ЗАТ ЕСІМНІҢ ЖІКТЕЛУІ

29 марта, 2018 22:55

 

Жіктелу категориясы зат есімнің категорияларына кірмейтіндігі ғылымда дэлелденген жағдай, сондықтан төрт жалғаудың үшеуі (көптік, тәуелдік, септік жалғаулар) әдетте сөз табы жағынан зат есімге тэн, зат есімнің түрлену жүйесі деп анықталады да, жіктік жалғау көбіне етістікпен байланысты сипатталады(21, 110). Бірак есім сөздердің, оның ішінде, зат есімнің жіктелетін түрлері бар жэне оларга жіктік жалғау тікелей жалғанады.

Есім сөздердің жіктелуі түркі тілдерінің өздеріне тэн ерекшелігі болып табылады. Бұл жөнінде академиялық грамматикада түркі тілдерінің морфология жүйесінің өзге тілдерден, мысалы, еуропа тілдерінен басты бір ерекшелігі екендігі көрсетіліп, орыс тілімен салыстырып көрсетілген, яғни «орыс тілінде есім сөз баяндауыш қызметін аткару үшін ол сөйлем ішінде белгілі бір орын тәртібінің сақталуы немесе бастауыш пен баяндауышты байланыстырушы грамматикалық дәнекердің болуы кажет. Ал, түркі тілдерінде есім сөздердің жіктелуі-оның баяндауыш болатындыгының кепілі(32, 458) ң.

Мұны С. Исаев жіктік жалғау аукымының кеңдігімен әрі жіктік жалғаудың предикаттық мэні мен сөйлемді тиянақтап, аяқтап тұру касиетімен байланыстырып, «предикат кызметін тек етістіктер ғана емес, есімдер де атқара аладың- дейді.

Зат есімнің ішінде адам, кісі аттары, мамандық, туыстык атаулары жіктеледі. Зат есімге жіктік жалғауының толық түрі жалғанады. Мысалы,

Көпше

Біздер дәрігер(лер)-міз

Сендер дэрігер(лер)-сің-дер Сіздер дэрігер(лер)-сіз-дер Олар дэрігер(лер)

Біз жиен(дер)-біз(-міз)

Сен жиен-сің                                                   Сендер жиен(дер)-сің-дер

Сіз жиен-сіз                                                     Сіздер жиен(дер)-сіз-дер

Ол жиен                                         Олар жиен(дер)

Сонымен, жіктелетін зат есім көбінесе субъекті білдіретін сөз болуы тиіс екен. Бірақ «тура мағынасы субъектіні білдіру болмаса да, қолданылу ыңғайына қарай субъектілік мэнге ие болған зат есімдердің өзге топтарының да жіктелетін кездері болады(32, 459)«. Зат есімнің осылайша ауыспалы мағынасында субъектіні білдіруінің ғылымда дэлелденген бірнеше жолдары бар:

-нэрселер мен кұбылыстардың, жан-жануарлардың атын білдіретін зат есімдерді сөйлеуші яки жазушы белгілі мақсатпен адам кейпіндегі бейне ретінде колданылатын кездері болады. Сондай кезде тіршілік иесінің атын білдіретін сөздер субъект ретінде ұгынылып, тікелей субъектіні білдіретін зат есімдерше түрленеді. Мысалы, біздер, қазақтар, бауырмал халықпыз.

-белгілі бір субъектіні білдіретін ұғымның теңеуі, салыстырмалы баламасы ретінде бейнелі түрде жұмсалған зат есімдер де жіктеледі. Мысалы, Сәлем саған, қара көз,

Сен- бір алтын, мен- бір жез (М. Мақатаев).

-тілімізде кейде мекендік мәнді бірқатар зат есімдерде де оларға жатыс, шығыс септіктің косымшасы жалғанған кезде.жіктелгіштік қасиет пайда болды Мұндай зат есімдер сөйлемде көбіне субъектінің мекенін, отырған орнын, қайдан, қай жерден шыққандығын білдіреді. Мысалы, Біз Алматыданбыз, сендер қаіі қаладансыздар?

Жіктік жалғауының тағы бір ерекшелігі-қосымшалар қабаттаса колданылғанда, зат есімнің сөз түрлендіруші қосымшаларынан соң ғана жіктік жалғауы жалғанады. Мысалы, үй-лер-іміз-де-міз.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля