21 апреля, 2018 9:47
Етіс категориясы тілдің грамматикалық жүйесінде көрнекті орын алатын қимыл, іс-әрекеттің, субьекті мен обьекті арасындағы әр түрлі катынасын білдіретін, белгілі косымшалар жүйесі аркылы жасалатын етістіктің лексика- грамматикалық категорияларының бірі. Етіс категориясы субьекті мен обьектінің өзара әр түрлі қатынаста болуынан, яғни бастауыш пен толықтауыштың сөйлемдегі қатынасынан пайда болатын категория. Әрі етіс етістіктің салт, сабақты мағынада жұмсалуымен де байланысты, өйткені етіс түбір етістіктерге қосымшалардың косылу аркылы жасалады. Етіс категориясы кимылдың субьекті мен обьектіге эр түрлі катынасын көрсететін жұрнақтар қосылу арқылы, түбір сөздің бастапқы грамматикалық мағынасын өзгертіп, сөйлем мүшелерін синтаксистік байланысқа түсіреді.
Етіс туралы агашкы пікір XIX ғасырдың басында түрік тілдерін зерттей бастаған тіл мамандарының еңбектерінде бар. Онда етістіктің рай, шақ, жіктік жалғау категориялары катарында етіс категориясының бары да айтылған.(34. 152-171.). Кейінгі шыққан грамматикаларда бұрынғы айтылгандарға қоскан айтарлықгай жаңалық болмағанымен, етістік категорияларын жеке-жеке атап, әрқайсысьша токталып, солардың ішінде етіске де аныктама беріп, жасалу жолдарының көрсетілуі (34. 49-58.) етіс туралы зерттеудің де кеңи бастағанын көрсетсе керек.
Қазақ тілінде жазылған еңбектердің ішінде етіс туралы алғаш айтылган пікірді Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл-құрал» окулығынан табамыз. А.Байтұрсынов етістіктің етіс түріне ереже бермей, бірден «Етістікте он түрлі етіс бар»,- дей келе, оның сабақты етіс, салт етіс, ортақ етіс, өздік етіс, өзгелік етіс, беделді етіс, ырықсыз етіс, шығыс етіс, дүркінді етіс, өсіңкі етіс (7.231-234.) — деген түрлері барын келтіреді. Етіс түрлері ішінде салт етіс пен сабақты етісті етістің түрлері қатарында атайды. Салт етістік пен сабакты етістікті етіс категориясымен бірге карау, бұдан кейінгі жылдары шыккан мектепке арналған окулыктар мен жогары оку орнына арналган грамматикаларда орын алып келді (29.).
Етіс категориясын гылыми тұрғыда лексика -грамматикалык сипаты жағынан арнайы зерттеген ғалым профессор А.Қалыбаева (Хасенова). Ғалым Аққал Қалыбаева етіске берген сипаттамасында етіс категориясының етістікке катысы жайында жэне сабақты етістік пен салт етістіктердің етіс категориясынмен байланысы жөнінде, етістің түрлері, олардың жасалу жолдары, етіс категориясының мағынасы мен тұлгалық ерекшеліктеріне ғьілыми талдау жасап, «Етіс мәселесін дұрыс шешу үшін, сөйлем мүшесі (баяндауыш) мен сөз табының (етістік) ерекшеліктерін байланыстыра салыстырып, бірінен бірін бөлмей тұтас карау кажет» (34. 23.) — деген кұнды тұжырым жасайды.
Ғалым басқа сөз таптарының грамматикалык категориялары сияқты етістіктің етіс категориясының қалыптасуы сөйлем мүшелері мен сөз таптарының дамуымен байланысты екенін дұрыс бағдарлайды.
Өзінің калыптасу дэуірінде түрлі заңдылықтарды басынан өткізген етіс категориясының синтаксистік қызметіне сай беретін мағынасы, өзіне тэн тұлғалық ерекшеліктері, ол тұлғаларды жасайтын қосымшалары бар. Етіс жасайтын қосымшалар етістіктің сабақты түріне де, салт түріне де жалғанып, етістіктің етіс тұлғасын жасайды. Салт етістіктерден қимыл мен қимыл иесі арасындағы қатынастан туып, субьектінің ішкі мәнін түрлендіретін өзгелік, ортак етіс түрлері жасалса, сабақты етістіктерден етіс қосымшалары қосылу арқылы барлық етіс түрі жасала береді.
Қазақ тіліндегі етіс қосымшаларының осындай бір-бірінен мағыналык ерекшеліктерімен қатар, етістіктің басқа қосымшаларынан ажырататын өзіндік тағы бір ерекшелігі бар. Ол — етіс тудыратын жұрнактардың етістіктің түбіріне тікелей жалғанатын болымсыз -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарынан бұрын жалғанатындығы. Мысалы: кел-тір-меді, кел-тір-іл-меді, кел-тір-т-кіз-беген, ойла-н-бады, ойла-т-пады, ойлан-дыр-т-кыз-бады, экел-ін-беді, әкел-т-тір-меді, әкел-іс-педі т.б. Бұл мысалдардан етіс қосымшаларының тағы бір ерекшелігі етістіктің негізгі жэне туынды түбірлеріне тікелей жеке де, және бірінен соң бірі үсті-үстіне жалғана беретін қасиеті бары көрінеді. Етістік етіс косымшаларынан соң өзінің басқа категорияларының қосымшалары ретімен қабылдайды. Ягни, етіс косымшаларынан кейін түбірге етістіктің басқа категорияларының есімше не көсемше, рай, шақ, жақ тұлғаларынның көрсеткіштері қосылады. Осындай етістіктің ерекше магыналык кұбылуынан, тұлгалық түрленуінен етістің жасалуы, немесе субьекті мен обьектінің өзара катынасына сай семантикалық және модальдық құбылуынан етіс категориясы туады. Сөйтіп, етіс жұрнағы жалғанған етістік сөз етістіктің грамматикалық категорияларын кезегімен қабылдау арқылы түрлене келе, сөйлемнің белгілі мүшесі баяндауыштың қызметін атқарады.
Етіс категориясының семантикалық сипаты, етіс косымшаларының кызметі жайында бірізді пікір көпке дейін қалыптаспады. Ол 1967 жылы шыққан академиялық грамматиканың өзінде «етіс аффикстері қосылған сөздер аффикстердің санына қарамай, туынды түбір етістіктер кұрамына кіретін жұрнак» (31. 168.) катарында келтіріп, етістік негізден етістік тудыратын жұрнақ ретінде танылғанынан көрінеді. Бұл пікірді морфология оқулығының авторы профессор Ахмеди Ыскақов та колдаған. Оған «Етістіктен етістік тудыратын, өздерінше морфологиялық және синтаксистік сипаттары басқашалау болып келетін, бір алуан жұрнақтардың жүйесі, эдетте, етістер я етіс категориясы деп аталады. Етістерді етістіктің өзге категорияларынан ерекшелендіріп тұратын сипаттары мынадай: Ол одан жөн сүрады; Олар бір- бірінен жөн сұрасты; Ол онан жөн сұратты; Одан жөн сұралды; Ол өзі сұранды деген сөйлемдердегі етістік (сұрады, сұрасты, сұратты, сұралды, сұранды) формалардың соңындағы өткен шақтың косымшасын (-ды, -ты) алып тастағаннан кейінгі сұра, сұрас, сұрат, сұрал, сұран етістіктерін бір-бірінен салыстырғанда, олар бір түбірден өрбіген түбірлес негіздер екені айқындалады. …Етіс формаларының бұл ерекшелігінен, біріншіден, басқа жұрнақтар сияқты, туынды етістік жасайтын қабілеті барлығы (айырмасы тек етістіктен етістік тудыратындыгы) және сол етіс жұрнактары арқылы туған формалар етістік негіздері есебінде қызмет ететіні айқындалады. Ендеше, бұл жағынан карағанда етіс жұрнақтары сөзден сөз тудыратын жұрнақтармен сэйкес келеді де, лексикалық категорияға жатады. Екіншіден, етіс категориясының формаларында субьекті мен обьектінің амалға катысын, керісінше, амалдың (әрекеттің) субьекті мен обьектіге қатысын білдіретін грамматикалық сипаты күшті. Демек, етіс формалары сөйлемнің грамматикалык кұрылысына өзгеріс енгізіп отырады» (63. 281-282.) — дегені дэлел. Бұл пікірден автордың етіс қосымшаларын әрі сөзжасам, эрі грамматикалық мағына беретін қосымша тұрғысында таныганы анық көрінеді. Ал, И.Маманов етіс категориясын түбір етістіктен туатын грамматикалық форма ретінде таныған (40. 136.). Бұл пікірді профессор С. Исаев қолдап, етіс қосымшаларын форма тудырушы тұлға қатарына косады. Ғалым «етістіктерде етіс жұрнақтары жаңа сөз тудырмайды, етістік түбір білдіретін семантикасын өзгертіп жібермей, лексикалык жэне жалпы грамматикалық мағынасы сақталып қалады, тек сабақтылык- салттылык өзгеріп, сөйлемде субьект пен обьект арасындағы қатынасы ауысуы мүмкін» (21.175-176.)-дейді.
Етістік түбірге етіс қосымшалары жалғанғанда, етістіктің түбірінің жалпы грамматикалық мағынасы өзгермей, тек түбірдегі салттылық-сабактылык мән ғана өзгеретін болса, етіс жұрнақтары тек салт етістікті сабақты етістікке, сабақты етістікті салт етістікке айналдыру кызметін ғана атқара алады. Ендеше ол (етіс косымшалары) сөзжасам косымшаларына жатпайды, сөз түрлендіруші қосымшалары қатарына қосылады. Етіс қосымшалары етістік түбірге жалғанғанда түбірдің грамматикалык сипатын өзгертпейді. Ол етіс тұлғалы етістіктің түбір етістіктер сияқты ерекшелігі екенін көрсетеді. Яғни етіс тұлғалы етістіктер түбір етістіктер сияқты тек сырттай бұйрық райдың 2-жақ жекеше, анайы түрімен сэйкес келгенімен тікелей жіктік жалғауларын қабылдамайды, сонымен бірге сөйлемде етістік етіс тұлғасында қолданылмайды.
Етіс жұрнақтары түбір етістіктерге де, арнаулы жұрнақтар арқылы жасалған туынды етістіктерге де, күрделі етістіктердің түр-түрлеріне де жалгана береді. Окулықтарда етіс — негізгі етіс, ортақ етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс, өздік етіс, — деген бес түрге бөлініп, негізгі етіске мынадай түсінік берілген: «Негізгі етістің арнаулы көрсеткіші болмайды. Оған әрбір түбір я туынды етістіктердің де, күрделі етістіктердің де негіздері жатады. Әдетте етістік негізінің субьекті мен обьектіге қатысы я субьекті мен обьектінің етістік негізіне (амалына) қатысы сол негіздің бастапкы лексикалық семантикасына қарай анықталатындықтан, оның семантикалық ерекшелігі, грамматикалық (синтаксистік) қызметі туралы да арнайы сипаттама беру қажет болмайды». Бұл түсініктің өзінен анық көрінетіндей, негізгі етіс деп аталатын етіс түрінің етістік түбірі деген ұгымнан, мейлі негізгі түбір, мейлі туынды түбір болсын, не семантикалык жагынан, не формалык жагынан, не синтаксистік кызметі баска сөздермен карым-қатынасы жағынан ешбір айырмашылығы жоқ және грамматикалык я лексикалық категория (түрлеріне) негіз болатын тұлға, ягни негізгі етіс деп аталған, дүрысында етістік түбірі деген тұлға ол категорияның бір түрі бола алмайды, категория шеңберіңе енбейді, сол категория түрлеріне негіз гана болады. Сондыктан негізгі етіс деген етіс категориясының түрі жок, етіс категориясына, түрлеріне негіз болатын негізгі, туынды, күрделі етістік түбір деген ұғым ғана бар» (21.178.) — деген пікір негізгі етіс етістіктің етіс түрінің бірі бола алмайтынын көрсетеді. Сол себептен де етіс түрлері төрт түрге бөлінеді, яғни етіс категориясының өздік етіс, өзгелік етіс, ортак етіс, ырықсыз етіс түрлері ғана бар.
Олар сөйлемде аткаратын кызметі мен беретін магынасына карай тұлғалык ерекшеліктері бар калыптаскан грамматикалық категорияға жатады.
- Өздік етіс. Өздік етісте субьектінің қимылы басқа обьектіге емес, субьектінің өзіне карай жұмсалады. Ягни субьекті өз-өзіне обьекті болады да, баяндауыш кызмет аткарып тұрған етістік өздік етіс тұлгасында тұрады. Өздік етіс баяндауыш болып тұрған сөйлемнің бастауышында эрі субьектілік, әрі обьектілік мағына сакталатындыктан, ол сөйлемде тура толықтауыш болмайды. Осылай өздік етісті сөйлемде тура толықтауыш болмай, етістік мағынасы жағынан салт етістікке айналып кететіндіктен, сөйлем құрылысы жағынан обектісіз сөйлем болады.
Өздік етіс кимыл, іс-әрекеттің субьектісіне карай бағытталып, сабақты етістікке -ын, -ін, -н косымшасы косылу аркылы жасалады. Бірак барлык сабакты етістіктерден өздік етіс жасала бермейді. Өздік етіс жұрнагы тек кимыл, іс-әрекет субьектінің өзіне карай бағыттала алатын сабакты етістіктерге жалғану арқылы жасалады және сол сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. Етіс косымшасы -ын, -ін, -н негізінде өздік етіске тэн қосымша ретінде өзі жалғанған сабакты етістікті салт етістікке айналдырып кана коймайды, ол жалганған етістік сөйлемдегі бастауыштың эрі субьектісі, әрі обьектісі екенін де білдіреді. Өздік етістің бастауышы кимыл иесінің кызметін өзі атқаратындыктан, оның кимылы тікелей өзіне жұмсалатыны көрініп тұрады.
- Ырықсыз етіс. Ырықсыз етіс іс істеуші арнайы айтылмай, ол іспен байланысты зат өздігінен амалға ие бола алмайтындыгын көрсететін етістіктін түрін айтады. Ырыксыз етіс тек сабақты етістіктерден -ыл, -іл, -л косымшасы (түбір кұрамында «л» дыбысы болса, -ын, -ін, -н) арқылы жасалып, қимыл, іс- эрекеттің өздігінен орындалатын мэн үстеп, қимыл, іс-эрекеттің тура обьектісі оның грамматикалык бастауышы болу кызметін аткарып тұрады да, ырыксыз етіс жұрнагы жалғанған сабакты етістіктер салт етістікке айналады. Кейде кимылды аткарушы субьект жалпы сөйлемнің мазмұнынан сезіліп тұрады немесе грамматикалық жанама обьекті тұлғаларында тұрып та жұмсалады- Профессор С.Исаев өздік етіс пен ырықсыз етістің ұқсас та, өзгешелік те жерлері барын былай көрсетеді: «Ұқсастыгы: 1) қосымшалардың кейде бірдеи болып келетіні, кейде өздік я ырықсыз етіс екені контекстен ғана байкалады, сөйтіп бір-бірімен омоформа жасайды: Ол дәрігерге көрінді және алыстан бір қара көрінді; 2) екеуі де сабақты етістікті салт етістікке айналдырады. Негізгі айырмашылыгы: олардың білдіретін семантикасында: өздік етісте логикалық (іс иесі) субьект — грамматикалық субьект (бастауыш) болады да, ал ырықсыз етісте грамматикалық бастауыш логикалык обект болады» (21.180.).
- Өзгелік етіс. Өзгелік етіске қазақ тілінің грамматикаларында «істің басқа біреу арқылы істелетінін көрсететін етістіктің етіс түрі өзгелік етіс» — деген ереже берілген. Бұл айтылғаннан, ягни істі басқа біреу істегенімен, оны істеуші субьектінің бар екенін, оның алатын орнын, ол субьектінің негізгі түрі екенін айтпай кетуге болмайды. Өйткені, өзгелік етіс қимыл, іс-эрекеттің тікелей субьектінің өзі арқылы емес, екінші бір субьекті арқылы істелетінін, іске асыратынын білдіріп, етістікке арнайы -дыр, -дір, -тыр, -тір, -қыз, -кіз, -ғыз, -гіз, қосымшаларының бірі жалғану арқылы сабақты етістік жасалатын етістіктің етіс категориясының бір түрі болып табылады. Демек, өзгелік етісте қимылды, әрекетті іске асырушы субьекті бір емес, екеу болады; бірі -іс- әрекетті, қимылды орындатушы иесі, қимылды жалпы іске асырушы субьект, бірак ол өзі тікелей қимылды орындамайды, ол атау түлғада тұрып сөйлемде грамматикалық бастауыш қызметінде болады, яғни бұл эрі логикалық субьекті, эрі грамматикалық субьекті болады, екінші, іс-эрекетті, қимылды тікелей орындаушы субьект — агенс деп аталатын іске асырушы болады, ол грамматикалық тұлғасы жагынан бастауыш емес, сөйлемде берілмеуі де мүмкін, берілсе ол сөз сөйлемде барыс, шығыс, көмектес, септіктерінде, кейде шылаумен тіркесіп келіп жанама толықтауыш қызметін атқарады. Оспан баласына хат жаз-дыр-ды дегенде Оспан — субьекті, бірақ іс-эрекетті (жазу) тікелей өзі аткарған жоқ, оны атқарған — баласы (агенс).
Сабақты еттістікке өзгелік етіс қосымшасы үстелгенде, ол баяндауыш болып тұрған сөйлемде тек іс-эрекет, қимылды тікелей аткарушы барыс септіктегі екінші субьект (агенс) ғана пайда болады, яғни баяндауыш сабақты етістікті сөйлемде іс-эрекетті орындатушы субьекті мен обьект өзгелік етіс қосымшасы қосылмай тұрганның өзінде де түбірде ол мән бар болады (хат жазды, хат жаз-дырды). Өзгелік етіс жұрнағы салт етістікке жалғанғанда, салт етістіктен бірден өзгелік етіс тудырмайды, тек салт етістік сабақты етістікке айналады. Мысалы: Бала шамды сөн-дір-ді дегенде сөндіру қимылының субьектісі де, тікелей сол қимылды іске асырушы да біреу-ақ, ол — «бала». Бұл жерде етістіктің салт етістік күйіндегі грамматикалық субьектісі — «шам» (шам сөнді), ол бұл жерде обьектіге айналған: шамды сөндірді, бірақ шам өз-өзінен сөнген жоқ. Мұнда өзгелік етіс косымшасы салт етістікке жалғанғанда, тек салт етістікті сабақты етістікке айналдырган. Енді осы сабакты етістікке екінші Рет етіс қосымшасы жалғанған соң ғана өзгелік етіс жасалады. Мысалы, Бала 1нісіне шамды сөн-дір-т-ті. Бұл сөйлемде «бала»-қимылдың иесі, субьекті, ®фақ оны (қимылды) тікелей өзі атқарып отырған жоқ, екінші субьект -агенс аркьілы іске асырып отыр, яғни сөндіру қимылын тікелей орындаушы субьект агенс — інісі, сөйлемде ол (інісі) барыс септік тұлғасында тұрып грамматикалық Жанама обьекті (толықтауыш( синтаксистік қызметін (қатынасты) атқарып тұр, 1,1 тура обьекті шамды өзгерген жоқ (21. 181-182.).
Өзгелік етіс субьектінің қимылы обьектіге тікелей емес, екінші біреу аркылы бағытталатынын білдіретін сабақты етістіктің грамматикалық формасьі болып табылады.
- Ортақ етіс. Етістің ортак етіс түрі етістіктің салт етістік, сабақтьі етістік тұлғаларынан арнайы -ыс, -іс, -с қосымшаларының жалғануы арқылы жасалып, қимыл іс-эрекеттің бір емес, бірнеше субьекті арқылы іске асатының білдіреді. Басқа етіс түрлерінен ортақ етіс жасап тұрған етістің мағынасы мен косымшасының ерекшелігі — етістіктің салттылық- сабақтылығына бейтарап болумен қатар, кей ортақ етіс формалы етістіктің қимыл атауын білдіруге бейімділігі негізінде заттық ұғымды білдіріп зат есімге айналып кететін кездері болады. Мысалы: Арқан тарт-ыс-ты. Тартыс басталды. Асыққа тала-с-ты. Талас күшейді. Дегенде ортақ етіс жұрнағы жалғанған «тартысты, таласты» етістіктерінің бірі — сабақты, бірі -салт етістік болса, «тартыс, талас» атау тұлғадагы зат есімдер «тарт, тала» етістіктерінен -ыс жұрнағы аркылы жасалған туынды түбір тұлға. Яғни бұл сөздердің тұлғалық ұқсастыгы болмаса, бұлардың құрамындағы қосымша екі түрлі категориялы сөз тудыратын морфема.
Етістің ортак етіс жэне өзгелік етіс түрлері қимылдың, іс-эрекеттің бір субьекті емес, бірнеше субьектінің қатысуы арқылы жасалатын мағынасы жағынан бір-біріне ұксас келеді. Солай дегенмен де бұлардың арасында оларды ажырататын белгі де жок емес. Ол белгі -олардың бірінде агенстің болу- болмауы. Сөйлемде өзгелік етіс тек сабақты етістіктен жасалып, онда екінші субьект — агенс міндетті түрде болуға тиіс болса, ал ол — қимыл, іс-әрекетті тікелей орындаушы ортақетісте болмайды (21. 183.).
Етіс жұрнақтарының семантикалық сипаты сөзжасам қосымшаларына жақын болғанымен (етістіктен етістік тудырғанымен), өзі жалғанган етістік түбірінің мағынасын, лексикалық мэнін өзгертпейді, тек сабақтылык- салттылык мэнін ғана өзгертеді.
Етіс жұрнақтары бірінің үстіне-бірі жалганганда, мына тэртіппен орналасады: 1) ездік етіс + өзгелік етіс: ойла+н+дыр, түй+ін+дір; 2) өздік етіс + ортақ етіс: бүл+ін, бүл+ін+іс; 3) ортақ етіс + өзгелік етіс: бөл+іс, бөл+іс+ кіз (- тір); 4) өзгелік етіс + өзгелік етіс: бақ+тыр+т, тура+т+қыз т.б.