Жастар ортасындағы жезөкшелік көріністерімен деургізілетін әлеуметтік жұмыс ерекшеліктері

17 мая, 2018 15:27

Жоспары

Жезөкшелік ұғымы, спецификасы және түрлері Жезөкшелермен әлеуметтік жұмыс

І.Жезөкшелік ұғымы, спецификасы және түрлері

Жезөкшелік — (лат. арамдау, абыройын төгу) өмірсүру үшін қаражат табу мақсатымен, сондай-ақ жеке басынын баю мақсатын көздей отырып, өз денесін сататын (негізінен әйелдерге тән) әлеуметтік қүбылыс. Жезөкшелік (маскүнемдік, есірткі кұмарлық сияқты баска элеуметтік құбылыстар іспетті) тәртіпке сәйкес, басқа қылмыстардың (өлім, тонау, ұрлық, дене жарақаты және т.б.) жасалуына жағдай жасайды.

Жезөкшелік ежелден келе жатқан кәсіп болғанымен, ежелгі казақ қоғамында жезөкшелік құбылысы болған емес, казактың ескі әдет-ғұрып заңдары жезөкшелікке жол бермеген.

Жезөкшелік кұбылысы біздің еліміздің өміріне өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап ене бастады, қазір бұл кауіпті кұбылыс елімізде етек алды. Жезөкшелік дегеніміз жеке тұлғаның сыйакы алып, басқа адаммен бейберекет жыныстық қатынаста болуын айтамыз. Жалпы жезөкшелікпен әйелдер айналысады, ал казіргі тәжірибе көрсетіп отырғандай жезөкшелікпен ер адамдардың да акы алып айналысатыны көрініс алып отыр. Мысалы, ағылшын заңдылықтарында жезөкшелік деп әйелдердің өз денесін накты төлем алу максатымен тәртіпсіз азғындыкка салуы немесе ұсынуы белгіленген; Болгарияда — адамгершілікке жат қызметтен түсетін еңбексіз пайда табу; АҚШ-та — сыйақы үшін жыныстық қатынаска түсу, ал Чехословакияда өмір сүру үшін еңбектен жалтарып пайда табу ретінде қарастырылады. Осы айтылған барлык түсініктер әрекеттің адамгершілікке қарсы жақтарын, пайдақорлыкпен  байланысты   жақтарын     ашып       отыр.

Жезөкшелік — өте қауіпті құбылыс. Ол ең алдымен қоғамдык адамгершілікті аяққа таптайды, қалыптасқан отбасының рухани құндылықтарын аяққа басады. Арсыздыкты, дөрекілікті, ұятсыздыкты, есепқорлыкты дәріптеп, адалдық, сүйіспеншілік, махаббат, сенім, отбасына деген құрметті сезімдерді жоққа шығарады.

Жезөкше төсек ақысы үшін не бір сұмдық, кауіпті іс-әрекеттерге дайын тұрады.

Жезөкшеліктің белгілері:

  1. әрект етуіне қарай — клиенттердің жыныстық кажеттіліктерін Қанағаттандыру;
  2. әрекеттің сипатына қарай — сезімнің әуестігінсіз әртүрлі тұлғалармен жыныстык қатынаста болып, Клиенттердің кұштарлығын кез-келген формада қанағаттандыруға бағытталған жүйелі кәсіп;
  3. әрекеттің себебіне карай — жезөкшелердің негізгі немесе күн көріс болып табылатын, алдын ала келісілген ақшалай немесе материалдық құндылық ретіндегі сыйақы.

Жезөкшелік категорияларға карай бөлінеді:

Элиталық: материалдық жағынан толық қамтамасыз етілген азғантай топтан түратын жезөкшелер, олар жоғары ақыға жұмыс істейді. Тұрақты элиталы клиенттерге қызмет көрсетеді;

Бір реттік: сыртқы әлпеттері тартымды, өздерін күтетін топ, клиенттерге тапсырыс түсіру бойынша, арнайы мекемеде жұмыс істейтін топ;

Ныкка артылатындар: (алыс жолға шығатындар): жүк машина жүргізушілеріне немесе алыс сапарға баратын трейллер жүргізушілрге қызмет көрсетеді. Олардың негізгі жұмыс орны — тұрақтар, жүргізушілер демалатын жерлер, жанар май кұю станциялары, жол бойындағы асханалар;

Автокөліктік (трассалық): негізінен жеңіл автокөлік жүргізушілері мен жолаушыларга автокөліктің салонында қызметкөрсететін кәмелетке толмаған жезөкшелер;

Вокзалдық: алкаш-жезөкшелер, өздерін негізінен ішімдік үшін, аз ғана ақы үшін ұсынатындар, олардың ішінде кәмелетке толмағандар өте көп.

Мектеп оқушылары: кәмелетке толмаған (8 жастан бастап) жыныстық қатынаска азғантай қаражат үшін, көбінесе антисанитарлық жағдайда (вокзал дәретханасы, жертөле, т.б. жерлерде) кызмет көрсетуге ата-аналары немесе студенттер тарапынан  мәжбүрлеу арқылы          баратындар.

Жезөкшеліктің тағы бір коғамға кауіптілігі сол — олардың басым көпшілігі жасанды түсік тастайды, заңсыз аборт жасайды, әкесіз, некесіз туған жас нәрестелерін караусыз тастап кетеді, ал қыз балаларын өз кәсібіне баулитын жезөкшелер де пайда бола бастады.

Жезөкшелікпен айналысатындар қоғамға пайдалы еңбектен жалтарып, жеңіл табыс табу үшін арамтамақтық кәсіпке үйренеді, олар адамгершілік қасиеттерді жоғалтып, құлдырауға ұшырап, моральдық ауытқушылыққа тап болады.

Жезөкшеліктен қыруар қаржы табуға болады. Тек жезөкшелер ғана емес, жеңгетайлар да, олар шоғырланып отыратын сауна, қонақүйлер де, тіпті жезөкшелердің «жеке меншік» жүргізушілері де дән риза. Оған көрсе де, көрмегенсіп, түйеқұстың кейпіне еніп жүрген полиция қызметкерлерінің калтасына түсетін каржыны да косыңыз. Бір ауыз сөзбен айтсақ, бұл кәсіп түрі тасы өрге домалаған бизнес көзіне, заңсыз рынокқа айналды десек те болады. Мұндай секс-кызмет рыногын казір жік-жікке бөліп те қарастыруға болады. Неше «түске боялып» жатса да онымен қазір ешкімді таңғалдыра алмайсың. Трансвистит, көгілдірлер, лесбиянкалар, тіпті ерлі-зайыптыларға кызмет көрсететіндер де өздерін ашық жарнамалап жатады. Қыз-келіншектердің көңілін көтеруге дайын жігіттердің де жағдайы жаман емес. Нәзік жандыларымыздың кезекке алдын ала жазылып қоятындарын кайтерсіз! Енді бағаларына токталайық..Естуімізше, ерлі-зайыптыларға арналғандар сағатына 10 мың теңге табады. Ал жоғарыда сөз болған кыз-келіншектер «көңілін тапқан» жігіттердің қалтасына ойланбастан 7-8 мың салып береді деседі. Трансвеститтер кымбаттау ма деп қалдық. Жейдені көйлекпен алмастырған олар өз кызметтерін 80-100 долларга бағалайды. Алматылық жезөкшелердің қаламыздың бес көшесінде бөлініп тұратыны көпшілікке мәлім. Атап айтсак, Саин, Сейфуллин, Әуезов пен Гоголь көшелерінің киылысы, Құрманғазы мен Пушкин және Абылайханнан Мақатаевка дейін. Бір айта кетерлігі, жезөкшелер аталған көшелерге бөлінерде өздерінің келбетін ескеретін көрінеді. Мэселен, орталык көшелердегі кыздар көрікті болып келсе, бағалары да баскаларынікіне қарағанда жоғарылау. Ал жалпы айтсақ, 3 мыңнан 6 мыңға дейін. Қазақстан географиялык жағынан есірткі тасымалы үшін транзиттік жолға айналып, ақыр аяғында бармағымызды тістеп отырмыз. Енді міне, жезөкшелік жакын шет елден келген қыздардың есебінен барған сайын дендеп барады. Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Ресейден және Украинадан ағылып келіп жатқан қыздар өздерін тым еркін сезініп, ешкімнен тыйым көрер емес. Неге екенін қайдам, Ресей мен Украинадан келгендер сағатты койып, тәулікке жалданғанды тәуір көретін көрінеді. Бір тәулікте ол сылқымдарың 1000-1500 долларға дейін табыс табатын көрінеді. Тәуелсіз сарапшылардың дерегіне жүгінсек, бүгінгі күні Қазақстанда сырттан келгендерді қоспаганда, 10 мыңнан астам жезөкше бар. Жезөкшеліктің заңдастырылмағанына карамастан, олардың қатары күннен- күнге өсуде. Құкык корғау органы кызметкерлерінің айтуына карағанда, жезөкшелікпен күресу мүмкін емес. Өйткені Қылмыстык кодекстен бұл бап алынып тасталған. Демек, оларға не заңды түрде рұксат етілмейді, не жазаға тартылмайды.

  1. Жезөкшелермен әлеуметтік жүмыс

Әлемдегі жезөкшелікпен күресу тэжірибесіне назар аударсақ, көпшілігінде бұл күқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылық көзделген, ал кейбір елдерде қылмыстық жауаптылық карастырылған. Мысалы, Албанияның (1959 жылғы), Кореяның (1950жылғы), Моңғолияның (1942 жылғы және 1961 жылғы), Румынияның (1948 жылғы), Австралияның (1945 жылғы), Данияның (1930 жылғы) және АҚШ-тың (Индиана және Нью-Иорк штатының) бұрынғы қылмыстық зандарында жезөкшелік үшін қылмыстық жауаптылык карастырылған болатын. Мысалы, Египет зандылығына сэйкес, қоғамдық орында сүйіскені үшін екі адамды да екі жылға бас бостандығынан айыру көзделген. Ал, некесіз жыныстық катынасқа түскені үшін кем дегенде үш жыл түрмеге қамау (соның ішінде шетелдіктер үшін де) көрсетілсе, сұлулық конкурсын өткізуге рүқсат етілмейді, яғни тыйым салынған Малайзияда қоғамдык орында сүйісу, құшақтасу жіне басқа да жат құбылыстар үшін ақшалай айыппұл қарастырылған.

Англияда жезөкшелікпен айналысқаны үшін екі жүз фунт стерлингке Дейін айыппұл салынады. Егер бір адамға екі рет айыппұл салынған болса, үшінші рет ол адам үш айға дейін бас бостандығынан айыру жазасына тартылады. АҚШ-та федералдық заңдылық бойынша әскери бөлім маңында жезөкшелікпен айналысқаны үшін қылмыстық жауаптылық (мың долларға дейін айыппүл немесе бір жылға дейін түрмеге қамау) белгіленген. Иранда жезөкшелікпен айналысқаны үшін өлім жазасы бекітілген. Ал, Қытайда жезөкшелікпен күресу туралы арнайы заң бар. Осы заңға сәйкес, ең жоғарғы жазалау шарасы, яғни осы кәсіппен айналысуға тартқаны үшін өлім жазасы карастырылған (жазаға жеңгетайдан бастап, жезөкшеге дейің тартылады).

Қазіргі Қазакстан Республикасының Қылмыстық кодексте жезөкшенің өзін қылмыстық жауапқа тартатын бап жоқ. Қылмыстық кодексте жезекшелікпен айналысуға тартқаны (270-бап) және жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастырғаны немесе ұстағаны және жеңгетайлық жасағаны үшін (271-бап) қылмыстық жауаптылық кана көрсетілген. Ал жезөкшелердің тікелей өзі теріс әрекеттері үшін тек кана әкімшілік жауапқа тартылады да, қылмыстық жауаптылықтан тыскары калады. Сөйтіп олар өз «қызметін» одан әрі жалғастыруға мүмкіндік алып, оларды жезөкшелікпен айналысуға тартқан, немесе притонда ұстаған, жеңгетайлық жасаған субъектілердің жаңа тобы қылмыстық жауапқа тартылып, жазаланады. Яғни бұл ретте жезөкшелер кылмыстың қайнар көзі болып, көшеде қала береді.

Жезөкшелікпен күресу үшін:

  1. ең алдымен жеңгетайлардан құтылып, порнобизнестін кұрбандығына еріксіз тартылған қыздарымызға көмектесуіміз керек.
  1. өмірде қиын жағдайға ұшыраған әйелдермен жасөспірімдерге әлеуметтік көмек ретінде арнайы бейімделген орталықтар ашу керек.
  2. жезөкшелікті заңдастыру керек. Себебі жезөкшелікті мемлекет заңдастырса, көптеген проблемалар өз шешуін табады деп ойлаймын. Мысалы, жезөкшелікті зандастырғанда, жезөкшелікпен айналысатын адамдар 1) медициналык тексерістен өтеді, медициналық тексеріс арқылы Қазакстан Республикасында мынандай аурулар ЖҚТБ немесе ВИЧ сияқтылары азаяды. 2) медициналық тексерістен өткен адамдар мемлекетпен арнайы еңбек шартына отырады. Осы еңбек шартына отырған адамдар белгілі бір жалақы алады. 3) Жезөкшелікті заңдастырғаннан кейін, жезөкшелер еңбек шартына отырғандықтан басқа еңбек ететін адамдар сияқты мемлекетке салық төлейді, ал жезөкшеліктен түсетін салық мөлшері мемлекетке миллиондаған қаражат әкеледі.
  3. адам өлтіру әсіресе ерекше жезөкшелер арасында көп кездеседі. Мысалы, қазіргі таңда жезөкшелерді белгісіз бір жерге апарып жыныстық қатынастан кейін оларды өлтіріп тастайды. Сол үшінде жезөкшелерді зандастырса оларға арнайы мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі.
0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля