1 апреля, 2019 20:09
Ломбардтық несие.
Оңай сатылатын (жылдам өтетін) мүліктің кепілге салынуы ломбард несиесі деп ұғылады әрі мұндай несие түрінің құқығы ежелден бар, әсіресе, Солтүстік Италияда (Ломбардияда) кеңінен тараған болатын.
Қымбат металдар мен тауарлар оны қамтамасыз етүші ретінде қызмет етті. Кейін өсімқорлар ломбардты ақшаны жылжымалы мүліктің кепілдігімен беретін несие мекемелеріне айналдырды.
Алғашқы ломбардты Италиядан шыққан келісімсек XV ғасырдың екінші жартысында Францияда құрды. Содан соң ломбардтар Еуропаның әр түрлі елдерінде пайда бола бастады.
Осы заманғы шетелдік банк іс – тәжірибесінде ломбардтық несие ең алдымен маусымдық несие формасында немесе төлем қаражатындағы қысқа мерзімді қажеттілікті өтеудің овердрафтық түрінде пайдаланылады.
Жеке қарыз алушыларға берілетін ломбардтық несиенің маңызды түрлеріне құнды қағаздардың, тауарлардың, қымбат металдардың кепілдігімен берілетін несиелер немесе талап кепілдігімен берілетін несие жатады.
Құнды қағаз кепілдігімен берілетін ломбардтық несие
Ломбардтық несиенің бұл формасы шетелдік банк іс – тәжірибесінде ең маңызды форма ретінде саналады. Кепілдікке тек қор биржасында бағасы белгіленген құнды қағаздар ғана қабылданады. Мұндай несиелік қызметті көбінесе үкіметтің құнды қағаздармен операция жасайтын дилерлер мен өз клиенттерінің құнды қағаз сатып алуын қаржыландыратын брокерлер пайдаланады.
Оның үстіне, құнды қағаз сатып алуы үшін жеке тұлғалар да ссуда сұрап, банкке жиі өтініш түсіреді.
Құнды қағаздар аясындағы ссуда «on call» (талап етілмелі) шарты арқылы беріледі.
Несиенің сомасы әдетте құнды қағаздардың бағамдық құнының 50 – 90% — ін құрайды.
Несие олардың бағамдық құнының тек бір бөлігін ғана өтей алады. Басқа бөлігін – маржаны (сатушы бағасы мен сатып алушы бағасы арасындағы айырмашылық) мәміле бекітілген қарыз алушы төлейді. Мысалы, егер маржа 60% деңгейінде болатын болса, онда бұл мынаны білдіреді: инвестор құны 10000 доллар акцияны сатып алу барысында 6000 доллар төлеуге міндетті, ал, қалған 4000 доллар үшін банктің көмегіне жүгіне алады.
Несиенің өзі құнды қағазды бағалау және кепілдікке қабылдау бойынша операцияны ұйғарады. Құнды қағаздарды сақтаудың шығыны көп болмайды, өйткені, бұл қағаздар депозитке салынған құнды қағаздардың арнайы шотында сақталады.
Құнды қағаздардың құны тек қор биржасында ғана өзгертілетіндіктен олардың кепілдік құнын бағалау банкке ешқандай қиындық тудырмайды. Әдетте, банк бұл құнды биржалық бағамнан біршама төмен белгілейді. Себеп – биржа бағамы ауытқуы мүмкін, яғни ауытқу ықтималдығы болады.
Шетел іс – тәжірибесінде Банк түрі мен бағамдық қатердің деңгейіне сәйкес құнды қағаздардың кепілдікті құны әр түрлі бағаланады.
Мәселен, 1934 жылы АҚШ – та Федералдық Резерв қорының (ФРС) Басқарушы Кеңесі іс – тәжірибеге, егер мұндай ссуда жеке тұлғаларға берілетін болса, құнды қағаздар аясындағы ссуда бойынша маржаны реттеуді (құнды қағаздардың 25 – тен 100% — ке дейінгі нарықтың құны шегінде) енгізді.
1972 жылы Кеңес ұйғарылатын (міндетті) маржаның бағасын 65% деңгейінде белгіледі. Ол үшін сатып алынатын акцияның ең аз дегенде 65% нарықтық құнын төлеумен сатып алушылардың міндетті түрде иеленуін талап етті және осыған орай оларға банктен осы акцияны сатып алуы үшін олардың нарықтық құнының 35% шамасынан аспайтын ссуданы алуға рұқсат етілді.
1974 жылы ұйғарылатын маржаның шамасы 50% — ке дейін кеміп кетті және бұл көрсеткіш әлі күнге дейін сол күйі өзгеріссіз қалды.
Бұл ереже ұлттық қор биржасында тіркелген акцияларды сатып алу
Барысында ғана жарамды және коммерциялық банктермен қатар осындай тағайындаудағы несиені беретін ссуда берушілер үшін жарамды болып табылады.
Әдетте шетелдік банк іс – тәжірибесінде құнды қағаздардың кепілдікті құны мынадай шектерде ауытқып тұрады:
- кепілхаттық парақтың (ипотекалық облигация) кепілдікті құны 90%-тік бағамнана төмен түспейді;
- борыштық міндеттеменің құны (ссуданы алу барысында қарыз алушының несиегерге беретін құжаты) бағамдық құнның 80% — іне дейін құрайтын шамамен бағаланады;
- өзге борыштық міндеттеме – олардың бағамдық құнының 60% — іне дейін;
- акция – олардың бағамдық құнының 50 – ден 70% — іне дейін.
Кепілге салу тұрғысынан алғанда құнды қағаздар сапасының өлшеміне (критерийіне) олардың шапшаң өту мүмкіндігі және оны шығарған тараптың қаржылық жағдайы жатады. Бұл жағынан алғанда шетел іс – тәжірибесінде сапасының ең жоғары рейтингісіне айналымдылығы жылдам мемлекеттік құнды қағаздар ие.
Мұндай кепілзатты пайдаланған кезде несиенің ең көп шамасындағы сомасы осы құнды қағаз құнының 95% — іне дейін жетуі мүмкін.
Бұл арада сатып алушының құнды қағаздар нарығында сатып алған акциясы жөнінде сөз болып отыр, өйткені, құнды қағаздарға салынған капитал нақты мүлік болып табылады.
Шетелдерде вексель де кепілге салынады. Кепілге салынатын зат ретінде вексельге қойылатын негізгі талап – нақты тауар мәмілесін бейнелеуге міндетті. Бөлектеп (біртіндеп) төлеуге сатылатын тауарлардың сапасы мен ассортименті де, вексель бойынша төлем мерзімі де ескеріледі.
Шетелдік банк іс – тәжірибесінде вексель салыстырмалы түрде алғанда сирек ломбардталады, өйткені, есептік несиенің құны, әдетте, ломбард несиесінің мөлшерлемесінен бір процент тармағына кем болады.
Тауарлардың кепілдігімен берілетін ломбард несиесі. Несиенің бұл түрі көбінесе заңды тұлғаларға беріледі. Ломбард несиесін беру барысында кепілге салынатын зат ретінде биржада сауда – саттық жүргізуге жарайтындай бағасы салыстырмалы түрде тұрақты тауарлар ғана пайдаланылады. Бұған, мысалы, астық, қант, кофе және т.б. жатқызуға болады.
Германия банктері кепілге салынатын зат ретінде биржалық және биржалық емес тауарларды да қабылдай береді. Тауардың түріне қарай олардың кепілдікті бағасы олардың құнының 50 – ден 60% — ке дейінгі шегінде ауытқиды.
Банкке биржалық тауарларды кепілге салу қарыз алушыларға әлдеқайда қолайлы. Бұл жағдайда оған банкке тауарларды сараптау және бағалау жұмыстарының шығынын өтеудің қажеті болмайды, оның үстіне, биржалық тауарлардың бір ғана қарыз сомасын қамтамасыз ету үшін оларды биржалық емес тауарларға қарағанда біршама аз сомада кепілге салуды қажет етеді.
Соңғы жағдайда банк, әдетте, биржалық емес тауарлар бағасының ауытқуға аз ұшырайтындықтан ғана осындай қадамға барады. Қажет болған жағдайда оларды сатумен байланысты біршама шығын шегуіне тура келеді.
Биржалық және биржалық емес тауарлар, әдетте, банкке кепілге салынады және ондағы құнды қағаздар құқығын беру жолымен сатылады. Германияда мұндай қағаздарға, мысалы, ордерлік қойма куәлігі, коносамент, тауардың жөнелтілген жөнінде ордерлік куәлік жатады.
Ордерлік қойма куәлігі – бұл сақтаушының мүлікті қабылдағанын растайтын және сақтаушы оны қойма куәлігімен бірге беруге міндетті құжат.
Бұл құжаттың кеңінен пайдаланылуының бір себебі – ордерлік қойма куәлігін беру құқығы бар сақтаушыға қойылатын айрықша талап.
Бұл құқықты беру жөніндегі шешімді арнайы мемлекеттік мекеме шығарады.
Мүдделі кәсіпкер мұндай құқықты алу үшін өзіне қатысты ақпараттарды ұсынады: кәсіпорынның жарғысы, сауда тізілімінен үзінді көшірме, басшылардың тізімі, сақтау орнын иеленудің құқықтық негізі, сақтау орнының техникалық сипаттамасы, сақтаушыға қызмет көрсету жөніндегі ереже, қызмет көрсетудің тарифі, соңғы үш жылдың тексерілген жылдық балансы және бірқатар өзге де мәліметтер.
Ордерлік қойма куәлігін беру құқығын алған жағдайда бұл туралы шешім арнайы баспасөзде жарық көруі керек.
Бұл рұқсат кері қайтарылып алынуы да мүмкін, оны да жариялау қажет.
Сақтаушының берген барлық мәліметі өзі жүргізу тиіс тіркелімге енгізіледі.
Берілетін куәлік біріңғай үлгіге сәйкес келуі керек.
Банк іс – тәжірибесі ордерлік қойма куәлігінің банкке берілуін және онда сақталуын қажет етеді. Басқа жағдайда банк мүліктің банк атынан сақтауға берілуін талап ете алады.
Бүгінгі таңда Германияның банктік іс – тәжірибесінде ордерлік қойма куәлігінің кепілзаты сирек ұшырасатынын айта кету керек.
Пайда болған ордерлік қойма куәлігі туралы мұндай арнайы заң Қазақстандық құнды қағаздар жөніндегі заңға толық сәйкес келеді.
Бұл құжат ҚР банктерінің кепілдік берушінің мүлік саласына араласпай – ақ кепілге салынған мүліктің жағдайын бақылауына мүмкіндік береді әрі тауарлардың, оның ішінде, биржалық тауарлардың айналымын оңайлатылады.
Қымбат металдардың кепілдігімен берілетін несие. Бұл ломбардтық операцияның ескі формасы әрі шетелдік іс – тәжірибеде сирек ұшырасатын несие формасы.
Кепілзаттың бағаланған құны (әдетте, бұл – алтын монета, алтын құймасы, күміс, платина) тиісті қымбат металл бағасының шамамен 95%-ін құрайды.
Талап кепілдігімен берілетін несие. Кепілге әр түрлі қаржылық талаптар салынуы мүмкін, мысалы, сақтандыру келісімшарты бойынша талап; еңбекақы, ипотека төлемінің талабы; жылжымайтын мүліктің кепілзаты туралы тіркелімдегі жазбалар. Талаптың кепілдікті бағасының шекарасы талаптардың түрлері бойынша ажыратылады, алайда тұтастай алғанда олардың деңгейі салыстырмалы түрде жоғары болады.
Ломбарттық несиенің құны қарыз алушы үшін проценттен және комиссиялық төлемнен қалыптасады.
Комиссиялық алымның деңгейі ең алдымен кепілге салынған мүлікті сақтаудың шығынына қарай анықталады