Дидактикалық сарындағы әдебиет және қазақ жыраулары поэзиясы

29 ноября, 2017 15:16

Оныншы ғасырдың екінші жартысында ұланғайыр Евразия елдерін түгел қамтыған, бұрын соңды тарихта болып көрмеген жойқын күрес басталды. Атақты тарихшы Л. Н. Гумилевтың айтуынша, „бүл күрес жер үшін де емес, байлық үшін де емес, саяси билік үшін де емес славяндар мен түркілердің жан-рухы (діни көзқарасы, ділі — Н. К.) үшін болған күрес еді. Бүл жанталас шайқастың нәтижесі Батыс Европа мен үлы Дала халықтарының тағдырын бес жүз жыл ілгері шешіп тастады» .Бұл кезде Батыс Европаға христиан, католик діндерін енгізу үшін түрлі дінді жақтаушылар өзара тынымсыз соғыс жүргізіп жатты. Ресей еліне христиан дінін енгізу үзақ жылдарға созылып кетті.

Қыпшақ даласы мен Орта Азияға тоғызыншы ғасырда арабтар ислам дінін, мәдениетін, ғылымын әкелді. Ал араб- тар мүнда келгенге дейін қыпшақ даласы мен Орта Азия бүрынғы Түрік қағанатының қарамағында еді. Сол себепті бүл өлкенің халықтары әлі Көк Тәңірісіне табынатын (зороастризм) наным-сенімде болатын.

Сөйтіп, қыпшақ даласы мен Орта Азияға жаңадан кел- ген ислам діні мен Көк Тәңірісіне табыну діні тоғысты. Гу- манистік көзқарасты, адамгершілік пен имандылықты басшылыққа алған ислам діні басым түсті. Соның өзінде ислам діні өзінен бүрынғы, түркілер сан ғасырлар бойы та- бынып келген Көк Тәңірісі дінінің ең жақсы қағидаларын өз бойына сіңіріп алды. Бүған қарамастан қыпшақ дала- сында бұрынғыдай Көк Тәңірін, Күнді, отты құдай тұтып, табиғат қүбылыстарына сиыну X—XII ғасырларда да кеңінен орын алып келді. Өлген адамды жерлеу исламға дейінгі ескі әдет-ғұрып бойынша жүргізіліп отырды. Бүл

кезде қыпшақтар ата-баба аруағына сиынып, тас мүсіндерге табынатын еді. „Кумандар немесе половецтер жулдыздарға табынады, аспан әлеміне сенеді және астро- логияны оқып-үйренуге бейім түрады»,— деп жазды араб саяхатшысы Әбул Фида. Тағы бір араб ғалымы Ибн әл- Асир: Қыпшақтар күнді қадыр тұтады әрі „күн шығып келе жатқанда соған сиынады» деп көрсетті.

Дегенмен, бірте-бірте қыпшақ даласында осы екі діннің де өзекті қағидаларын қамтыған ислам дінінің өзіндік бір көрінісі пайда болды.

Міне, біз сөз еткелі отырған дидактикалық сарындағы (X—XII ғасырлар) әдебиеттің алға қойған негізгі мақсаты — зороастризм дініндегі түркі қауымын бірте-бірте ислам діні мен мәдениетіне шақыру еді.

Сөйтіп, X—XII ғасырларда ақын Жүсіп Баласағүнның „Қүтты білік», Ахмед Иүгінекидің „Ақиқат сыйы», Ахмет Иассауидің „Даналық кітабы» сияқты дидактикалық са- рындағы көркем туындылар өмірге келді. Әйтсе де, негізінен ғақлия-уағыз айту дидактикалық ой-пікірлерді жырлау сарынына қүрылған бүл дастандар туралы айтудан бүрын сол дәуірдегі қоғамдық-әлеуметтік, мәдени, ғылыми өмірге қысқаша шолу жасап өтелік.

Бүл кезде яғни XI ғасырдың бас кезінде қазақ жерінде Қыпшақ мемлекеттік бірлестігі қүрылып, ол бірте-бірте нығайып келе жатты. Қыпшақтар аз уақыт ішінде Сырда- рияның орта және төменгі бойындағы оғыз тайпалары ме- кендеген жерлерді жаулап алды. Сосын барып, Арал мен Каспий маңындағы далаларды өзіне қаратты. Сөйтіп, қыпшақтар Хорезм мемлекетімен шекаралас болды. Олармен сауда байланысын жасады.

Қыпшақ мемлекеттік бірлестігі XI ғасырдың соңында шығысында Ертістен бастап, батысында Еділге дейінгі үланғайыр даласын алып жатты. Қыпшақтар бірте-бірте оңтүстік орыс далаларына барып, сол жерде половецтер деп атанып кетті. Қыпшақ даласын Шығыс елдерінде „Деиггі -— Қыпшақ» десе, орыс жылнамаларында „Поло- вецтер даласы» деп атайды.

Қыпшақтар бүл кезде Орта Азиямен, Русьпен және Кама Бүлғариясымен өзара қарым-қатынас жасап, олар- мен экономикалық, мәдени байланыстар жүзеге асты.

X—XII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан ха- лықтарының мәдени өмірінде айтарлықтай жаңалықтар болды. Қала түрмысы өрлей түсті. Қолөнер кәсібі, зер- герлік, сәулет өнері т. б. едәуір дамыды. Қарашоқ,

Қарнақ, Қойлық, Екіоғыз, Ашнас, Баршынлыкент сияқты жаңа қалалар пайда болды.

Сол кездегі Қазақстан қалаларының ең ірісі Отырар мейлінше өрлеп тұрды. Отырар — көшпелі және оты- рықшы түркі тайпаларын өзара байланыстырып тұрған экономикалық орталық қана емес, сонымен қатар, ол аса ірі сауда, қолөнер әрі ғылым мен мәдениет ошағы еді. Мүнда көптеген білім ордалары, медреселер, аса бай кітапхана, т. б. болды.

Жетісу өңірінің мәдени өмірінде кезінде ерекше рөл атқарған қала Тараз еді. Бұл қалада және оның маңайындағы ондаған қоныстарда ғажайып сәулет ансам- бльдері мен монументті ғимараттар салынды.

Кезінде транзитті сауда орталығы ретінде мәшһүр болған Испиджаб (Сайрам), Шығыс пен Батысты байланы- стыратын керуен жолдарының қиылысқан жеріне орна- ласқан Сығанақ қалалары халықтың мәдени тұрғыдан дамуында ерекше маңызды рөл атқарды.

Бұлардан басқа да Құлан, Мерке, Аспара, Баласағұн сияқты көптеген ірі-ірі ғылым мен мәдениет ошақтары болды.

Сәулет өнері (архитектура) де едәуір дамыды. Сәулет өнері қүрылыстарында күйдірілген қыш, ақбалшық, мәрмәр тас т. б. кеңінен қолданылып, ғимарат, қабырғалары мен күмбездеріне түрлі ою-өрнектер, нақыштар, кілем өрнегі салынатын болды. Қарахан мемле- кеті дәуірінде салынған сәулет өнерінің озық үлгілері — Айша бибі күмбезі, Бабаша Хатун кесенесі, Аяққамыр және Алаша хан күмбездері, т. б. бүл сөзімізге толық дәлел.

X—XII ғасырларда Қазақстанда қыш-қүмыра жасау кәсіпшілігі, мөлдір шыны және түрлі түсті шынылардан, сүйек пен мүйізден сан түрлі түрмыстық бүйымдар жасап шығару ісі өркен жайды. Әсіресе, бүл кезде зергерлік өнері жақсы дамыған еді. Дешті қыпшақтың он сау- сағынан өнері тамған зергерлеріне бедерлеу, нақыштау, мәнерлі қүйма, оюлау және алтын жалату сияқты зер- герлік өнердің сан алуан тәсілдері мәлім болды.

Бүл кезде Орта Азия мен қыпшақ даласында Әбу На- сыр әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан Бируни сияқты есімдері әлемге мәшһүр энциклопедист ғалымдар болды. Бүлар философия, логика, медицина, астрономия, математика, тарих, тіл білімі, әдебиеттану, т. б. ғылым сала- ларының дамуына қыруар мол үлес қосты. Солардың ішінде, әсіресе, әл-Фараби түлғасы оқшауланып түрды.

Сол кездің өзінде-ақ қыпшак, елі күллі түркі ха- лықтарының мақтанышына айналған энциклопедист- ғалым әрі есімі әлемге мәшһүр үлы дәрігер Әбу Әли ибн Синаның „Медицина заңдары» атты ғажайып еңбегімен жақсы таныс еді.

Ал үлы ғалым Әбу Райхан Бирунидің (973—1048 жж.) астрономия, геология, формокология, философия және әдебиеттану ғылымы саласындағы зерттеулері Батыс пен Шығыс елдерінде кең тараған болатын. Әсіресе, оның „Ежелгі ғүламалардан қалған естеліктер» еңбегінде көне дәуірдің есептеу жүйелері, халық күнтізбесі, аспан дене- лерінің қозғалысы, есте жоқ көне дәуір адамдарының на- ным-сенімі, әдет-ғүрпы, салт-санасы жайында аса тартымды ғылыми пікірлер айтылған.

Қазіргі түркі халықтарының орта ғасырдағы тілін, әдебиетін, өмір салтын танып-білуде Махмүд Қашқаридың „Диуани лүғат ит-түрк» атты еңбегі ерекше роль атқарады.

 

Сөйтіп, „қыпшақ, оғыз, қарлүқ және үйғыр тайпалары мен халықтарының тілдері негізінде X—XII ғасырларда араб графикасындағы түркі жазуы қалыптасты. Әдебиеттің көптеген ескерткіштері аралас қарлүқ-үйғыр және қыпшақ-оғыз тілдерінде жазылды» (166, 113).

Орта Азия мен қыпшақ даласында X—XII ғасырларда ислам діні кең қанат жайған еді. Мүнда ислам дінімен бірге сол дәуір үшін жоғарғы дәрежедегі араб мәдениеті, әдебиеті, ғылымы келді. Әрине, қыпшақ даласында ислам дінінің өзі де кейбір өзгерістерге ұшырағаны мәлім. Ислам діні қыпшақтар арасында жергілікті халықтың бұрынғы ежелгі дінімен, наным-сенімімен, әдет-ғұрпымен, таным- түсінігімен мейілінше астасып жатты.

Орта Азия мен қыпшақ даласына ислам діні келуінің өзі әдебиет әлеміне мүлдем жаңа бағыт-бағдарлама бер- гендей болды. Енді көркем сөз өнерінде адамгершілік, же- ке адамдардың өзара қарым-қатынас нормалары, мораль, этика, тағы басқа мәселелерді ислам діні тұрғысынан түсіндіру, уағыздау қажет еді.

Міне, бүл жәйттердің бәрі өмірге дидактикалық са- рындағы әдебиеттің келуіне себепші болды.

Дидактикалық әдебиеттің негізгі міндеті — философи- ялық, моральдық-этикалық және діни идеяларды көпшілік оқырман қауымға уағыздау, насихаттау, ғибрат айту арқылы жеткізу болып табылады. Дидактикалық әдеби ту- ындыларында көркем суретпен бейнелеу, образ жасаудан гөрі баяндау арқылы түжырым жасау басым болды. Ди- дактикалық әдебиетте, әсіресе, мақал-мәтелдердің, ақыл, нақыл сөздердің, өсиет-ғибрат айтудың рөлі ерекше жоғары болып келеді.

