Есімше

23 апреля, 2018 9:50

 

Етістіктің функциялық формаларының бірі — есімше. Есімше мағынасы жағынан етістіктерше болымды жэне болымсыз, салт-сабақты болып бөлініп, жақтық, шақтық мағынаны аңғартады. Бірақ түрленгенде есімдерше көптеледі, септеледі, тэуелденеді. Осы ерекшелігіне байланысты сөйлемде атрибуттық және предикаттық мағынаға ие болады да, әр етістік, әрі сын есім орнына жүре береді.

Есімше -ган, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер, -р, -с, -атын, -етін, -йтын, -йтін, — ушы, -уші, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнактарының негізгі және туынды түбір етістікке, етістіктің болымды және болымсыз формаларына, етіс категориясының барлық түрлеріне жалғану арқылы жасалады. Ал қалау рай, бұйрық рай, шартты рай формаларына есімше жұрнақтары жалганбайды.

Есімше жұрнақтарының кызметі — өзі жалғанған етістіктің аңғартатын мағынасын өзгертпей, заттың кимыл-әрекет арқылы білдіретін белгісін жасау.

Есімше жіктеледі, бірақ етістіктерше емес, есімдерше жіктеліп, сөйлемде баяндауыш кызметін атқарады.

Есімшеніц есімдерге жақындыгы мен өзгешеліктері:

а)  есімше формалары сын есім сияқты заттың белгісін аңғартып, сөйлемде қандай? деген сұраққа жауап береді, анықтауыш қызметін атқарады. Бұл жагынан есімшенің сын есімнен айырмашылыгы байқалмайды. Бірақ сын есім мен есімшенің заттың белгісін білдіруі аныктап аңғарған кісіге бірдей емес.

ә) Есімшелер сын есім сияқты көптеліп, тэуелденіп, септеліп заттанады. Сөйлемде бастауыш, толықтауыш қызметін аткарады. Жіктеліп баяндауыш қызметін аткарады.

б)   Етістіктің болымсыз формасына есімше жұрнағы жалғанғанда да есімшенін болымсыз мағынасы аңгарылады. Бірақ есім сөздер сияқты есімшелерде жоқ, емес сөздері аркылы болымсыз форма жасайды. Есімшелер болымсыздык форманы етістіктерше синтетикалық жолмен де, есімдер ше аналитикалык формамен де жасайды.

Есімшелердін етістікке жақын белгілері:

а)   Есімшенің етістіктің бір түрі болып есептелуіне оның септік жалғауларындағы сөзді салт жэне сабакты етістік ретінде меңгеруі себеп болады.

э)  Есімшелердің шақтык мағынаны беруде кызметі ерекше. -ған косы.мшалы есімше жіктеліп, өткен шак мағынасын берумен катар атрибуттык кызметте тұрып та сол өткен шақтық мағынаны сақтайды.

б)   Есімшенің етістікке тэн басты белгісі — қимыл-козғалысқа байланысты

мағынадан алыстамайды. Сондыктан да есімше етістіктер ше болымды жэне болымсыз, салт жэне сабакты болып бөлінеді.                                                                                                                      д

Аталған үш белгісі есімшені етістіктің бір’ түрі, оның ішінде функционалды етістік формасы деп есептеуге мүмкіндік Өереді’.

Есімшснін түрлері

Есімше жасайтын косымшалар жоғарыда аталды. Осы косымшалардың эрқайсысы қолданылу аясымен де, жалғанған етістіктерге үстейтін грамматикалық мағынасымен де айрыкшаланып, есімше түрлерін жасайды.

Қазіргі казақ тілінде есімше түрлері жұрнақтарынң мағыналарына сэйкес шак категориясымен бөлінеді.

Бұрынғы өткен шақ есімше. Есімшенің бұл түрі -ған, -ген, -кан, -кен жұрнағьімен жүзеге асады. Бұл жұрнақ арқылы жасалған есімше формалары мейлі атрибуттық, мейлі предикаттық колданыста болсын өте жиі эрі кеңінен қолданылады. -ған, -ген, -кан, -кен косымшалы формалар кимыл-әрекеттің бұрын болып өткенін білдіретіндіктен өткен шак есімше деп аталады. Есімшенің бұл түрінің бұрынғы өткен шак мағынасын тұракты анғартуы жіктеліп, предикаттык мағынада колданылуына байланысты.

Өткен шак есімше жұрнагы отыр, тұр, жүр, жатыр калып етістіктеріне жалганғанда да өткен шақ магынасын береді.

Дагдылы өткен шақ есімше -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнағы аркылы жасалады. Есімшенің бұл түрі сөйлемде жіктеліп, бұрын болған әрекеттің бірнеше қайталанып, дағдылы қалыпта орындалып тұрғанын білдіреді. Сондықтан болар, есімшенің бұл түрі ауыспалы өткен шақ деп те аталады.

Ал дағдылы өткен шак деп аталуы есімшенің бұл түрінің жіктеліп, баяндауыш кызметін атқаруына байланысты.

Болжалды келер шақ есімше. Есімшенің бұл түрі -ар, -ер, -р, -с жұрнақтары аркылы жасалады. -ар, -ер, -р, -с болымды етістіктерге жалғанса, — с жұрнағы болымсыз етістіктерге жалганады. Болжалды есімше де атрибуттык және жіктеліп предикаттык мағынада колданылады.

Есімшенің бұл түрі баскаларындай тәуелденіп, септеліп колданылганымен көптік жалғауды кабылдамайды. Бұл есімшенің осы түрінің өзіндік ерекшелігін білдіреді. Дегенмен өткен шақ есімшелерге карағанда -ар, -ер, -р, -с тұлғалы есімше ситек тәуелденіп, сирек септеледі.

Есімшенің бұл түрінен конверсия жолымен зат есімдер калыптаскан. Мысалы: ат байлар, шаш сипар, алтыатар.

Бұл есімшенің болымды, болымсыз түрі косарланып, әрі карай түрлі септік жалғауы аркылы колданылады да болымшы, шұғыл әрекетті аңгартады.

Мақсат мәнді келер шақ есімше. Есімшенің бұл түрі -маң, -мек, -пақ, — пек, -бақ, -бек жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Бірак -мақ, -мек жұрнағы жалғанған сөздің барлығынан максат мэнді келер шақ есімше жасала бермейді. Есімшенің бұл турі есімшенің барлық түрінен де өзгеше. Мэселен, атрибуттық мағынада колданылмайды. Осы жағынан келіп не көптік, не септік, не тәуелдік жалғауын қабылдамайды. Тек жіктеліп барып баяндауыш қызметін атқарады. Бұл ерекшелігі — бұл форманың есімшеге катысын да жоққа шығаратын сияқты. -мақ формалы есімшеге қолданылыс барысында -шы, -ші қосымшасы қосылып та (айтылады. Бірак бұл косымша морфема емес, өйткені есімшеге жалғанғанмен не лексикалық мағына үстемейді. Сондықтан да -мақ формалы есімше мен -мақіиы формалы есімше бір мағынада жарыса қолданыла береді.

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля