10 декабря, 2018 20:01
Келісімшарт.
Келісімшарт – тараптар арасында қандайда бір қатынастардың орнауы туралы келісімді белгілейтін және реттейтін құжат. Мысалы: Сату – сатып алу туралы, ауыстыру туралы, қарызға беру туралы немесе сыйға беру туралы және т.б.
Қатысатын адамдар санына қарай келісім шарттар екі жақты немесе көп жақты болыды.
Келісім шарттың бас жағында келісім жасалған мекенжай және айы, күні, жылы сөзбен жазылады. Содан кейін тараптардың аты — жөні, мекенжайы, жеке куәліктерінің нөмірі және сол куәлікті берген мекеме атауы көрсетіледі. Сосын келісімшарт мәтіні жазылады. Мысалы: Пәтерді сату – сатып алу туралы келісімшартта пәтерге қатысты бірнеше мәлімет беріледі, яғни пәтер кімнің жеке меншігі, ТИБ – те тіркелген нөмірі, ТИБ – тің анықтамасы бойынша пәтердің құны, пәтердің жалпы пайдалы аумағы және сол уақытқа дейін көрсетілген пәтердің ешкімге сатылмағаны, қарыз өтеуге берілмегені, дауталаста, тыйым салуда болмағаны көрсетіледі.
Соңында келісімшарт нотариалдық кеңседе куәландырылады. Келісімшарт үш дана етіп жасалады. Оның бірі ноториалдық кеңседе сақталынады. Қалған даналары катысушы тараптарға беріледі.
Келісімшарттың жазбаша түрінде жасалынатын мәтіннің мазмұны толық көрсетіледі екі жақ (тараптар) немесе тараптардың өкілеттілігі берілген адамдар қол қояды, мәтінді нотариус бекітеді.
Келісімшарттың құрамы бөліктері: Құжат аты; мерзімі; индексі; толтырылған орны; мәтіні; екі жақтың қолдары; мөр. Келісімшарт әр жаққа бір – бірден екі түп нұсқа жасалады.
Келісімшарт мынадай жағдайларда жазылады:
Нарықтық қатынастарға көшу нөмірге еңбек қатынасының жаңа түрін (еңбек келісімін) толтыруды әкеледі. Еңбек келісімшартында заң алдында тең екі жақтың келісілген міндеттері мен құқықтары, жалдау ережелері және еңбек дауын шешуге тәртібі көрсетіледі. Кей кездерде мекемелерде арнаулы бір жұмыстарды атқаратын мамандар болмай қалады. Бұл істерді атқаруға белгілі уақытқа және арнайы ақы төленетіндігін көрсетіп, сырттан мамандар тартылады. Сондай кезде еңбек шарты жасалады.
Еңбек келісімі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғылыми – зерттеу инстетутының атынан оң төрағасы Сайлау Мұратұлы Жайлауов бір жағынан, және Алматы халық шаруашылық академиясының профессоры, экономика ғылымдарының докторы Сәбит Назымұлы Нәзиев, екінші жағынан мына төмендегілер туралы келісті:
- Орындаушы (С.Н. Нәзиев) өзіне міндеттерді қабылдайды:
- Институт Қызметкерлері үшін «Нарықтық экономика және ауыл шаруашылығын дамыту» лекциялар курсын оқыту.
- Лекцияның институт әкімшілігі жасаған бағдарлама бойынша әр сейсенбі күндері, күн сайын екі сағаттан оқу;
- Тапсырыс беруші (С.М. Жайлауов) мыналарға міндеттеніді;
- Сабақты өткізуге қажетті бөлме мен аппаратураларды бөлуге;
- Тыңдаушылардың келуін қамтамассыз етуге;
- Орындаушыға әр академиялық сағатқа 200 тенге есебінен; жалпы лекциялар курсы үшін 600 тенге төлеуге;
- Аталған ақы лекциялар курсы толық оқылып біткеннен кейін төленеді.
- Осы еңбек келісіміне байланысты даулар қолданылып жүрген заңдарда белгіленген тәртіппен шешіледі.
- Келісуші жақтардың заңды мекен – жайлары:
Тапсырыс берушінің мекен – жайы: 480120, Алматы, Таугүл мөлтек ауданы, 25 үй 21 пәтер; Төлқұжат сериясы VIII С.Р, №876509, 1981 жылы наурыз Алматы қаласы, ІІМ берген.
Сымтетік: 42-09-57.
Орындаушының мекен – жайы: 480120, Алматы, Райымбек даңғылы 104 үй 42 пәтер. Төлқұжат сериясы IV — № 259784, 1982 жыл 23 қараша сымтетігі 62-24-31.
Тапсырыс беруші …………………………………………………………………………….
(қолы)
Орындаушы ……………………………………………………………………………………..
(қолы)
Аты – жөні, тегі Аты –жөні, тегі
00.00.0 00.00.0
(Мөр) (Мөр)
Ескету: келісімнің барлық даналары өкілетті адамдарын қолдарымен және шарт жасасып отырған ұйымдардың мөрлері бекітіледі. Келісімнің әр данасынің заңы күші бірдей.
Келісім – шарт
Алматы қаласы «___» _______________200 ж.
І. Келісім – шарттың заты.
- Қызметкер_____________________________________________________
_________________ қызметіне тағайындалды.
ІІ. Келісім шарттың қолдану мерзімі.
- Келісім – шарттың күші «___» __________ «___» __________ — дейін.
___________________ 200 ж.
- Келісім – шартың мерзімінің бекіткеннен кейін келісуші тараптар оны тағыда сол мерзімге ұзартуға болады.
ІІІ. Қызметкердің міндеттері.
- Жұмыс осы шарт бойынша __________________ болып табылады.
- Жұмыскер өзінің лауазымына сәйкес еңбек шарттарын адал атқаруға, ___________________ Қабылдаған жұмыс тәртібіне бағынуға міндеттеледі.
- Жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауға, өндірістік, коммерциялық, т.б. құпияларды жария етуге міндеттенеді.
- IV. Жұмыс берушінің міндеттері
- Жұмыс беруші жұмыскерді оның мамандығымен біліктілігіне сәйкес жұмыс беруге міндеттенеді.
- Қажетті еңбек жағдайы және жалақының қамтамысыз етуге, еңбек пен демалыс уақытының заңға сәйкес нормасын міндеттенеді.
- V. Еңбекақы төлеу.
- Жұмыскерге келісімді еңбекақы ______________________ белгіленеді.
- Жұмыскерге көтермелеу және сыйақының барлық түрлері мен мөлшерін қолдану тәртібі сыйлық беру ережесімен белгіленеді.
- VI. Материалдық жауапкершілік.
- Жұмыскер жұмыс берушіге келтірген материалдық залалы үшін толық материалдық жауапкершілікке ие.
VII. Қорытынды ережелер.
- Келісуші жақтардың келісімі мен келісім шартты мерзімінен бұрын тоқтауға болады.
- Егер осы келісім – шарттың ІІІ. 2, ІІІ. 3 тармақтарына сәйкес міндеттер бұзылса жұмыс беруші шартты бір жақты бұзуына болды.
- Келісім – шарт екі дана жасалады, бір жұмыс берушіде қалып, екіншісі жұмыскерге беріледі.
Жұмыс беруші ________________________________________________
Жұмыскер ________________ Туған жылы ________________________
Мекен – жайы _______________________________________________
Куәлік № _________________________20 _________жылы берілген.
______________________________________________________________
(Кім берген)
Еңбек келісімі.
Еңбек келісімі – тараптардың еңбек құқығы қатынастары туралы келісімді реттейтін құжат.
Жеке еңбек келісімі жұмыс беруші мен жұмысшы, ал ұжымдық еңбек келісімі жұмыс беруші мен жұмысшылар тобы арасында еңбек қатынастарын реттейтін ресми құжат. Келісімге отыратын жұмысшылар мынадай категорияларға бөлінеді:
- Тұрақты түрде жұмыс істейтіндер
- Уақытша жұмыс істейтіндер
- Негізгі жұмыс орны бойынша жұмыс істейтіндер
- Қоса атқарушылық бойынша жұмыс істейді
Еңбек келісімі жазбаша турде жасалуы тиіс. Бұл – екі тарап үшін де келісім шарттарын орындаудың кепілдігі болып табылады.
Еңбек келісімінде мынадай негізгі мәліметтер болуы тиіс:
- Келісімнің жасалған орны мен күні, айы, жылы;
- Екі тараптың толық және шартты атауы;
- Келісім нысанасы;
- Еңбек төлемі;
- Еңбек жағдайлары;
- Келісім мерзімі;
- Жұмыс берушінің және жұмысшының міндеттері мен құқықтары
- Келісімнің тоқтатылуы
- Дауларды шешу;
- Қорытынды ережелер және екі тараптың заңды мекен жайлары мен реквезиттері.
Сонымен қатар сынақ мерзімі, біліктілігін котеру т.б. сияқты қосымша шарттар көрсетілуі мүмкін. Еңбек келісімі екі дана болып жасалады. Оған жұмыс беруші мен жұмысшының қолы қойылып , мөрмен куәләндырылады. Оның бірі – мекемеде, екіншісі жұмысында сақталады.
Еңбек кітапшасы
Еңбек кітапшасы қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбек қызметін растайтын негізгі құжат. Бұл құжаттың үлгісін , жүргізу тәртібін және сақталуын, ЕтЗҚ және басқа да нармативті актілер белгілейді. Еңбек кітапшасын жұргізу кадр бөлімінің қызметкерлері мен басшылардан үлкен жауапкершілікті қажет етеді.
- … Еңбек кітапшалары мемлекеттік кооперативтік және қоғамдық кәсіпорындардың, мекмелер мен ұйымдардың 5 күннен астам жұмыс істеген барлық жұмысшылары мен қызметкерлеріне … жүргізіледі.
- Жұмысқа тұратын жұмысшылар мен қызметкерлер кәсіпорынның , мекеменің, ұйымның әкімшілігіне белгіленген тәртіп бойынша ресімдеген еңбек кітапшасын көрсетуге міндетті.
- Еңбек кітапшасынсыз жұмысқа алуға жол берілмейді…
- Еңбек кітапшасына мыналар еңгізіледі:
Қызметкер туралы мәліметтер: фамилиясы, аты, әкесінің аты, туған датасы, білімі, кәсібі, мамандығы;
Жұмысы туралы мәліметтер: жұмысқа алу, басқа жұмысқа ауыстыру, жұмыстан шығару. Қызметкер алынған жұмыстың немесе қызметтің аты туралы жазулар: жұмысшылар үшін жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік – мамандық анықтамасында көрсетілген кәсіптердің аттарына сәйкес: қызметкерлер үшін қызметкерлердің қызметтерінің бірінғай номеклатурасында көрсетілген қызметтрдің аттарына сәйкес немесе штаттық кестеге сәйкес жазылады;
Дипломдар берілген жаңалықтар туралы, пайдаланылған өнер табыстар мен рационализациалық ұсыныстар туралы және осыған байланысты төленген сыйлықтар туралы мәліметтер.
Жазалар еңбек кітапшасына жазылмайды
- Тағайындаулар, орнынан ауыстырулар мен жұмыстан шығару туралы еңбек кітапшасына (жапсырмаған) енгізілетін әрбір жазумен әкімшілік осы кітапшаның иесін таныстырып отыруға міндетті.
- Еңбек кітапшалары мен оларға жапсырмалар осы кәсіпорында, мекемеде, ұйымда іс қай тілде жүргізілсе сол тілде толтырылады. Егер іс одақтас немесе автономиялы респубиканың тілінде жүргізілетін болса, бұл ретте еңбек кітапшасы сол республиканың тілі мен орыс тілінде бірдей толтырылады.
- … Жұмыстан шығарылғанда… еңбек кітапшасына енгізілген барлық жазулар кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның басшысының немесе ол арнайы уәкілдік берген адамның қолымен және мөрмен шандырылады.
Тапсырыс.
- Тапсырыс түрі: алмастыру, алу, коммерциялық ұсыныс
- Тапырыстың мәтіндік сипаттау _____________________________
___________________________________________________________
- Тауардың атауы __________________________________________
- Тауардың бағасы ең аз ________________ ең көп ______________
- Тауардың саны ең аз ________________ ең көп ________________
- Жеткізілім шарты _________________________________________
- Төлем шарты _____________________________________________
- Жеткізілім шарты _________________________________________
- Ұсынысқа қосымша (құжаттар) ______________________________
____________________________________________________________
Тапсырыс беруші төлем жүргізу қабілеттілігіне /сатып алушы үшін/, тауардың болуына /сатушы үшін/ кепілдік береді.
Тапсырыс беуші осы тапсырыста шарттарына енгізілген өзгерістер туралы өндірістік – коммерциялық орталыққа дереу хабар беруге міндетті.
Кәсіпорын жетекшісі
Қолы_______________
Тегі, аты – жөні _______________
_____________________________