Еуропа әдебиетінде Лукрецийдің „Заттар табиғаты ту- ралы», Горацийдің „Поэзия ғылымы», Эзоп, Лафонтен, Крылов мысалдары дидактикалық әдебиеттің ғажайып үлгілері болып табылады.

Қазіргі үнді халқының мақтанышы саналатын „Махаб- харата», „Панча-тантра» сияқты ежелгі көркем сөз үлгілері дидактикалық сарында жазылған, буддизм идея- ларын насихаттайтын туындылар.

Түркі тілдес халықтар әдебиетінде дидактикалық са- рында жазылған көркем сөз туындыларының ең ғажайып үлгілері Жүсіп Баласағүнның „Қүтты білік», Ахмед Иүгінекидің „Ақиқат сыйы» және Ахмет Иассауидің „Да- налық кітабы» («Ақыл кітабы») екені мәлім.

Біз осы тарауда алдымен „Қүтты білік», „Ақиқат сыйы», „Даналық кітабы» сияқты дидактикалық сарын- дағы әдеби туындылардың өмірге келуіне себепші болған қоғамдық орта туралы, сол дастандарды жазған қаламгерлер хақында, осы шығармалардың идеялық мазмүны мен көркемдік дәстүр жалғастығы мәселесін сөз етеміз. Дәлірек айтсақ, „Қүтты білік», „Ақиқат сыйы”, „Даналық кітабы» дастандарының өзінен сан ғасыр кейінгі әдебиетке, XV—XVIII ғасырлардағы қазақ жыраулар поэ- зиясына жасаған ықпал әсерін ғылыми негізде талдаймыз.

Сонымен, X—XII ғасырларда жазылған Жүсіп Бала- сағұнның „Қүтты білік», Ахмед Иүгінекидің „Ақиқат сыйы” және Ахмет Иассауидің „Даналық кітабы» дастан- дарын әдебиеттану түрғысынан әрқайсысын жеке-жеке сөз етеміз.

Шамамен X ғасырдың орта кезінде Жетісу мен Шығыс Түркістан аумағында қалыптасқан Қарахан мемлекеті бірте-бірте үлғайып, XI ғасырдың екінші жартысында қуатты мемлекетке айналғанын жоғарыда айттық. Ал, кейінірек ол Сырдария мен Амудария аралығындағы Мауа- раннахрды жаулап алған соң, бүл ел дербес екі мемлекет- ке — Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлініп кетті. Жетісу өңірі мен Шығыс Түркістан — шығыс қағанат қүрамына еніп, оның саяси орталығы Баласағүн шаһары маңындағы Қара-Орда, Күз-Орда қалалары, кейінірек Қашқар шаһары болды. Ал, батыс қағанатқа — Мауаран- нахр кіріп, астанасы Үзкент, кейінірек Самарқанд болды. Әйтсе де Қарахан мемлекеті бір орталыққа бағынбайтын, қоғамдық-саяси жағынан да халқының этностық қүрамы түрғысынан да, өндіргіш күштер мен мәдениетінің даму дәрежесі бойынша да әркелкі сатыдағы тайпалардан қүралған сан қилы уәлаяттар мен өлкелердің федерация- сы еді. Осы үсақ уәлаяттар мен өлкелердің әкімдері билік үшін қырық пышақ болып соғысып, елдің іштей ыдырап кету қаупін туғызды.

Сөйтіп, бүл елде XI ғасырдың орта кезінде қоғамдық дамудың әртүрлі дәрежесіндегі өлкелер мен уәлаяттар арасындағы қым-қиғаш соғыс, аласапыран арпалыс ты- нымсыз жүріп жатты. Енді осындай қиын жағдайда мемле- кетті қалай басқару керек, оның ішкі және сыртқы тәртібін сақтап отыру үшін қандай заң-ережелер қажет, елді басқаратын патша мен сарай қызметкерлері, оларға бағынышты диқандар, малшылар, т. б. қоғам мүшелері ара- сындағы өзара қарым-қатынас қандай болу керек деген сүрақтар туа бастады

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля