ЕСІМДІКТІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ , ЕСІМДІКТІҢ ТҮРЛЕРІ

18 апреля, 2018 9:39

 

Есімдіктерді жеке сөз табы деп тануда лексика-семантикалык принцип негізге алынады. Себебі есімдіктердің өзіндік мағыналык ерекшеліктері бар.

Есімдіктер — магынасы тым жалпы. Есімдіктердің дэл, накты мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлем ыңғайына карай білінеді. Мысалы, Біреудің катесі — біреуге сабақ (Дж. Рей). Тамырымды сок, каным — ойларымның толгағы, Жүректегі отты эңім сен өлмесең болғаны (Н.Оразалин). Берілген сөйлемдердегі есімдіктердің кайсысын алсақ та мағынасы накты емес. Алгашкы сөйлемдегі біреу деген сөзден тек бір адамның катесінің екінші бір адамға сабақ болатынын аңғаратынымыз болмаса, ол адам кім? — Асан ба, элде Асқар ма? ол жағы белгісіз. Ал соңгы сөйлемдегі сен дегеннің де магынасы накты емес, бірак оның мағынасын сөйлемнің ыңгайынан байкауга болады. Мұндағы сен деген создің дэл не екенін бірінші сөйлемдегі энім деген сөзден білеміз. Демек, есімдіктердің накты магынасын бұрын айтылган сөйлем ыңгайынан аңғаруға болады. Есімдіктер жалпы магыналы сөздер болғанымен, олардың бірнеше топтарға жіктелуі оның мағыналык кырларын аша түседі. Есімдіктердің бірнеше топқа бөлінуіне де лексика-семантикалык принцип негіз болады. Есімдіктер мағыналарына карай мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. Жіктеу есімдіктері
  2. Сілтеу есімдіктері
  3. Сұрау есімдіктері
  4. Өздік есімдіктері

Септеудегі үшінші ерекшелік — көмектес септігінде і, ы дыбыстарының пайда болуы туралы. Мысалы, менімен деген сөз түлғалық кұрамы жағынан ме- ні-мен деген бөлшектерден тұрады. Сондағы ме деген түбір морфема, -ні деген нәң «вещ» деген толык мағыналы сөзден шыккан -нің морфемасының дыбыстық өзгеріске түсіп ықшамдалуының көрінісі деп, ал соңғы -мен формасын көмектес септік жалғауы дейтін пікірлер бар.ғалымдар барыс септік жалғауы ең алғаш -ғару болған, кейіннен -гар формасына көшкен, ең соңында -ган түріне ауыскан дейді. Бұл жоғарыда айтылган ерекшелік туралы пікірлер ғылымда өте кең тараған. Бұдан баска да пікірлер бар. Ол туралы А.Ибатов былай дейді: «2) Барыс септік жалғауының соңгы н дыбысын ингредиент деп тану, бұл негізінде огар > ога > оган дегенге тура келеді. 3) Шалғай метотезис арқылы н жэне г дыбыстарының орын алмасуы, яғни онга > оган боп қалыптасу» [23, 69]. Ал ғылымда бұл пікірге карсы пікірлер де жоқ емес. Кейбір ғалымдар -ган мен -гар формаларын жеке формалар деп танып, бұл формалардан тараған баска да қыскарған формалардың бар екенін айтады. Мысалы, -ғар >-ңар >-ңа //-ңә //-ңе жэне -ған >- ға //-га //-гә //-ге формалары болып калыптасқан.

Тұлғалық жағынан алғанда мен (< ме-н), сен (< се-н), ол (< о-л) жіктеу есімдіктерінің ме-, се-, о- және -н дыбысынан құрылғаны белгілі.

Ал біз, сіз жіктеу есімдіктерінің тұлғалык кұрамы туралы пікірлер көп. Біз, сіз жіктеу есімдіктері туралы ғалым А.Ибатов: «… біз, сіз сөздері бі-сі жэне сі-сі сияқты болып біріккен (I және II жақтық) жеке сөздердін кұрамындағы екінші сыңарларының фонетикалык өзгерістерге түсуі негізінде пайда болған -з морфемасы мен I жактық бі жэне II жақтық сі сөздерінен кұралады. Екіншіден, осы бірігудің негізінде біз, сіз сөздері екі жақтық адамды көрсету калпына түсіп, жұптык-көпше мағынага ие болады. Үшіншіден, біз сөзі бертін келе мағыналық шеңбері кеңейе түсу нэтижесінде, тек екі адамды ғана емес, сонымен қатар көптеген адамдарды да көрсете алу дәрежесіне жетеді»-дейді [23, 24]

Ал керісінше сіз есімдігі тілде өзінің алғашкы жұптық немесе көпше мағынасынан ажырап, жекеше сыпайылык мэнде жұмсалады.

Жіктеу есімдігінің 3-жағы ол сілтеу есімдігімен ортак болып келеді. Себебі ол есімдігі адамды да, заттар мен кұбылыстарды да, қимыл мен сапаны да көрсете алатын әр жақты сөз болып саналады. Сонымен байланысты ол есімдігі бірде жіктеу есімдігі, бірде сілтеу есімдігі болып жұмсалады. Егер де ол сөзі адамды көрсететін болса, жіктеу есімдігі болады. Мысалы, Ол киініп, жуынып, тамактанып Итбайға барса, оның номерінде Құдайберген мен Сайым отыр екен (С.Мұканов).

Заттар мен құбылыстарды, сапаны т.б. көрсететін болса, сілтеу есімдігі болады. Мысалы, Ол кеңестерге кұлагы қанған Амантай, қазіретті бір көруге кұмар да (С.Мұканов).

Жіктеу есімдіктеріне тәуелдік жалғауынын — нікі, — дікі формалары жалғанады. Мысалы, менікі, сенікі, сіздікі, біздікі т.б.

Есімдік кай жакта қолданылса, оған сол жақтың жіктік жалғауы жалғанады. Мысалы,

  • жак. менмін, бізбіз
  • жақ. сенсің, сізсіз, сендерсің, сіздерсіз
  • жақ. ол, олар
  1. Сілтеу есімдіктері

Сілтеу есімдіктеріне бүл, осы, анау, мынау, сол, сонау, осынау, ана, мына, әне, міне деген сөздер жатады.

Сілтеу есімдіктерінің негізгі мағынасы — аралық катынасты білдіру. Демек, сілтеу есімдіктері тілде сөйлеушіге алыс я жақын маңдағы заттарды, кұбылыстарды сілтеу, нұскау, көрсету үшін қолданылады.

Мысалы, -Анау бір тұрғандар да аттар мен шаналар ма? — деді Аскар, кораның басқа бір түкпірінде шоғырланган бірдемелерді нұсқап (С.Мұканов). Сол үйдің өзінің иесі де болыс деген сөзді естідім (Бұл да). Бұл сұрау Байболға ауыр сокты (Б.Майлин).

Сілтеу есімдіктерінің барлыгы бірдей септеле бермейді. Септелетін сілтеу есімдіктеріне мына сөздер жатады: бүл, сол, ол, осы, мына, ана. Сілтеу есімдіктерінің септелу үлгісі төмендегідей болып келеді:

Міне, әне, сонау есімдіктері септелмейді. Ал анау, мынау, осынау сиякты түрлері тэуелденіп барып септеледі.

Сілтеу есімдіктерінің бэрі бірдей көптік жалғауын қабылдай бермейді. Көптік жалғаулары бүл, ол, мына, ана, осьі, сол сияқты есімдіктерге ғана жалғанады. Мысалы, Бүлар елдің ойлауынша, Әжігерей қайда болса, сонда болуы керек (Б.Майлин). Олар ойын басталмай жатып кылжиып ұйыктап қалады, — деді Шормақ (Б.Мұқаев).

Сілтеу есімдіктерінің барлығының мағыналары бірдей бола бермейді. Олардың мағына жагынан бір-бірінен ерекшелігі бар. Бұл, міне, мына, осы сияқты сілтеу есімдіктері жақындағы затты нұскап көрсетсе, сона, сонау, сол, ол деген қашығырақтағы, алысырақтағы затты сілтегендікті білдіреді.

Сілтеу есімдіктерінің мағынасын профессор А.Ысқаков екіге бөліп карастырады: «Біріншіден, сілтеу есімдіктерінің мағыналарын кеңістік аралықты я топографиялык кеңістікті білдіру тұргысынан карау, екіншіден, олардың мағыналарын, уакыт аралығын я хронологиялық мерзімді білдіру тұргысынан қарау қажет» [63, 213]. Ғалым топографиялық кеңістікті білдіретін есімдіктерді алыстағы затты я кұбылысты нұскау үшін колданылатын жэне жакындағы затты я кұбылысты нұскау үшін қолданылытын деп екіге бөліп қарайды. Ал хронологиялық мерзімді білдіретін есімдіктерге нұсқай айтылатын заттар мен кұбылыстарды сөйлеу кезінен бұрын ескертілген сол арқылы сөйлеуші мен тындаушыға белгілі болған кезде колданылатын кейде өзінен кейінгі сөздермен түсіндірілетін мәнде колданылатын есімдіктерді жаткызады.

Өзім бүл кісіні сыйлаймын, ал ән салғанда тіптен жақсы көріп кетем. (Ш.Жиенкұлова). Сонда ол үйде үй иелері осы кісілерді оңашалап әлденені менен құпиялап айткандарын сезіп калдым (Сонда). Ол кісінің ең жакыны да менмін (Б.Мұкаев). Алынған сөйлемдердегі бұл, осы деген есімдіктер жакындағы кісіні нұскагандыкты білдірсе, ол деген есімдік кашығырактағы, алысырактағы кісіге сілтегендікті білдіреді. Дегенмен алғашкы екі сөйлемдегі бұл, осы есімдіктерінің мағыналары да бірдей емес, олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Мэселен, осы дегеннің мағынасы нақтылау, конкретті болса, бүл дегеннің мағынасы одан гөрі жалпылау болып келеді. Ал ол есімдігінің мағынасы одан да жалпы болады. Демек, сілтеу есімдіктерінің мағыналық жағынан ерекшеліктері болатынын байқалады.

  1. Сұрау есімдіктері

Сұрау есімдіктеріне кім? не? қай? қайсы? қандай? қалай? қайда? қайдан? неше? нешінші? қашан? қанша? қаншасы? сөздері жатады. Мысалы, Қасың қандай, карақат көзін қандай, күлкің қандай, шарапат сезім қандай! Қуанатын балаша кезің қандай, өзің қандай, жаныма сөзің балдай (Ш.Сариев). Өмірдің сәні не сен болмасаң, Әнім боп шыркайсың сен қашан? (Е.Ибраһим). Ай нұрын бізге шашқандай, Жанарың қайда қадалған (Қ.Қазыбеков). Бұл сұрау есімдіктерінің ішіндегі заттың, нәрсенің атына катысты койылатын кім? не? сұрау есімдіктері субстантивтік есімдіктер болып, ал заттың, нәрсенің эр түрлі белгісіне, сипатына қатысты қай? қандай? канша? неше? нешінші? қайсы? калай? кайда? кайдан? қашан? сұрау есімдіктері атрибутивтік есімдіктер деп бөлінеді.

Есімдік сұрауларын мынадай тұрғыда жіктеп беруге болады: 1) жіктеу есімдіктеріне кім? сұрауының септелген, көптелген түрлері; 2) сілтеу есімдіктерінің сұрауларына — қай? қайсы? сұраулары, септелген кім? жэне тәуелді тұлғалы не? сұраулары; 3) өздік есімдік сұрауларына — кім? кімдер? және оның септелген нұсқалары; 4) жалпылау есімдіктерінің сұраулары — кім? кімдер? сөздерінің септелген тұлғалары мен кай? қандай? сұраулары; 5) белгісіздік есімдіктерінің сұраулары — кім? не? сұрауларының септелген, тәуелденген түрлері, қашан? калай? кандай? кайда? неше? сұраулары; 6) болымсыздық есімдіктерінің сұраулары белгісіздік есімдіктерінің сұрауларымен бірдей.

Сұрау есімдіктері кейбір түрлері көптеледі, септеледі, жіктеледі және тәуелденеді. Әсіресе олардың ішінен кім? не? кайсы? нешеу? деген сұрау есімдіктері септеліп те, тәуелденіп те, көптеліп те, жіктеліп те колданыла береді.

Сұрау есімдіктерінің ішінде кім? не? немене? қайсы? есімдіктері көптеледі. Мэселен, Олар кімдер? (С.Бақбергенов).

Сұрау есімдіктерінің біразы тэуелденіп те колданылады. Тәуелденетін сүрау есімдіктерінің катарын кім? не? немене? неше? кайсы? қанша? кандай? кайда? кайтті? есімдіктері құрайды. Мысалы, Әйел деп бөлектей беретіндері

 

несі екен? (Б.Майлин).

Сұрау есімдіктерінің тәуелдену үлгісі:

  жекеше: көпше: жекеше: көпше:
I жак Кімім? Кіміміз? Нем? Неміз?
II жақ Кімің?

Кіміңіз?

Кімдерің?

Кімдеріңіз?

Нең?

Неңіз?

Недерің?

Недеріңіз?

III жақ Кімі? Кімдері? Несі? Нелері?
  жекеше: көпше: жекеше: көпше:
I жак Қайсым? Қайсымыз? Нешеуім? Нешеуіміз?
II жак Қайсың?

Кайсыңыз?

Қайсыларың?

Қайсыларыңыз?

Нешеуің?

Нешеуіңіз?

Нешеулерің?

Нешеулеріңіз?

III жак Қайсысы? Қайсысы?

Қайсылары?

Нешеуі? Нешеуі?
 

Жіктелетін сүрау есімдіктеріне кім? не? кандай? калай? канша? нешінші? кайсы? кайтеді? қайда? есімдіктері жатады. Мысалы, -Ой, Злиха деймін, қайдасың? (Б.Майлин). «Апырау, қайтем? Қалай құтқарам?!»-деп, Шермек тістеніп, бұлдырлаган ойын бір жерге жиып корыта алмай бірсыпыра уакыт жатты (Бұл да). Қайтесің, катын, біттік!-деп, Сейпен солқылдап жылап жіберді (Бұл да).

Кім? не? қайсы? неше? нешеу? канша? немене? калай? кандай? кайтеді? есімдіктері септеледі. Мэселен, -Шаражан, не деп кетгі агаң? Атаң неге ренжіді?- деді (Ш.Жиенкұлова). Мен неден аздым? (Б.Майлин). -Қайным-ау, нені жаздыр дейсіңдер? -Бұл кімнің суреті?-деп сүрасаң: -Бұл Бекберген отагасының суреті гой-дейді (Б.Майлин). Алынған сөйлемдегі есімдіктер ілік, барыс, табыс, шыгыс септіктерінің косымшасын кабылдап тұр.

  1. Өздік есімдіктері

Қазақ тілінде өздік есімдіктеріне тәуелдік жалгауларынсыз қолданылмайтын ез түбірінен тараган сөздер жатады. Олар мына сөздер: өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріміз, өздеріңіз, өздері. Мысалы, Өзшнің өмір жолыма өкінбесем де, халық сенген, партия аманат еткен кызмет мінсіз болды дей алмаймын (Д.Қонаев). Өзіңе жақсылық тілесең, озгеге жамандык кылма (макал). Шариғатта: жаксылык жасағанда да өзіне жасайды, жамандык жасаганда да өзіне жасайды дейтін кагида бар (Д.Қонаев). Берілген мысалдардағы өзшнің есімдігі сөйлеушіні, өзіңе есімдігі тыңдаушыны, өзіне есімдігі бөгде кісіні сөйлемдегі баска кұбылыстардан бөліп тұр.

2002 жылы шыккан «Қазак грамматикасында» өздік есімдіктерге былайша анықтама берілген: «Өздік есімдіктері сөйлеушіні не сөйлемдегі субъектіні өзге субстанциялар мен кұбылыстардан бөліп алып көрсетуші сөздер» [32, 489].

Өздік есімдіктері тәуелдеулі түрде қолданылатындыктан, тэуелдіктің — пікі, -дікі формасында дажұмсала береді. Өздік есімдіктеріне жалғанган тәуелдік жалғаулары кейде түсіп калып та, толық сакталып та колданылады. Мысалы, Окытып, өз колымнан тәрбиелеп жүрген каншама балаларым бар, оларды калай тастап кетпекпін? (Б.Майлин). Жылдар бойы сен өз агайын тугандарың үшін коркыныш болып өмір сүрдің (Б.Мұкаев). Өз теңіне косылған адамның арманы бар ма екен?-деп жьшайды (Б.Майлин). Бұл сөйлемдердегі өз сөздері «өзімнің», «өзіңнің», «өзінің» деген толык түрінде тұрған жок.

Көбінесе өз сөзі өзінен кейін тіркесетін ілік септік косымшаларын толық сақтап колданылады. Мысалы, Өзінің бүлдіріп жатканымен жұмысы да жок (Б.Майлин). 1965-1966 жылдары мен өзімнің соңғы шет елдік гастрольдік сапарымды аяктадым (Ш.Жиенкұлова). Адам өзінің жанын ұсақ уайым, болымсыз кам-карекеттің дертімен былғанудан сақтауы керек (М.Әуезов).

Өздік есімдіктері септеледі. Өздік есімдіктері тэуелденген зат есімдерше

септеледі.  
Атау өзім — балам
Ілік өзімнің — баламның
Барыс өзіме — балама
Табыс өзімді — баламды
Жатыс өзімде — баламда
Шыгыс өзімнен — баламнан
Көмектес өзіммен — баламмен
 

 

Өздік есімдіктеріне жіктік жалгаулары жалганады. Мысалы, өзіммін өзімізбіз өзімсің өзімізсіңдер өзімсіз                   өзімізсіздер

өзім           өзіміз

  1. Белгісіздік есімдіктері

Белгісіздік есімдіктері деп заттар мен кұбылыстарды анық ашып айтпай, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз. Мысалы, Біреу тойып секіреді, Біреу тоңып секіреді (мақал). Бүгінде гой кейбіреудің кінэмшіл, кекшіл, «шыбык тимес шыңк етер» болып, үлкен сөйлесе де, кіші сөйлесе де бастарына каны тепшіп шыга келетіні (Ш.Жиенқұлова).

Белгісіздік есімдіктері көбінесе бір, әр, әлде сөздерінің баска есімдіктермен бірігуі аркылы жасалады. Белгісіздік есімдіктеріне біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, әркім, ярқайсы, әрқалай, әлдекім, ялдеқайдан, әлдеқалай, әлдеқашан, элдене т.б.

Белгісіздік есімдіктерінің өздеріне тэн морфологиялык түрлену жүйесі жок. Сол сиякты олардың өздеріне гана тән синтаксистік қызметтері де жоқ. Олардьщ шыгу тегі жагынан қандай сөздер екеніне, кандай сөз табымен тіркесуіне, колданылуына орай әр түрлі сөз таптарына бейім келеді. Сондыктан олардың морфологиялык түрлену жүйесі мен сөйлемдегі кызметтері де соларға сәйкес болып отырады. Мысалы, Біреулер жайраңдап кіріп, жабыңкы, біреулер жабыңқы кіріп, жайраңдап шығып жатыр (Ғ.Мұстафин). Алынған сөйлемде біреулер есімдігі зат есімнің орнына қолданылган, сондықтан ол зат есім сияқты коптеліп, сөйлемде бастауыш кызметінде жұмсалып тұр. Белгісіздік есімдіктері жіктік жалғауларын қабылдамайды. Белгісіздік есімдіктерінің бәрі бірдей көптелмейді. Көптік жалғаулары тек біреу, бірнәрсе, бірдеңе, элдене, элдекім, эркім, кейбіреу сияқты есімдіктерге ғана жалғанады. Мысалы, Көзіме әлденелер елестеді (Б.Майлин). Атырау мен Алтай, Қаратау мен Қостанай даласына дейін созылып жатқан ұлан — байтақ жерді жылына бір рет аралап шығу, әлдекімдер айтып жүргендей, бой жазып, сейіл құру емес (Д.Қонаев). Мен ешнәрсе істей алмаймын дегенді әлдекімдер жиі айта береді. Бұл мүлдем қате (С.М.Киров). Шамам келгенінше ешкіммен ренжіспеуге тырысатынмын, бірақ мені кейбіреулер, аяқтан шалды, өсек-аяң таратгы (Ш.Жиенқұлова).

Тәуелдік жалғауы белгісіздік есімдіктерінің бэріне бірдей жалғана бермейді. Мэселен, әлде, әр, әлдекім, әлдеқай, әлдеқаіиан, әлдеқалай, әркім деген есімдіктерге тэуелдік жалғау жалғанбайды.

Белгісіздік есімдіктерінің басқа түрлері оңаша жэне ортақ тэуелдік жалгауларын кабылдай береді. Мысалы, біреуім, біреуің, кейбіреуің т.б.

Белгісіздік есімдіктері — тілде бертін пайда болған сездер.

Бір есімдігі бір сан есімінен пайда болса, біреу сөзі бір сөзі мен -еу косымшасынан жасалған.

Әлде сөзі араб тілінен ауыскан дейтін пікірлер бар. Есімдіктер тарихы туралы еңбек жазған А.Ибатов әлде есімдігінің шығу тегі жөнінде былай дейді: «Әлде есімдігі араб тіліндегі іллә сөзінің алғы і дыбысының э дыбысына жэне екінші л дыбысының д дыбысына алмасып колданылуы негізінде пайда болған. Әлде араб тілінде «если не, исключая, кроме» деген мағыналарда қолданылады» [23, 56].

  1. Болымсыздық есімдіктері

Бұл топка жататын есімдіктер болымсыздык мағынада колданылады. Болымсыздык есімдіктері көбінесе еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің тіркесуі негізінде жасалады. Яғни, еш сөзі басқа болымсыздық есімдігін жасауға негіз болады. Ал еш сөзінің өзі жеке қолданылмайды, тек өте сирек жағдайда ғана колданылады. Мәселен, Ештен кеш жақсы (мақал).

Болымсыздык есімдіктеріне еш, ешкім, ештеңе (ештеме), ешбір, ешқашан, ешқандай, ешкайсы т.б. бұлардан баска бір де бір, дэнеңе, түк, дым деген сөздер жатады.

Көптік жалғауы тәуелдік жалғауларымен бірге жүреді. Мысалы, ештемелері, дәнеңелері, ешкайсылары, түктері.

Тәуелдік жалгаулары болымсыздық есімдіктерінің бэріне жалгана бермейді. Жекеше түрдегі ешкім, ештеңе, ешнәрсе, дәнеңе, түк есімдіктері тэуелденеді. Мысалы, — Балам-ау, мен гастрольде жүрген кісімін, жүк затымнан баска ұстап жүрген дәнемем жок, ұшарымды жел, конарымды сай білетін менен осыншама адамды риза етерлік не қаукар талап етесің? (Ш.Жиенкұлова).

Субстантивтік ешкім, ештеңе, ешнәрсе, дэнеңе есімдіктері жекеше түрде тұрғанда ғана септеледі, көптік жалгауы жалғанғанда септелмейді. Ал тәуелденіп барып жекеше, көпше түрде де септеледі.

Болымсыздық есімдіктері тікелей жіктелмейді.

Болымсыздық есімдіктері үш түрлі тәсіл аркылы жасалады:

  1. Лексика-семантикалық тэсіл
  2. Морфологиялық тәсіл
  3. Синтаксистік тәсіл (32).

Лексикалык тәсіл арқылы жасалған болымсыздык есімдіктеріне түк, дым есімдіктері мен парсы тілінен енген еш сөзі жатады.

Морфологиялык тэсіл арқылы жасалган болымсыздык есімдіктерге есімдіктердің баска түрлерімен еш қосымшасының бірігуі аркылы жасалған ешкім, ештеңе, ешнәрсе, ешқайсысы, ешқашан, ешбір есімдіктері болып табылады.

Синтаксистік тәсіл арқылы жасалган болымсыздық есімдіктеріне «бір» сөзі мен «де» шылауының тіркесінен жасалған бір де, бір де бір есімдіктері жатады.

  1. Жалпылау есімдіктері

Жалпылау есімдіктері деп көп заттар мен кұбылыстарды жинактап айту магынасында колданылатын сөздерді айтамыз. Бүл топтағы есімдіктерге бәрі, барлық, барша, күллі, түгел, бүкіл деген есімдіктер жатады. Жалпылау есімдіктері екі не одан да көп заттардың жиынтығын жалпылай көрсететін сөздер болып келеді. Мэселен, «Правдада» барша артистер ойнына талдау жасалынып, катты мақталынып, ал актер Жандарбеков күлкісі «Бекежандай дала тағысының психологиясын аша түсуге кілт болды» — деп жазыпты (Ш.Жиенқұлова). Бір кызык нэрсе, үкімет наградаларын алган біздердің куанышымызға бүкіл Қазақстан қуанып, Москваға жер-жерден телеграммалар жаудырыпты (Бұл да). Құдай-ау, саяжай дейсіз бе, самолет, машина дейсіз бе, тіпті үстіңізден шыбын ұшырмауға бар күзет дейсіз бе — бәрі бар (Д.Қонаев).

Жалпылау есімдіктерінің тарихы туралы А.Ибатов: «Жалпылау есімдіктері — түгел дерлік бертін пайда болған сөздер. Дэлірек айтканда, жалпылау есімдіктері — түгелдей өзге сөз таптарына тән сөздерден, яғни жеке сөздердің өзіне тэн лексикалык мағыналарынан алшақтай келе, белгілі бір заттар мен құбылыстарды топтай, жинактай көрсету дәрежесіне түсу нәтижесінде келіп пайда болган сөздер»-дейді [23,52].

Жалпылау есімдіктерінің барлығына бірдей тәуелдік жалгауы косыла бермейді. Бұл топтагы есімдіктердің ішінен бар, барлық, барша, түгел есімдіктері гана тәуелденеді. Мысалы, — Кешегі Қазакстан К(б)П Өлкелік комитетінің қаулысын баршаңыз окып құлақтанған шыгарсыздар (Ш.Жиенкұлова). Ал бүкіл, күллі, тамам есімдіктері тэуелденбейді. Жалпылау есімдіктері сустантивтенгенде тәуелденіп барып септеледі. Мысалы, Баршаңызды Наурыз мерекесімен кұттыктаймын дегендегі баршаңызды сөзі тәуелденіп барып септеліп тұр.

Жіктік жалғаулары жалпылау есімдіктеріне жалғанбайды.

Бүкіл, күллі, тамам есімдіктері тек кана атрибутивтік мэнде жұмсалады.

Кейбір жалпылау есімдіктерінің жасалу жолдары туралы кысқаша мына жайларды айтуға болады:

  1. Бәрідеген жалпылау есімдігі баресімдігіне III жақ тәуелдік жалгауын (- і) <осу арқылы жасалган. Қазак тілінің үндестік заңына сай бұл барыболу керек гді, бірак олай емес бәріболып кездеседі. Мүмкін ерте кезде барытүрінде чолданылуы да ықтимал.
  2. Барлыңесімдігі барсөзі мен -лықкосымшасының косылуы арқылы жасалған.
  3. Баршаесімдігі барсөзі мен -шакосымшысының жалгануы аркылы жасалган. 1 Күплі, тамамесімдіктері араб тілінен ауысқан дейтін пікірлер бар. Мәселен, күлліесімдігі күллүнараб сөзінен ауысса, тамамсөзі тамамунсөзінен пайда эолган.
0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля