Етіетіктін таза грамматнкалык категориялары

9 мая, 2018 18:05

1, Етістіктің таза грамматикалык категориялары.

А) Рай категориясы.

Ә) Шақ категориясы.

Б) Жақ категориясы.

  1. Функциялық етістіктер.

А) Есімше.

Ә) Көсемше.

Б) Түйык етістік.

  1. Рай категориясы

Рай категориясы: а) ашык рай; э) шартты рай; б) бұйрық рай; в) калау рай;

Сөйлеушінің қимыл, іс — әрекетке көзкарасын, қимылдың, іс — әрекеттің шындыкка, болмысқа катысын модальдық мэнін білдіріп, белгілі парадигмалық тұлғалар жүйесінен түратын етістіктін грамматикалық категориясы рай категориясы деп аталады. Белгілі қимыл, іс — эрекеттін белгілі субъекті тарапынан іске асуы — аспауы, кимылдың, іс- әрекеттің болу-болмауына сөйлеушінің көзқарасы, пікірі, бағасы, аныктығы, ақикаттығы, күдіктілігі, күмэнділігі, болжалдылығы, жорамалдығы, орындалу ниеттілігі, шарттылыгы, тілек, қалау, бұйрық мэндері қатар көрініп отырады. Рай категориясы етістіктін модальдылык мэнінің бірден-бір грамматикалық категориялык көрсеткіші бола түрса да, етістіктің барша модальдылық мэнін толык қамти алмайды. Сондыктан кейде модальдылыкты екі түрге бөліп, рай арқылы модальдылықтың берілуі обьективтік модальдылық, арнаулы жеке сөздер арқылы берілуі субьективтік модальдылық деп корсетіліп жүр. Негізінен алғанда рай категориясының ашык рай, бүйрык рай, шартты рай, калау рай сияқты төрт түрі көрсетіледі.

Ашық рай — кимыл іс-эрекет үш жақтың (осы шақ, өткен шак, келер шак) біріп білдіретін рай түрі. Демек, ашык райдың басты семантикалык ерекшелігі — кимыл іс- эрекеттің объективті шындыкка катысты болу-болмауының сөйлеп тұрган сәтпен (шакпен) байланысты өтіп кеткенін, өтіп жатқанын, элі өтпегенін, бірак өтетін сипатын білдіру, сөйтіп, ашык рай, бір жағынан, бір өзі етістіктін шақ категориясын күрайды. Осыған байланысты райдың баска түрлерінен айырмашылыгы тікелей ашык рай жасайтын арнайы косымшалары жоқ болып келеді. Мысалы: Күндер осылай жылжып өтіп бара жатканда кснет заман өзгерді. Жаз шыга егін, шөпке катысады. Бозарып таң атып келеді. Ұлпан тым күрыса шай кұйып беретін болар.

Бұйрық рай — сөйлеушінің тыңдаушыға немесе тындаушы аркылы бөгде біреуге (3 жакка) каратылып, бүйрык, сұрай айтылатын өзіне (1 жаққа) байланысты кимылга, іс — эрекетке козғау салу, ниет мэнін білдіріп, белгілі косымшалар жүйесі аркылы берілетін рай түрі болып табылады. Бұйрық райдың басты мэні — бұйрықтык магына. Бұйрыктык магына негізінен алганда 2-ші жакка байланысты болып отырады. Мысалы: Тыңда дала Жамбылды (Жамбыл). Ғылым таппай мақтанба (Абай).

Бұйрык райдың кұрамында бұйрықтық магынадан гөрі ниет, тілек мэнді білдіретін бірінші жэне үшінші жақ пен олардың көрсеткіштері болуы бұйрык райдың түрлену парадигмасына, тұлгалық жүйесіне байланысты. Мағыналарында бұйрықты білдіруде өзгешелік болса да, бұйрык райдың жіктелу жүйесі, яғни 1-2-3 жакта жэне жекеше — көпше түрлену бір парадигмалық жүйенін көрсеткіші болып табылады.

Жіктеме үлгісі: Жекеше                                    Көпше

  1. Мен барайын Біз барайық
  2. Сен бар Сендер барыңдар

Сіз барыңыз                                Сіздер барыңыздар

  • Ол барсын Олар барсьш

Шартты рай кимыл, іс — эрекеттің болу, болмау, орындалу мүмкіндігін, шартын білдіріп, етістік түбіріне, лексика — грамматикалык категориялар тұлғасына -са,-се косымшасы жалгану арқылы жасалады.

Шартгы райлы етістік ықшамдалған тұлғада жедел өткен шак тұлғасы сияқты жіктеледі, сөйлемде негізінен алганда тиянаксыз тұлга болып колданылады, сондыктан көбінесе шартты бағыныңкылы сөйлемнін баяндауышы қызметінде жұмсалады.

Жекеше                                                  Көпше

Мен айтсам                                                Біз айтсақ

Сен айтсаң                                          Сендер айтсаңдар

Сіз айтсаңыз                                        Сіздер айтсаңыздар

Ол айтса                                                     Олар айтса

Қазақ тілінде шартты рай тұлгасындагы етістік эр уакытта шарттылык мэнде колданыла бермейді. Кейде шартты рай тұлғалы етістік мезгіл бағыныңкы сөйлемнің немесе -да-де шылауымен тіркесіп, қарсьшықты багыныңқы сөйлемнің баяндауышы кызметінде жүмсалады. Көзімді ашып, алдыңғы жаққа карасам, екі адам карауытып тұр екен (Мүстафин).

Қалау рай — сөйлеушінің кимыл, іс-эрекетті орындауға я орындамауга калау, тілек, ниет, ынтасын білдіріп, белгілі жолдармен жасалатын рай категориясының бір түрі. Қалау рай бірнеше жолмен жасалады. Негізгі етістіктерге -гы;-гі;-ңы-кі; қосымиіалары жалганып, мәуелденіп барып, тәуелдік жалгау арқылы жіктеліп, ягни жақтық, жекешелік — көптік мэн үстеп, оган кел, келді, келеді көмекші етістігімен тіркесу арқылы.

(Ерікті қалау рай).

Менің оқыгым келеді                  Біздің оқыгымыз келеді

Сенің оқыгың келеді                   Сендердің оқыгыларың келеді

Сіздің оқыгыцыз келеді              Сіздердіц оцыгыларыцыз келеді

Оныцоцығысы келеді                 Олардыц оцыгылары келеді.

Сөйтіп, бұл тұлгалы калау рай етістік синтаксистік сипаты жағынан жаксыз сөйлемнің баяндауышы кызметін атқарады. Етістік түбіріне -ғай-гей; кай-кей қосымшасыныц үстелуі аркылы жэне осы түлғага еді көмекші етістігі тіркесуі аркылы немесе шартты рай түлгалы етістікке игі, екен, сөздерінің тіркесуі аркылы да тілек мэнді калау рай жасалады. (тілекті қалау рай).

Мен барғаймын, барғай едім, барсам игі еді, көрсем екен.

Сен барғайсың, баргай едің, барсаң игі еді, көрсең екен.

Сіз баргайсыз, барғай едіңіз, барсаңыз игі еді, көрсеңіз екен.

Ол баргай, баргай еді, барса игі еді, көрсе екен.

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля