошқармүйіз теруі —
7 жіптен, шынжыр ала
теру — 9 жіптен, қүманбау-
5 жіптен. Осылардыц әрқай-
сысының арасына су жүгір-
тіп тоқылады.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля