13 декабря, 2017 19:53
Іркіт — майы айырылып, пісіліп алынған, ашытылған сүттен жасалған сүйық зат. Теріні илеу үшін ағаштан жасалған ыдысқа 80—100 литр іркітті қүйып, оған тұз салып, араластырып дайын- дайды.
Айран — қайнатылған, бетінің қаймағын қалқып алғаннан кейін үйытқы, ашытқы қосып ашытылған сүт. Айран мен іркіттің түсі ақ, айран іркітке қарағанда қою, іртіксіз, майда, майлылау болып келеді. Тері илеу үшін бұған да түз қосылады.
Құрт — іркітті әбден қайнатып, қапқа құйып, сары суынан айырып, сөреге кептіріп, қатырып алынғаннан кейін пайда бола- тын, бірте-бірте қатты күйге айналатын зат. Дайындау қажеттілігіне байланысты кейде тұз қосып та жасайды. Қысқы уақыттарда ыс- тық суға салып езіп, сорпаға қосып не өзін суытып, сусын ретінде ішеді. Теріні илеу үшін қоймалжың қылып жасап, түз қосып, шел жағына жағады.
Сары су — іркітті қайнатқаннан кейін қапқа қүйып айырылып алынатын сүйық қышқыл зат.
Бұған да тұз, ұн қосып иге пайда- ланады.
Үнмен илеу — сары суға немесе ашытқы салып, ұннан, кебек- тен и жасап пайдаланады. Ол үшін 400 грамм үнға не кебекке 200 грамм тұз бен су қосылып араластырылады. Бұндай көлемде жа- салған и бір теріге ғана жетеді. Идің қану мерзімі 8—12 тәулік аралығында болады, оның барлығы теріні жылы жерде ұстауға байланысты.