Захириддин Мұхаммед Бабыр

8 декабря, 2017 15:57

Көрнекті мемлекет қайраткері, даңқты қолбасшы, сонымен бірге, ғажайып өлең-жырлар жазып қалдырған лирик ақын, дарынды жа- зушы, ғұлама-ғалым, атақты тарихшы. Ол 1483 жылы 14 ақпанда Әндіжан қаласында туылған. Бабырдың әкесі Омар Шейх — әйгілі Әмір Темірге туажат болып келеді. Шешесі — шағатай әулетінен шыққан Жүніс ханның бәйбішесінен туылған екінші қыз — Құтлық Нигар ханым болған. Жүніс ханның тұңғышы қызы — Михр Нигар ха- ным, ал кенже қызы — Хуб Нигар ханым — қазақтың белгілі тарихшысы Мұхаммед Хайдар Дулатидің анасы екені мәлім. Қазақ ханы Сүлтан Ахмет, яғни Алаша хан осы Жүніс ханның екінші әйелі — Шаһ бегімнен туылған.

Жастайынан өнерге, білімге к,ұштаР болған Бабыр түркі тілдерімен қатар араб және парсы тілдерін жете меңгеріп, ІІІығыстың классикалық поэзиясынан еркін су- сындаған, тарих, философия, табиғаттану ғылымдары бой- ынша, сондай-ақ сәулетшілік (архитектура) және соғыс өнері бойынша өз заманына лайықты едәуір білім алған жан. Ержүрек батырлығы үшін оны бала кезден-ақ Бабыр (арабша бабур — арыстан деген сөз) деп атап кеткен.

Әкесі қайтыс болғаннан кейін он екі жасар Бабыр Ферғана уәлаятының әмірі болып, таққа отырды. Бүл — қылыштың күшімен Әмір Темір қүрған мемлекеттің іштей әбден ыдырап, әмірші үрпақтарының билік үшін күнде өза- ра қырық пышақ болып соғысып жатқан кезі еді.

Бабырдың мақсаты — Амудария мен Сырдария ара- лығында, яғни Мауараннахрда бір орталыққа бағынатын қуатты мемлекет қүру болды. Сол арманына жету үшін ол көп жылдар бойы әрекет жасап, талай суық жорықтарға аттанады. Бірақ онысынан нәтиже шықпайды.

Ақыры Шайбани хан бастаған ру-тайпалардың те- геуірініне төтеп бере алмаған Бабыр өзіне сенімді бір топ нөкерлерімен Ауғанстанға келеді. Сосын, одан әрі Үндістанға қарай бет алады. 1525 жылы ол Дели сүлтаны Ибрагим Лодидің әскерін быт-шыт етіп жеңеді. Сөйтіп, Ба- быр Үндістан билеушісі болады. Үш жүз жыл бойы, яғни XIX ғасырдың бас кезіне дейін (Индияны ағылшындар жа- улап алғанға дейін) өмір сүріп келген Үлы Моғол империясының           (1526—1858)                негізін қалаған мемлекет

қайраткері ретінде Бабырдың есімі тарихтан жақсы мәлім.

Рас, үнді елін жаулап алу үшін қан төгілген соғыстар болды. Әйтсе де Бабыр негізін қалаған мемлекет Үндістанның қоғамдық-саяси және экономикалық, мәдени өмірінде, өркендеп өсуінде үлкен рөл атқарады. Бір орталыққа бағынатын мемлекет қүрылған соң ғана үнді елінде ғасырлар бойы тынбай жүргізіліп, еңбекші ха- лықтың қанын аяусыз төгіп келген жергілікті феодалдар- дың өзара бақталас соғыстары тоқтатылды. Халық бейбіт еңбекке көшті. Жаңадан көптеген үлкен каналдар қазылып, шөлді жерлерге су шығарылды. Егіншілік мықтап дамыды. Бабырдың әмірімен жаңа қалалар, ғылым және мәдениет орталықтары салынды.

Жаңа Үндістанды қүрушы үлттық басшы ретінде та- рихқа енген мемлекет қайраткері, жалынды публицист Джавахарлал Неру өзінің әйгілі „Индияны ашу» деген кітабында Бабырды „жылы жүзді, батыл, іскер жан, өнер мен әдебиетті бағалай білген қайраткер» ретінде сипаттап,

 

ол туралы зор қүрметпен сөйлейді. Ол Бабыр билеген дәуір жөнінде айта келіп, „бул кезде Индияда үлкен игілікті өзгерістер өмірге келді. Жаңа бір леп есіп, мүның өзі өнер, сәулет, тағы басқа мәдениет салаларын қүлпыр- тып, жақсартып жіберген еді» деп жазады*. Бабыр 1530 жылғы желтоқсанның 2 6 жүлдызында Индияның сол кез- дегі астанасы Агра қаласындағы өзі салдырған Зарафшан деп аталатын бау-бақшалы мекен-жайда қайтыс болады.

Абай өзінің „Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген қара сөзбен жазылған еңбегінде: „Белгілі Бабыр патшаның шешесімен бір туысқан екі бауыры болған. Үлкені Ташкентте хан болып, кішісі қазақты биле- ген. Бүлар Шағатай нәсілінен Жүніс ханның балалары болған. Сол қазақты билегеннің аты Ахмет екен. Сол аз уақытында аттанысқа жарарлық қазақтан үш жүз әскер шығарып, үш жүз басыға билетіпті. Әр жүздің халқы ын- тымағымен бір туысқанға есеп болыпты. Қазақтың “Үш жүздің баласы» дейтүғыны — сол. Ахмет хан қалмақты көп шауыпты, көп қырыпты. Қалмақ рақымсыздығына қарай „мынау бір алаша болды ғой“ депті, жан алушы бол- ды дегеннің орнына. Сондықтан ол кісі Алаша хан атанып- ты. „Бабыр-намеде» солай жазылған» дейді (103, 222—223).

Қазақ халқының азаматтық тарихына тікелей қатысты „Бабыр-намедегі» қызықты мәліметтерге, әсіресе төрт жүз мың нөкері болған қазақ ханы Арслан (Арыстан) жөніндегі деректерге кезінде Шоқан Уәлиханов ерекше назар аударып, бүл шығарманы осы түрғыдан аса жоғары бағалағаны мәлім.

Ал, енді Мүхтар Әуезовтың атақты „Абай жолы» эпо- пеясынан бір сөйлем оқып көрейік. „Абай… кедей Бабыр, Науаи, Аллаяр сияқтыларды оқып-оқып кеп, өзі де қағаз, қарындаш алып, соларша бірдемелер жазып кетеді».

М. Әуезов ақындық туғыры биік түрған Науаиді емес, ғүмыр бойы өзін шайырдың шәкірті санап кеткен, Науаи- дан қырық екі жас кіші Бабырды алдымен ауызға алады. Бүл кездейсоқтық па? Әрине, олай емес. Өйткені кезінде қазақ қауымына Науаи ғазалдарынан гөрі „Бабыр-наме» жақсырақ таныс еді. Неге? Мүның сыр-себептері көп… Б і р і н ш і д е н, „Бабар-наме» қазақ қауымының тарихы- на, рухани өміріне тікелей қатысы бар, қазақ еліне өте- мөте жақын туынды екенін жоғарыда айттық. Е к і н ш і- д е н, „Бабыр-наме» кезінде Орта Азия түріктерінің әдеби тілі болған шағатай тілінде жазылғаны мәлім. Ал, шағатай тілінің қүрамында араб-парсы сөздері басым болып келеді.

Бұрын қазақ даласындағы мектеп-медреселерде оқитын шәкірттер алдымен осы шағатай тілін үйрену арқылы Шығыс классикалық поэзиясының алтын қазынасымен танысуға әрекет жасап отырған. Басқаша айтсақ, шағатай тілін оқып-үйрену — араб және парсы тілдерін меңгерудегі алғышарт, алғашқы басқыш саналған. Міне, сондықтан да қазақтың азды-көпті оқыған азамат- тарының бәрі дерлік кезінде „Бабыр-намемен» жақсы та- ныс болған.

Біз „Бабыр-наме» шағатай тілінде жазылған деп жүрміз. Ол қандай тіл? Сол жөнінде бірер сөз айта ке- тейік.

Кезінде Шағатай (Шыңғысханның Жошыдан кейінгі екінші баласы) хан билеген өлке „Шағатай үлысы» деп аталғаны тарихтан жақсы мәлім. Алғашқы кезде Шағатай мемлекетіне қарасты түріктердің тілін — шағатай тілі де- се, ал кейінірек барып Орта Азия мен соған көрші отырған (Сыр бойында Еділ мен Жайық, Арал мен Каспий жағалауларында, т. б.) бүкіл түркі халықтарының бәріне бірдей ортақ тілді шағатай тілі деп атап кеткен. Бүл тілді қазір орта ғасырлық түркі әдеби жазба тілі деп те атайды. Ал Бабыр заманында „шағатай тілі» дегеннен гөрі түрікше, түркі, түрік тілі секілді атаулар көбірек қолданылған.

Әйтсе де шағатай тілі туралы күні бүгінге дейін түрко- логия ғылымында ортақ пікір жоқ. Мәселен, кейбір ғалымдар (А. К. Боровков) шағатай тілі деген терминді „ескі өзбек тілі» деген тіркеспен алмастырып жүр. Біздің ойымызша, бүл дүрыс емес. Кезінде тіпті Әлішер Науаидің өзі де „Мизан-у ләфзан» («Өлең өлшемі») деген еңбегінде: шағатай тілі — басқа түркі тілдерінен, соның ішінде өзбек тілінен де бөлек, өзге тіл деп таныған. Тіл тарихын зерттеген көрнекті ғалымдардың көпшілігі (А. Вамбери, А. Н. Самойлович, Ә. Н. Нәжіп, т. б.) шағатай тілін — Орта Азия мен оған көршілес аймақтарда XI—XVI ғасырларда қалыптасып, дамыған түркі жазба әдеби тілі деп біледі. Сонымен „Бабыр-наме» кітабы бір кезде қазақтардың да ата-бабаларына ортақ болған орта азиялық әдеби тілде (түркі немесе шағатай тілінде) жазылғаны анық.

„Бабыр-наменің» тілі жөніндегі осы пікірімізді енді нақты мысалдармен дәлелдеп көрейік. Мәселен, Бабыр тауда өсетін тобылғы туралы айта келіп, былай деп жаза- ды: „Тобүлғу бір йағачедүр, посты қызыл, аса қылурлар қамчы дәстәсі хам қылурлар, қүшләрға қапас қылурлар, таруш қылыб тіргәз қылурлар, хейли йақшы йағаядүр. Те- беруклук білә йірак, йерлерге елтерлер»—деп жазады. Аудармасы: „Бұл тауларда тобылғы ағашы бар, ол өзге еш жерге өспейді, одан аса таяқ жасайды, қамшы сабын жа- сайды, құстарға тор-қапас жасайды, жонып, жебе жасай- ды, өте жақсы ағаш саналады. Оны тәберік ретінде алыс жерлерге апарады».

Тағы бір мысал келтірейік: „Бү накахы йақшы аулақ йерлер бүлур. Иламіш дариясынинг йақинідәгі қалинг чен- геллерде бұғу, марал уа тоңқұз көп бұлур. Ушақ-ушақ чен- геллерде қырғауыл уа тауұшқан қалиң бүлур. Пуштасида түлкісі бисаиар бұлур, даркамин булур». Аудармасы: „Бұл өлке — аңшылық үшін өте жақсы, қолайлы жер. Иламіш өзенінің маңындағы қалың шеңгел ішінде бұғы, марал және жабайы шошқа көп болады. Қырлы жерлерде түлкі қаптап жүреді».

Иә, „Бабыр-намені» бүгінгі қазақ оқырманының түсінуі де онша қиынға соқпайды.

„Бабыр-наме»— энциклопедиялық шығарма. Мұнда та- рихи оқиғалармен бірге, табиғаттану, география, топогра- фия, әдебиеттану, тіл білімі, этнография, тағы басқа ғылым салаларына қытысты өте бағалы мәліметтер жинақталған.

Бабыр өзі болған, соғысқан жерлердегі таулар мен кең жазира далаларды, сан қилы өсімдіктер мен хайуанаттар- ды, түрлі халықтардың әдет-ғүрпы, тілі, әдебиеті мен өнері, кейбір сөздердің этимологиясы жайлы нағыз ғалымға тән дәлдікпен, әрі үшқыр қиялды жазушыға ғана тән шеберлікпен бейнелеп жазады.

Бүдан бес жүз жылдай бүрын қай жерде қандай өсімдіктер өскенін, қай елде қандай жан-жануарлар тіршілік еткенін, қай жерде көл, қай түста шөл болғанын, қайсы өзен қайсы теңізге қүйғанын білу — бүгінгі ғылымның табиғаттану салаларын (география, ботаника, зоология, т. б.) дамыта түсу үшін аса қажетті баға жетпес материал екенін бүгінгі ғылыми-зерттеу көрсетіп отыр. Мәселен, Бабырдың кезінде Сырдария өзені қазіргідей Арал теңізіне қүймаған екен. „Сейхун өзені Түркістаннан едәуір төменірек жерде, ешқандай өзенге қосылмай, түгелдей қүмға сіңіп таусылады». Демек, Сырдария кейінгі кезде ғана ағыс бағытын өзгертіп, Аралға қүятын болған. География ғылымының ежелгі тарихын зерттеушілер үшін бүл мәліметтің маңызы зор.

„Бабыр-наме» тарихи, ғылыми еңбек қана емес, соны- мен бірге түркі (шағатай) тілінің мол мүмкіндіктерін зор шеберлікпен пайдалана отырып жазылған көркем туынды.

Рас, бүл прозалық шығарманың негізі объектісі тарихи оқиғалар болып келеді. Әйтсе де автор сол тарихи оқиғаларды баяндап шығумен шектеліп қалмайды. Ол көркем шығармаға тән метафора, теңеу, метатеза, эпитет, гипербола, т. б. көріктеу құралдарын „Бабыр-намеде» зор білгірлікпен қолданғаны еріксіз назар аударады.

„Бабыр-намеде» туркі тілдес халықтардың ертегі- аңыздары, мақал-мәтелдері, фразеологиялық сөз тіркестері, айшықты теңеу сөздері жиі ұшырайды. Бабыр өз дәуірінің әдеби тілі — шағатай тілін осы шығармасында мейлінше ажарлап, құбылтып, айшықтап қолданады. Бүл сөзімізге „Бабыр-наменің» кез келген бетін ашып жіберіп, дәлел келтіруге болады.

Сөйтіп, „Бабыр-наме» авторы бейнелі көркем сөздер- мен тарихи оқиғалардың жанды картинасын жасап шыққан дарынды суретші екені даусыз. Ол, әсіресе, өзі тікелей қатысқан қан майдан, қырғын соғыстар картина- сын бейнелеп жазуға шебер.

Жазушы ерлікті, батылдықты көкке көтере ма- дақтайды. Ал, қоян жүрек қорқақтықты, опасыздықты жер-жебіріне жеткізе әшкерелейді. Ең бастысы — патша тағына таласып, өзара қырық пышақ болып қырқысып жатқан соғыстардың адам табиғатына жат, жиіркенішті жақтарын оқушысына егжей-тегжейлі, зор білгірлікпен суреттеп көрсетеді. Автор мән-мағынасыз қан төгуден оқушысын сақтандырғысы келетін сияқты.

Сонымен бірге, Бабыр кезінде есімі әлемге әйгілі, да- рынды қолбасшы, жаужүрек батыр болған адам. Бүл жөнінде XIX ғасырдың белгілі шығыстанушы ғалымы Н. И. Веселовский мынадай пікір айтқан: „Бабыр батыр- лығының шегі жоқ деуге болады. Оның бүкіл ғүмыры ба- тырлықтың үлгісі секілді. Тіпті ол Шайбанидің он бес мың әскері түрған Самарқанды өзінің небәрі екі жүз кісілік от- рядымен жаулап алуға тәуекел жасады ғой. Тек тәуекел жасап қана қойған жоқ, жауды шынында да қаладан қуып шықты. Бабыр империясының пайда болуын айт- саңызшы! Бабыр Ибрагим Лодидің қолынан қүдіретті Үн- дістанды түкке түрғысыз қарудың жәрдемімен тартып алған».

„Бабыр-намеде» тарихта болған көптеген көрнекті адамдардың — қол бастаған батырлардың, ғалымдардЫң, сәулетші-шеберлердің, ақындардың, тағы басқа өнер адамдарының психологиялық портреті, әдеби бейнесі жа- салған. Лауазымы, атақ-дәрежесі, үлты, жасы, мінез- қүлқы, діні, т. б. әртүрлі болып келетін сол тарихи адамдардың бәрі бір-бірімен шығарманың ең басты қаһарманы Бабырдың өзі арқылы байланысып тұрады. Бүл көркем туындының өзіне тән оқиға желісі, сюжеті, компо- зициялық қүрылысы бар. „Бабыр-наме» оқуға жеңіл, оқушысын бірден баурап әкетеді.

Жиһанкез Бабыр өзі жүрген жерлердің табиғатын — тауларын, өзендері мен көлдерін, орман-тоғайларын, аңдары мен қүстарын нағыз суретшіге тән шеберлікпен бейнелеп көрсетеді. Автор қара сөзбен айтып жеткізе ал- маған кейбір ғажайып көріністерді лирикалық өлең жол- дарымен суреттеп өтеді. Әлемге есімі мәшһур шығыстанушы ғалым, академик В. В. Бартольд „Бабыр-на- менің» көркемдік дәрежесін жоғары бағалай келіп, оны „түркі тіліндегі прозалық шығармалардың ең жақсы үлгілерінің бірі» деген еді.

Қорыта айтқанда, „Бабыр-наме» шын мағынасындағы энциклопедиялық шығарма. Мүнда ғылымның сан түрлі са- лалары жөнінде аса қүнды мәліметтер берілген. Қазақ халқының азаматтық тарихына, әсіресе, әдебиеті мен тіліне, этнографиясына қатысты материалдар Бабырдың осы еңбегінде мейлінше көп жинақталған.

Орта Азия мен үнді елінде XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың бас кезінде болған тарихи оқиғалардың, сол кездегі мемлекет аралық қарым-қатынасты дәл осы кітаптағыдай толық әрі шебер суреттейтін бірде-бір әдеби және тарихи ескерткіш жоқ. Әсіресе, мүнда сол кездегі Үндістан туралы егжей-тегжейлі, зор ілтипатпен жа- зылған. Бабыр үнді елінің сүлу табиғатына таңырқап, ол жөнінде мақтанышпен былай дейді. „Біздің жермен са- лыстырғанда бүл өзі таңғажайып ел, мүлдем басқа дүние деуге болады. Таулары, өзендері, ормандары, далалары, қалалары, өлкелері, хайуанаттары, адамдары, тілдері, жау- ыны мен желі — мүндағының бәрі біздегідей емес, басқаша болып келеді… Синд өзенінен өткен бойда-ақ жер мен су, ағаштар мен тастар, жолдар мен әдет-ғұрып- тар бірден өзгеріп сала береді».

Орта Азия мен Үндістанда „Бабыр-намені» тарихи, ғылыми еңбек ретінде мейлінше жоғары бағалаған. Сол дәуірдің көрнекті тарихшы-ғалымдары Бабырдың осы еңбегіндегі деректерден пайдаланып отырған. Бабырдың немересі Акбар шахтың (1556—1609) тұсында „Бабыр- наме» шағатай тілінен парсы тіліне аударылды.

„Бабыр-наменің» қолжазбасын түңғыш рет Тимур Пу- лат деген кісі 1714 жылы Бүхара қаласынан тауып, оны кейінірек белгілі ғалым Георг Джекат Кер С.-Петербург- те зерттей бастайды. Осы қолжазбаны негіз етіп алған

Н. Ильминский „Бабыр-намені» 1857 жылы Қазан қаласында бастырып шығарады.

„Бабыр-наменің” тарихи, әдеби, тілдік тұрғыдан теңдесі жоқ ғылыми еңбек екенін ертерек аңғарған Батыс Европа және орыс ғалымдары оны зерттеуді, өзге тілдерге аударуды өткен ғасырда-ақ қолға алған еді. Мәселен, ағылшын ғалымдары У. Эрскин мен Ж. Лейден „Бабыр-на- мені» түпнұсқадан ағылшын тіліне аударып, оны 1826 жы- лы Лондонда бастырып шығарады. Бабырдың басты еңбегін тәржіма жасаух осы кезде Германияда қолға алынған еді. „Бабыр-намені» ағылшын тілінен неміс тіліне біршама қысқартып аударғандар: алдымен Я. Клапрат, кейінірек А. Кейзер (1828 жылы) болды. Сөйтіп, „Бабыр- наме» 1828 жылы неміс тілінде Лейпцигте жарық көрді. Белгілі француз ғалымы Паве де Куртейл „Бабыр-намені» француз тіліне толық аударып, 1871 жылы Парижде же- ке кітап етіп шығарды.

Англияның белгілі шығыстанушы ғалымы Аннет Беве- ридж „Бабыр-намені» ұзақ жылдар бойы жан-жақты зерт- теп, оны 1905 жылы ағылшын тіліне қайта аударма жасап шықты. А. Беверидж „Бабыр-наменің» ғылыми тұрғыдан аса қүнды зерттеу екенін дәлелдей келіп, Бабырдың бүл шығармасы ағылшынның атақты тарихшысы Э. Гиббон (1737—1794 ж.) мен үлы физик И. Ньютон (1643— 1727 ж.) мемуарларынан кем түспейтін, солармен тере- зесі тең түрған еңбек деп бағалайды.

Ал қазақтың түңғыш тарихшысы Мүхаммед Хайдар Дулатидің (1499—1551 ж.) „Тарих-и Рашидиін» парсы тілінен ағылшын тіліне аударып, оны 1895 жылы Лондон- да бастырып шығарған ағылшынның атақты шығыстанушы ғалымы Э. Денисон Росс (1871 —1940 ж.) „Бабыр-на- мені» мейлінше жоғары бағалайды, әрі оның көне түркі тілінде жазылған шығарма екеніне ерекше назар аудара- ды: „Бабырдың бүл мемуарын — адамзат тарихында осы күнге дейін жазылған ең қызықты, ең романтикалық әдеби шығармалармен қатар қойып қарауға болады. Бүл өзі Бабырдың ана тілі болып табылатын түркі тілінде жа- зылған».

„Бабыр-намені» зерттеу, өз тілдеріне аударма жа- сау, бастырып шығару істеріне Индия (М. Н. Хайдар, С. А. Шарми, Р. П. Трипатхи), Ауғанстан (А. X. Хабиби, А. А. Кохзад), Түркия (Р. Р. Арат, И. Н. Баюр); Пәкістан (Р. А. Надви, А. Мавлийат), т. б. Шығыс елдерінің ғалымдары да едәуір үлес қосты.

Н. И. Пантусов, С. И. Поляков және В. В. Вяткин секілді орыс зерттеушілері „Бабыр-наменің» жеке тарау- ларын орыс тіліне аударған еді.

Бабырдың басты шығармасы орыс тілінде үш рет басы- лып шықты. Оны орысшаға тәржіма жасаған М. А. Салье болды. Өзбек тіліне „Бабыр-наме» 1959 жылы аударылды.

Шығыстанушы ғалымдар „Бабыр-намені» жан-жақты зерттей отырып, бұл кітаптағы баға жетпес тарихи матери- алдарды өз еңбектерінде барынша кеңінен пайдаланып келеді. Бүл салада, әсіресе, тарихшы (В. В. Бартольд, А. Ю. Якубовский, С. А. Азимжанова), әдебиетші (Е. Э. Бер- тельс, X. С. Сүлейменов, И. В. Стеблева) және лингвист (А. Н. Кононов, А. К. Боровков, X. Назарова) ғалымдардың зерттеулері мейлінше жемісті болды.

„Бабыр-намені» оқып-үйренуге деген ынта-жігер бүкіл дүние жүзінде жылдан-жылға артып келеді. ЮНЕСКО- ның (Біріккен Үлттар Үйымының халық ағарту, ғылым мен мәдениет мәселелері жайындағы мемлекетаралық үйымы) арнайы қаулысы бойынша „Бабыр-наме» 1980 жылы француз тіліне қайта аударылды. Бакье-Граммон осы аудармасы үшін ЮНЕСКО-ның арнайы тағайындалған сыйлығын алды.

„Бабыр-наменің» француз тілінде шыққан жаңа басы- лымына есімі әлемге мәшһур шығыстанушы ғалым Луи Базен алғы сөз жазды. Алғы сөзден соң Өзбекстан (С. А. Азимжанова), Ауғанстан (А. Хабиби) және Индия (Мухиб-ул-Хасен) ғалымдарының бас мақалалары берілген. Бүл мақалаларда Бабырдың басты еңбегін ма- ман-ғалымдар мейлінше жоғары бағалаған.

Бабырдың әдеби-тарихи мүрасын ғылыми түрғыдан зерттеу, өзге тілдерге тәржіма жасау және шығармаларын бастырып шығару ісіне, әсіресе, өзбек ғалымдары мен жа- зушылары мол үлес қосып келеді. „Бабыр-наменің» түпнүсқа мәтіні 1948 жылы Ташкентте басылып шықты. Ал, 1965—1966 жылдары Бабыр шығармаларының үш томдығы жарық көрді. Бүл басылымның бірінші томына Бабырдың өлеңдері, екінші және үшінші томдарына „Ба- быр-наме” енген. „Бабыр-наменің» М. А. Салье аударған орысша нүсқасы 1958—1960 жылдары Ташкенттегі „Фан» («Еылым») баспасынан шықты.

Қорыта айтқанда, Бабырдың ғажайып лирикалық өлең жырлары да, ғылыми түрғыдан аса қүнды „Аруз жөнінде- гі трактаты» да, энциклопедиялық туындысы „Бабыр- наме“ де сан ғасырлық уақыт сынынан сүрінбей өтіп, қазіргі түркі тілдес халықтардың әдебиет, мәдениет тари- хына ортақ қазына, асыл мүра болып қосылады.

Бабыр қайтыс болған соң Үлы Моғол империясының тағына оның түңғыш үлы Қүмайын отырғаны мәлім. Ол әкесі бастаған істі жалғастырып, үнді елінің экономикасы мен мәдениетін арттыра түсуге бағытталған бірқатар шара- ларды іске асырды, Қүмайын мен оның баласы Акбар пат- ша салдырған ғажайып ғимараттар Индия сәулетшілік өнерінің зор жеңістері саналады.

Бабырдың кенже қызы Гүлбадан-бегім түркі, араб, парсы, т. б. тілдерді жетік білетін өз дәуірінің оқымысты, зиялысы, қаламы жүйрік жазушы болған. Гүлбадан-бегім „Бабырнаменің» жалғасы саналатын „Қүмайын-наме» кітабын жазды. Бүл прозалық шығармасында Гүлбадан- бегім өз ағасы Қүмайын патша түсында Орта Азия, Үндістан, Ауғанстан жерінде орын алған елеулі тарихи оқиғаларды, түрлі халықтардың түрмыс-тіршілігін, салт- санасын, әдет-ғүрпын, т. б. дарынды қаламгерге тән зор шеберлікпен суреттейді.

„Қүмайын-наме»— этнографиялық материалдарының молдығы жағынан теңдесі жоқ туынды. Парсы тілінде жа- зылған бүл тарихи еңбек та өзбек тіліне тәржіма жасалды. Мүнда „Бабыр-наменің» қалай жазылғаны және Бабыр- дың өзі туралы қызықты деректер бар.

Сонымен, „Бабыр-наменің» түркі тілдес халықтар әдебиеті мен мәдениеті тарихынан алатын орны мен атқаратын рөлін дүние жүзінің ең көрнекті түрколог және шығыстанушы ғалымдары мейлінше жоғары бағалады. Ба- бырдың осы энциклопедиялық мәні бар ең басты еңбегі қазақ халқының да рухани игілігі болып табылады. „Ба- быр-наме»— қазақ елінің де шежіресінен сыр шертетін, аса қүнды көркем туынды.

Мүхаммед Хайдар Дулати — қазақтың есімі әлемге мәшһур түңғыш тарихшы ғалымы, кемеңгер ойшылы, аса дарынды қаламгері, әдебиет зерттеушісі, этнограф.

Үлы ғалымның әкесі Мүхаммед Хусейн кезінде Моғолстан мемлекетінің билеушісі болған Сүлтан Махмүд ханның туған қарындасы Хуб Нигар ханымға үйленген. Дәлірек айтсақ, Хайдар Дулатидің анасы Хуб Нигар ха- ным — Моғолстанның әміршісі Жүніс ханның кенже қызы. Ал, Жүніс ханның түңғыш қызы Михр Нигар ха- ным — аты әлемге әйгілі Захириддин Мүхаммед Бабырдың анасы.

Сонымен Моғолстан ханы Сүлтан Махмүд өзінің күйеу баласы Мүхаммед Хусейнге Ташкент маңайындағы Оратөбе өңірін сыйға тартады. Міне сонда Ташкент шаһарында 1499 жылы (хижра жыл санауы бойынша 905 жылы) Хайдар Дулати өмірге келеді.

Хайдар Дулати өз заманы үшін жан-жақты, әрі аса те- рең білім алған ғулама жан. Тарих ғылымы, поэзия, музы- ка, сәулет өнері, зергерлік салалары бойынша оған дәріс берген үлы Бабыр, Сүлтан Саид хан сияқты орта ғасырдың аса көрнекті ғүламалары еді.

Хайдар Дулатидің әкесі Мүхаммед Хусейн Шайбани ханның қолынан қаза табады. Әкесі қайтыс болған соң 1509 жылы Хайдар Дулати сол кезде Кабул уәлаятын би- леп түрған өзінің туған бөлесі Бабыр патшаның қарамағына барады. Ал Бабыр өзінің атақты „Бабыр-наме» атты мемуарлық кітабында Хайдар Дулатидің ақындық та- лантын, білімділігін, садақ жебесін жасаудағы шеберлігін, хуснихат (коллиграфия) пен зергерлік өнердегі шеберлігін аса жоғары бағалаған.

Сүлтан саид хан Қашқар елінің билік тағына отырған кезде, дәлірек айтсақ, 1514 жылы Хайдар Дулати осында келіп, Қашқар билеушілерінің бірі болады. Сондай-ақ ол ханның мүрагері Абдаррашидтің үстаз-тәрбиешісі болып тағайындалады.

Кезінде Хайдар Дулати есімі аса дарынды қолбасшы ретінде де мәшһур болған.

1533 жылы Сүлтан Саид хан қайтыс болады да, оның тағына баласы Абдаррашид отырады. Жас мүрагер дулат тайпасын жек көріп, қуғынға үшыратады. Бүған ренжіген Хайдар Дулати алдымен Бадахшанға, сосын үнді елінің әміршісі Бабырдың баласы Камранға барып, 153 9—1540 жылдары Аграда түратын Бабырдың үлкен үлы Қүмайынмен бірге болады.

Хайдар Дулати 1541 жылы Бабыр үрпақтарының көмегімен Кашмир елін жаулап алып, сонда дербес мемле- кетке өзі жеке дара билік жүргізеді. 1551 жылы Хайдар Дулати сондағы тағы тайпалардың бірімен шайқас кезінде мерт болады.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля