9 мая, 2018 18:04
- Етістіктің грамматикалық категориялары.
- Етістіктің лексика-грамматикалық категориялары.
а) Салт-сабақты етістік категориясы.
э) Болымды-болымсыз етістік категориясы.
б) Етіс категориясы.
в) Күшейтпелі етістік.
г) Амалдың өту сипаты категориясы.
Қазак тілінде сөз таптарының бірі болып табылатын етістік өзіне тэн белгілі бір магына білдіре алатын, бірақ казіргі кезде сол күйінде қолданылмайтын түбір тұлға жэне неше түрлі грамматикалык мағынаның тұлгалық көрсеткіштері болып табылатын формалардың түрлену жүйесінің бірлігінен тұрады.
Тілімізде етістік түбірдің грамматикалық сипатын айқындауда кездесетін пікір-таластар көп. Мэселен: А.Ыскақов етістіктің грамматикалык категорияларына: 1) кимыл атау категориясы, 2) салттылык жэне сабақты категория,3)етіс категориясы,4)болымдылық жэне болымсыздық категория, 5) амалдың өту сипаты категориясы, 6) есімшелер категориясы, 7) көсемшелер категориясы, 8) рай категориясы, 9) шак категориясы, 10) жіктік, көптік жалғауының шакка катынасы (Қ.Қ.Т. 286-2876).
Педучилищеге арналған окулықта Ғ.Әбуханов етістікті лексика-семантикалык категориялар (көсемше,есімше, болымды жэне болымсыз етістік, сабакты жэне салт етістіктер) жэне грамматикалық категориялар (рай, шак) деп екіге бөлген(Қ.Т. 175-181 б). ЬІ.Маманов етістік атаулыны негізгі етістік жэне функциялық етістік деп екіге бөлген. Одан кейін негізгі етістікті түбір етістіктер жэне модификациялы етістіктер деп бөліп, модификациялық етістікке етістіктің салт жэне сабакты, етіс, күшейтпелі етістік, күрделі етістік, сыпат, болымсыздық етістік категорияларын енгізген. Сонымен катар ғалым етістіктін берілу тэртібін көрсетеді : бірінші орында түбір етістіктер.екінші орында модификациялы етістіктер, үшінші орында функциялы етістіктер, төртінші орында рай, шак категориялары (И.М. Қ.Қ.Т. 3-5 б).
Етістіктің грамматикалык категорияларының жіктелуінде елеулі ерекшеліктер бар : 1- ден, ол — етістік түбірінің бір жағынан грамматикалық сипатын өзгертпей, екінші жагыиаи түбірдін семантикасына аздап болса да өзгеріс енгізіп, баскаша грамматикалык магына немесе жаңа мэн үстейтін тұлғалар. Олар етістіктің баска тұлгаларынан түбірге бұрын жалганады. Ы Мамановтың оларды модификациялы етістік деп ерекше бөлуі тегін емес. Етістіктің бұл түрлеріне лексика-семантикалық, грамматикалык сипат та тэн. Оларга салт- сабакты етістік категориясы, етіс категориясы, күшейтпелі етістік категориясы жатады.
Бұл категорияның бұл түрінде тұрған етістік тұлғасының түбір етістіктен грамматикалык сипаты жағынан өзгешелігі, айырмашылығы болмайды.
- Бұйрық райдың 2 жак анайы түрімен сэйкес, ұқсас келеді, яғни омоформалык сипатта болады.
- Сол күйінде колданылмайды, ягни баска сөздермен тікелей синтаксистік карым- қатынасқа түсе алмайды
- Тікелей жіктелмейді, тек рай, шак тұлғаларын үстеп барып кана жіктеледі.
Сөйтіп, етістіктің грамматикалық категорияларын лексика-грамматикалық (салт-
сабакты етістік, етіс, күшейтпелі етістік немесе көрініс, болымсыз етістік) категориялары жэне таза грамматикалык ( рай, шак, жак) категориялары деп карау керектігін атап өтеді профессор С.Исаев. Бірак бұлардың ішіне есімше, көсемше, тұйық етістік немесе кимыл атауы енбеген. С.Исаев бұларды етістіктің ерекше бір түрлері деп карастырады. Ал баска еңбектерде есімше, көсемше, тұйык етістікті жеке-жеке категориялар деп қарастырады.
Етістіктіц сабақты-салттылық категориялары
Сөйлеу тілінде табыс септікті сөзді, тура толықтауышты керек ететін семантикасы бар етістіктер сабақты етістік деп аталады. Етістіктердің ішінде кімді?, нені?- деген сұрақтарга жауап күтпейтін, табыс септіктегі сөзге сабақталмай-ак жұмсала беретін етістіктер салт етістіктер деп аталады.
Салт-сабакты етістіктердің семантикалык сипатының басым болу касиетіне карап, кейбір зерттеушілер, біріншіден, салт етістікті сабақты етістікке жэне сабакгы етістікті салт етістікке айналдыратын косымшаларды сөзжасам косымшалары деп, екіншіден салттылык- сабақтылық белгіні етістіктің полисемиялык немесе омонимиялык сипатын ажырататын критерий етіп ұсынады.
«Салт жэне сабақты етістіктердің бір-біріне ауысуы етіс формаларымен ұштасып жатады. Яғни өздік жэне ырықсыз етіс жұрнактары сабақты етістікті салт етістікке айналдыратын морфема болса, өзгелік етіс жұрнағы салт етістікті сабакты етістікке айналдыратын морфема болып табылады» — деп санаған Ы.Маманов.
С.Исаев етіс тұлгалары белгілі дэрежеде салт я сабақты етістік тудыру кызметін атқарса да, олардың грамматикалық тұлғалар жүйесі, категориялық көрсеткіші бола алмайды деп тұжырымдайды.
Етістіктіц болымды — болымсыздық категориясы Етістік түбір күйінде де, эр түрлі грамматикалық тұлғаларында қимылдың , іс-әрекеттің болуын білдіреді. Сонымен бірге қимылдың, іс-эрекеттің болуы өмірде болатын кұбылыс. Қимыл, іс-эрекеттің іске аспауы, болмауы арнайы грамматикалык амал-тэсілдер аркылы беріледі. Сөйтіп, етістік білдіретін кимыл, іс-эрекеттің қарама-кайшы мэні, ол мағынаның болмауы етістік түбірлеріне етістіктің лексика-грамматикалык категориялары (етіс, күшейтпелі етістік) түлғаларына — ма, -ме,-ба,-бе,-па,-пе косымшасы қосылу арқылы жасалады, тек етістіктін болымсыз түрін жасап коймайды, болымдылык мэнге каоама-қайшы етістіктін болымсыздык категориясын жасайды.
Болымсыздык категория етістіктің лексика-грамматикалык, категориясы болып! табылады.
Күшейтпелі етістік
Күшейтпелі етістік етістік түбіріне -ыңкыра,-іңкіре жүрнагы жалғану аркылы жасалады. Мысалы : алыңқыра, жүріңкіре, жуыныңкыра.
Күшейтпелі етістік өзіне ұйыткы болған етістіктердің лексикалық магынасы өзгермейді, тек соларға күшейту, дамыту түрінде грамматикалық мағына үстейді.
Нүргали Ділдәні көріп, біраз кідіріңкіреп цалды.
Күшейтпелі етістік формасы жагынан туынды түбір етістіктер сиякты болғанмен, өзінің грамматикалық қасиеті жагынан олардан баска. Өйткені күшейтпелі етістік, біріншіден, өзіне ұйытқы болған етістікке тек грамматикалық мағына үстейді, 2-ден, бүл барлық түбір етістіктерге жалганып, грамматикалык абстракция жасайды да, сол түбір етістіктсрмен жарыса, қатар өмір сүреді. Ал туынды түбір етістіктерде мұндай қасиет жоқ.
Амалдың өту сипаты категориясы
Әдетте, амал-эрекет ешкашан біркелкі орындалмайды. Қимыл-эрекеттің шапшаң не баяу, шұғыл не созылыңқы, тыңғылыкты не босаң, біркелкі не немесе үздік-создық түрлері де кездеседі. Сондыктан тіліміздегі етістіктер өз-өзінен тұрып мұндай мэн-мағынаны бере алмайды. Ондай әрекет-қозғалысты етістіктің грамматикалык формалары ғана аңгарта алады. Негізінен бұған аналитикалық формалар ғана қызмет етеді. Себебі аналитикалық формалардын бойында амалдың жүзеге асуын сипаттайтын грамматикалық мағыналар болады. Мысалы: айта бастады, айта жөнелді, айта салды, айта койды, айта тұр, айта бер дегенде түрлі форманттар жалғанып, айту кимылының сан түрлі өту сипатын байкатып тұр
Етіс категориясы
Етіс — етістіктің ерекше категориясы. Әдетте етіс кимыл , іс-эрекеттің, субъекті мен объекті арасындағы эр түрлі катынасты білдіріп, белгілі косымшалар жүйесі апкылы жасалатын етістік категориясы деп анықталады.
Қазақ тілінде жазылган еңбектердің ішінде етіс туралы алгаш пікірді А.Байтұрсыновтын « Тіл — кұрал» оқулыгынан кездестіреміз. А.Байтұрсынов етіске ереже бермей, бірден етістің он түрін көрсетеді : сабакты етіс, салт етіс, шығыс етіс, дүркінді етіс, өсіңкі етіс, ортақ етіс, өзгелік етіс, өздік етіс, беделді етіс, ырықсыз етіс( А.Б.Тіл тағылымы А. 1992.231).
Ы.Мамановтың пікірінше:«Етіс категориясы — түбір етістіктен туатын грамматикалык форма. Ягни етіс формалары — өзі жасалған түбір етістікпен коррелятивті түрде өмір сүретін жэне екеуінің лексикалық магынасы бір болып келетін етістіктер» (М.Ы.ҚҚТ.36).
Етіс тұлгаларының тағы бір ерекшелігі ол етіс қосымшалары етістік түбірге жалғанып, түбірдің грамматикалық сипатын өзгертпейді:
- сырттай бұйрық райдың 2 жак жекеше, анайы түрімен сэйкес келеді,
- тікелей жіктелмейді, тек рай, шак (көсемше, есімше) тұлғаларын үстеп Оарып жіктеледі жэне сол тұлғалар (рай, шак( жалғануға негіз болады,
- Сөйлемде тек етіс тұлғасында етістік қолданылмайды.
Етіс қосымшалары сөзжасам қосымшалары емес, жоғарыда көрсетілген сипаттары негізінде етістіктің лексика грамматикалық категориясы болып табылады.
Етістің түрлері жайында да талас пікірлер аз емес. Мектеп оқулықтары мен арнаулы курстарда негізінен төрт түрге бөлініп баяндалған бұл категория біраз зерттеулерде беске бөлінеді.
1967жылғы Академиялық грамматикада: «Мағыналык ерекшеліктері мен синтаксистік кызметіне жэне тұлғалык ерекшеліктеріне негізделіп, казак тіліндегі етістіктерді де:негізгі етіс, өздік етіс, ырыксыз етіс, ортак етіс, өзгелік етіс деп беске бөлуге болады. Соның төртеуі
эркайсысы өзіне тэн аффикстермен түрленеді, ал біреуі негізгі етіс өзінің ондай аффиксі болмағандықтан түлгасынан ерекшеленеді. Сондықтан да етіс аффикстерімен элі түлгаланбаған негізгі жэне туынды түбір етістіктерді түтас алып, ез алдына жеке бөліп негізгі етіс деп атаймыз. Бүл жағдайда субъекті мен объектінің іс-эрекетке деген карым- катынасы етістіктің бастапқы семантикалық мэніне карай аныкталады » деп көрсетіледі ( КТГ.169).
Бүл пікірді А.Ыскақов та айтады : « Етістер жүрнактарының түрлеріне , мағыналары мен кызметтеріне карай 1)негізгі, 2) ортак етіс, 3) өзгелік етіс,4)ырықсыз етіс,5) өздік етіс болып бөлінеді. Негізгі етістің арнаулы көрсеткіші болмайды. Оған эрбір түбір я туынды етістіктердің де күрделі етістіктердің де негіздері жатады.
Негізгі етіс деп өзге етіс формаларына таяныш негіз болатын, солардың түрлерін, магыналарын, қызметтерін салыстыра айкындайтын формасы» (А.Ы.ҚҚТ283).
Осыдан байқаганымыз: негізгі етіс деп аталатын етіс түрінің етістік түбірі деген ұғыммен не семантикалык жағынан, не формалык жағынан еш айырмасы жок. Бүл — бір. Екіншіден, грамматикалык я лексика-грамматикалык категория негіз болатын түлга ягни негізгі етіс, дүрысында етістік түбірі деген түлға ол категорияның бір түрі бола алмайды, категория шеңберіне енбейді. Сол категорияның берілуіне негізгі түбір, туынды түбір негіз болады. Сол себепті де Ы.Маманов етіс категориясының өздік етіс, өзгелік етіс, ырыксыз етіс, ортак етіс деген түрлерін ғана көрсетеді.
Өздік етіс
Өздік етіс формасымен берілетін қимыл-эрекеттін иесі эдетте адам немесе баска жанды зат болып келеді. Кейде кимыл иесі жанды зат болмай, табиғат атаулары болуы да мүмкін.
Кез келген етістік өздік етіс мағынасында жүмсалмайды, өздік етіс магынасын бере алмайды. Мысалы: баянда, окы, үз, апар деген етістіктерден өздік етіс жасалмайды. Себебі адам өзін- өзі баяндауы, окуы, үзуі, апаруы мүмкін емес.Сондыктан кимыл иесінің өзіне багыттауга, өзіне қарата жүмсауга мүмкін болатын қимылдарды білдіретін етістіктер гана өздік етіс бола алады. Мысалы: кимыл иесі өзін-өзі жуады, сүртеді, тарайды. Сонымен өздік етіс кимыл іс- эрекеттің орындаушысына субъектіге карай бағытталып, сабакты етістікке -ын,-ін,-н,-ыл,-іл,- л қосымшаларының косылуы аркылы жасалады.
Ырықсыз етіс
Ырыксыз етіс деп кимыл, іс-эрекеттің өздігінен орындалатын мэн үстеп, кимыл, іс-эрекеттің тура объектісі оның грамматикалык бастауышы болу қызметін аткарып.тек сабакты етістіктерден -ыл,-іл,-л косымшасы, түбір кұрамында л дыбысы болса, -ын,-ін,-н косымшасы аркылы жасалатын етістің түрін айтады.
Ырыксыз етіс баяндауыш кызметінде жұмсапган сөйлемде кимыл иесі айтылмайды, ягни ол сөйлемде кимыл иесінің кім екендігі белгісіз болады.
Мысалы : Үміт кір жуды. Кір жуылды.
Ырықсыз етіс өздік етіспен ұқсас та, өзгешелік те жерлері бар. Ұксастыгы: 1) косымшалардың кейде бірдей болып келетіні, кейде өздік я ырықсыз етіс екені контекстен ғана байқалады, сөйтіп бір-бірімен омоформа жасайды. Мысалы: Ол дэрігерге көрінді. Алыстан кара көрінді.
2)екеуі де сабақты етістікті салт етістікке айналдырады.
Айырмашылыгы: олардың білдіретін семантикасында өздік етісте логикалык (іс иесі) субъект -грамматикалық субъект ( бастауыш) болады, ал ырықсыз етісте грамматикалык бастауыш логикалық объект болады.
Өзгелік етіс
Сабақты етістіктің тура жэне ауыспалы түріне өзгелік етістін -ыт,-іт,-т,-кыз,-кіз,-ғыз,-гіз,- Дыр,-дір,-тыр,-тір жұрнактары жалгану арқылы жасалады. Өзгелік етіс — субъектінің қимылы объектіге тікелей емес, екінші біреу а^кылы багытталатынын білдіретін сабақты етістіктің грамматикалық формасы. Қимыл иесі бір істі өзі істемей, екінші біреуге істететіндігін көрсетеді.
Қалижан хатты әрқашан көриіісі Қабышқа оқытатын.
Бұл сөйлемде істі орындатушы — Қалижан, атау септігінде, бастауыш қызметінде, істі тікелей орындаушы — Қабыш, барыс септігінде, жанама толықтауыш қызметінде түр. Сөйтіп өзгелік етіс баяндауыш кызметінде жүмсалған сөйлемде кимыл иесі екеу болады. Біріншісі — орындатушы, екіншісі — тікелей орындаушы ( агенс).
Ортақ етіс
Ортак етіс қимыл іс-эрекеттің бір емес, бірнеше субъект аркылы іске асатынын білдіріп, 4 ыс,-іс,-с қосымшасы арқылы жасалады.
Біріншіден, ортак етісті кимыл, іс-эрекеттің субъектілері қимылға ортақтығы бірдей де, бірдей емес болуы да мүмкін.
Екіншіден, ортак етіс косымшалары салт етістікке де, сабакты етістікке де жалгана береді.
Мысалы : хат жазысты, цонацтар жайғасып отырысты.
Ортак етіс мағынасы мен косымшасы етістің басқа түрлерінен сабактылык — салггылық- сипатка бейтарап болуы негізінде ерекшеленеді.
Ортак етістің тағы бір ерекшелігі — қимыл атауын білдіруге бейім тұрады да, кейбіреулері сол аркылы заттық үғымның пайда болуымен зат есім болып кеткен. Мысалы: соғыс, айтыс. байланыс.
Ортақ етіс пен өзгелік етістің семантикасында бір үқсастық бар: екеуі де қимылдың, іс- әрекеттің бір субъекті емес, бірнеше субъект арқылы орындалатынын білдіреді, бірак өзгелік тек сабакты етістіктен жасалып, онда екінші субъект — агенс міндетті түрде болады, ал ортақ етісте бүлар жоқ.