«Дизайн нысандарын құрылымдау» курсы

11 декабря, 2017 22:04

 

«Дизайн нысандарын құрылымдау» курсы шығармашылық жэне сэулет- құрылыс оқу орындары студенттерін кэсіби дайындаудың жалпы жүйесіне кіреді. Оқу жоспарында сәулеттік, графикалық жэне өндірістік дизайн нысандарын құрылымдау жэне үлгілеу саласында білім мен білікті меңгеруді қамтамасыз ететін бірқатар пэндерді зерттеу қарастырылган.

 

«Дизайн нысандарын құрылымдау» курсы жазықтық жэне көлемдік- кеңістіктік формаларды құрылымдаудың теориялық негіздерін, дизайн нысандарыынң форма түзушілік жэне үлгілеу тәсілдерін, сенімділігі мен эстетикалық мэнерлілігін ескеріп олардың конструктивті элементтері, қосылыс түйіндері туралы жэне заманауи материалдарды қолдану, сонымен қатар сэулеттік, графикалық жэне өндірістік дизайн нысандарын көркем жобалаудағы жаңа үрдістер мен багыттарды ашып көрсетеді.

«Дизайн нысандарын құрылымдау» курсының мақсаты — сэулеттік ортаны, графикалық және өндірістік дизайн нысандарын жобалау бойынша болашақ жас мамандарға көркем құрылымдау мен үлгілеу принциптерінің теориялық негіздерін меңгерту, оларды заттық-кеңістіктік ортаның форма түзу жэне ұйымдастыру барысында құрылымдау құралдары жэне материалдарымен, негізгі багыттарымен таныстыру.

«Дизайн нысандарын құрылымдау» курсының ерекшелігі дәрістік материалды практикалық жэне өзіндік жұмыстарда тікелей бекемдеуге құрылган, соның негізінде студенттер тақырыптан тақырыпқа, кезең-кезеңмен сәулеттік жэне өндірістік дизайн нысандарын құрылымдау мен үлгілеу бойынша теориялық білім мен практикалық машықтарын меңгеруі тиіс. Осыган байланысты дәрістер практикалық сабақтармен және студенттердің өзіндік жұмыстарымен (СӨЖ) кезектесіп отырады, соның барысында дизайн нысандарын құрылымдауға тікелей қатысты нақты тапсырмалар орындалып отырады.

Сәулеттік ортаны жэне дизайн нысандарының форма түзушілігін қалыптастыру бойынша мамандардарды дайындау жүйесінде практикалық сабақтар мен студенттердің оқытушы жетекшілігімен өзіндік жұмыстары (СОЖӨЖ), сонымен бірге студенттердің өзіндік жұмыстары (СӨЖ) маңызды орынға ие.

«Дизайн нысандарын кұрылымдау» курсын оқып-үйрену нәтижесінде студенттер мыналарды білуі керек:

—    гимараттар мен имараттардың құрылымдау шешімдері принциптерін;

—    өндірістік дизайн нысандары құрылымдау талаптарына сәйкес келуі тиіс;

—    тігін бұйымдарын жобалау мен құрылымдау негіздері;

—     жарнамалық өнімдерді көркем- құрылымдау жасау жэне безендіру тәсілдері.

 

Жасай білуі керек:

— пайымдау шығару және қорытындыны қалыптастыру, сонымен қатар қабылданған шешемдерді негіздеу үшінмаңызды мәліметтерді жинау және талдауды жүзеге асыру;

—   түрі мен қызметтік міндетіне негіздеп, дизайн нысандарын көркем конструкциялау барысында тиімді көлемдік-кеңістіктік шешімдерін табу;

—   өз бетімен білімдену, жаңа технологиялар мен өндіріс жетістіктерін практика жүзінде қолдану, шама жетерлік ғылыми зерттеулер жүргізу, өндірістік тапсырмалар орындауда шығармашылық белсенділік жэне дербестік таныту;

—     құрылымдаудың бірнеше варианттарынан лайықтысын таңдай білу;

—     алга қойылган міндеттерді шешуде шығармашылық қыр таныту.

Дағдыларды меңгеруі:

—   өзінің шығармашылық және курстық жұмыстарында дизайн нысандарын құрылымдау мен үлгілеудің озық жетістіктерін тиімді пайдалану;

—   құрылымдау жэне үлгілеу, технологиялық процесте дизайн нысандарын жасаудың тиімді варианттарын таңдау.

Пәннің пререквизиттері: «Арнайы сурет I», «Композиция I», «Инженерлік графика I».

Пәннің постреквизиттері: «Инженерлік инфракұрылым», дипломдық жобалау.

Бұл ерекше теориялық курс. Сабақ дәрістік және семинар сабақ түрінде өтеді.

Пэн бойынша емтиханга жіберу практикалық және өзіндік (СӨЖ) сабақтарында семестр бойы орындалған жұмыстарды ұсыну түрінде семестр соңында өтеді. Емтихан қарастырылған

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля