29 ноября, 2017 18:47
Он бірінші ғасырда өмір сүріп, еңбек еткен улы филолог, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеуші ғалым, белгілі саяхатшы. Ол „Диуани лүғат ит-түрк» атты еңбек жазып, өз заманындағы түркі тілдерінің түңғыш ғылыми грамматикасын жасады.Әйтсе де „Диуани лүғат ит-түрк» тек түрікше-арабша түсіндірме сөздік қана емес, сонымен бірге, ол түркі тілдерін зерттеуде теңдесі жоқ ғылыми еңбек. Біз үшін ең маңыздысы — автор түсіндірме сөздікке ежелгі ауыз әдебиеті үлгілерінен, өзі өмір сүрген орта ғасырдағы поэ- зиялық шығармадан аса қүнды материалдар — түрлі тақырыптағы өлең-жырлар, ертегі-аңыздар, мақал- мәтелдер, қанатты сөздер т. б. көркем сөз үлгілерін енгізген. Әдеби шығармалар мен халықтық фольклордан алынған үзінділерді Махмүд Қашқари осы сөздіктегі әрбір сөздің мән-мағынасын оқуышысына тереңірек түсіндіру үшін мысал ретінде алып отырған.
Сөйтіп, алғашқы қауым адамдарының өмірін, түрмыс- тіршілігін, еңбегін, сана-сезімін бейнелейтін ауыз әдебиетінің ғажайып үлгілері бізге Махмүд Қашқаридің еңбегі арқылы жетті. Орта ғасырдағы көбіне дидактика- лық сарында болып келетін жазба әдебиет үлгілерін де біз ғалымның осы кітабынан табамыз.
Махмүд ибн-ул Хүсайын ибн Мүхаммаділ Қашқари ор- та ғасырдағы мәдениет орталықтарының бірі болған Бала- сағүн шаһарында туылған.
Махмүд Қашқаридың ерекше зейін қойып, үзақ жыл- дар бойы зерттеген мәселесі — түркі тектес түрлі ру-тай-
палардың тіл ерекшеліктері, әдет-ғұрып, салт-санасы, ауыз әдебиет үлгілері, өткендегі тарихы, т. б. болды. Осындай ғылыми мақсатпен ол Қашқардан бастап, бір жағы — Жетісу, Мауараннахр, Хорезм, ал екінші жағы — Римге дейін үланғайыр жерді мекен еткен көптеген түркі текті рулар мен тайпалар жерін аралап, олардың түрмыс-салты, тілі, ауыз және жазба әдебиеті т. б. бойынша қыруар мол материал жинайды.
Бүл жөнінде Махмүд Қашқаридің өзі де жазып кеткен: „Мен түріктер, түрікмендер, оғыздар, шігілдер, яғмалар, қырғыздардың шаһарларын, қыстақ пен жайлауларын көп жылдар кезіп (аралап) шықтым, лүғаттарын (сөздерін) жи- надым, түрлі сөз қасиеттерін үйреніп, анықтап шықтым. Мен бүл істерді тіл білмегенім үшін емес, қайта бүл тілдердегі әрбір кіші-гірім айырмашылықтарды да анықтау үшін істедім. Әйтпесе мен тілде олардың ең білгір адамда- рынан, ең үлкен мамандарынан, көрегендерінен, байырғы тайпаларынан шыққан, соғыс істерінде мықты найзагер- лерінен едім. Оларға ден қойғаным сондай, түріктер, түрікмендер, оғыздар, шігілдер, яғмалар және қырғыз тай- паларының тілдері көңіліме қонып, жатталып қалды. Со- лардың бәрін мүқият бір негізде жүйеге салдым».
Орта ғасырдың ең көрнекті ғалымдарының бірі Махмүд Қашқари тіл білімі мен әдебиетке қатысты көлемді де, күрделі екі ғылыми еңбек жазғаны мәлім. Бірі — «Жавохирун-нахв фи луғотит турк» («Түркі тілдерінің синтаксисі, қағидалары») деп аталады. Өкінішке орай, Махмүд Қашқаридің бүл еңбегі бізге жетпеген. Бүл кітаптың тағдыры бізге әзірше белгісіз күйінде қалып отыр. Ал, екінші еңбегі — «Диуани лүғат ит-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») екені мәлім. Бүл еңбек 1074 жылы жазылған.
„Диуани лүғат ит-түрк»— қазіргі түркі халықтарының бәріне ортақ мүра. Бүл сөздікте орта ғасырдағы түркі ру- тайпаларының бәріне бірдей ортақ алты мыңнан астам төл сөз бен жеке тайпаларға ғана қатысты диалект сөздер бар. Бүл лексикалық жинаққа енген сөздер мақалдар, өлең жолдары, т. б. түркі тілдерінің сол кездегі сөз тудыру, сөйлем қүру жүйелерін, әдеби тіл мен көріктеу қүралда- рының өмірге келу жолдарын анықтай түсуге мүмкіндік береді.
„Диуани лүғат ит-түрк»— тіл білімінің ең басты салала- ры бойынша теориялық тұрғыдан қүнды түйіндер жасаған ғылыми еңбек. Көне түркі әдебмет ескерткіштерінің тілін үйренуге бүл зерттеу көп көмек көрсетіп келеді. Мәселен, осы „Диуани лұғат ит-түрк» табылғаннан кейін ғана „Құтты білік» дастанын оқу, аудару және транскрипция жасау кезінде бұрын жіберілген қателіктер тузетілді.
Махмүд Қашқаридің бүл сөздігі шын мәнінде энцикло- педиялық туынды деуге болады. Мұнда тек тіл мен әдебиетке ғана емес, сондай-ақ сол кездегі ру-тайпалар мен халықтардың қоғамдық-экономикалық жағдайына, көне тарихы мен әдет-ғүрпына, салт-санасы мен наным- сеніміне т. б. қатысты аса бағалы деректер берілген.
Махмүд Қашқари еңбегінің осы бір өзіндік ерекшелігі, энциклопедиялық мән-мағынасы жайында айта келіп, А. Н. Кононов бүлай деп жазды: „Мүнда XI ғасырдағы түріктердің өмірі туралы: олардың материалдық мәдениетінің бүйымдары, түрмыс жайлары туралы…, этно- нимдері мен топонимдері, ру-тайпалары туралы туыстық және жекжаттық терминдері туралы, түрлі қызмет адам- дарының титулдары мен аттары, тағам-сусындардың атта- ры туралы, үй жануарлары мен жабайы жануарлар және қүстар, мал шаруашылығы терминдері туралы, өсімдіктер мен дәнді дақылдары туралы, астрономиялық терминдер, халықтық күнтізбе, айлардың және аптадағы күндердің аттары туралы, географиялық терминология мен номенк- латура туралы, қалалар туралы, аурулар мен дәрілердің ат- тары, анатомиялық терминология туралы, металдар мен минералдар туралы, әскери, спорт және әкімшілік терми- нологиясы туралы, түрлі тарих және мифтік қаһармандардың есімдері туралы, діни және этностық терминология туралы, балалардың ойындары мен ермек- тері және тағы басқалар туралы көп жағдайда бірден-бір деректеме болып табылады».
Әрине, қыпшақ даласын мекен еткен ру-тайпалар үшін Әбу Насыр әл-Фарабидің қызметі ерекше болды.